Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

Әдебиеттер тізімі 
1. Каиржанов. Е.И. Криминология. Алматы, 1995. 
2. «Заң» республикалық құқықтық ғылыми- практикалық журнал №6, 2011ж. 
3. ҚР Қылмыстық кодексі 
4. «Тураби» журналы №4, 2010ж. 
5.  Жекебаев.У.С.  О  социально-психологических  аспектах  преступного  поведения. 
Алматы, 1991. 
Резюме 
В  научной  статье  рассматриваются  проблемы  причин  преступности  и  меры 
их предупреждения.
 
 
Summary 
In the scientific article causes of crime problems and their prevention measures 
are considered. 
 
 
 
ӘОК 338.482.2 
 
Г.Б. Таскалиева 
Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті 
 
ТУРОПЕРАТОР – ТУРИСТІК ӨНІМДІ  ЖАСАУШЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  туристік  нарық,  қызмет  көрсету  бағдарламасын  қалыптастыру, 
туристік  өнімді  жасаушылар  туралы  сипатталады.  Туристік  өнімді  дайындаушылар, 
туроператорлардың  өнімдерін  тұтынушыларға  жеткізуі,  туроператорлар  бизнесінің 
пайда  болуы,  туристік  өнімнің  күрделенуі,  туристік  фирмалардың  іс-қызметінің 
кәсібиленуі, жаңа аймақтарды игеру, жаңа туризм түрлерін ашып, туроперейтингтің 
бағытын қалыптастыру туралы айтылған. 
Негізгі сөздер: туроператор, турагент, туристік өнім. 
 
Соңғы  кездері  қазастандық  туристік  нарық  біркелкі  дамымаған.  Шығу 
туризмінің  көлемі  кіру  және  ішкі  туризмнің  көлемінен  көп  болады.    Қазақстан 
Республикасының  «туристік  қызмет  туралы  заңы»  2001  жылы  14  маусымда 
қабылданған  елде  шығу  туризм  нарығы  белсенді  қызмет  атқаратынына  тоқталған. 
Туристерге  қызмет  көрсетуді  ұйымдастыру-  бұл  ірі  туроператорлық  фирмалардың 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

122
 ~ 
 
және бір желідегі турагенттіктердің қызметінің негізі.  
 
 
 
 
Қызмет көрсету бағдарламасын қалыптастыруға кешенді көзқарас ішкі және 
шетелдік  туристерді  қабылдау  туроперейтингтің  маңызды  жұмысы.  Зерттеу 
көрсеткендей  туроперейтингтің  кешенді  іс  –  шаралары  енгізілген  қазақстандық 
кәсіпорындарда  күнделікті  сату  мен  маршруттардың  толық  болуы,  сұранысы  көп 
маусымдар  алдын  ала  брондалу  арқылы  жүзеге  асады.  Туристік  өнім 
тасымалдаудан,  орналастыру  мен  көңіл  көтеруден  тұрады.  Туристік  өнімнің 
өндірісінде, әуе, теңіздік, темір жол, автокөлік компаниялар, қонақ үйлер мен басқа 
да орналастыру құралдары, мұражайлық- экскурсиялық бизнес, көптік көңіл көтеру 
орындары, спорттық, курорттық ұйымдар маңызды орындарды алады. 
 
Туристік  өнім  дайындаушылар-  туроператорлардың  өзінің  өнімдерін  тікелей 
тұтынушыларға  жеткізуі  немесе  турагенттер  арқылы  жеткізуі  де  мүмкін. 
Туроператорлар  бизнесінің  пайда  болуы,  алыс  қашықтыққа  массалық  туризмнің 
қалыптасуына,  туристік  өнімнің  күрделенуіне  алып  келіп,  бұл  процесс  негізінде 
туристік фирмалардың іс- қызметінің кәсібиленуі орын алды: бірі қызмет пакеттерін 
өндіруге, жаңа аймақтарды  игеруге, жаңа туризм  түрлерін  ашып,  туроперейтингтің 
бағытын  қалыптастырады.  Туристер  өзінің  ақшасының  көп  сомасын  бос  уақытын 
көңіл  көтеру  іс-шараларына  шығындайды.  Сонымен  қоса,  олар  спортпен 
айналысуға,  қосымша  курорттық,  тұрмыстық  қызметтерге  сұраныс  жасауы  мүмкін. 
Туристік қызмет көрсетуге ұйымдардың, кәсіпорындар мен фирмалардың кірістірілуі, 
қызметтердің  әр  түрлі  тематикалық  турларға  біріктірілуі  туроперейтингтің- 
спецификалық бизнесінің дамуын талап етті. 
Туроператор-  бұл  туристердің  қызығушылығымен    байланысты,  қызметті 
жеткізіп  берушілермен  келісімшарт  негізінде  турларды  жинаумен  айналысатын 
туристік  фирма.  Туроператор-  туристік  пакеттің  өндірушілері.  Ол  туристік 
маршруттар жасаумен, жарнама ұйымдастырумен, туристік өнімге баға есептеумен, 
туристерге тікелей немесе делдал туристік агенттіктер арқылы сатумен айналысады. 
Олар  туристік  өнімді  сатып  алады  (ұшақтардан  орын,  қонақ  үйлерден  нөмір) 
олардан  туристік  қызметтер  қалыптастырып,  оларды  қолданушыларға  әр  түрлі 
тікелей немесе жанама сатады. Туроператор туристік қызметтерді бөлшектеп сатуы 
мүмкін.  Екіншіден,  туроператор  қызметті  бөлшектеп  сатса,  ол  көтерме  диллер 
ретінде жұмыс атқарады [1]. 
Туристік 
агенттік 
пен 
туроператорлар 
аралығындағы 
маңызды 
айырмашылықтар: 
А).  Пайда  жүйесімен:  туроператор  бірегей  туристік  өнімді  сатып  алады.  Оның 
пайдасы  сатып  алу  құнымен  сату  құнының  арасындағы  айырмашылықты  құрайды. 
Өте  көп  жағдайда  туризм  қызметтерін  туроператор  бөлшектеп  алып,  одан  өзінің 
баға қалыптастыру механизміне сай туристік өнім кешенін қалыптастырады. 
Турагент  –бұл  бөлшектеп  сатушы,  оның  пайдасы  өзгенің  туристік  өнімін  сатудан 
түскен 
коммисиондық 
пайыздан 
құралады. 
Турагент 
туристік 
өнімді 
туроператорлардың  бағасы  немесе  қызметтерді  өндірушілер  бойынша  жүзеге 
асырады (мысалы, әуе билеттерін, қонақ үй нөмірлері). 
Б). Туристік  өнімнің иесі  ретінде: Туроператорда  әрқашан  сатуға  арналған туристік 
өнімнің қоры болады, ал турагент тек тұтынушылық қызығушылық туған кезде ғана 
өнімге сұраныс береді. 
Бірақ  күнделікті  тәжірибеде  туроператор  мен  турагенттің  арасындағы 
айырмашылықты  анықтау  қиын.  Себебі  олар  ұқсас  талаптарды  шешеді.  Туристік 
ұйым бір мегзілде туроператор және турагент болуы мүмкін. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

123
 ~ 
 
Туризм индустриясының  қарқынды  дамуы, туристік  нарықта  бәсекелестіктің 
күшеюі, туроператорлардың    құрылымына  әсер  етіп,  болашақта  кәсібиленуге  алып 
келеді.  
Қызмет әрекеті бойынша туроператорлар бөлінеді: 
1.  Массалық  нарықтың  операторлары.  Массалық  туризм  аймақтарына  чартерлік 
әуе рейстерін пайдаланумен турпакеттерді сатады. 
2.  Кәсібиленген  операторлар-  бұл  туроператорлар  белгілі  өнімге  немесе  нарық 
сегментіне  кәсібиленеді.  Мысалы,  белгілі  бір  елге  немесе  белгілі  бір  туризм 
түріне.  
Олар өз кезегінде бөлінеді: 
1.  Кәсіби  қызығушылығы  бойынша туроператорлар    (мысалы,  спорттық-уақиғалық 
туризм, Африкада сафари ұйымдастыру). 
2.  Әдейі көзделген орын туроператоры (мысалы, Англияға, Францияға сапарлар). 
3.  Әдейі  орналастыру  орындарына  негізделген  туроператорлар  (демалыс  үйлері, 
турбазалар).  
4.  Арнайы тұтынушыларға арналған (жастарға, жанұяларға, кәсіпкерлерге). 
5.  Белгілі транспорт түрлеріне негізделген туроператорлар (поездар, ұшақтар). 
Іс әрекет орындары бойынша: 
1.  Жергілікті  ішкі  туроператорлар.  Ол  бір  өмір  сүретін  елдердің  ішіндегі 
маршруттардан тұрады. 
2.   Шығу  туроператорлары.  Бұл  шет  елдік  елдерге  бағытталған  турпакеттерді 
жасақтаушы туроператорлар [2]. 
Туристік  іс  қызмет  бұл  адамдарды  орын  ауыстырумен  байланысты  қызметті 
ұйымдастыру, сауығу, танымдық қызығушылығын қанағаттандыру, іскерлік мақсатта 
тағы  да  басқа  болуы  мүмкін.  Туристік    кәсіпорын  ол  туризмдегі  ең  маңызды 
өндірушілер  болып  табылады.  Оларға  қажеттілік  адамдардың  туризмде  белгілі 
деңгейді қанағаттандыру кезінде туындайды. Ол келесі жағдайлар: 
1.  Адамдардың басқа жерде көп болу кезінде туындайтын жағдайлар. 
2.  Жоғары саяхаттау мүмкіндігі бар қызықты жерде болған жағдайлар. 
3.  Туристік  фирма  көмегімен  саяхаттың  мақсатына  жету  кезінде  болатын 
жағдайлар. 
4.  Транспорт  құралдарының  бірнеше  түрін  пайдаланады,  көп  орындарды  бірден 
аралауға саяхат кезінде пайда болған жағдайлар. 
Туризмді дамыту көзқарасына туристік кәсіпорын ролі келесі мүмкіндіктері ашады: 
1.  Орналастыру  құралдарына,  тамақтану  кәсіпорындарына,  туристік  ұйымдарға 
туристік  құрылымдағыларға,  көрсетілетін  қызмет  сапасын  көтеру  мақсатында 
белсенді әсер ету; 
2.  Белгіленген  аймақ,  туристік  орталықтарда  саяхаттар  ағымына,  саяхаттау 
территориясы бойынша әсер ету, сонымен қатар саяхатшыларды маусымдылық 
факторының  әсер  етуін  төмендетіп,  туристік  инфрақұрылымды  пайдаланудың 
барлық мүмкіндігін қарастыру; 
Саяхатқа тұрғындардың кең қатарын қатыстыру үшін туризмді насихаттау;  
Туристердің көзқарасы бойынша туристік кәсіпорындардың келесі артықшылықтары 
бар: 
1.  Саяхаттың  уақытын  үнемдеуі.  Туризмге  әсер  ететін  факторларды  білу  және 
туристік  қызмет  өндірушілермен  байланыс  (паспорттық,  визалық,  кедендік 
құжаттар).  Осы  сияқты  мүмкіндіктер  туристік  кәсіпорындар  туристердің 
жағдайына  қарап  отырып,  олардың  саяхатты  ұйымдастыруда    бірталай  уақыт 
үнемдеуі; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

124
 ~ 
 
2.  Туристік  кәсіпорын  қызметі  өндірушілердің  орналасу,  тамақтануға  ыңғайлы 
төмен  баға  қалыптастырып,  соның  нәтижесінде  туристердің  материалдық 
шығынын азайту; 
3.  Кеңес  қызметін  ашу.  Интернет  арқылы  туристік  қызметті  сатып  алу  туристік 
кәсіпорынның  саяхат  ұйымдастырудағы  ролін  азайтпайды.  Себебі  интернет  көп 
көлемді  ақпарат  бергенімен  қонақ  үй,  мейрамхана,  туристік  орталық,  таңдауда 
кеңес  бермейді.  Интернеттен  айырмашылығы  туристік  кәсіпорын  қызметкері 
өзінің білімі мен тәжірибесін тұтынушыға айтып, шешім қабылдауға көмектесетін 
кәсіби кеңес береді. 
Туристік  іс  қызметпен  айналысатын  кәсіпорын  өздерінің  функционалды 
көрінісіне  байланысты  туроператор  және  турагент  болып  бөлінеді.  Туроператор- 
кәсіпкерлік  қызметтің  субъектісі  (жеке  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға)  өзінің 
лицензиясы негізінде туристік өнімді қалыптастыратын жылжытатын немесе жүзеге 
асыратын  кәсіпорын.  Туристік  өнімді  қалыптастыру  астында  туристік  саяхатты 
сапасына  сай  келетін  құнын,  мақсат  және  мерзімі  бойынша  бір  бірімен  тығыз 
байланысты  реттілігі  бар  қызметтер  жиынтығы  түсндіріледі.  Туристік  өнімді 
жылжыту-  бұл  тұтынушыны  осы  туристік  өнімді  сатып  алуға  деген  ынтасын  оятуға 
бағытталған  іс-шара  кешені  (жарнама,  көрме,  жәрмеңкелерге  қатысу,  туризмнің 
ақпараттық  орталығын  ұйымдастыру,  каталог,  проспект,  буклеттер  шығару). 
Туристік  өнімді  жүзеге  асыруды  туроператор  өзі  атқара  алады  және  делдал 
турагенттердің    көмегімен  жүзеге  асырады.  Турагент-бұл  кәсіпкерлік  субъектісі 
(заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) лицензия негізінде туристік өнімді жылжытумен 
және  жүзеге  асырумен  айналысады.  Туроператор  мен  турагенттер  қызметінің 
айырмашылығы  турагенттер  туристік  өнімді  қалыптастырумен  айналыспайды. 
Туристік  оператор  туристік  индустрияда  кәсіпорындардан  қызметтерді  үлкен 
көлемде  сатып алып (мейрамхана, қонақ үй) оларды жинақтап тур жасап, оларды 
сатады. Туроператор бизнесінің пайда болуы көлемді туризмнің  қалыптасуына және 
туристік  өнімнің    күрделенуіне  әкеліп  соқтырды.  Осының  нәтижесінде  туристік 
кәсіпорын қызметінің мамандану процессі дами түсті. Оның біреуі біркелкі құны бар 
стандартты  пакетті  туристік  қызметті  жинақтауға    бар  күшін  салса,  келесілері 
туристік өнімді сатудағы делдалдар ретінде өз жұмысын ұйымдастырады. 
Туроператордың    маңызды  іс  қызметі  ол  турды  қалыптастыру.  Тур  нарыққа 
шығатын  туроператордың  басты  өнімі  болып  табылады.  Туристің  сұранысына 
байланысты және турларды сатуды ұйымдастыру бойынша жеке және топтық болып 
бөлінеді.[3] 
Жеке  турлар  туристке  тәуелсіз  болуға  және  өзі  қалауынша  көңіл  көтеруіне 
мүмкіндік береді. Бұл турлар өте қымбат. Себебі маршрут ішіндегі транспорт, гидтің 
қызметін  турист  жалғыз  өзі  төлейді,  ал  топтық  турларда  олар  барлық  топ 
мүшелеріне бөлінеді. Сондықтан жеке турларға кез келген туристің қолы жетпейді. 
Бірақ  жеке  турларды  ұйымдастыру  өте  қиын  процесс.  Бір  жағынан    ол 
экономикалық тиімді. Туристік фирмаға топтық турларды жүзеге асырылғаннан жеке 
турларды  жүзеге  асырудан  көп  пайда  алып  келеді.  Сондықтан  фирма 
стратегиясында топтық турлар мен қатар жеке турларды ұйымдастыру да  қаралуы 
керек. Топтық турлар арзан және кез келген туристің қолы жетеді. Топтық сапарлар 
кезінде  оның  сатушысы  топқа  ортақ  бірқатар  ережелерді  береді.  Туроператорлар 
үшін  қызықты  туристік    өнім  қалыптастыру  маңызды  міндет.  Туристік 
кәсіпорындарда  бұл  қызмет  өндірістік  процесспен  байланысты.  Кәсіпорынның 
тауарлық  саясаты  өндіріс  процессін  жүзеге  асыру  арасындағы  келісілген 
шешімдермен қабылдауды талап етеді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

125
 ~ 
 
Туристік  өнімді  қалыптастыруда  мына  маңызды  сұраққа  жауап  іздеу  керек.  
Турист не сатып алғысы келеді? Ол тек қонақ үйде орналастыруды ғана емес, жаңа 
танысулармен  әсерлер  алу  үшін,  мейрамханада  қымбат  ас  ішу  ғана  емес,  арнайы 
орта мен көңіл бөлу, жайлылық үшін саяхаттайды. Сондықтан туристік өнімді жасау 
үшін  оның  тұтынушылық  құрылымы  мен  сапасын  анықтаумен  туристерге  арналған 
қызықты жағын қарастырумен басталады.  
Мамандардың 
айтуынша 
туристік 
өнімнің 
тұтынушылық 
құрылымын 
анықтайтын бірнеше әдісі қарастырылған: 
1.  Тиянақтылық,  яғни  туристің  қажеттілігіне  сәйкес  келетін,  саяхаттың  мақсатына 
жауап беретін қызметтердің тиянақтылығымен анықталады. 
2.  Сенімділік-туристік  өнімнің    құрамына  нақты  сәйкес  келетін  жарнама  мен 
ақпараттардың нақтылығы. 
3.  Тиімділік- туристің аз шығын шығарып, жоғары тиімділікке қол жеткізуі. 
4.  Бүтінділік-туристік  өнімнің  жасалып  аяқталғандығы,  туристік  қызығушылықты 
толық қанағаттандыра алатын ерекшілігі. 
5.  Анықтылық-туристік  өнімді  тұтыну  кезінде оның  бағыты  турист  үшін  де,  қызмет 
көрсетуші қызметкерлер үшін де анық болуы керек. 
6.  Жылжыту қарапайымдылығы. 
7.  Икемділік-туристік  өнімнің  және  қызмет  көрсету  жүйесінің  тұтынудың  басқа 
түрлеріне икемді болуы. 
8.  Пайдалылық-  бір  немесе  бірнеше  мақсатқа  жету  мүмкіндігі  (мысалы,  демалу 
және тану). 
Бұл  ерекшеліктерді  жүзеге  асыруды  бақылау-  бұл  туристің  саяхаттан  алған 
әсерлерді  зерттеу  деңгейімен  анықталады  (мысалы,  сұрақ-  жауап,  анкета),  бірақ 
туристік қызметтің сапасын бақылау туристік өнімді жоспарлау этапында басталады. 
Жоғарыда  айтылғандай  мамандардың  пікірімен  қоса,  туристік  өнімнің  ең  маңызды 
өлшенбес  құрылымының  бір  бөлшегі  бұл  қонақжайлылық.  Қонақжайлылық  –  бұл 
туристік  индустрияда-кәсіби  талап,  адамдарға  қуанышты  екенін  сездіру  өнері. 
Қонақжайлылықпен    сыйлау,  құрметтеу,  қызметкерлердің  сыпайылығы  деген 
ұғымдар  қатар  жүреді.  Бұл  ұғымдар  көп  қырлы  және  көптеген  құраушы 
факторлардан құралады: 
а). Жергілікті және аймақтық нарықтардың демалу, тану, көңіл көтеру мүмкіндіктері 
туралы сапалы ақпарат, туристерді күтіп, кездесуге дайын екендігін көрсету; 
б).  Туристік  аймақ,  кәсіпорын  туралы  жағымды  әсер  қалдыру  (туризмге  арналған 
теле бағдарламаларға қатысу, жарнама, қолдау қызметі); 
в).  Туристік  қызметкерлердің  туристке  көңіл  бөлуі  (қызмет  көсету  саясатының 
ережесі бойынша бәрі тұтынушы үшін); 
г). Тұтынушының тілегі мен өтінішіне туристік өнімді ұсынушының мұқият қарауы; 
д). Туристердің қызметті таңдауды жеңілдету; 
е). Туристерге жақсы көзқарас; 
Осыларға  байланысты  халықаралық  туризмде  туристерге  келесі  көңіл  бөлулер 
тәжірибеге енді: 
1.  Әр турист үшін сәлемдік сувенирлер беру; 
2.  Туристерге  тур  аяқталғаннан  кейін  осы  өткен    маршруты  туралы  төсалқалар, 
марапаттау қағаздары, дипломдар табыстау; 
3.  Демалу  орны  туралы  анықтамалар,  жол  сілтеуіштер,  буклеттер,  ақпараттық 
бетшелер туристердің қолына берілу керек; 
4.  Саяхаттың алғашқы күндерінде жоспарланған және қосымша қызметтер туралы 
ақпарат беру үшін туристермен гидтің кездесуі ұйымдастырылады;  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

126
 ~ 
 
Қызмет көрсету класстары ұсынылатын қызметтердің сапасын анықтау үшін 
бөлінеді.  Туристік  өнім  кешенді,  әр  түрлі  қызметтер  қатарынан  тұратындығына 
байланысты  сату  кезінде  жүзеге  асырылатын  өнімнің  класын  қою  қиындығы  туады 
(қонақ  үйлер,  транспорт,  тамақтану  т.с.с.).  Турларға  және  қызмет  көрсету 
бағдарламасына  класс  қоюға  қойылған  нормативті  стандарттар  біздің  елде  де, 
халықаралық нарықта да жоқ. Сондықтан туроператорлар мен турагенттер туристік 
өнімді  жылжыту  және  сатуда  турлар  бойынша  қызметтер  деңгейін  келесі 
категорияға бөледі: люкс, бірінші класс, туристік класс, экономикалық класс. 
1.  «Люкс»  класс.  Бұл  класстағы  турларды  ұйымдастыруда  ең  қымбат  қызметтер 
жиынтығы  біріктіріледі.  5  жұлдызды  қонақ  үйлер  және  категорияға  жатпайтын 
қымбат  отельдер,  бірінші  класспен  ұшу  немесе  бизнес-авиация  ұшақтарымен 
ұшу,  қымбат  мейрамханада  тамақтану,  жеке  «Люкс»  класындағы  көлікпен 
трансфер ұйымдастыру («лимузин-сервис»), жеке гид қызметі. Бұл турлар VIP – 
қызмет көрсету турлары болып есептеледі. 
2.  Бірінші класс- бұл да қызмет көрсетудің жеткілікті жоғары деңгейі. 4-5 жұлдызды 
қонақ  үйде  орналасу.  Бизнес  класспен  ұшу,  жақсы  мейрамхана  немесе  швед 
столы, жеке трансфер, гид. 
3.  Туристік  класс  –қызмет  көрсетудің  ең  массалық түрі. 2-3 жұлдызды  қонақ  үйде 
орналасу, күнделікті авиарейстің экономдық классымен ұшу, швед столы, топтық 
трансфер. 
4.  Эконом  класс  –  бұл  қызмет  көрсетудің  ең  арзан  түрі.  Әдетте  бұл  класспен 
студенттер  немесе  аз  қамтылған  адамдар  саяхаттайды.  Бұл  класстың 
бағдарламасы  аз,  төмен  деңгейлі  қызмет  ұсынуға  бағытталған.  1-2  жұлдызды 
қонақ  үйде  орналасу  немесе  хостельдерде,  тамақтану  қарастырылмайды, 
тасымалдау қоғамдық транспортта жүзеге асырылады [4]. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Гуляев В.Г. Организация туристкой деятельности М.: Нолидж,1996.стр.2-10 
2.  Дурович  А.П.        Организация  туризма:  учеб.  пособие-3-е  изд.,стер,-  Мн.:  Новое 
знание, 2006.стр.45-60. 
3.  Зорин  И.В.  Квартальнов  В.А.    Энциклопедия  туризма  :  Справочное  издание.-М.: 
Финансы и статистика, 2000 стр.20-23. 
4. Ильина  Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности: Учебник-М.: Финансы и 
статистика, 2007.стр.110-156. 
Рeзюме 
В статье изложена  деятельность туроператора. Даны определения понятий 
туристский продукт, свойства туристского продукта, планирование тура, программы 
обслуживания туристов. 
Summary 
 
 The article  states about the tourism operators operation cives the definitions to 
the  terms  of  the  tourism  product,its  prosperities,the  tour  planning,tourists  service 
programme. 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

127
 ~ 
 
Ә.О. Тұрдалиев 
Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ  ҚОҒАМДАҒЫ  ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ 
 
          Ел  тәуелсіздігінің  қалыптасуы  түрлі  тарихи  жолдар,  қажетті  заң  актілерін 
қабылдау  арқылы  өтті.  90  -  жылдары  КСРО  одақтық  республикаларымен  қатар, 
Қазақстанда  егемендіктің  заңдылық  базасын  толықтыру  ісі  қолға  алына  бастады. 
Мәселен, 1989 жылы қазақ тілінің мемлекеттік статус алып, арнайы заң қабылдануы, 
болашақ тәуелсіздік самалы іспеттес іс болды.  
         Қазақстандық  қоғамның  демократиялық,  құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени қайта құрулар туралы басты идеяларын негізге алған  1990 жылы 25 
қазандағы  Қазақ  КСР-інің  Мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларациясынан,  толық 
мемлекеттік тәуелсіздікті құру жолындағы елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан 
әрі  дамытудың  дайындық  кезеңі    басталды.  Қазақ  КСР-інің  Мемлекеттік  егемендігі 
туралы  Декларациясы  қазақ  мемлекеттілігінің  егемендік  құқығын  нығайту  үшін 
негізгі,  түбегейлі  құқықтық  нормаларын  белгілеп  берді.  Декларация  Қазақ  КСР 
аумағында  Конституция  мен  заңдардың  үстемдігін  жариялады.  Жер  және  оның 
қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, 
халықтың  мәдени  және  тарихи  қазыналары,  оның  аумағындағы  барлық  ұлттық 
байлықтар-экономикалық  және  ғылыми-техникалық    әлеует  Қазақ  КСР-нің 
егемендігінің  негізін құрайтын  өзіндік   меншігі  болып  жарияланды.  Сонымен қатар, 
декларация  Қазақ  КСР-індегі  заң  шығарудың  ұлттық  жүйесі  туралы  маңызды 
қағиданы  бекітті.  Бұл  кейін  мемлекеттік  тәуелсіздік  туралы  Конституциялық  заңда 
көрініс тапты. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы еліміздің 
тәуелсіздік алуының  бастамасы болып табылды. Декларация  тәуелсіз қазақстандық 
мемлекеттіліктің  негізін  салды.    Бұл  құжатта  Қазақстанның  шынайы  егемендігінің 
барлық  белгілері:  егемендік,  жекеменшік  аумақ  және  азаматтық,  билік  дербестігі  
және  тұтастығы,  мемлекеттік  бюджет,  халықаралық  қатынастардағы  дербестік, 
мемлекеттік  егемендіктің  классикалық  белгілері  –  Елтаңба,  Ту,  Әнұран,  сонымен 
қатар  жеке  ұлттық  валюта  бекітілді.  Қазақстан  өзіндік  дүниетанымы,  әдет-ғұрпы, 
салт-дәстүрі,  сонымен  қатар,  өзінің  болашақ  дамуын  айқын  көре  алатын 
мемлекеттік-құқықтық  қатынастардағы  бірегей,  қайталанбас  субъект  ретінде  өзін 
әлемге танытты. 
 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алу  үшін  көптеген  қадамдар  мен  шешімдер 
қабылданып, қарастырылды, енді осыларға тек қана елдің тәуелсіздігін декларация 
түрінде  емес  шынайы  түрде  бекітетін  заңдық  сипат  беру  ғана  қалды.  Бұл  міндет 
1991  жылы  16  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі 
туралы» Конституциялық заңды қабылдауымен жүзеге асырылды. 
 
1991  жылдың  16  желтоқсанында  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
тәуелсіздігі  туралы»  Конституциялық  заңы  қабылданды.  Осы  уақыттан  бастап 
республика  егеменді,  демократиялық  мемлекет  мәртебесіне  ие  болып,  өз 
территориясында  өкімет  билігін  толық  иеленіп,  ішкі  және  сыртқы  саясатын  дербес 
белгілеп,  жүргізе  бастады.  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  ХV  сессиясында  сөйлеген  сөзінде:  «Біз  эволюциялық  даму  мен 
саламатты  прагматизмнің  пайдасына,  қарапайым  адамдардың  берекеттілігі  мен 
өркендеуі үшін тоталитарлық өткеннен, сілкіністер мен жұмылдырушылық жолынан 
біржолата бас тарттық» деп атап өтті. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

128
 ~ 
 
 
Конституциялық  заң  Қазақстан  Республикасын  өз  территориясында  өкімет 
билігін  толық  иемдеген  тәуелсіз,  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет  деп 
жариялады.  Конституциялық  заң  мемлекеттің  бағытын  жекеменшіктің  аулан 
түрлілігіне негізделген өзіндік қаржылық-несиелік, салық және кедендік саясаты бар 
дербес  экономикалық  жүйе  қаржы-несиелік,  салық  және  кеден  институттарын 
құрумен, 1993 жылы айналымға ұлттық валюта-теңгені енгізумен нығайтылды. 
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің республика аз уақыт 
ішінде мемлекеттіліктің барлық қажетті белгілерін құра білді. 
 
Алғаш рет бірыңғай қазақстандық азаматтық белгіленді. Еліміздің тәуелсіздігі 
мен  аумақтық  тұтастығын  қорғау  үшін  Конституциялық  заңда  өзіндік  әскери 
құрылымдарды  –  Қарулы  Күштерді,  Республикалық  гвардияны,  ішкі  және  шекара 
әскерлерін  құру  қарастырылды.  Бұдан  басқа,  Конституциялық  заң  қазақ  ұлтының 
өзінің  мемлекеттік  құрылысын  өзі  шешу  құқығын  растай  отырып,  тарихи  тағдыр  
қазақ  ұлтымен  біріктірген,  республиканың  барлық  ұлттары    мен  азаматтары 
Қазақстанның 
біртұтас 
 
халқын 
құрайтындығын, 
бұл 
халық 
Қазақстан 
Республикасындағы  егемендіктің  бірден  бір иесі және  мемлекеттік  биліктің   қайнар 
көзі болып табылатындығын танытты. 
 
Қазақстанның  конституциялық  даму  үдерісінің  бай  тарихы  бар.  Ол  қазіргі 
уақытта  мемлекеттік  құрылыстың  тарихи  міндеттерін  шешуде  үлгі  бола  алады. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бері  екі  Конституция 
қабылдады.  Алғашқы  Конституцияны  1993  жылы  28  қаңтарда  Республиканың 
Жоғары Кеңесі қабылдап, Конституция нормаларының тікелей әрекетін бекітті. КСРО 
ыдыраған  соң  Қазақстан  халқына  өзінің  толыққанды  мемлекеттілігін  құруға 
мүмкіндік  туды.  Бұл  мүмкіндікті  Қазақстан  халқы  толық  пайдалана  білді.  Ол  1990 
жылдары әуеметтік-экономикалық және саяси реформалардан, 1993 жылы егеменді 
Қазақстанның  алғашқы  Конституциясын  қабылдаудан  бастау  алды.  Конституция 
мемлекеттің  негізгі  заңы.  Әлемде  әр  ел  қашанда  өзінің  конституциясымен  танылы 
білген.  Ата  заңымыз  ел  тәуелсіздігінің  бірден  бір  белгісі  ретінде  оның  заңдық 
тұғырын  анықтады.  Конституция  халық  билігін  айқындап  мемлекеттегі  билік 
тармақтарын  заңдастырды.  Олар  халықтың  билік  етуі,  территориялық  тұтастық, 
оған ешкімнің қол сұқпауы.  
         Алғашқы  Конституцияда  қазіргі  контитуционалдық  негізгі  идеялары-билікті 
бөлу  принциптері,  адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  үстемдігі,  соттық 
бақылау  және  басқалары  көрініс  тапты.  Егемен  Қазақстанның  алғашқы 
Конституциясының  ережелерін  жүзеге  асыру  қоғам  өмірінің  көптеген  салаларында 
жағымды  өзгерістерге  жәрдемдесті.  Саяси,  экономикалық,  құқықтық  және 
әлеуметтік салаларды реформалауда Конституция басты құрал болып табылды.  
       Демократияның негізгі институттарының қызмет етуі біздің  көргеніміздей алға 
жылжудың  дәлелі  болды.  Бұл  1995  жылғы  30  тамызда  қабылданған  Қазақстан 
Республикасының  келесі  Конституциянан  ерекше  байқалды.  Бұл  Конституцияға 
алғаш  рет  азаматтың  құқына  қатысты  ғана  емес,  адам  дүниеге  келген  сәттен  одан 
ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Еліміздің негізгі заңының басты 
мақсаты азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау болып табылатындығын 
паш етті. Осы мәселеге конституцияның бірінші бөлімі арналды.  
          Еліміздің  Негізгі  заңы  өзінің  өміршеңдігі  және  халық  талабына  сай  екендігін 
уақыт  көрсетіп  отыр.  Конституцияда  Қазақстан  әлемнің  құрамдас  бөлігі  ретінде 
халықаралық  конвенциялардың  талаптарын  ескере  отырып  азаматтардың  құқығы 
мен  міндеттері  айқындалған.  Бұл  жағдай  әр  азаматтың  бойына  үлкен  ынта-жігер 
беріп,  өзінің  өмірінің  мемлекеттің  қорғауында  екендігіне  күмән  туғызбайды.  Әр 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

129
 ~ 
 
азамат  өз  құқығын  пайдаланып  қана  қоймай  өз  міндеттерін  толық  орындауы  тиіс. 
Заң  алдында  әр  азаматтың  құқығы  тең.  Конституция  мемлекеттің  басты  заңы 
болғандықтан басқа ағымдағы заңдар оған қайшы келуі тиіс емес. 
        Негізгі  заң  меншік  түрлерін  айқындап,  мемлекет,  өкімет    билігін        бөліп 
заңдылықты  қалыптастырды.  Оның  орындалуының  басты  кепілі  Президент. 
Конституция  бойынша    президенттік    басқару  жүйесіндегі  мемлекетке  сай, 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  саяси  жүйенің  басты  тұлғасы  болып 
табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Сонымен қатар Парламент туралы 
конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 
 
Қазіргі 
қолданыстағы 
Конституция 
жалпы 
халықтық 
референдум 
нәтижесінде қабылданып, Президенттің айтуынша шынайы «қоғамдық келісімшарт» 
болды.  Жаңа  Конституция  жобасын  талқылауға  3  миллионнан  астам  қазақстандық 
қатысып, 31 мыңнан астам ұсыныстар жасалды. Еліміздің екінші Конституциясы мәні 
жағынан  конституциялық    құрылыс  негіздерін,  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бастап 
Республиада  болып  жатқан  өзгерістерді  бекіткен  заңдық  акті  болып  табылды. 
Қазақстанның  конституциялық  дамуы  құқықтық  мемлекеттік  құру  идеясы  –  алғаш 
рет мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда жарияланды және одан әрі Негізгі 
Заңда  бекітілгендігін  көрсетті.  Бұнымен  бірге  басты  принциптер  арасында 
мемлекеттік билікті заң-шығарушы, атқарушы және сот билігі  деп бөлу принципі де 
жарияланған болатын. 
 
Конституцияның  қабылдануы  мемлекеттің  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
қоғамдық  өмірдің  барлық  жақтарын  қамти  отырып,  көп  мақсатты  және  кешенді 
сипатқа ие болатын конституциялық үдерістердің маңызды кезеңі болып табылды. 
 
Конституция мемлекеттің басты заңы ретінде ұлттық құқықтың қайнар көзі, 
барлық  құқықтық  жүйенің  өзегі,  ағымдағы  заңнамалардың  заңдық  базасы  болып 
табылады. Құқық көздерінің жүйесінде басым шарттарды білдіретін, конституцияны 
қабылдау    және  өзгерту,  оған  жоғары  заңдық  күш  беретін  ерекше  тәртіппен 
қамтамасыз етілетін оның үстемдігі – Конституцияның  Негізгі Заң ретіндегі маңызды 
заңдық қасиетіне жатады. Конституцияның бұл қасиеттерінде құқықтық мемлекеттің 
белгілерінің бірі - Негізгі Заңда көрсетілген құқықтың үстемдігі көрініс табады. 
 
Конституцияның  үстемдігі  Қазақстан  Республикасы  егемендігі  оның  барлық 
аумақтарына 
тарайтындығын 
білдіреді. 
Ата 
Заңның 
үстемдігі 
елімізде 
конституциялық  құрылыстың  бекітілуін,  құқықтық  мемлекетті  қалыптастыруға 
ұмтылысты,  сонымен  бірге  мемлекеттің  өзінің  Конституцияға  бағынуын  білдіреді. 
Конституцияның үстемдігі оның әрекеттілік шынайылығымен, қоғам өмірінің барлық 
салаларына шешуші әсер ету мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. 
 
Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  Конституциясы  қоғамдағы 
демократиялық  үдерістерді  қалыптастыруды  бекітті.  Конституцияның  алғысөзінде 
«Қазақстан  халықтың  егемендік  құқығын  негізге  ала    отырып,  осы  Конституцияны 
қабылдайды» деп бекітілген. Егер халық егемендігі идеясын негізге алатын болсақ, 
онда  Конституциялық    норманың  құрылтайлық  сипаты  туралы  айтуға  болады. 
Конституциялық ережелерде халық бостандығы, жүзеге асырылады да, Конституция 
нормалары құрылтайлық, яғни алғашқы сипатқа ие болады.  
 
Дәл  осы  Конституция  арқылы  Қазақстан  халқы  мемлекетті  құрды,  оны 
басқарудың,  құрылымының  түрлерін,  әлеуметтік  -  экономикалық  құрылыстың 
негіздерін,  адам  мен    азамат  мәртебесін  белгіледі.  Ол  мемлекеттік  биліктің 
ұйымдастыруымен  жүзеге  асып,  тұлғаның  құқықтық  мәртебесімен  байланысты 
қоғамдық  қатынастардың  басты,  негізгі  топтарын  бекітті.  Конституция  қабылдануы 
тиіс  нақты  заңдарды  көрсете  отырып,  құқықтық  реттеуге  жататын  қоғамдық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

130
 ~ 
 
қатынастардың    салаларын  айқындады.  Мемлекеттік-құқықтық  құрылыстың 
дамуындағы  жаңа  кезең  2007  жылы  21  мамырда  «Қазақстан  Республикасы 
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдаумен 
белгіленді.  Онда  Негізгі  Заңдағы  ел  үшін  маңызды  жаңалықтар  жарияланды. 
Бұнымен  қоса,  уақыттың  сынынан  өткен  мемлекеттік  құрылыстың  қазақстандық 
үлгісінің  өлшемдері  сақталды.  Азаматтық  институттың  жан-жақты  дамуына, 
мемлекет пен қоғамның қарым-қатынастарын үйлестіретін бағыттың арқасында осы 
Заң мемлекет пен тұлғаның белсенді өзара әрекет етуіне қойылған конституциялық 
тыйымдар  мен  шектеулерді  алып  тастап,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін 
жаңартты.  Ол  қазіргі  уақытта  еліміздің  ішкі  жағдайы  мен  оның  мұқтаждықтарына 
толық жауап береді. Еліміз дамыған сайын заңдық жүйе жетілуде, оны есепке алып 
жұмыс  жасау  ел  азаматтарының    міндеті.  Заңды  білмеушілік  заң  алдындағы 
жауапкершіліктен  босатпайтындығын  естен  шығармағанымыз  жөн.  Сондықтан  әр 
сауатты азамат өз біліктілігін арттыруы заман талабы болып отыр. 
 
Тәуелсіздіктің  қалыптасу  жылдарында  Қазақстан  Республикасы  көптеген 
жетістіктерге  жетті.  Мемлекетте  елдің  саяси  және экономикалық жүйесін  дамытуға 
бағытталған жаңа құндылықтар, жаңа бағдарлары бар, тиімді әлеуметтік-саяси жүйе 
жүзеге  асырылды.  Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  үшін  жағдайлар  жасалуда. 
Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық жолдың-еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену 
сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.  
         Қазақстандықтар  мемлекеттік  стратегияны  басшылыққа  ала  отырып, 
әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  жүзеге  асыруда,  саяси  жүйені  жетілдіріп, 
демократиялық институттарды дамыту үстінде. 
 
Ел  экономикасының  бәсекеге  қабілеттілігін  нығайту  –  Президент  Нұрсұлтан 
Назарбаев    белгілеген  біздің  еліміздің  магистральдық  бағыттарының  бірі  болып 
табылады. Бұл  «2010-2014  жылдарға  арналған жедел  индустриялық-инновациялық 
дамудың  мемлекеттік  бағдарламасында»  көрініс  тапты.  Бұл  міндетті  шешу  жаңа 
технологияларды  құру  мен  енгізуді,  озық  жобаларды  жүзеге  асыруды,  еліміздің 
зияткерлік  әлеуетін  шоғырландыратын  ғылыми-өндірістік  кешендерді  құруды  талап 
етеді.  Отандық  жоғары  мектепті  халықаралық  білім  стандарттарына  жетуге 
бағыттайтын  бұл  мақсаттар,  «Қазақстан  Республикасында    білім  беруді  дамытудың 
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»  және  «Ғылым 
туралы»  жаңа  Заңда  ескерілген.  Бұл  еліміздің  негізгі  құқықтық  құжаттарында,  ең 
алдымен,  Конституциялық  негізге  алынған  стратегиялық  басымдықтардың  көрінісі 
болып табылады. 
Реформалардың  мазмұны,  қоғамдық  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
салалардағы  өзгерістер  уақыт  өткен  сайын  алға  басушылық  сипатқа  ие  болуда. 
Қазақстан  Республикасы  әлемдік  аренада  өзін  сенімді  серіктес  ретінде  танытып 
келеді.  Бүгінгі  таңда  еліміз  өзгерістерге,  халықаралық  интеграцияларға,  халықтың 
тұрмысын  жақсартуға  ұмтылысымен  шет  елдерге  тартымды  болып  отыр.  Ұлт 
көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  айтуы  бойынша,  «Бүгіндері  Қазақстандағы 
реформалар  тәжірибесінің  нәтижелі  екендігін  халықаралық  сарапшылар  ғана  емес, 
сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр. 
Қазақстанның  көшбасшылығы  сәтті  таңдап  алынған  өтпелі  дәуірдің  саяси-
экономикалық  үлгісіне  негізделген».  Бұл  стратегиялық  бағыттың  сәтті  болуы, 
тәуелсіздік  алған  жылдары  Президент  негізін  қалаған  құқықтық  базис  пен 
Конституцияға байланысты екенін уақыт көрсетуде. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

131
 ~ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет