Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ЖҮБАН АҒА ТУРАЛЫ ОЙ
«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген 
Жөргегімде таныстым мүң тілімен.
Ж ылағанда жүрегім, күн түтылып,
Қуанғанда күлкіммен түн түрілген.
...Мен — қазақпын, бір биік белеспін мен 
Еуропа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей 
Бірақ барша адаммен телі өстім мен.
«Қазақпын» деп досқа айтам үғысатын 
Мақтан етсін атақты туысы атын.
«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана 
Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын.
Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін 
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың жылда бір тірілдім мәңгі өлмеске — 
Айта бергім келеді, айта бергім».
Бұлай деп кезінде Ж үбан ақын ғана айта алған. «Мен — 
қазақпын» деген өзінің отты түжырымын ол 1986 жылғы қанды 
оқиға кезінде Колбин мен оның сыбайластарына да айтты. Кім 
білсін, сол күндері Алматыда болсам, мен де тоқырау заманы- 
ның озбырлығына қарсы шыққан жастардың арасында болар 
ма едім, оны тағдыр менін пешенеме жазбапты. Әйтсе де азулы 
да ашулы ақынның әділетсіздікке қарсы айтқан отты сөздерінен 
алған әсерім қажағаймен тайға таңба басқандай кімді болса да 
бейтарап қалдырмайтын еді.
Ж ұбан сияқты арыстар өмірге анда-санда ғана келеді. Біздің 
қоғамға «бір бірлеп мың болатындай, тамшы боп тама, көл 
болатындай» ауызбіршілік, ынтымақтастық қажет екеніне қара- 
мастан, оған көзі тірісінде өзіне лайық қадір-қүрмет көрсетілме- 
ді. «Алты бақан ала ауыз» (Абай) болатындай осы жүртқа не 
керек екенін кейде түсіну қиын.
Ж үбан-ағамен жарастығымыз көптен ақ қалыптасқан еді. 
1977 жылы Мәдениет министріне орынбасарлыққа тағайындала 
салысымен менің көзіме түскені 1943 жылдан кейінгі 34 жыл


ішінде республикада халық ақындары айтысының бірде бір рет 
өткізілмегені, «Халық ақыны» деген қүрметті атақтың ешкімге 
берілмей келгені болды. Сол бір соғыс кезінде өткізілген соңғы 
айтысқа Қаныш Сәтбаев (қазылар алқасының төрағасы), Мұхтар 
Әуезов, Күләш Байсейітова сияқты аса көрнекті ғылым мен 
өнер қайраткерлері басшылық еткен екен. Біз де солардың 
дейгейінде өткізілген айтыстан кем түспейік дегендей, қазылар 
алқасына аса көрнекті мамандарды (олардың арасында Ж үбан 
Молдағалиев те болатын) қатыстырдық.
Өнер сайысы басталардың алдында (ол жасөспірімдер теат- 
рында өтті) жүргізуші диктор айтыстьщ қазылар алқасын жи- 
налғандарға таныстырып жатты. Менің нақақтан нақақ Орта- 
лық Комитеттегі бөлім меңгерушілігі қызметімнен босатылғаны- 
ма ренішім әлі басыла қоймаған еді. Кезек келіп, фамилиям 
аталғанда, қанша тырмыссам да бойымды билеп ала алмай, 
орнымнан тұрдым да қайтадан отыра кеттім. Мүным Ж ұбан- 
ағаға үнаған жоқ. Қазақтың «тоныңды отқа салма» дейтінін 
есіме салып, ол маған:
— Е, бауырым, сен әлі ренжіп жүр екенсің ғой. Қалай ет- 
кенде де халықтан бой тасалауға болмайды. Ж ұртқа көрінуің 
керек еді — дегенді айтты. Мен:
— Кешіріңіз, Ж үбан аға, байқамай қалыппын. Мүнан былай 
есте болар,— деп өзімді өзім жүбатқандай болдым.
Ашынғандықтың ащы табындай кімге болса да түжырыңқы 
эсер ететін сезімнің бола бермейтінін Ж азуш ылар Одағында 
бірінші хатшы болып қызмет атқарып келген Ж ұбан Молдаға- 
лиевтей асыл азаматты орнынан босатып, өзгені «тағайындай» 
салғанда көрдім. Бірақ ол мүқалған пиғыл көрсеткісі келмеді. 
Ақынның шығармашыл одақтың жүмысын жақсартуға бағдар- 
ланған қең өрісті ойлары барын *Маңғыстауда өткен қазақ әде- 
биетініц күндерінде Форт-Шевченкода болған кеште өз қүла- 
ғыммен естігенім бар-тын. Онысы іске аспай қалды...
Десек те содан бері талай уақыт өтті. «Мен — қазақпын» 
деген мақтаныш сезіммен әлемге ж ар салатын сбт тағы да туар. 
Басқаны қайдам, өз басым осы ғасырлар алмасатын мезеттен 
болашағымызға ілгері үмітпен қарайтын уақыт басталар деп 
ойлаймын.
Аайым, солай болсын!
Бала жастан Ж ұбан-ағадай болмасам да үқсап бағып, дүни- 
ені қүратын сәулеткер де, көркейтетін суреткер де болуға тыр- 
мысып келдім. Тағдыр мұнымды қош көрмеді ме, қайдам, қо- 
лымды байлай берді. «Ж азмыштан озмыш жоқ» деген осылай 
болар. Қазіргі жұлқарларға ұқсап, бала-шағасына қалдыратын 
байлық жинайтын жағдай менде болған жоқ. Болған күнде де 
ондайға бара алмас едім. Иісі қазақтың бәрін бірдей түтып, руға


бөліп жіктеген жоқпын. Мені үлтшыл дейтіндер де табыла қой- 
мас. Ж үртты ң ұлтына, дініне, наным-танымына, түр-түсіне, 
түрмыс-салтына қарамастан бәрімен бірдей қатынаста болуға 
тырмысып келдім. Ағат кеткенім де ж оқ сияқты. Бірақ өз кінәсін 
түсінгісі келмей, босқа өкпелегендер болғанға ұқсайды.
Бірде Оралхан Бөкеевті ақтық сапарына шығарып салуға 
арналған қаралы рәсімге жиналғанда көптің ішінен бүрын 
«Мәдениет ж әне түрмыста» редактор болған бір азаматты ко- 
pin, қал-жағдайын сұрасам: «Сіз мені суға салдыңыз батпадым, 
отқа салдыңыз жанбадым» деп сарнап ала жөнелгені. Апыр-ау, 
осынша өкпе айтатындай мен бұл адамға не істеп қойыппын? 
Тым түрпайы болса да, елдін осындайда пайдаланатын мәтеліндегі 
«қызу басатынын» айтып салайын деп түрдым да қазақтың 
қалаулы ұлдарыньщ біріи шығарып салуға бағышталған қаралы 
сәтте әдеп сақтап үндеген жоқпын.
Соңынан білгенім — мұны қызметінен босатқанда Орталық 
Комитетке шақырып, себебін тәптіштеп түсіндіргені болды. Ол 
оған қанағаттанбапты. Партия тарқарға жақын қалған аласапы- 
ран уақытқа тап болғандықтан бөлімдегілер оны менімен жо- 
лықтырмапты. Ал осы үшін зейнеткер адамның көңіліне тиіп, 
соншалықты орынсыз айып тағуға бола ма? Әлде ақымақтарға 
заң жазылмаған деген осы ма? Қазір мұндайлармен қандай 
деңгейде болса да кездесіп, сөйлесе қояр ма екен?
Сөз орайы келгенде айтайын дегенім кейіннен тұрақты жұмыс 
істейтін парламентке жол ашу үшін «өзін өзі таратқан» Ж оғар- 
ғы кеңестің сайлауы бейпілауыз демократияның шарықтап, шегіне 
жеткен тұсында (1990 ж.), көпшілік жағдайда балама негізде 
өткен еді. Ұят-арды жинап тастап, өзін өзі депутаттыққа ұсына- 
тындар да сол түста бой корсете бастаған болатын. Сайлауға 
дайындық үстінде менің де мынадай бір таңқаларлық оқиғаға 
тап болғаным бар еді.
Бір жолы таңертеңгі сағат 8-ден ақ Орталық Комитеттің 
еілгінің алдына орналасып алып, бірінші хатшы орнынан табыла 
қоймаған соң, менің атымды атап «Жәні-бек-ов!», «Жәні-бек- 
ов!» деп бар даусымен айқайлап, өздерімен кездесуге шақыр- 
ған, мойындарына әртүрлі талаптар жазылған плакаттар асып 
алған «ақ сақалды, сары тісті» көнекөз қарттар мен кимешек 
киген кейуаналарды көріп қайран қалдым. Араларында бірлі 
жарым болмаса жастар ж оқ еді. Қайта-қайта айқайлап қойма- 
ған соң, көмекшім арқылы Орталық Комитеттің қабылдау бөл- 
месінің залына сыйғанынша шақырып алып, сөйлеспек болдым.
Әңгімеміз бірден басталып та кетті: Қарттарды толқытқан 
жәйт өздерінің қалап үсынған кандидаты, соңынан «Табиғат» 
қоғамына президентікке сайланған Мэлс Елеусізовты жергілікті 
орындардың ықпалымен себеп тауып тіркеуден «өткізбей таста-


ғаны» екен. Ж алма-жан Орталық сайлау комиссиясынан егер 
шын мәнінде сайлау туралы ереж е бұрмаланған болса мәселеге 
қайта оралуды өтіндім. Қарттарды шығарып салып, Елеусізовтің 
өзін ғана қалдырып, кемпір-шалдарды шулатпай ақ (оларды Күрті 
ауданынан арнайы екі азтобуспен алып келген екен), өзің кел- 
сең де осы мәселені шешуге болатын еді ғой дегенімде алған 
жауабым: «Маған да ж ұрт көңіл аударса екен деп ойлаған едім» 
болды.
Кейіннен «маған да ж ұрт көңіл аударса» дегенді ж ас бизнес- 
меннен де, саясаткерден де, тағы басқалардан да естідім. Шама- 
сы бұл қазіргі жастардың өмірлік мүдделеріне сай өздерін тезі- 
рек көрсете білуге тырысатындығының айғағы болса керек. Олай 
болса бүл жақсылық нышаны, өмірге құштарлықтың тағы бір 
көрінісі. Тек мұндай қүбылыс ізгілікпен, имандылықпен, отан- 
шылдықпен үштасып жатса. Сонда ғана мұнан отыз жылдан 
астам уақыт бүрын-«М ен — қазақпын» деп әлемге ж ар салған 
ұлы ақынның өсиеті орындалатын болады.
Десек те халқымыздың қиын-қилы тағдырын естен шығарып 
алмас үшін оған оқта-текте бір мезгіл үңіліп те алған жөн. 
Өйткені өткендегі тарихсыз бүгін, бүгінсіз ертең, ертеңсіз бола- 
шақ жоқ. Әртүрлі себептермен халқымыздың дамуы тарихтың 
өн бойына көршілерімен, әсіресе Қытаймен салыстырғанда бас- 
қаша өрбігені белгілі. Мәселен, қытайлықтар адамзат тарихы- 
ның о бастағы нәрегейлік шағында ақ (шамасы, Үлы қытай 
қорғаны бостан босқа түрғызылмаған болса керек) бірегей дами 
бастаған, біртұтас халық болып үлгірді. Ал біз болсақ, Еуразия 
белдеуі.арқылы халықтардың үлы қоныс аударуымен, ешқашан- 
да толастай қоймаған жаугершілікпен, өзара қырғи-қабақтылық- 
пен, аштық-жалаңаштықпен арпалысып келдік.
Сондықтан да қарапайым есеп ғалымдардың айтуынша, сол 
кезде Қытай ж ерін мекендеген 16 млн. халықтан 1,2 млрд. 
қытайлықтардың өсіп өрбігеніне, ал қазіргі қазақ тайпалары- 
ның ата тегін қүрғандар қоныс тепкен кеңістікте өмір сүрген 
1,0 млн. халықтан небәрі он миллиондай ғана қазақ өсіп-өнге- 
ніне меңзейді. Егер біздің халық Қытайдағыдай даму үрдісінен 
өткенде, бәлкім мұндағы елдің Кіндік Азия халықтарының бі- 
разы нан бүрын тектестік ж ағы нан айқындалғаны, моңғол шап- 
қыншылығының алдында-ақ мал өсіріп, егін еккен, сауда-сат- 
тығы дамыған қалалары мен отырықшы қоныстары бар «Ка­
захстан» деген атпен белгілі елдің болғаны қазақты ң тағдыры- 
на тағылым етерлік өшпес із қалдырған деп жорамалдауға 
болатын еді.
Қазақ жасақтарының Шыңғысхан мен Батудың, Әмір Темір 
мен Тоқтамыстың, басқа да шығыстық қолбасшылардың әске- 
рінде негізгі соғыскер күш болғаны мәлім. «Балқан, Балқан,


Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген тіркестердің қазақ 
фольклорында кездесетіні де тегіннен тегін болмаса керек. Бүкіл 
Таяу шығысты дүбірлеткен мамлюктердің қүрамында да қып- 
шақтар басымырақ болған.
Десек те оқтын-оқтын қайталай берген қуацшылық, малдың 
жүты, егіншіліктің күйреуі бүкіл елді қамтыган аштық-жалаңаш- 
тыққа, халықтың күрт азайып кетуіне алып келе берген. Қайсы 
бір әлі де болса дәлдей түсуді қажет ететін деректерге Караган­
да, арагідік үзілістермен екі ж үз жылға созылған жоңғар қал- 
мақтарымен ғаламат шайқаста халықтыц үштен бірі қырылғанға 
үқсайды. Сөйтіп қазағымның артықшылығы жерінің кеңдігі, 
жетіспейтіні санының кемдігі болып қала берген.
Егер тарихи шындыққа жүгінсек, отызыншы жылдардағь| 
қолдан жасалған аштық-жалаңаштық, қуғын-сүргін, көрші ел- 
дерге қоныс аудару кезінде опат болтан 3 млн.ға жуық халық- 
тың әр қайсысынан үш адамнан өрбігенде де қазіргі қазақтың 
санына 9 млн. адам қосылган болар еді.
Ж үбан-ағаның «Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген» 
дейтінінің түпкі мәні де міне осында жатыр. Өкініштісі өзімізді 
қоргай да, сақтай да алмадық. «Оқасы жоқ» десек те жан 
жағымызга қарайлап қырағы болайық, ағайын!
1972 жыл. Қүрамында Ж үбан Молдағалиев те бар Сәбит 
Мұқанов бастаған бір топ жазушы Сырбай Мәуленовтің 50 
жылдығына байланысты Торғай облысына келетін болды. Об- 
лыс енді ғана қүрылған, Арқалықта керек десеңіз Мәдениет үйі 
>
де, мейманхана да, тіпті ресторан да ж оқ уақыт болатын. Ме- 
рейтойдың ашылу салтанаты Қүрылысшылардың клубында өтті, 
ал қонақтарды қала сыртындағы жасанды көл жағасына тігілген 
екі киіз үйде күтігі алуға тура келді. Менің Сәбеңді өзінің «Сүлу- 
шаш», «Адасқандар» (кейіннен —«Мөлдір махаббат») романда- 
рының оқиғалары өрбіген жерлерге алып барып, әңгімесін тың- 
дап, қызығына батсақ деген ойым бар еді. Бағдарламаны да 
соған орай қүрастырдық.
Па, шіркін, Сәбеңнің әңгімесін бір рет тыңдағанның өзі қан- 
дай ғанибет десеңші! Бұрын мүндай сәттерді басымнан кешсем 
де, үлы жазушыны тыңдай бергім келетін де түратын. Бүл жолы 
да сондай сезім бойымды билеп алған еді. Өкініштісі, қасында 
үзақ бола алмадым. Делегацияны облаткомның орынбасарына 
қалдырып, Мәскеуде болатын бір кеңеске қатысу үшін іс-сапа- 
рымен кетіп қалуға тура келді. Әйтсе де Сәбеңмен қоса әрқай- 
сысы бір бір елдің әдебиетіне ұстын болуға тұрарлық Сырбай 
Мәуленовпен, Мүхаметжан Қаратаевпен, Ж үбан Молдағалиев- 
пен, Ғафу Қайырбековпен екі күн бірге болып, есітіп-білгенде- 
рім мәңгі есімде қалды.
Келесі күні Аманкелді ауданындағы Сарыторғай жылқы за-


уытында болдық. Халықтың Сәбеңе, Сырбайға деген ықыласы- 
ның шегі ж оқ еді. Мұнда да ж ұрт екі ақ үйді қатар тігіп қарсы 
алды. Күндіз осы аймақтағы тарихи ескерткіштері бар жерлер- 
де болдық. Әсіресе бір бірімен қатар екі қырқаға қатар орна- 
ласқан VIII—X ғасырларға жататын, тақтатастан қаланған Екі 
дің (‘«Екі діңгек») ғибадатханасы, XIX ғасырда түрғызылған Қыз 
моласы атты бейіт қонақтарға үлкен эсер етті. Мүнда аңыз 
бойынша есігіндегі жалшысына ғашық болып, қытымыр заман- 
да шынайы махаббатының қүрбаны болған байдың жалғыз қызы 
жерленген екен. Әсіресе Сәбең қыздың бейітін, әрі-бері айна- 
лып:
— Апыр-ау, осы менің Сүлушашым емес пе екен? Қай 
жағынан алып қарасаң да соған меңзей беретін сияқты деп 
қалбалақтай берді. Мен жазуш ының айтқанын дәлдсгім келіп:
— Сонда Сәбе, сіз, романыңызды мүнда болмай ж азған ба 
едіңіз? деп сүрадым.
— Ж оқ, мәселе мұнда болып-болмауда емес. Романның маз- 
мұндық желісіне арқау етіп ел арасында кеңінен тарап кеткен 
әңгімені алған едім. Бүл арада болмасам да жердің табиғатымен, 
бедерімен, адамдарымен сырттай таныстығым бар-тын деп сөзін 
бітірді.
Сәбең Қызбелге («Адасқандардың» оқиғасы болған жер) де 
барып қайтуға ықыласты екенін айтты. Бірақ күннің ысып ке- 
туіне байланысты асфальтталған 
ж о л д ы ң
жоқтығын айтып, жеңіл 
автокөліктің ж үре алмайтынын ескертіп, ондай сапарды келесі 
кезекке қалдыруға келісімін алдым.
Ж үбан-ағамен екі күн бірге болу да мен үшін қызғылықты 
еді. Ақын сырт қарағанда көп сөйлеп кете бермейтін парасатты 
да, сабырлы да болғанымен, шешіле кетсе сөзшең, әңгімешіл, 
ақылкөй ұстаздай көрініп түратын.
Оны мына бір шумақтардан да аңғаруға болады:
Қүптасаң да, сөксең де сен өзің біл,
Кейде асқақтау сөйлесем мен өзім бір.
Қүлағы естіп, кенеттен тілі шыққан,
Саңырау-сақау құлқындай мінезім бүл.
Кешір ана, еркеңді елпілдеген,
Есесі бүл мың жылдың желпінбеген.
Дүр сілкіндім өзіңнің қанатыңмен,
Еркін келем тек сенің еркіңменен.
...Тар жолдан таймай өткен халық — батыр 
Алдыңда бүдан да әсем өмір жатыр.
Дариға-ай, дәурен жетіп көрсем сені,
Тойыңа толған шақта толы ғасыр!


Кешкі кездесуден кейінгі дәм үстінде кеңшардың директо- 
рын оңаша шақырып алып (ол өзі бір жеңілтектеу жігіт бола- 
тын) Сәбеңнің қасына жұбайы Мәриям-апай еріп келген екен, 
әлгі өздеріңнің «Торғай түрі», «Алты ауыл» атты осы өңірге 
кеңінен тараған кілемдеріңнің бірін сыйға тартсаң орынды бо- 
лар еді десем директор жігітім:
— Сонда не, Сәбит біздікіне келді деп кеңшарды таратып 
жіберуім керек пе? Ж ылқы сойдым, қой сойдым, сол да жетеді 
ғой — деп қалды.
Мен өзімді қоярға ж ер таппай, ашу-ыза кернеп:
— Ей, оңбаған, бұл не дегенің? Сәбең сенің үйіңе екінші рет 
келеді ме, келмейді, ме, ол жағы бір қүдайға мәлім. Бірақ сен 
сияқты көргенсіз әлі талай рет Сәбең біздікінде болып еді деп 
баласының баласына мақтаныш сезіммен айтатын боласың. Бүкіл 
ел қадір тұтатын атамыздың атын саудаға салатындай, сен кім 
едің? Сен не, Сәбеңнің үйінде кілемі ж оқ деп ойлайсың ба? 
Әлде мен саған кеңшардың есебінен сатып алып бер деп отыр- 
мын ба? Кілеміңді жамылып жата қал, онда меній жүмысым жоқ. 
Арқалыққа барған соң тоқымашылардан өзім-ақ сұрап алам. Олар 
сен сияқты надан емес, өздері-ақ алып барып сыйлыққа тартатын 
болады. Мен Мәскеуге барып келейін, әзірге сау бол, жігітім.
Осыны айтып, Мәскеуге ертемен үшатын үшаққа үлгіру үшін 
үйге кіріп, қонақтармен қоштасып, шығып кеттім.
Ертеңіне жазуш ылардың делегациясын Иманов атындағы 
кеңшардың Үрпек деген ауылында ешкім қарсы алмай (шамасы 
уақытын шатастырған болса керек), жалғыз түп ағаштың кө- 
леңкесінде отырып қалыпты. Сәбең шыдай алмай:
— Апыр-ай, ит байласа тұрмайтын ж ер екен!— депті.
Мұны естіп қалған Ғафу Қайырбеков:
— Сәбе, бүл не дегеніңіз, әркімнің туған жері өзіне алтын 
бесік емес пе?— деп өкпесін айтыпты.
Сәбең болса:
— Ей, Ғафу, мен сен жөнінде айтып ж атқан жоқпын. Бай- 
қадың ба, обком хатшысы кеше неге қабағы салыңқы, бір нәрсеге 
ренжігендей кейіппен бізбен қоштасып түнде кетіп қалды? Сенің 
мыналарыңды тәртіпке келтіру үшін бұл адамға үлкен -күш 
жүмсау керек шығар,— депті.
Ертеңіне бұл әңгіме Мәскеудегі маған жеткеннен кейін аудан- 
дық партия комитеттеріне телефон соғып, қандай үйде қарсы алу- 
дан дастарқан мәзіріне дейін тәптіштеп тапсырма беруге тура келді.
Мен мүны сөз ретіне қарай айтып отырмын. Әйтпесе қүла- 
зыған кең даланың бір қалысында қазіргі заманғы әлеуметтік 
коммуникациялардан тысқарылау қалып қойған елден басқаша 
нөтиже күтуге болмайтын еді. Өзгені қайдам, өзім мұны жақсы 
түсінем де. Сондықтан да Торғайдағы бар өмірім сол елдің


басылып қалған еңсесін көтерсем деген талпыныспен өтті. Оны 
торғайлықтар жақсы біледі.
Біз жоғарыда әрбір тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктері 
болатыны, оның құдіреті — уақыт, шындығы — ақиқат, талабы 
— талғам, келешегі — болжам арқылы ашылатыны жөнінде 
айттық. Мұны түсіне білу — мемлекеттіқ тәуелсіздіктің әліппе- 
сін енді- ғана оқи бастаған біздің халық үшін қажет-ақ. Олай 
дейтінім қайсы біреулер бұрынғы кеңестік қүрылысқа қайта 
оралғысы келетінін бүқпантайламай, ашық айтып жүр. Екінші 
біреулер бірден американдық өмір салтына алмасып кетсек деп 
жанығуда. Сайып келгенде, бүл екі бағыттың екеуінің де тілге 
тиек ететіні Қазақстанда сан түрлі үлыстардың қоныс тепкені 
болғандықтан қазіргі саяси, әлеуметтік қал-ахуалға сәйкес емес. 
Үшінші бағыт шын мәніндегі тәуелсіз мемлекеттік қүрылыспен 
байланысты. Б ір ақ , оның да негізгі қағидаттары, шама-шарқы 
әлі де болса жөнді ашыла қоймай келеді.
Біз соңғы бес жылда көп есейдік. Елде қалыптаса бастаған 
жағдайды жетістіктерімен, де, кемшіліктерімен де, қиыншылық- 
тарымен де, бүрмалауш ы лы қтары мен де бірдей қабылдап, 
тәуелсіздік мектебінен өте бастадық. Мүның бәрін сыпырып 
тастап, Ресейдің қолтығына кіре қалайық деудің өзі тым келте 
қайырғандық болар еді. Америка нүсқасы да бізге үлгі бола 
алмайды. Өйткені Америка ойдан-қырдан, әр түрлі халықтардың 
ұрпақтарынан құралған ел. Түбінде олардың да тектестік сана- 
сы оянуы мүмкін. Әзірге жанйртау жарыла қоймағандықтан 
Американы әлеуметтік сілкіністерден бір жолата арылған ел деп 
қарауға болмайтын сияқты. Оның байырғы халқы қүрып біткен 
десе де болатындай қалде. Бізде қүдайға шүкір, халықтың 52 
процентін қүрайтый, елге өз атын беріп, оның түпқазығы бол- 
ран, өзіндік этномәдениетімен, үш мың жыл бойы желісі үзіл- 
мей жалғасып келе ж атқан антропологиялық тұрпатымен ерек- 
ш еленетін өлкенің түп тамырлы тұрғындарынан өсіп-өнген 
жергілікті қазақ үлты бар. Оның мүддесін көздемейтін мемлекет 
тәуелсіз өмір сүре алмайды да, өзгелерге үлгі бола алмайды да.
Мұндай жағдайда тәуелсіздік тізгінін өз қолына алған жас 
мемлекеттің өмірлік доминанттарының жалпылығы, дербестігі, 
тіршілік бастаулары бір салада біріге алмай, қоғамньщ қозғау- 
пты күштерінің аса маңыздыларынан саналатын мәдени өзегінің 
үдемелі қағидаттары орныға алмауы мүмкін.
Сонымен не керек, қалған өмірім болмысымды билеп алған 
ел тағдырына, халқымыздың болашағына деген үміт пен күдік 
жетегінде өтіп жатқан сияқты, қүрметті оқырман қауым. Мұны 
кітаптың екінші тарауында әңгімеміздің желісіне арқау етуді 
жөн көрдім.
Күте түрайық.




Жөнібек Сауранбаев,
Заңғар Жөркешев — Комсомол жүлдегерлері. Алматы, 1970
Демалыс сөтінде. Алматы, 1970





Әдебиет пен өнер институтында. Алматы, 1909
Қазақстан КП XVII съезіндегі бір сөт 
Алматы, 1990





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет