Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

тз
І
л аузынан жазып алынған көп аңыздардыи бірінде 
әлденені іздеп, мал табу, ж ер тану жолына түскен, 
«бес саусағынан өнер тамған» үш шілеңгер1, жансыз- 
ға ж ан бітіре алатын қауқары бар бір кемеңгер төр- 
теуі жолдас болып жолға шыққаны жайында айтыл- 
ған. Күндердің күнінде жолаушылар бір асқар тауға кезігеді, 
қисапсыз қалың науға келгенін сезінеді, қаптаған жыртқыш 
аңдары бар қорқынышты ж ерге елігеді. Төрт қаладан шыққан, 
бірімен бірі бұрыннан сыр мінез емес төрт өнерпаз әрі-бері 
кеңесіп, әрқайсысы кезегімен кептеуілге түрып үйықтайық де­
ген мәмлеге келеді.
Әбден сілесі қатып, қалжыраған үшеуі үйқыға кетеді де, күн 
үзын жұмыссыз еріккен ағаш үстасы бір керемет, көрген жан- 
ды тамсандыратын ару қыздың мүсінін шауып, иығына қалың 
шашын «жауып», сызылтып от басына отырғызады да тігіншіні 
оятып, өзі ұйықтауға кіріседі. Тігінші түрегелсе, адамнан тума- 
ғаны айдан анық қор қызын көріп, әл-дәрмені қүрып, талып 
қалады. Әлден уақытта есін жиып «сен кімсің?» десе қыз үн 
қата қоймайды. Телміріп, кербездене өзіне қарағаны болмаса, 
икемге келіп, жігітке көңіл аудармайды. «Апырау, жиған-терге- 
нің бір басыңа жетпеген неткен ж ан едің?»— деп қызға қолын 
соза бергенде оның ағаш қуыршақ екеніне көзі жетеді. Әйтсе 
де сыр-сыйпатына риза болып, ағаш үстасы көрсе қайран кал- 
сын дегендей, жасанды қызды үлде мен бүлдеге орап тастайды. 
Әсем киінген қыз бүрыңғыдан да құлпырып, сұлулана түседі. 
Ісін бітірген тігінші зергерді оятады да өзі ұйқыға кетеді. Зергер 
болса жасанып, қылмия қарап түрған қызды көріп, үндеместен 
алтын алқа, гауһар сырға, күміс білезік соғуға кірісіп те кетеді. 
Шашағын сым күмістен төгілдірген зергер бұйымдарын бойына 
ілгеннен кейін, қызды сымбаты мен сәулетіне келтіріп, келбетін 
ж ан тойғысыз етіп, дамылдау үшін зергер төсегіне жатып, та­
лым досын күзетіне оятады.
Аруға көзі түскен ғалым оның сұлулығына, қызды жасан- 
дырған шеберлердің өнеріне қайран қалып, бар кітабын ақта- 
рып, оған ж ан бітіру жағын қарастырады. Ақыры керегін тауып 
алып, тетікпен көмейінен үн шығарып, қызды сөйлеттіреді де, 
ісін бітірген бүл да үйқыға кетеді.
Әлден уақытта барлығын айқай салып, қыздың өзі оятады. 
Шеберлер басын көтеріп қараса, от басында әрі-бері жүрген 
сұлу қыз бәрін таң қалдырады. Олар біріне бірі қарап, әрқай- 
сысы өз өнерін мадақтап, біреуі мен алам деп, екіншісі, жоқ
'Өнерпаз, шебер деген мағынада.
6 — 544
65


қыз менікі болуға тиіс, үшіншісі қыздың арулануына менің 
еңбегім көп сінді дегенді айтып өзара таласа бастайды. Қыз 
болса «қан төкпеңдер, жиһан кезіп жүріп қақтығыспаңдар» деген 
тоқтамын айтып: «Сүйгенім, сүйсінгенім адал еңбек, өзімді ұста- 
майды онан өзге!» деп әндете жөнеледі.
Осыны айтып, ағаш мүсін тына қалады. Өнерпаздар болса:
— Мен шаптым!
— Мен киіндірдім!
— Мен сырға тақтым!
—«Адал еңбек» дегенде менікін айтып түр,— дей берген 
екен. Ақыры қызға бәрі таласып, шағым айтып бите келеді. 
Сыланған, періштеден туған дейтіндей, қызды көрген би орны- 
нан атып түрып:
«Жоғалтқан мынау менің қалыңдығым,
Ж әбірдің көп көріпті ауырлығын
Уа, жаным жатырқамай, кел қасыма,
Зынданға қаматайын мүның бәрін»,—
дегенді айтып, қызға иемденбек болады.
Биден аяғьш әрең алып қашып үлгірген шеберлер ханға келіп 
жүгінеді. Бөтен жанға сенбей, сезіктеніп, кезектесе қүшақтап, 
ордаға әкелген қызды көрген хан да қайран қалғанын жасыра 
алмай, былай деген екен:
«Үрылар! Тыңдамаймын арызыңды!
Ж азалап, дарға астырам барлығыңды.
Кеткелі сендер үрлап, жі.глдан асты,
Нақсүйер, таңдап алған ханымымды.
Жендетім, жазықтылар міне саған,
Қатын үрлап күн көрген өңкей жаман, 
*-
Апарып төртеуін де зынданға сал!
Ал, сүлу, жақындай көр бері таман».
Ж ендеттер қылышын жалаңдатып, бүлардың дыбысын шы- 
ғармай, шауасын бітірмек болып, орда қақпасының алдына алып 
келеді. Өнерпаз жолдастарына араша түспек болып хан ордасы- 
на кірген ғалым:
«Айтайын арызымды тыңда, жаным!
Бүл жүмыс сынау ғана заман заңын.
Соғушы сұлу қызды үш өнерпаз,
Ж ансызға жаны бардай берген наным.
Бүл ағаш. Ж аны да жоқ, қаны да жоқ.
Ханға ханым болардай қалы да жоқ.


Бұл үшін кісі өлтіріп, қанын төгу,
Кір жағад адамдықтың арына көп.
Сабыр ет, жендетіңнің тоқтат бәрін,
Шығарма жазықсыздың босқа жанын.
Бүл қыздың көрсетейін көзіңізге,
Қалайша сөйлегенін, қозғалғанын.
Сүлу қыз хан жанынан тұрған қашық,
Тетігін ғалым барып, қойды басып.
Адымын үш-төрт рет аттады да,
Отырды хан алдына жақындасыгі.
Сөйлетті, тілі кедді сегіз сөзге,
Қимыл жоқ, не ерінде, не бір көзде.
Мелшиді, қимыл да жоқ, дыбыс та жоқ.
Сұлудың үні шықпай онан өзге.
Хан ғалымды қасына шақырып, қолынан қуыршақты жүргі- 
зетін, сөйлететін кілтін ала бергенде қыздың киімі сыпырылып, 
бойына таққан зергерлік бұйымдары ағытылады да қу ағаштың 
сопайған сүлбасы қалады. Өнерпаздар далаға шығып кетеді де, 
отырғандар үн қатпай, түнжырап қала береді. Өкінішін жасыра 
алмай, санын сабаған ханның «Әттеген-ай!» деуге ғана шамасы 
келеді. Адамдардың кеудесіне қимастықтың отын маздатып, жа- 
санды қыз алауланып, аспанға өрлей ұшып кете береді...
Шатырлап, жанды мүсін ұшқындатып, 
Қимастықтан түрды рас іш мүңйднып.
«Содан бері ер, әйел кеудесінен 
Махаббат оты маздапты ұшқын дарып».
Деген сөзді ертеден келе жатқан
Хатқа сыздым, халайық, ұқтым да анық,—
делінген екен Үмбетәлі ақынның «Төрт өнерпаз хикаясы» атты 
әйгілі дастанында.
Шебердің қолы ортақ, өнердің жолы ортақ болатыныныц бар 
сыры міне осында, оның «жансызға жан бітіретін», адамның 
болмысын көркемдік сезімге, мүлтіксіздікке, мінсіздікке бейім- 
дейтін құдіретінде жатыр. Мүны мен алғаш рет 40 метр биік- 
тікке тартылғандықтан бір орында тұра алмай, титаңддй беретін 
аспалы себетке мініп, біресе мықшиып арқанға жармасып, бі- 
ресе ілгері тырмысып, немесе кейін шегініп жүріп, Түркістан- 
дағы Ахмет Иасауи сәулет кешеніндегі порталдың босаңси бас- 
таган маңдайшасын қайтадан жөнге келтірген қазақ үстасы, 
Республикаға еңбегі сіңген қүрлысшы Арынбек Оразбайүлының


іс қимылынан аңғарған еді. Бұл Арекендей шебердің ғана қолы- 
нан келетін шаруа еді. Портал астында себетке мініп, қалқып 
жүзген ақсақалға қарап, жерде тұрған менің жонымнан тер 
сорғалап, арқама қатып, үрейленгенім сонша, «осындай қартта- 
рым аман болғай» дәп тәңірге жалбарынгандай кейіпке енгенім- 
ді өзім де байқамаппын. Шебердің қолы ортақ болатыны осын- 
дайдан көрінеді екен. Мұны Арекеңнің кәдімгі өзіміз білетін 
сынықшыға ұқсап, Әзірет Сүлтан мешітінің әбден сырқы кетіп 
болған көне мақпұрында (михраб) шыңылтыр (глазурь) қиыр- 
шықтарынан құрастырылған бірегей сурет желісін шығарғанда, 
немесе Ахмет Иасауидің қабырханасындағы 45 градусқа дейін 
бір жағына қисайып ауытқыған тасын (надгробие) бір жыл бойы 
мысқалдап (миллиметрлеп) түзетіп, тікесінен тұрғызғанда тағы 
да көрдім.
Арынбек Оразбайүлы кейіннен менің өтінішіммен Ж езқаз- 
ган облысындағы әйгілі Алашахан бейітін қалпына келтірумен 
де айналыса бастаган еді. Бірақ жергілікті керенаулардың мүндай 
үлағатты істің маңызын түсініп, нақтылы көмек көрсетуге өрісі 
жетб бермейтінін сезген Арекең «Керек болсам айтарсыңдар» 
деп өзінің Түркістанына қайтып кетіпті.
Шебердің қолы ортақ, өнердің жолы ортақ болатынын 70 
жылдардың аяғында 80 жылдардың басында Маңғыстау мен 
Үстіртте жүргізілген тарихи-мәдени ж әне сәулет ескерткіштері- 
нің есебін алып, «Маңғыстау — Үстірт» музей-қорығын ұйым- 
дастыра бастаған түста тағы да аңғардым. Маңғыстау деген атау- 
дың өзі (оны кейбіреулер «Мыңқыстау» деп жорамалдайды) менің 
пайымдауымша «Мәңгіқыстау» деген тіркестен шығуы ықтимал. 
Олай дейтінім осы бір кішкентай ғана түбекте жоғарғы тас 
дәуірінен (неолит) қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын 10 
мыңнан астам сәулет, археология, мүсіндеу өнеріне жататын 
ескерткіштердің бар екені белгілі болды. Олар негізінен 300-ден 
астам «өлі қалаларда» (некропольдерде) орналасқан. Осынша 
ескерткіштері бар кішігірім аймақты Қазақстан мен Кіндік 
Азияның өзге аудандарынан іздеп табу қиын. Оның үстіне 
мұндағыдай дулыға іспетті күмбездер, ежелгі қойтас, құлпытас- 
тар, петроглифтер, «үзілмес», «өткізбе» стиліндегі ою-өрнектер 
басқа жерлерде қайталана бермейтін құбылыс.
1989 жылы Атырауда өткен Қазақ ССР Былым академиясы- 
ның көшпелі сессия сына қатысқан академик Гурий Иванович 
Марчукке осы жөнінде айтқанымда әлемге танымал галым бұған 
қайран қалып, «бәлкім мұнда төменгі неолит дәуірінің де ес- 
керткіштері бар шығар» деп түсініскендік білдіріп, Қазақстан- 
ның өз археология институты болуы керек деген пікірімді қызу 
қолдаған еді.
Маңгыстаудағы «Кіші'Тәжі-маһал» атанган Сенек күмбезін,


акрополь іспетті сезім оятатын Қапаш мешітінің қалдығын, 
мүлтіксіздікгің көрінісі сияқты Ақүйік мазарын, Омар мен Тур 
кесенесін, Ш ақпақ Ата жертөле мешітін, Қамысбайдағы сағана- 
тамдарды өмірінде бір рет көрген адамның бейтарап қала ал- 
май, мүнда қайта-қайта келіп түрғысы келетіндей қалге түсетіні 
көптен белгілі.
Маңғыстау мен Үстірттегі тарихи-мәдени, археологиялық 
кешен өлкенің газ бен мүнай компанияларының мүддесіне сай 
кеңінен игеріле бастағаны мұндағы ата-баба мүрасын қорғау 
мәселелерін түбегейлы шешу жағын қарастыруды алға тартып 

отыр. Бәлкім, Ю НЕСКО-ның да қамқорлығы қажет болар. Бүл 
да кезек күттірмейтін іс.
Шебердің қолының қүдіретін бүрыңғы Мәдениет министрлігі 
орналасқан ғимаратты қайта ұқсатқан дарынды ағаш үстасы 
Ирик Исмагиловтың қүрлыстың шіріп бітуге айналған бөлікте- 
рін (блоктарын), есік-терезесін, бағаналарын дәл бүгін қүрасты- 
рылғандай етіп қиыстырғандағы шығармашыл ойынын, негізгі 
залдарын қыр оюымен (ганч шекпесі) безендірген мамандардың 
Владимир Ивановтың, Дайырбек Үмбетбаевтың, Әлібек Меңді- 
құловтың, Қырым Алтынбековтың, Бекмағамбет Қазанғаповтың, 
Бердәлі Көшербаевтың, құйма табақшаларын (розетка) қайта 
мәнерлеп, еденін паркеттеген марқүм Николай Белобородовтың 
өнерінен көрдім.
Болар істің басы-қасында біліктілер ж үрсе ойластырылған 
шаруаның орнына келе қалатынын кезінде өзіме қолқабысын 
тигізген шеберхана басшыларының — Қазақстан өнеріне еңбегі 
сіңген қайраткер Шәміл Қожахановтың, Ж анәділ Бектұрсынов- 
тың, Мақсүт Нүрқабаевтың, музей-қорықтардың директорлары 
— Әуелхан Есжановтың («Ежелгі Отырар»), Әжібай Әпсеметов- 
тың («Ежелгі Тараз»), Николай Зайцевтың («Шығыс Қазақстан»), 
Сеңсей Мылтықбаевтың («Алтын Емел»), Есбол Өмірбаевтың 
(«Маңғыстау — Үстірт»), шыцылтыр шілеңгерлігінің жаңа техно- 
логиясын жасаған Республикаға еңбегі сіңген қүрылысшы Со­
фия Тәкібаеваның басқа да ондаған ғылыми тәжірибе мен өндіріс 
ұйымдастырушыларының шығармашыл ізденістерінен де байқа- 
ған едім.
Түркістандағы әлемге әйгілі сәулет кешенін авариялық қау- 
іп-қатерден шығару (бүЛ біздің негізгі мақсатымыз болатын) 
үстінде Республикаға еңбегі сіңген сәулеткер, жобаның негізгі 
авторларының бірі Алексей Проскуриннің, ғылыми кеңесшісі 
профессор Малбағар Меңдіқүловтың дарыны мен іскерлігі кө- 
рінді. Ж ылдар өтсе де орны толмас абзал ағамыз, бүрынғы 
Мәдениет министрі Ілияс Омаровтың қалдырып кеткен жөн- 
жобасын басшылыққа алу біз үшін үлкен тәжірибе мектебі болды.
Ғимараттың ауытқи бастаған түстарын қайта қиылыстыру, ірге-


сіндегі өзгерістерді аспап арқылы қадағалау, шыңылтырланған 
отқа төзімді (огнеупорный) плиткаларды ұқсату жұмыстарына 
пайдалану жөніндегі Ілияс Омаровтың идеялары осы күнге де- 
йін құндылығын жоймай келе ж атқан ұшқыр ойдың тамаша 
үлгісі болып табылады.
Ж ылдар бойы сәулет кешеніне шын мәнінде кептеуіл болып 
келген қорықшы Орынбай Дастановтьщ да еңбегін атаусыз 
қалдыруга қақым жоқ. Орекең секілді қызметіне мекем азамат- 
пен бірге істескен жылдарда оның шынайы адамгершілікпен 
кешенді талан-таражга түсіртпей, қызгыштай қорғап, үқыпты- 
лықпөн сақтап келгенін көрген едім. Ж асының ұлгайғанына 
қарамастан оның қазірде де солай болып қала беретініне күмәнім 
жоқ. Ескі әдетімен оқта-текте ғимаратты қайта үқсатудың ойда- 
гыдай ж үрм ей ж атқан ы н айтып, реніш сезім ін білдіретін 
сәттерінде мен оған нендей ақыл-кеңес бере қояйын, қазіргі 
шенеунектер «өзім білемнен» басқа өзгелермен, әсіресе азды- 
көпті түйсігі барлармен ақылдасудан қалгалы қашан. Түбінде 
бір сүрау болатын шығар, бүлай кете берсе, қазіргідей аумалы- 
төкпелі заманда ата-баба мүрасының қалған-құтқанынан айры- 
лып қалу қаупі төніп келе жатқаны айдан анық.
Ескерткіштерді есепке алып, қорғау, қалпына келтіру және 
үқыпты пайдалану жүмыстарымен айналысып, бірегей саясат 
ұстанатын мекеменің жоқтығы мұнан былай көріне беретін 
болады. Айында, жылында кездесіп, ақылдасып, біріне бірі қол- 
қабысын бере алмай, әркім өзінің облысында, ауданында қала 
беретін болса нағыз тоқырау сонда басталатыны даусыз. Қазір- 
дің өзінде есеп-қисап, бақылау, кадрлар дайындау, ескерткіш- 
тердің қорғалатын аймақтарын айқындап, тиісті орындарға бе- 
кіттіріп, заңды күшіне енгізу мәселелерімен кімдердің айналы- 
сатыны белгісіз. Мәдениет департаментіндегі жалгыз инспектор 
қай жагына жетсін.
Ж асыратын несі бар, ақыл-кеңес айтамын деп қайсы біреу- 
лерге жақпай қалатын сәттерім де болады. Оқасы жоқ. «Отаның 
үшін отқа түс, күймейсің» деп Бауыржан ағамыз айтқандай, 
біреу болмаса біреу керегін алар деген оймен бәріне де көнуге 
тура келеді. Әйтпесе мен өзім өсірген «шұнағым» іспетті болтан 
Баян Түяқбаеваға «Ж әнібеков .күн көрсетпей барады, қайдағы 
бір мафиоздық құрылымды тартқылап әкелмекші» деп байба- 
л'ам салатындай, не істеп қойыппын? Ау, Түмекеңнің қызын 
зейнеткер болғалы бір рет көріп жүздеспесем, Мәдениет ми- 
нистрлігінде бірде бір рет болып көрмесем, мафиоздық құры- 
лымды орнықтыратын мен кіммін, әлде осы зейнеттегі адамға 
қатысты нәрсе ме?
Бәлкім, осыдан бес жыл бүрын Ж оғаргы Кеңесте болған 
пікір таласы кезінде Ж екен Қалиев, Камал Смайылов және мен


үшеуіміз М әдениет министрлігінің жауапкершілігі онсыз да 
басынан асып жатыр, тарихи ж әне мәдени ескерткіштерді есеп- 
ке алу, қорғау ж әне қалпына келтірумен арнайы мемлекеттік 
мекеме (Мемлекеттік комитет немесе Бас басқарма) айналыса- 
тын болса дұрысырақ болар еді дегенді айтып едік. Одан бері 
талай уақыт өтті ғой, мүмкін сол әңгіме біреулерге мафиоздық 
қүрылым болып көрініп жүрген шығар. Мүндайларды түбіиде 
«емдемесе» талайларға дімкестігін жүқтыруы мүмкін. Кәсіпқой 
мекеменің атын бірлестік, трест, инспекция, департамент деп 
өзгерте бергеннен не пайда келді?
«Осынау ерекш е сахара мәдениеті,— деп жазған екен Л. Н. 
Гумилев өзінің «Көне түркілер» деген кітабында,— ескі дәстүр 
мен тереңге меңзейтін тамырлардан нәр тартқанымен бізге 
отырықшы жүрттардың мәдениетімен салыстырғанда қүптарлық 
деңгейде белгілі емес. Мүның мәнісі түркілердің, басқа да көш- 
пелі тайпалардың көршілеріне қарағанда дарындылығының тө- 
мендігінде емес, олардыц заттық мәдениетінің қалдығы — киіз- 
дің, терінің, ағаш пен былғарының нашар сақталатынында бо­
лып отыр». Тері мен былғары адам баласының киіміне жарат- 
қан алғашқы материалдарының ішіндегі есте ж оқ ерте заман- 
нан белгілі болғандары. Қазақтың тері-терсекті, жүнді, ағашты, 
сүйекті ұқсатуда, әсіресе киіз басуда, кілем, алаша, шекпен 
тоқуда, тігіншілікте, зергерлікте, үй жиһаздарын, ер-тұрманды, 
ыдыс-аяқты, әуез аспаптарын, қару-жарақты безендіруде мүлтік- 
сіздікке жеткеніне ежелгі заман авторлары да көңіл аударған.
Қазақ түрмысында киіз басудың ерекше маңызы болғанын 
ол арқылы дәстүрге енген бұйымтайымның сан алуандығынан 
да аңғаруға болады. Тіпті киім-кешектің, бас киімнің де кейбір 
түрлері арнайы басылған қағылез ақ киізден тігілетін болған. 
Қазақ кәсіпшілігінде ши тоқу, әсіресе асқан шеберлікті талап 
ететін мазмұны алдын ала ойластырылатын сурет желісіне құры- 
латын орама ши (оны шымши, ж езш и деп те атайды) тоқу кең 
өріс алған. Ақ қазақ кілеміне тән ерекшелік — оның төсемінде 
міндетті түрде сызықшамен («Су») ажырасатын, қорған-қоршауы 
(«Жиек»), шаршысында («Көл») қатар-қатар орналастырылатын, 
мазмұнынан тікес немесе нәубетаты сарыны байқалатын табақ- 
шаларының болатыны. Кілем тоқумен бүрын тек әйелдер айна- 
лысқан. Қазақ арасында тықыркілем (алаша) тоқу дәстүрінің 
кеңінен өрістегені оның көшпелі топтарының өмір салтымен 
байланысты. Уақытты көп алатын, көбіне бір әйелдің ғана қо- 
лынан келе қоймайтын түкті (қалы) кілем тоқу дәстүрінің Сыр 
бойында, Түркістанда ел аузында сақталған аңызда айтылған- 
дай, бабамыз Асанқайғы түйесіне өңгеріп алып кетсем деп ар- 
мандайтын «Екі Келес — бір Талас», Шу атырабында өмір сүрген 
отырықшы, жартылай отырықшы елде кең өріс алған. Мүндағы


кілем тоқымашылығына қолтума өнердің осы бір түрі кеңінен 
дамыған Иран, Шығыс Түркістан, Ауғанстан сияқты елдердің 
әсері мол болса керек. Мұндай пікір айтуға қазақта түрікмен- 
дердегідей қалы кілемнің «тауық нүсқа» үлгісіндегілерінің кең- 
інен тарағаны дәлел бола алады.
Тағы бір көңіл аударатын жәйт — қазақы кілемнің алғашқы 
нүсқаларының пайда болған жерлеріне («Жетісу», «Торғай түрі», 
«Алтыауыл»): белгілі бір руға, тайпаға тиістілігіне («Қоңырат 
кілем», «Керей үлгі», «Найман қүсқа», «Адай кілем»): табақша- 
ларының сырқына («Шүғыла», «Гүлкүмбезді», «Торкөз кілем») 
жіктелетіні.
Қазақтағы ағаш шекпесі (резьба) де өзіндігімен ерекшелене- 
тін құбылыс. Бүл оның көбіне тайпақы, шығыңқы, теспелі бо- 
лып келетінімен ж әне мәнерлі бояумен, сүйектеумен толықты- 
рылатынымен байланысты. Халық шілеңгерлері сүйектеу әдісін 
көбіне үй жиһаздарын, ер-тұрманды, қару-жарақты, әуез аспап- 
тарын, теркешті безендіру үшін қолданып келген. Күмістен, 
алтыннан, әр түрлі асыл, жартылай асыл тастардан білезік, 
сақина, шолпы, алқа, тамақша, сәкәгүл, шытыр соққан. Бүл үшін 
ширатпа, керту, шөку, жалған қара, зерлеу, қаралау т.б. тәсілдерді 
пайдаланған. Ағаштан, кірпіштен, жұмбаздан, үй түрғызған, тау 
жыныстарынан, үлутастан, мәрмәрдан, тақтатастан, қүлпытас, 
қойтас, көктас соққан.
Осы айтылғандардың өзінен-ақ қазақ қолөнерінде көркем 
ойдың, оның икемді баламасы — өрнектің ғасырлар бойы қоғам 
талғамымен біте қайнасып, тікелей сәйкестікте дамып келгенді- 
гін аңғаруға болады. Қазақ ою-өрнегінің өзіне 
тән жүйесін 
қалыптастыруда айналадағы ортадан алынған, киелі, ғұрыпты 
делініп келген белгілермен жымдасып, үрпақтан-үрпаққа, ғасыр- 
дан-ғасырға алмасып келген көркем ойдың затқа айналған үлгі- 
лері мен қүбылыстарын көреміз. Оларда мақлүқаты, ғарыигга- 
ты, тікес, нәубетаты стильдеріндегі сарындар кездесетіні де міне 
осыдан.
Қазақ киім-кешегі де айналадағы табиғи ж әне әлеуметтік 
ортаның әсерімен қалыптасқан заттық-түрмыстық мәдениеттің 
бірДен бір көрінісі бодып табылады. Онан халықтың талғамына, 
өмір салтына, өткендегі әлеуметтік хал-ахуалына, шыққан тегіне 
меңзейтін факторларды аңғаруға болады. Ауызекі тілмен, бет- 
пішінмен, антропологиялық түрпатпен қатар қазақы киім кезін- 
де халықтың тектестік сезімін ояту мен нығайтуда маңызды 
роль атқарған. Қазақ киіміне қарап та өзінің қандастарын өзге- 
лерден ажырататын болған. Ол қарапайым болғанымен дала 
жағдайына ыңғайластырылғандықтан адамның денесіне қоным- 
ды, әсіресе көлік үстінде жүріп-түруға қолайлы. Киім-кешекті, 
зерлі жіптермен кестелеу, оқамен безендіру кейінірек қазақ


қоғамының таптық жағынан жіктелуіне байланысты жұрттың 
қандай әлеуметтік топтарға жататынын, байлығы мен дәулетін 
баса көрсетуге құштарлықтан туған жәйт деп білеміз.
Қазақтың қолтума бұйымдарының барлығы дерлік, киім-ке- 
шегі, заттық-тұрмыстық мәдениетке қатысты басқа нәрселерінің 
көпшілігі ою-өрнекпен безендірілетін болған. Оның өзінше пай- 
ымдауға бейім, бір түрден екінші түрге оңай ауыстырып отыру- 
ға болатынымен ерекшеленетіні жалпыға мәлім.
Қазақы киімнің алды ашық болып келетіні, солға қаусыры- 
латыны, бешпеттің, камзолдың белінің қымталатыны, үкілі бас 
киімнің, қосетекті көйлектің, белбүрме, арқа бүрме жөн көйлек- 
тердің оған ерекш е сән беретіні белгілі. Мүнан біз қазақ хал- 
қын қалыптастырған тектестік қоспалардың ықпалын, елдің 
өткендегі өндіргіш күш терін ің деңгейін, ш аруаш ы лы ны ң, 
кәсіпшілігінің сыйпатын, тарихи дәстүрлерін, көршілерінен ауыс- 
қан түр өзгерістерін аңғарамыз.
Ал халық сәулеткерлігіне (архитектурасына) қатысты зерт- 
теп-білгендерімізді ортаға салатын болсақ, оның қазақпен бірге 
ж асасы п , ер те зам ан н ан келе ж а т қ а н қүбы лы с ек ен ін е 
күмәндануға болмайтынын ата-бабамыздың біздің заманымыз- 
дың алғашқы ғасырларында ақ қам кірпішті пайдалана бастаға- 
нынан байқауға болатын сияқты. Алғашқы баспанадан қазіргі 
заманғы қалаларға дейін екі мың жылдан астам уақыт өткені 
бұған дәлел бола алады.
Шынтуайтына барсақ, шебердің қолы ортақ, өнердің жолы 
ортақ болатыны осындай тарихи факторлармен де байланыс­
ты.
Қорыта келгенде айтатыным қазақтың аса бай тарихи, мәдени 
мұрасы, ою-өрнегі, ісмерлігі, қолтумасының қайталанбас сыйпа- 
ты, киім-кешегі үлттық мақтаныш сезімін тудыратын қүбылыс. 
Масаттануымызға да, мақтануымызға да қақымыз бар.
Болар істің басында «біліктілер жүрсе» деп халық айтса босқа 
айтпағанын Арқалықта облыстық музей ұйымдастыруға кіріс- 
кенде оның тұңғыш директоры болтан Райса Ілиясованың іс- 
қаракетінен көргенімді паш етпесем әңгімеміздің орны толмай- 
тындай болып отыр. Ж оқтан барды құрастырып, қазақ ою- 
өрнегінің, таңбалы белгілердің эволюциялық дамуы арқылы үш 
мың жылдық мәдени тарихы бар елдің болмысын шығару үшін 
бір жағынан экспонат, сан түрлі деректі қүжаттар жинауға тура 
келсе, екінші жағынан оларды музей экспозициясына лайықтап 
орналастырудың бар тауқыметі осы бір нәзік жанды, оп-оңай 
жарақаттанатын, сөзі мен тыңдырған ісінің арасында алшақтық 
бола бермейтін қарапайым қазақ әйелінің үлесіне тиген еді. 
Оның бар іс-қаракеті өзі басқарған үжымды нақтылы істерге 
жүмылдыра білетінімен, шешімін табу қиын-ау деген мәселелердің


өзіне де ыңғайтабыс іздестіре түсетінімен ерекшеленетіні — 
белгілі геолог — ғалым Алан Медоевпен, музейдің өз археологі 
Владимир Логвинмен ақылдаса отырып, «Сақ тан қазаққа дей- 
ін» деп аталған музей экспозициясын құрғанда сан қырынан 
көрінді.
Іскер қызметкерлердің дәл осындай ыңғайтабыспен қимыл- 
дайтынын Семейдегі ж әне Жидебайдагы Абайдың мемориал- 
дық музей-қорыгының директоры Төкен Ибрагимовтың көп 
жылдық адал еңбегінен де көріп жүрміз.
Өз басым әуелде мәдениет министрлігінде, кейіннен Орта- 
лық Комитетте қызмет істеген жылдарда халқымыздың тарихи- 
мәдени мұрасын қорғау сияқты үлағатты істің ыстық-суыгын 
бірге бөліскен қимас достарым — Маңғыстау облыстық кеңес 
атқару комитеті төрағасының орынбасары Бәри Халеловпен, 
облыстық Мәдениет басқармаларының бастықтары Мәулімғазы 
Масалимовпен (Семей), Егеубек Далбағаевпен (Талдықорған), 
марқұм Ж арылқасын Үмбетовпен (Қызылорда) басқа да мәдениет 
қайраткерлерімен істес болғанымды мақтаныш тұтам. Әрине 
мәселенің үштыгына ж ете алмай, босқа әуре-сарсаңға түсіп, 
шапқылайтындар да, ж анын қинап, маңдай терін төккісі кел- 
мейтіндер де болды. Қазақ. арасында кеңінен тарай қоймаған 
бір анекдотта, тәж ірибесі шамалы бала бүркіттің аспаннан 
игүйіліп келіп, бір қоянды ілмек болганы жайында айтылған. 
Бар пәрменімен шүйіліп келсе, қояны құрғыр бұлтарып кетеді. 
Екінші рет те солай болады. Үшінші рет шүйгігенде қоян байғүс 
бүркіттің тырнағына тап болады. Мұны көріп, сайдың ішімен 
қабаттаса жүгірген бір қу түлкі қоянды жүлмалап отырған бүркіт- 
тің қасына келіп шоқияды да: «Ой, Бөке-ай, әйтеуір сіз боп, біз 
боп алдық-ау!» деген екен. Сол қоян, бүркіт, түлкінің қылыгын 
еске салатындар да баршылық еді.
1979 жылы Ш ымкентке барғанда обкомньщ бірінші хатшысы 
Асанбай Асқаровта болып, Түркістандағы Әзірет Сүлтан қоры- 
гыньщ жағдайымен таныстырғаным бар-тын. Тым болмаса үзаққа 
созылып кеткен қайта үқсату ж ұмыстарының қалай ж үріп 
жатқанын күнделікті бақылап отыру үшін ғимараттың қайта 
қалпына келтірілген орталық залы — қазандықты қаптаган 
құрылыс ағаштарынан тазартып, музей үйымдастыру жөнінде 
мәселе қойдым. Әрине кішігірім залдарын, мешітін бірте-бірте 
қайта үқсата отыра, музей экспозициясын кеңейте беруге бола- 
тынын ескерттім. Асекең үсынысымды қызу қолдап, обком хат­
шысы Ы. Тілеубергеновтың, облатком төрағасының орынбаса­
ры А. Ф. Ш аляны ң, м әд ен и ет б асқ а р м а с ы н ы ң басты ғы
К.Сәрсенбаеваның менімен бірге болып, тиісті көмек көрсететі- 
нін айтып, менің көзімше олардың біреуіне телефон соғып, тап- 
сырма да берді. Бірақ, не пайда, мен Түркістанда болған 28 күн


ішінде біреуін де көре алмай, болашақ музейді прожекторлар- 
мен, үлкенді-кішілі электр қағанақтарымен, келетіндер отырып, 
аяғын суытатын орындықтармен қамтамасыз етем деп қосымша 
қиыншылықтарға тап болдым. Өртке қарсы, кептеуіл қызметіне 
қатысты сигнализация, телефон орнату да Түркістан жағдайын- 
да оңайга түсе қойған жоқ.
Бірде жергілікті тұтыну қоғамының төрағасы қоңдылау адам 
отырса қаусап қалатындай, қалт-құлт еткен орындықтар алып 
келгенде, басымды шайқап: «Еркіңіз білсін, енді таяғын қолына 
ұстагып, Ахаңның өзін жібермесек, сіздердің қимылдай қоятын 
түрлерің жоқ екен» деп қалжыңдағанымда ол кісі мүлдем шо- 
шып кетті. Әруаққа сенім дегеннің күштілігін қарасаңшы, «атай 
көрмеңіз, қазір-ақ Шымкент ж аққа кетіп, мығым мебель іздес- 
тірермін» деп шыга жөнелді. Екі күннен кейін бүрынғыдай қалт- 
қүлт етпейтін, төрт аяғынан тіке түра алатын креслолар алып 
келді.
Сөйтіп не керек, менің шымкенттік «қонақтарым» музейді 
ашуға 20 минут қалғанда ғана Түркістанға келіп жетті. Шым- 
кентте обкомға хатшы, немесе облаткомға орынбасар болсам, 
мен әрине бір айға жуық мерзімде Түркістанга кем дегенде үш- 
төрт рет келіп кеткен болар едім. Ал мәдениет басқармасына 
бастық болсам, осында қонып-түнеп ж атқан болар едім. «Ж аны 
ашымастың қасында басың ауырмасын» деген осы екен. Әрине 
бұлар да манағы жағымпаз түлкінің кейпіне еніп, басшыларына 
«өйттік, бүйттік» деп барды-ау. Бүған күмәндануга бола қоймас.
Халықтың тарихи-мәдени мүрасының жылжымалы түрлері- 
нің барлығы дерлік қазіргі музей қорында шоғырланған. Оған 
бас-көз болатындардан манағы министрліктегі жалғыз инспек- 
тордан басқасын табу қиын. Бүрын музейлер бөлімі деген бо- 
латын еді, ол жойылғалы да талай уақыт өткенге үқсайды. Сонда 
біз қайда бара жатырмыз? Халық музейлеріндегі бағалы экспо- 
наттар иесіз қалғандықтан жоғала бастапты. Олардың баламала- 
рын жасап беріп, бастапқы түп нүсқаларын мемлекеттік музей 
қорына алу үйымдастырылмай келді. Республикалық, облыстық 
музейлердің ғылыми мәдени-ағартушылық қызметіне келсек, 
олардың тоқырау заманында қүрастырылған экспозицияларын 
белгілі бір деңгейде қайта реттеу үшін тақырыптық жағынан 
жаңғырту, экспонаттарын қалпына келтіру, сақтау жүмыстарын 
жеделдете түсу қажет-ақ. Музей экспозициясындагы бағалы 
заттардың орнына баламаларын қоюға бетбүрыс жасаудың ке- 
зек күттірмейтіні тары бар. Олай дейтінім — қазақ бұйымтай- 
ымының, әсіресе киім-кешегінің, үй жиһаздарының, негізгі ма- 
териалдары барқыт, шүға, шекпен тоқымасы, жібек, мақта ма- 
тасы, қағылез киіз, елтірі, көн, пұшпақ, аң терілері температу- 
ралық-ылгалдық тәртіп сақтала бермейтін мекемелерде (біздегі


музейлердің көпшілігі осындай қалде) үзаққа бармай, істен шығып 
қала беретіні ықтимал.
Ш ынтуайтына барсақ, ғылыми ізденіс, тәж ірибе алмасу 
жолымен қайта үқсатылып, дыбыстандырылып, тұрмысқа, кон- 
церттік дағдыға ендіріле бермесе қуыс мойын, қоссаз, іші ішек- 
ті, аша (теріс бүрау, оң бүрау) домбыралардың, сазген, нарқо- 
быз, адырна, керней, бүғышақ, сырнай, сыбызғы, желбуаз, уіл- 
дек, шың секілді әуез аспаптарының мүнан былайғы өмірі де 
сол музей деп аталатын «көрмеде» өте береді ме деген күдігіміз 
де ж оқ емес.
Қазіргі нарықтық жағдайда мәдениет департаментінде му- 
зейлік заттардың баламаларын шығаратын кәсіпорнын үйым- 
дастырып, түп нүсқаларын мемлекет қарамағына (қамқорлығы- 
на) алатын күн туса, олардың көпшілігін болашаққа сақтап қалуға, 
баламаларының бір бөлігін сатута шығарып, түтынушылардың 
сүранысын қанағаттандыра түсуге мүмкіндік туар еді. Сонда 
ғана қазіргі олпы-солпы, түкке түрғысыз бүйымтайымдарын 
тықпалай беретіндіктен жүрттың талғамының қүнын түсірумен 
келе жатқан шеберсымақтардың іс-әрекетіне тосқауыл қоюға 
болар еді.
Ж ұрттың «Шебердің қолы ортақ» дейтіні қазақтың айнала- 
дағы әл еум еттік о ртан ы эстети к ал ы қ тұ р ғы д ан и гер ген
тәжірибесінің атадан балаға, үрпақтан-үрпаққа алмасып, затқа 
айналғанымен байланысты болса керек. Мүны Алматыдағы ха- 
лық әуез аспаптары музейінің тақырыптық-экспозициялық жос- 
парына негіз болған белгілі аспап зерттеушісі, профессор Болат 
Слрыбаевтың Хиуада (Өзбекстан) өткен халықаралық конгресте 
жасаған баяндамасының ғылыми тұжырымдамасынан, Садық 
Қасимановтың, Омар Хаймолдиннің, Әуелбек Қоңыратбаевтың 
тағы басқа ғалымдардың ж азып қалдырғандарынан аңғаруға 
болады. Мүны музейді үйымдастырудың басты ауыртпалығын 
мойнына алған оның тұңғыш директоры Ж арқы н Шәкәрімовтың, 
аспапшы шеберлер Оразғазы Бейсенбаеьтың, Дәркембай Шоқ- 
паровтың қолтаңбаларынан да көреміз.
«Бес саусағынан өнер тамғандай» дейтін, ата-жолын қуып 
келе жатқан әйгілі ұсталардың үрпағы Дәркембай Шоқпаровтың 
көкше теңіз түбінен інжу іздегендей, қазақ қолөнерінің өткер- 
ме, жалған қара, таптаурындау сияқты тәсілдерін қайта енді- 
руге, мүлдем үмытылған деп есептелген кәдімгі қымыз қүятын 
торсық шығарудың технологиясын қайта қалпына келтіруге сің- 
ірген еңбегі зор. Оньщ торсық тігудің «қүпиясын» ашу үшін 
кезінде бірнеше облыстарда, көптеген аудандарда болып, көне- 
көз қарт үсталармен кездесіп пікір алмасқаны жемісті болды.
Бірде Ғылым академиясында маған ғалымдардың мынадай 
бір, жәйтті айтып бергені бар-тын. Ж апониядан 
келген қарт


профессор қазақта өрнектелген тері ваза болады екен, соның 
бірін сатып алсам деп қоймапты. Тері ваза деп отырғаны тап- 
таурындалған торсық, ол тек музейлерде ғана сақталған, мага- 
зиндерде сатылмайтын. Мені іздесе орнымнан табыла қоймап- 
пын. Сондықтан не де болса шебердің өзімен сөйлесейік деген 
оймен ол кезде «Казмузейреставрация» шеберханасында қыз- 
мет істейтін Дәркембаймен ақылдасып, ақау шыққан, шұрық, 
тесік, қымыз тұрмайтын біреуін қолына ұстата салғанда жапон- 
дық қонақ осындай қымбат нәрсені тегін беріп отырсыздар деп 
риза болғаны сонша «шалқасынан» құлап қала жаздапты дейді. 
Ол оған не үшін керек, әлде технологиясын үйрену үшін керек 
пе, әлде кәдімгі әуесқойлықтан ба, ол жағы белгісіз, ол түста 
біздің адамдар мәселенің бүл жағына көңіл аудара бермейтін.
Міне «шебердің қолы ортақ, өнердің жолы ортақ» дегеннің 
тағы бір мысалы, мүны да өмірдің өзі үйлестіріп отырғандай. 
Қазір Дәркембай Ш оқпаров өзінің шеберлік мектебі бар, музейі 
бар өнерпаз. Мен оған шығармашыл табыстан басқа тілейтінім 
жоқ. Барша уақытта салауатты болсын.
Қазақтың қолтума өнері оның өткен өмір салтын, өндіргіш 
күштерінің деңгейін, әлеуметтік ортаны игерудегі тәжірибесін, 
көрші халықтармен қарым-қатынасын аңғартатын заттық-түрмыс- 
тық мәдениеттің бірден бір көрінісі дедік. Қолтума өнер үлттың 
өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін де қажет. Қазіргі әмбе- 
баптықтың бір үшы осы саладағы келеңсіздіктерге тіреле бере- 
тіні тағы бар.
Өкініштісі кешегі кеңес жылдарында жаңаша өмір құрамыз 
деп жүріп, дәстүрлі өнердің бірқатар түрлерінен бой ж аза бас- 
тағанымызды аңғармаппыз. Олардың орнын бүгін толтырайын 
десең қазақы бүйым шығарудың бір қатарының технологиясы 
жоғалғаны алдыңнан кесе көлденең шыға беретін болып алған. 
Мүндай мәселелермен шүғылданатын ғылыми-мәдени мекеме- 
лер тағы жоқ.
Мысалға қазақ кәсіпшілігінде ең байырғылардан саналатын 
киіз басу машықтығын алсақ, қазіргі ең жоғарғы сортты деп 
есептелетін төсемдердің өзінен саңылауланып күн көрініп түра- 
тынын байқамау мүмкін емес. Ау, сонда тіптен ежелгі заман 
авторлары көңіл аударған қазақ киізінің мүлтіксіздігі, қалыңды- 
ғынын біркелкілігі, күнмен шағылысатын ақ реңкі, әрбір қыл- 
шығы жалтырап, көздің жауын қайтарып қана қоймай, суқаға- 
ры болатын қағылездігі қайда қеткен? Бүрын киізге ақ реңк 
беретіндей бор, мығамдайтындай етіп сүйек үнтағын қосып 
басатын болған. Иін қандыра басылатын мүндай киіздердің 
сақталымы 50—60 жылға кететін болған, ал қазіргілердің сақта- 
лу мерзімі екі-үш жылға да ж ете бермейді.
Киіз үйдін қаңқасын — кереге-уығын, шаңырағын, босаға-


сын, сықырлауығын алсақ, бұлар тезде тұрып, мұқият үқсатыл- 
ғаннан кейін, әр түрлі бүта тамырларынан алынатын табиғи 
бояуларға малынып, балық желімімен қоса сырланатындықтан 
және түйе терісінен тілінген таспамен көктелетіндіктен жылдар 
бойы сақталатын болған. Қазір мұндай тәсілдерге көңіл аударып 
жатқан шілеңгерлер де жоқ.
Қазіргі өтпелі кезеңде көрші Өзбекстанда, Тәжікстанда, 
Қырғызстанның оңтүстігінде тұрмыстан шыға қоймағанымен, 
жетімсіреп қалған өнердің қатарына тері ұқсатуды, көн илеуді 
жатқызуға 'болады. Осындайда қайта дами бастайтын кілем 
тоқымашылығы да, ағаш шекпесі де, табиғи бояу өндіру, сабын 
қайнату, тағысын тағы кәсіпшіліктердің де хал-ахуалы қүптар- 
лық дәрежеде емес. Мектепке баратын балаларына аяқ киім 
тауып бере алмай отырса да, өздерінің де аяғына іле қоятын 
лыпасы шамалы бола тұра, ауыл-селен түрғындары етік, кебіс- 
мәсі тігуден қалған.
Бүлардың есесіне қазақы киім тігудің «оңайлатылғаны» сон- 
/ ша, жүрт оған ескі дәстүр бойынша оқа жүргізуді, кесте тігуді, 
жиектеуді талап ете бермейтін болып алған. Тек киіз төсемде- 
ріне салынатын «қошқар мүйіздерін» ойып, киім-кешекке жап- 
сыра берсе, оны кәрі-жасына қарамай иығына іле берсе, жүрт 
соған да мәз-мейрам болып жатады. Оның талғамының төмен- 
дегені сонша, қазақы киімнің мүндай ерекшеліктеріне көщл бөле 
бермейді. Тігіншілердің де қазақтың «бізкестесінен», «ілмекесте- 
сінен», «өщржиегінен», «жақтауынан» түйсігі жоқ. «Соқыр тау- 
ыққа бәрі бидай» дегендей, күйеуге ұзатылатын қызына немесе 
түсіретін келініне картоннан қиыстырып, сопайған «сәукеле» 
тігіп, капроннан «үкі» қадап берсе, қазекең оны бір бірімен 
жарыса мақтап, соған да мәз болып қала береді. Кейуаналардың 
көйлегіне қосетек салып, шалдардың шапандарына бажырайта 
«қошқар мүйізін» жапсырып жатса болғаны, оған да ризашы- 
лығын білдіріп жататынын көріп жүрміз. Тігіншілері мен іс 
тапсырушыларына жол тапқан мүндай ыңғайтабысқа кім қарсы 
бола қойсын?! Өкінішке қарай, енді бірер жылда-ақ мүндай 
қоқырсықтар қазақтың «дәстүрлі өғіері» дәрежесіне орнығуы 
ықтимал. Сонда жеткіншек үрпақ «апыр-ау, біздің әке-шешеле- 
ріміздіц басына не күн туған, осындай да дәстүрлі өнер бола 
ма?» деп жүрсе ше.Мүны қазір ойлансақ, артықшылығы бол- 
мас.
Көп айтып-аз айтқанда, халық пен өнер бір туған. Өнер бар 
жерде халық, халық бар жерде өнер өлмек емес. Өнері шалк,ы- 
ған ел ғана тарихтан өз орнын алады. Өнерсіз халық түл, ха- 
лықсыз өнер тұл. Өнерсіз елдің үні шыға қоймайтыны хақ. 
Өнер өшті дегенше, өмір өшті дей бер. Мұны қазір ойланбасақ, 
қашан ойланамыз, ағайын!


Е К І Н Ш І Т А Р А У


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет