Список литературы
1. Качмазов О. Уголовная ответственность за терроризм //Законность. 1998. №8.
2. Закон Республики Казахстан «О борьбе с терроризмом» от 13.07.99г.
3. Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по вопросам борьбы с терроризмом»
от 19.02.2002г
4. Климчук Е.А. О правовом обеспечении борьбы с терроризмом// Советское право.
– 2003. - №6. – с. 23-26.
5. Послание Президента народу Казахстана «К конкурентноспособному
Казахстану, конкурентноспособной экономике, конкурентноспособной
нации!» Астана 19 марта 2004г., газета «Казахстанская правда» № 57-58 от 20
марта 2004 года.
6. Миньковский Г., Ревин В. Характеристика терроризма и некоторые направления
повышения эффективности борьбы с ним //Государство и право. 1997. № 8.
Түйіндеме
Осы мақалада терроризмге қарсы жауаптылыққа қатысты заңдылықтың
даму жолдары қарастырылады.
Summary
Problems of improvement of the criminal law on the responsibility for terrorism.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
114
~
ӘОК 369.012
Ш.Ж. Шаменова, А.Б. Сарсенова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ИНСТИТУТЫ, ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен нарықтық қоғамдық қатынастарға тең
болатын халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда. Өз өмірінің
жағдайын қалыптастыруға деген әрбір адамның жауапкершілік деңгейінің артуы
еліміздегі нарықтық экономиканың ерекшелігі болып табылады. Осыған байланысты
Қазақстан
Республикасында
әлеуметтік
сақтандыру
нарықтық
экономика
жағдайында жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қатерден әлеуметтік қорғау
мәселесі осы мақалада жан-жақты қарастырылған.
Негізгі
сөздер:
зейнетақы,әлеуметтік
қамсыздандыру,әлеуметтік
сақтандыру,заң, әлеуметтік-экономика,міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыс
беруші мен қызметкер,әлеуметтік серіктестік.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің орта
қарқынмен дамыған бөлімдерінің бірі – сақтандыру жүйесі. Бүгінгі таңда міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін жеке тұлғаларға әлеуметтік сақтандырудың
мемлекеттік қорына бөлінген төлем иелеріне қатысты мәселелердің толыққанды
шешілмегендігі, қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің
болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да –
мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық
мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған
“Қазақстан – 2030” Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің,
қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi – халықтың материалдық
және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып
келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты әлеуметтік
сақтандырудың деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары
үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың
экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі –
сақтандыру жүйесі әрі қарай қарқынды дамып, бәсекелестікке қабілетті болуы
керек. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру әрбір мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың
маңызды да басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Әлемдік қаржылық
дағдарыс кезеңінде әрбір елдегі жүргізілетін тиімді әлеуметтік саясат бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы әлеуметтік қатерлердің негізгі түрлері,
сақтандырудың ұлттық моделдері, қазіргі заманғы әлеуметтік қамсыздандыру
жүйелері мен моделдердің тұрақтылығы және икемділігі сияқты тақырыптар, негізгі
әлеуметтік кепілдіктер мен қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайындағы адам
құқығы, сақтандырудың тұрақтылығы мен теңбе-теңдігі, жұмыспен қамту және
жұмыссыздықтың алдын алу, әлеуметтік серіктестік және мемлекет, жұмыс беруші
және қызметкерлер арасындағы әлеуметтік жауапкершілікті бөлу жағдайлары
талқыланды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
115
~
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесі енгізілген. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің
негізгі мақсаты – әлеуметтік қатер тууы: жұмыс қабілетін жоғалту, асыраушысынан
айрылу және жұмыстан айрылу нәтижесінде жоғалтқан кіріс бөлігін өтеу болып
табылады.
Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен қорғалуы үшін
негіз қалау және жұмыс берушілердің өндірістегі бақытсыздық жағдайларының
алдын алудағы, өндірістегі еңбек ету жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту
мәселелеріндегі, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан жағдайда
қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесін реттеудегі
мүдделілігін арттыру мақсатында «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған
кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушiнiң
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру – еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және
(немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына, жүктiлiгiне
және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бiр
жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне орай табысынан айрылуына байланысты кiрiстiң
бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн
шаралар жиынтығы[1].
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен
практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
сақтандырудың әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы
тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып
табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес,
экономикалық өсуіне де жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының
қаржыларын тиімді қолдану проблемалары да ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс
қалып отыр.
Осыған байланысты әлеуметтік құқық жүйесіндегі сақтандыру институты
сақтандырудың заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің
құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді.Әлеуметтік-
экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған
сақтандыру жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып
табылады. Республикадағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін
айқындайтын заңнамалық база жасалған. Қазақстан Республикасының мiндеттi
әлеуметтiк
сақтандыру
туралы
заңдары
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына негiзделедi және 25.04.2003 жылғы Қазақстан Республикасының
Міндетті
әлеуметтік
сақтандыру
туралы
№405
Заңы
мен
Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады[2].
Сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті және т.б. сақтандыру)
оның принципті айырмашылығы, ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті
материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондықтан, әлеуметтік сақтандырумен ең бірінші өмір сүрудің негізгі көзі еңбек
ақысы немесе табысы болып табылатын өз еңбегі арқасында өмір сүріп жүрген
жалдамалы жұмысшылар қамтылған. Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
116
~
жүйесі деп мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар
мен ережелер жиынтығын айтамыз.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi [3]
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай;
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан
айрылған жағдай;
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айрылған жағдай.
Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру механизмі
болғандықтан өзіне тән мынадай белгілерімен сипатталады: әлеуметтік сақтандыруды
қаржыландыру жұмыскерлердің, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және
мемлекеттің қатысуымен қалыптастырылған қордан жүзеге асырылады; әлеуметтік
сақтандыру аясындағы сақтандыру төлемдерінің мөлшері белгілі бір дәрежеде пайда
алушының(табыс табушының) еңбек ету үлесінің шамасына және онын сақтандыру
құқықтық қатынасына қатысуы мерзіміне (қысқалығына не ұзақтығына) байланысты
болады; әлеуметтік сақтандыру қорлары, оларды басқаратын сақтандыру ұйымдары
коммерциялық емес ұйым мәртебесіне ие болады; әлеуметтік сақтандыру қорлары
қоғамдық пайдалы еңбек ету аясындағы азаматты (адамды, жеке тұлғаны) белгілі бір
сақтандыру оқиғасының туындауына орай аталмыш аядан тұрақты немесе уақытша қол
үздіретін келеңсіз жағдайға қатысты мемлекет қаржылары және ұйымдар мен
азаматтардың сақтандыру жарналары (сыйлықақылары) есебінен қалыптастырылады;
әлеуметтік сақтандыру қорларының жұмыс істеу ауқымы тиісті заңнамалық актілердің
және лицензиялау – рұқсат беру жүйесінің реттеуші әлеуетімен қамтылатындықтан қатаң
мемлекеттік реттеу ықпалының аясында болады; мемлекет әлеуметтік сақтандыру
қорларының түрлерін, оларды қалыптастыру көздері мен тәртібін, нысаналы бағытын
және қолдану саласын заң жүзінде нақтылы айқындайды. Бүгінде әлеуметтік сақтандыру
функцияларына кепілдендіру функциясы, экономикалық функция, реттеуші функция,
жинақтаушы функция, сондай-ақ инвестициялық функция жатады. Әлемдік
сақтандыру
практикасында
осы
әлеуметтік
сақтандыруды
ұйымдастырудың
орталықтандырылған моделі (Ұлы Британияда, Италияда, Скандинавия елдерінде,
Ресейде, Қазақстанда), орталықсыздандырылған моделі (Жапонияда, АҚШ-та) және
кумулятивтік
(жинақтаушы)
моделі
(Францияда,
Швейцарияда,
Германияда)
пайдаланылады. Сонымен бірге қандай болмасын елдегі әлеуметтік сақтандыру болмысы
міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру нысанында көрініс табады.
Міндетті
әлеуметтік
сақтандыру
тиісті
жұмыскерлердің
еңбек
ету
қабілеттілігін жоғалтуы, отбасы мүшелерінің асыраушысын жоғалтуы, сондай-ақ тиісті
тұлғалардың жұмысынан айырылуы жағдайына байланысты олардың экономикалық
мүдделерін қамтамасыз етуді заң жүзінде көздейді.Міндетті әлеуметтік сақтандыру
мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудын бір түрі ретінде сақтандырылушыны әлеуметтік
қорғауды және сақтандыру субъектілерінің кәсіби тәуекелдерді төмендетуге деген
экономикалық мүдделілігін қамтамасыз етуді, сақтандырылушының өміріне және
денсаулығына келтірілген залалды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ өндірістік
жарақаттануды және кәсіби ауыру түрлерін азайту жөніндегі алдын алу шараларын
қамтамасыз етуді нысаналайды[4]. Сонымен, міндетті әлеуметтік сақтандыру осы
ауқымдағы тұлғалардың еңбек ету қабілетінен немесе жұмысынан айырылуына,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
117
~
сондай-ақ отбасының не оның жекелеген мүшелерінің асыраушысынан айырылуына
байланысты оларға тиесілі кірістің бір бөлігін өтеу мақсатында мемлекет
ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін аса қажетті шаралар жиынтығын
білдіреді[5].
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап барлық бағытта: құқықтық база,
экономика, социум салаларында күрделі қалыптасу жолынан өтті. Мемлекет
басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдік
аренада халқының өмір сүру сапасы мен экономикасы тұрақты дамып келе жатқан
мемлекет ретінде орнықты имиджге ие болды. Халықты әлеуметтік қорғаудың көп
деңгейлі өміршең жүйесі құрылды, оның бірі міндетті әлеуметтік сақтандыру.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңаруға және
дамуға» (2009) жолдауында дүниежүзілік дағдарыс жағдайында халықтың
әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау ерекше орын алады. Елімізде аталған
жүйелерді құрудың дүниежүзілік тәжірибесін зерттеу және талқылау негізінде
зейнетақымен қамсыздандыруды, әлеуметтік сақтандыруды, аз қамтамасыз етілген
азаматтарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру әдістері іздестірілуде.
Қазақстанда зейнетақы және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту
халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құрудың маңызды кезеңі болып
табылады. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық жүйесі ең алдымен,
жұмысынан, асыраушысынан, жұмыс қабілетінен айрылу, сондай-ақ ана мен баланы
әлеуметтік қорғау тәрізді әлеуметтік қатерлерді қамтиды. Мемлекеттік әлеуметтік
қорғау жүйесінің ең маңызды құрамдас бөлігі және элементі болып табылатын
әлеуметтік сақтандыру – әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесінен
құрылған біртұтас әлеуметтік доктринаны білдіретін болды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазіргі таңда Халықаралық
зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының мүшесі болып табылады[6],
егеменді Қазақстанның көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі
ретінде әлеуметтік сақтандыруды насихаттауға белсенді түрде қатысады.
Жинақталған
тәжірибеміз
зейнетақымен
қамсыздандыру
және
әлеуметтік
сақтандыру жүйелерін реформалап жатқан бірқатар елдердің практикалық
қызығушылығын тудыруда.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды
элементтердің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандырудың зейнеткерлік,
медициналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан
сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық
және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге
асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының
7,5 пайызы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет
есебінен қаржыландырылады. Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін
жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 237 қаулысына сәйкес
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды. Мұнда мемлекетке төленетін
әлеуметтік салықтың бес пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына аударылады[7].
2005 жылдан бастап негізгі мақсаты мемлекет, жұмыс берушi және
қызметкер арасындағы жауапкершілiктi бөле отырып, әлеуметтік қамсыздандырудың
қаржылық тұрақты, экономикалық тиiмдi, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру
болып табылатын әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң үш жылдық
бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің басты міндеті әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жоғарылату ғана
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
118
~
емес, сонымен қатар әлеуметтік қорғаудың тұрақты және тиімді жүйесін құрып,
қалыптастыру болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Лер О.Э. «Страховой рынок Казахстана» – Алматы, «Каржы-каражат», 1996, 81 б.
2.Республ. міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы №405 Заңы-25.04.2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы №405 Заңы –
25.04.2003 ж
4. Исахова П.Б. «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұнын айқындау
мәселелері» / «Основы экономики», №2, 2007, 14 б.
5. Худяков А.И. «Страховое право Республики Казахстан» –Алматы, «Жеті жарғы»,
1997, 65 б.
6. Исахова П.Б. «Әлеуметтік сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғауға арналған
шығындарды қаржыландырудың қосымша көзі»/«ҚазЭУхабаршысы»,№3,2005,27б.
7.Жұматай И. «Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік
қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты
бағыты»/«САЯСАТ-POLICY», № 12, 2007
Резюме
В данной статье рассматриваются актуальные вопросы института
страхования в праве социального обеспечения и особенности его действия
Summary
Insurance institute is in the social security rights and the special features of its actions.
ӘОК 343.8
А.О. Тарихов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚОҒАМДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа
Ғылыми мақала негізінен қоғамдағы қылмыстылықтың өршуі, оған себеп
болып отырған қозғаушы факторлар және қылмыстылықтың алдын алудағы тиімді
шаралар
туралы
мәселелер
қарастырылған.Бұл
шаралар
барысында
криминологиялық, статистикалық, қоғамдық зерттеулер нәтижелеріне баға беріліп,
олардың маңыздылығы айқындалған.
Негізгі сөздер: профилактика, криминология, қылмыскерлік, реформалар.
Бүгінгі күнде қоғам дамуымен қатар, сол қоғамда әр түрлі себептермен
өрши дамып келе жатқан қылмыстылықты ауыздықтау проблемалары ең өткір де
өзекті мәселеге айналып отыр. Дамудың қарқынды жолын таңдаған демократиялық,
егемен еліміз небір қылмыстардың апатты тегеуіріне төтеп беру қиындықтарына
кезігіп отыр. Бұл жағдайда қандай шаралар ,іс қимылдар нәтижелі болмақ? Ең
бірінші шараны «бұл қылмыстылықтың дамуының қозғаушы күші не, адамдардың
қылмысқа бару себептері неде?» деген сұраққа жауап іздеуден бастау керек деп
ойлаймын.Еліміздің экономикасы нарықтық нысанға көшкеннен кейін күрт белең
алған жемқорлық қылмыстары мен ұйымдасқан қылмыстық әрекеттер қоғамымызға
келген ғасыр дертіне айналып отыр.Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен оның
ауқымы
елдің
саяси,
әлеуметтік
және
экономикалық
проблемаларының
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
119
~
нәтижесі.Елде жүргізілген реформалар салдарынан пайда болған қоғамдық,
экономикалық, әлеуметтік өзгерістер қалай болғанда да сыбайлас жемқорлық
қылмыстарының белең алуының негізгі себептері болып табылады . Оңай жолмен
пайда табу мүмкіндігі бар кезде, сол жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер қай
кезде де табылатыны анық.Тәжірибеде көрініп отырғндай жемқорлықтың ең тамыр
жайған жерлері жер телімдерін беру, денсаулық сақтау, білім беру, мемелекеттік
сатып алулар, құрылыстарда және салық органдарында екені белгілі болып
отыр.Жемқорлықпен күресте, оның алдын алуда тек құқық қорғау органдарының
күші жеткіліксіз. Бұл күрес бұқаралық сипат алуы қажет. Әр азамат өзін қоғам
мүшесі ретінде көрсетіп, жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық фактілерін
байқасымен құқық қорғау органдарына хабарлап отырса, бұл әрекет қылмыстың
алдын алуда, болдырмауда маңызды шара болып табылар еді. Қылмыстылықпен
күрес бір-бірімен тығыз байланысты екі бағыттан тұрады: профилактикалық және
қылмыс жасаушы тұлғаны тәрбиелеу, түзеу және қатаң жазалау. Қылмысты жасауда
немесе оны жасауға дайындық жағдайында, оның алдын алуда қылмыстылықпен
күрес шарасы басты назарда болады. Қылмыстылықпен күрес кезінде негізгі рөлді
профилактика иеленеді, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті болдырмас үшін қылмыс
құрамын болдырмау және залалсыздандыру болып табылады. Әңгіме бұл жерде
бір мақсатта, кезең-кезеңмен жүргізілетін танымдық қызмет жайында:
Бірінші кезеңде, қылмыскерлікпен байланысты қоғамдық құбылыстар мен
процестердің шеңбері болжаммен анықталады. Бұл ретте бұрынғы
криминалогиялық
зерттеулердің
нәтижелері,
қылмыскерліктің
өзге
құбылыстармен өзара байланысының криминологтар анықтаған заңдылықтары
ескеріледі.
Сонан соң көрсеткіштер анықталады және экономикалық, социологиялық
және басқа зерттеулердің мәліметтері бойынша бұл мән-жайлардың күйі
айқындалады. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың, ішінара зерттеулердің
мәліметтері, халықтың әр түрлі тобына жүргізілген сұрақ-жауап
қорытындылары және т.б. зерделенеді.
Екінші кезеңде қылмыскерліктің бөлініп алынған көрсеткіштері мен әр
түрлі сипаттамаларының статистикалық байланыстылығы анықталады. Мысалы,
криминолог, қоғамда көші-қонның ұлғайғанын ескеріп және мигранттардың
криминалдық белсенділігінің жоғары екендігі туралы бұрынғы тұжырымдарды
біліп, қылмыстық статистиканы, алғашқы есепке алу карточкаларын, қылмыстар
туралы материалдарды және қылмыстық істерді талдағанда, мигрант-
қылмыскерлердің
абсолюттік
санының
ұлғайған-ұлғаймағандығын,
қылмыскерлердің жалпы санында олардың үлестік салмағының өскен-
өспегендігін айқындайды, көші-қон ағыны туралы мәліметтер қылмыскерлік
туралы, оның ішінде мигранттар қылмыскерлігі туралы мәліметтермен
салыстырылады.
Ал, тиісті байланыстылықтың болуы, себептік байланыстылық бар деп
ойлау үшін ғана негіз бола алады. Мәселе - қандай мигранттардың қандай өзара
әрекеттестікте қылмыс жасайтындығын түсінуде. Криминолог «көші-қонды жою»
немесе «жұмыссыздықты жою» сияқты «қарапайым» ұсыныстар жасауға тиіс
емес.
Үшінші кезеңде статистикалық тәуелділік фактісін анықтағанда , оның
сипаты ашылады: себептік-салдарлық байланыс, күйлер байланысы, функциялық
және басқа байланыстылық.Бұл жерде криминологияның барлық әдістемелік
жолдары пайдаланылады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
120
~
Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен
қылмысты болдырмау, оның алдын-алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық
білімін арттыру - жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының
негізгі міндеті десек, бүгінгі күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен
қылмыстың алдын алу - өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Қылмыстық
әрекеттер әдетте, қоғамдық орындарда,көшеде, есірткі заттарды пайдалану немесе
алкогольді ішімдіктерді ішу нәтижесінде жасалып келеді. Нақтылап айтсақ, тонау,
қорқытып алушылық, адам өлтіру, алаяқтық, автомобильдер ұрлау бүгінгі
жасөспірімдер істейтін қоғамға қауіпті іс әрекеттер болып табылады.
Қазіргі кезде мемлекет тарапынан жасалып іске асырылып жатқан
шараларға қарамастан жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік ауқымы да белсенді
даму үстінде.Жасөспірімдер арасындағы қылмыс себептері психологиялық,
әлеуметтік талдауды, зерттеуді қажет етеді.Баланың қалыптасу кезеңінде оған әсер
ететін әр түрлі психологиялық, әлеуметтік факторлар болашақта өз салдарларын
көрсетеді. Ортамен өзара қатынас барысында кәмелетке толмағандардың
белсенділігі және дербестігі шектелген: олар өздеріне ата-ана, тәрбиеші таңдап
ала алмайды, көбісінде өмір сүру үшін қажетті қаражат жоқ. Ата-анасымен
немесе тәрбиешімен арада түсінбеушілік, пікір қайшылығы, қатты қақтығыс болып
қалғанда бала бірден-бір көңіл жұбататын орта деп өзінің бірге
серуендейтіндердің ортасына барады. Қылмыскерлікте адамның жеке басының
қалыптасуы және өмір тірлігі жағымсыз ортада өзін-өзі айқын көрсетеді.
Біріншіден, ол ержеткендіктен көрініс табады, өзі үшін елеулі болып табылатын
топқа, адамдарға ол өзін «мен де сендердеймін» деп көрсетсе, басқа
субъектілермен араласқанда «мен-тұлғамын» деп көрсетеді. Екіншіден, өтіп бара
жатқан балалықпен және оның «қалдықтарымен» байланысты сылтаулар,
«балалық анархизм» деп аталатын санаға ұялайды: табан асты жақсы заттар
иемдену, машинада серуендеу, біреуге ақыңды жібермеу, ортада беделділер
арасынан орын алу т.б. Үшіншіден, жеткіншектер қылмыскерлігінде олардың
ересектерге тәуелділігінен туындайтын сылтаулар бар, бұл ретте олар өз
мүдделерін, құқықтарын заңды тәсілдермен қамтамасыз ете алмайды. Осыдан
барып қарны тойып тамақ ішпеген бала дәмді тағамдар ұрлайды, үйден кетіп
қалады, ұрлыққа барады, қаңғыбастыққа салынады.
Кәмелетке толмағандар, көбіне, жалпы сипаттағы қылмыстарды
жасайды. Ол түсінікті де, себебі олар экономикалық, саяси және өзге саладағы
қылмыстарға бара алмайды. Олардың криминалдық іс-қимылдарының сипаты
көбіне көзге көрініп тұратындықтан, олардың қылмыскерлігінің латенттігі ересек
адамдардікіне қарағанда төмен болады. Сондықтан да олардың тіркелген
қылмыскерлігінің коэффиценттері жоғары.Отбасында ата-анасының айрылысуы,
жанұядағы ауыр қарым қатынас, ұрыс –керіс, айқай –шу баланың өмірге деген бүкіл
көзқарасын өзгертіп, соның нәтижесі ашуланғыштық, тәртібінің нашарлауы,
психикасының бұзылуы сияқты салдарлар барысында қылмыскер тұлғасының негізін
қалыптастырады.
Тәрбиенің
тиімділігін
көтерудің
арқасында
төмендегідей
жетістіктерге қол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың
психологиялық тиімді жағдайлардың қалыптасуы, жасөспірімдердің өздерінің
азаматтық міндеттерін мойындап, сол міндеттер бойынша жауапкершіліктер
арқалауы, тату өмір сүруге дағдылануы, өз талаптарында, әрекет-қылықтарында,
әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауды
уйренуі, басқалардың мүддесін де ескерудің қажеттігін сезіне отырып, қоғамдағы
бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
121
~
азаматтық ортақтасудың басты шарты - өзіндік бақылау мен өз әрекеттерін
қадағалап білуі. Қылмыскерлермен күрестегі басты мақсат – қылмыстың алдын
алу,оларды болдырмау, яғни, адамды қылмыс жасаудан сақтандыру, ал егер
оның қылмыстық әрекеті айқындалса – ондай әрекеттің қылмысқа итермелеуші
себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстық жазаны басқа шарамен
алмастыру мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.
Бұдан шығарар нәтиже - қылмыстың алдын алудағы ең тиімді шаралардың
бірі жанұядағы дұрыс тәрбие,яғни, болашақ білімді, заңды ұстана білетін қоғам
мүшелерін қалыптастырудағы орасан маңызды шара - бала тәрбиесі, оған ата-ана
тарапынан, қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |