И н н о в а ц и я л ы қ и н ф р а қ ұ р ы л ы м
Қосылған құны
жоғары өнімдердің
өндірілуіне немесе
қосылған құн
тізбегіндегі
Шағын
инновациялық
кәсіпкерліктің
жандануына
Инновациялық
әлеуеті
қалыптасқан елге
айналуға
Елдің
стратегиялық
дамуын
анықтауға
Елдің бәсекеге
қабілеттілігін
қалыптастыру
Инновация аясында
қосымша мүмкіндіктерді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
140
~
белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік қаржы дағдарысынан да
байқау қиын емес[3].
Қорыта айтқанда еліміздің қазіргі даму кезеңінде ғалымдар алдына әлемдік
рынокта бәсекеге қабілетті, өтімділігі жоғары төл өнімдерді өндіруге, жаңа үлгідегі
технологиялық өндірістерді құруға бағытталған міндеттер қойылғаны мәлім. Яғни,
ғылымда зерттеулер жүргізіп, жаңа бағыттар ашу және еліміздің ғылымын жан–
жақты дамытуға үлес қосу – барша ғалымдардың ортақ ісі болып табылады.
Қазіргі жаһандану жағдайында алдыңғы қатарлы іргелі ғылымы, озық
технологиясы бар мемлекеттер ғана әлемдегі дамыған елдер қатарына кіре алады.
Сондықтан ғылымның, техниканың дамуының басым бағыттарынан үлкен
стратегиялық мәні бар ғылыми–техникалық кешендер іске асырылуы қажет. Бұның
барлығы адами капиталға байланысты, яғни
кез келген мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік
гүлденуі
мен
қауіпсіздігі
халықтың
білімі
мен
интеллектілік
ресурстарымен
тікелей
байланысты.Интеллектуалды
ұлт
қалыптастыру
–
инновациялық даму кепілі.
Әдебиеттер тізімі
1. ҚР Статистика агенттігі «Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі»
Статистикалық жинақ, Астана 2012ж.
2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму
тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі №
990 Қаулысы
3. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпрын экономикасы: Оқу құралы.
Алматы:Экономика, 2003. — 252б.
Резюме
В данном статье рассматриваются активность инновационной деятельности
Республики Казахстан и его основные показатели.
Summary
This article considers the innovation activity of Kazakhstan and it's main indicators.
УДК 332.143
А.Н. Кұбаш, Э. Адиетова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСҚА ЕЛДЕРМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫН ТАЛДАУ
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының басқа елдермен экономикалық
интеграциясының қазіргі жағдайы мен даму болашағы айтылады.
Негізгі сөздер: Интеграциялық процестер, еркін сауда аймағы (ЕСА),Кедендік
одақ (КО), интеграциялық үдеріс, экономикалық интергация
Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды
өндіретін факторлар қозғалысының артуы заңдылықты нәтижесі болып табылады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
141
~
Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру
және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген
кедергілерді
жоюды
қажет
етеді.
Бұны
жүзеге
асыру
мемлекетаралық
интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде мүмкін
болады.
Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тенденция көрініс алған, атап айтқанда:
Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық
сипатының күшеюі;
Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы
және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы;
Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері идеологиясы,
анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы
белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция
эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы
интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде
преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер
арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке
мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік
тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін
сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық
кедендік тарифтер өзгертілмейді.
Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл
ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге
қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып
табылады.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде
интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс
факторларының – капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім
жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық
қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық
үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау
оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда,
қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды.
Екінші жағынан алғанда,мемлекеттердің мұндай ынтасы әлемде болып жатқан
сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы,
ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған
оңтайлы жағдайлардан туындайы.
Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану
жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда.
Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы
мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері
жасалды.
Әрине,
Югославия
және
жеке
елдердегі
уақиғалар
жалпы
мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей
алмайды.
Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің
қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен
халықаралық сауда ұлғаюда.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
142
~
Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық
ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты
қолданылуда. Бұлар – кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және
т.б. механизмдер мен нормалар.
Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және
т.б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен
региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер
айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық
кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді
неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.
Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке
елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты
бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат
ала бастады.
Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймақтардың экономика
және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс
Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер
мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе
сяси
жақтарының
абсолютизациясы
мүмкіндігі
екі
көзқарас
тұғысында
қарастырылады:
1.
Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстарының
кездейсоқ дамуымен теңдестіріледі;
2.
Екіншіден,
интеграцияның
барысы
ресми
түрде
құрылған
экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.
«Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-
шы жылдарында қолданған болатын[1]. «Интеграция» түсінігі қайта құру, қосылуды
білдіретін «inteqratio» деген латын сөзінен шыққан[2].
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен
«integer» -толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің
тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-
технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе
пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау
аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында
айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың
өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту.
Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де,
кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында
болады[3].
Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:
сатылас интеграция- бір сала немесе топтар, бөлшектер, соңғы өнім
үшін қажетті жинақтаушы және басқа бұйымдар шығаруға маманданған, сипаты
жағынан өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы;
деңгейлес интеграция- өндірісі технологиялық ортақтағымен және
шығарылатын өнімнің біртектілігімен сипаталатын кәсіпорындар бірлестігі;
«шеңберлес интеграция» бір рынокта әрекет ететін, бір-бірімен
бәсекелесетін компаниялардың қосылуы.
Экономикалық интеграция – терең тұрақты өзара байланыстарды дамыту
және ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
143
~
шаруашылық-саяси мемлекет аралық бірігу процесі. Экономикалық интеграцияның
мақсаты – ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді
бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Бұл үшін жекелеген фирмалар экономикалық
келісімдер жүйесін қалыптастырады, мемлекет аралық деңгейде филиалдар құрады,
мемлекеттің экономикалық бірлестіктері құрылады және келісілген ұлттық саясат
анықталады.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, яғни :
1.
Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
2.
өндіріс, ғылыми және техникадағы халықаралық специализация мен
кооперацяның кең түрде дамуы;
3.
интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген
құрылымдық өзгерістер;
4.
интеграциялық
процестердің
мақсатты
түрде
реттелуі,
координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
5.
интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.
Қазіргі таңда экономикалық интеграция жаңа, мейлінше тұрақты да әділетті
әлемдік тәртіпті қалыптастырудың басты құралы болып отыр. Терең иірімді
өзгерістер, түбегейлі өзгеріп бара жатқан бүгінгі дүние «білім экономикасына»
көшуге, озық технологияларды ендіру мен таратуға, инновациялық дамудың
әлеуеттерін тиімді пайдалануға жаңаша ғажайып мүмкіндіктер тудыруда.
Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру көп
ретте Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілестік
және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген. Әйтсе де, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев
ұсынған
қазіргі
еуразиялық
интеграция
идеясы
–
көршілес
мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді де сатылы түрде одан әрі
кеңейтудің «практикалық нұсқауы» болғандай.
Көпшілік білетіндей, Қазақстан Президенті сонау 1994 жылдың наурызында
М.В.Ломоносов
атындағы
Мәскеу
мемлекеттік
университетінде
негізінде
мемлекетаралық ықпалдастық және оған анағұрлым дайын елдердің тығыз
экономикалық, гуманитарлық интеграциясы жатқан «Еуразиялық мемлекеттер
одағын қалыптастыру туралы» (ЕАС) жобасын таныстырды. Осы ЕАС жобасы
бойынша Еуразия елдері бірігуінің негізінде экономика жатуы керек делінді. Оның
үстіне, Еуразиялық Одақ нарықтық өзгерістерде, ұлттық қауіпсіздікте, әлемдік
экономикалық жүйеге бірлесіп енуде келісілген қадам-қарекеттерді қолдануды
қамтамасыз еткен болар еді [4].
Жоба авторының ойынша ЕАС жиынтық интеграциялық әлеуеті бар, әрбір
қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған
теңқұқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы болуы тиіс. Еуразия мемлекеттері
интеграциясының басты мақсаты тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аймақта
әлеуметтік-экономикалық модернизация жүргізу болып табылады.
Жаңа интеграциялық бірлестіктің институттары мен механизмдерін қалыптастыру
еуразиялық стартегияны іске асырудағы алғаш қадам болмақ. Құжатта, ЕАС-та
Еуропалық Одақтағыдай ұлттықтан жоғары тұратын органдар құрылатындығы
айтылды. Қазіргі ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасқалы жатқан Біртұтас
экономикалық кеңістік секілді интеграциялық құрылымдар «еуразиялық жобаның»
жүзеге асуының нақты көріністері.
Астанада 2000 жылы құрамына Беларусь Республикасы, Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан
Республикасы кіретін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шешім
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
144
~
қабылдануы өзара көп жақты ынтымақтастық пен шынайы экономикалық
интеграция жолымен табанды түрде жүруге бел байлаған бес мемлекет
басшыларының саяси ерік-жігерлері бірлігінің дәлелі болды.
ЕурАзЭҚ – бұл әлемдегі (құрлықтың 15 пайызын құрайтын) үлкен
территорияға орналасқан, мол минералдық-шикізаттық қорға ие және айтарлықтай
экономикалық әлеуеті бар (181 миллиондай тұтынушы тұратын) аймақтық ірі рынок.
ТМД Статистикалық комитетінің есебінше, оның әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 2010 жылы
4,4 пайызды құрады. Қоғамдастық елдерінде әлемдегі барланған мұнай қорының 8,5
пайызы, табиғи газдың 25 пайызы, көмірдің 22 пайызы, тұщы су мен орман
алқабының 20 пайыздан астамы орналасқан.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендік аумағында еркін сауда режімін
қамтамасыз етіп, олардың арасындағы тауар айналымын 2000 жылғы 29 млрд.
доллардан 2008 жылы 123 млрд. долларға дейін, яғни 4,2 есеге өсірді. Бұл
экономикалық интеграцияның келесі сатысы – Кеден одағын құруға сенімді негіз
болып, логикалық алғышарт жасады.
2007 жылғы қазанда Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері
басшыларының Кеден одағын құру жөніндегі шешімі де маңызды кезең болды. Жұрт
білетіндей, 2010 жылдың 1 қаңтарынан Ортақ кедендік тариф пен Ортақ тарифтік
және тарифтік емес реттеу ережелерін енгізу арқылы Кеден одағы жұмыс істей
бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі
шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық
түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік
өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден
кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары
орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.
Кеден одағының құрылуы сауда мен экономиканың өсуіне, еркін
бәсекелестіктің дамуына және оған қатысушы елдердің ішкі рыноктарында
инновациялық белсенділіктің күшеюіне қолайлы жағдай тудырды. Кеден одағы
елдері арасындағы өзара сауда айналымы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда
21 пайызға өсіп, 88,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол 2011 жылы 110 млрд. АҚШ
долларына жетеді деп күтілуде.
Экономиканың нақты секторы, бизнес қауымдастығы мен Беларусь, Қазақстан
және Ресей тұрғындары Кеден одағынан пайда таппаса, зиян шеккен жоқ, өйткені,
үш елдің өзара сауда-саттығында кедендік және басқа да кедергілер жойылды,
Кеден одағының сыртқы шекарасында кедендік рәсімдеуден өткізіліп, басқа
елдерден әкелінген импорттық тауарлар кедендік территорияның ішінде еркін
айналып, біздің тауарлармен бәсекеге түсетіндей жағдай қалыптасты.
Осының бәрі Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы
нақты сектор кәсіпорындарының жұмысы мен дамуына, олардың өндірістік
кооперациясына, бірлескен кәсіпорындар құруына, жаңа жұмыс орындарын ашуына
қолайлы жағдай туғызып, сайып келгенде, экономиканың инвестициялық
тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне жеткізеді.
Ресей Ғылым академиясының Халық шаруашылығын болжау институтының
есептеулері бойынша, «ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағы және Біртұтас экономикалық
кеңістік құрудың макроэкономикалық тиімділігі алдағы бес жылда ішкі жалпы
өнімнің 5 пайыз шамасында, ал 10 жыл мерзімде 15 пайыз өсімді құрайтын болады».
ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға сол уақыттағы ең бір табысты және
интеграциялық құрылымның алғашқы міндеттерін мейлінше толық жүзеге асырған
Еуропалық Одақ үлгі болды. ЕурАзЭҚ ынтымақтастық қарқыны және стратегиялық
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
145
~
даму бағыты бойынша ЕО-ны еске түсіреді, алайда, бұл талай ой елегінен өткізілген
және посткеңестік аумақ елдеріндегі макроэкономикалық үдерістердің деңгейі мен
даму ерекшеліктеріне ыңғайластырылып құрылған.
ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағын құру жұмыстарының аяқталуын күтпей-ақ, 2009
жылғы 19 желтоқсанда Алматыда өткен бейресми саммитте үш мемлекеттің
басшылары Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) қалыптастыру жөніндегі іс-әрекет
жоспарын бекітті. Аталған мемлекеттер басшыларының табанды саяси ерік-жігері
мен осы елдер үкіметтерінің белсенді жұмыстарының арқасында БЭК-тің құқықтық
базасын жасау жөніндегі күрделі міндет аса қысқа мерзім ішінде (басында
жоспарланған екі жылдың орнына бір жылда) орындалып шықты. 2010 жылдың
желтоқсанында БЭК қалыптастыратын арқаулық 17 келісім қабылданды. Бұл
келісімдер 2012 жылдың 1 қаңтарынан күшіне еніп, Біртұтас экономикалық кеңістік
жұмыс істей бастайды.
БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015
жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да
құжаттарды
қабылдап,
белгіленген
нақты
мерзімдеріне
сәйкес
БЭК
қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын
қамтамасыз ету қажет.
БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты
топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы
реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың
ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек
ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру,
энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті
туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.
БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы –
жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды
бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында
жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды
және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін
бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген
лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды
үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген
саясат жүргізеді.
2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір
жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген
бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына
ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк
тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі
қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік
(муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.
2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке
мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру
қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық
жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда
түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
146
~
БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек
мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары
қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-
тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және
ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай
бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды
ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен
ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер
шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |