Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет26/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36

Әдебиеттер тізімі 
1. Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991. 256 б. 
2. Аспандияров Б. Образование Букеевской орды и ее ликвидация – Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы, 2007.– 400 с. 
3.Шахматов В.Ф. Внутренняя орда и восстания Исатая Тайманова. Алма-Ата: Изд-во 
АН КазССР, 1946. – 252 с. 
4.Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата: Наука, 1982. – 171c. 
5.  История  Букеевского  ханства  (1801–1852  гг.):сб.  док.  и  материалов./  Сост.  Б.Т. 
Жанаев, В.А. Иночкин, С.Х. Сагнаева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 1020 с. 
6. Бөкей орда тарихы. /Құраст. Т.З.Рысбеков. – Орал: Дастан,2001. – 196 б. 
7. Исатай – Махамбет. 1801-1848. Документы Состав: Б.Т. Жанаев, И.М. Самигулин, 
Л.Ш. Капашев.  
Алматы, 2003. 80 б 
8 .Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991. 
9. Қарабалин Ғ. ХІХ ғасырдағы Бөкей Ордасы. Орал, 2004. 
10. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. Алматы, 1989.  
11.Бердіғожин Л.Б.Исатай-Махамбет:азаттық күрес сардарлары.Алматы,2011. 
12.Мұқтар Ә.Қ.Азаттық таңы жолында.Алматы,2001. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются вопросы истории освободительного движение в  
Букеевской орде 1836-38 годы. 
 
Summary 
In article are considered questions of the history of the liberation movement in the  
bukeyev Orda 1836-38 years. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

218
 ~ 
 
УДК 78 
Г.Т. Рысқалиева   
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ШОҚАН  ЖӘНЕ  ХАЛЫҚ  МУЗЫКАСЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  қазақ  халқының  тұңғыш  фольклорист  ғалымы  Ш.Уәлихановтың 
халық  музыкасын  жастайынан  танып-біліп,зерттеулер  жасап,кейіннен  біраз 
фольклорлық еңбектер қалдырғандығы баяндалады.  
Негізгі  сөздер:  Тарих,  фольклор 
 
Ш.Уәлиханов-қазақтан  шыққан  тұңғыш  фольклорист.Ол  халық  ауыз 
әдебиетімен  қоса  халық  музыкасын  жинап,оны  ғылыми  тұрғыда  жан-жақты 
зерттеген  ғалым.Шоқанның  халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  бала 
кезінен  қалыптасады.  Әжесі  Айғаным  қазақтың  ежелгі  аңыздары  мен  хикаяларын 
көп білетін әңгімешіл кісі болады.Бұл бала Шоқанның рухани өсуіне әсерін тигізбей 
қоймайды.Дана 
әжесінің 
әңгімесімен 
сусындаған 
ол,жастайынан 
өте 
ширақ,ұғымтал,ақылды бала болып өседі.Есейген сайын тарихи оқиғаларды,ерлікке 
толы халық батырларының аңыздарын көбірек білуге құмарта түседі. 
Шоқанның  рухани  жетілуіне  ықпал  еткен  адамның  бірі  әкесі  Шыңғыс.Ол  өз 
кезеңінің  мәдениетті,білімді  адамы  болумен  бірге,өнер  мен  әдебиетті  бағалай 
білген.Орыстың  этнограф-ғалымдарына  халық  әндері  мен  аңыздары,мақал-мәтел 
т.б.  өнер  түрлері  туралы  деректер  беріп,тақырыптық,жанрлық  жағын  ашуына  көп 
көмегін тигізеді. 
1867  жылы  Мәскеуде  ұйымдастырылған  өнеркәсіп  көрмесіне  біраз  дүние-
мүлік  апарылып,ол  арқылы  сол  дәуірдегі  қазақ  халқының  тұрмысы,әдет-ғұрпы 
жөнінде  әдеби  мәліметтер  сақталып  қалады.Кейіннен  Қазан  университетінің 
жанындағы  анторпология және  этнография  қоғамына  ғалым-саяхатшы  Г.Н.Потанин 
арқылы қазақ фольклоры мен этнографиясы жайлы біраз материалдар табыс етеді. 
Шыңғыс  үйіне  үздік  ақындар  мен  жыршыларды  жиі  шақырып,олардан 
көптеген ән-жырларды жазып алып Омбы қаласына жіберіп отырған. 
 
Шоқан  12  жасына  дейін  жеке  меншік  мектепте  оқып,мұсылманша  хат 
таниды. 
Сұлтан  балалары  «Жеті  жұрттың  тілін  білу»  міндет  деп  саналғандықтан,кейіннен 
араб,парсы,ұйғыр және түркі тілдерін меңгереді. 
 
1847 жылы Шоқанды әкесі Сібірдің ең таңдаулы оқу орны Омбының кадет  
корпусына 
оқуға 
береді.Кадет 
корпусында 
әскери 
пәннен 
басқа 
география,философия, 
тарих,орыс және батыс әдебиетінен білім алады. 
 
Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде қазақтың музыкалық фольклорын  
жинауды  өзінің  алдына  мақсат  етіп  қояды.Оқудан  демалысқа  келген  кездерінде 
елдегі  дарынды  ақындар,жыраулар  домбырашы,сыбызғышы,бақсылар,өткір  тілді 
әзілкештердің  арасында  болып,қазақтың  музыкалық  бай  мұраларының  үлгілерін 
жинайды.Мұндай  ойын-сауық  кештері  кейде  түннің  біраз  уақытына  шейін 
жалғасатын  болған.Шоқан  әсіресе  қобызшы  Қанқожаның  орындауындағы  «Тарғыл 
бұқа»,  «Балбырауын»  күйлерін  сүйсіне  тыңдаған.Осы  әсерлерінен  кейін  Шоқанның 
«Бақыт  менікі,өнер  Қанқожанікі»,-деген  нақыл  сөзі  әлі  күнге  сақталған.[1]  Әкелі-
балалы  күйшілер  Тулақ  пен  Төлепберген  күй  тартқанда,қобыз  бен  сыбызғының 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

219
 ~ 
 
дауысы  Сырымбет  тауына  жетіп  жатады  деген  әңгімелер  қалған.Ақын-жыраулар 
Шөже мен Тоғжан,Орынбай мен Арыстанбай,Ажар қыз,Шал ақынның ұрпағы Соқыр 
жырауларды  Шоқан  ауылда  болғанда  әндерін  жазып  алу  үшін  Шыңғыс  арнайы 
шақыртып  отырған.Олардың  ішінде  жастай  дүниеден  өткен  Сақыпкерей  атты 
Шоқанның  ақын,әрі  композитор  інісі  болған.Сақыпкерей  халық  композиторы  Ақан 
серімен достық қарым-қатынаста болып,романтикалық сарында бірқатар ән-әуендер 
шығарған.Олардың  ішінде  кең  таралғаны  «Ай,көкек»,  «Топай  көк»,  «Сырымбет» 
және «Көкенің аманаты» деген әндер.Соңғы ән сүйікті ағасы Шоқанға арналған. 
 
Шоқан  ерте  жастан  қазақтың  халық  поэзиясына  қатты  құмартып,оның 
классикалық  үлгілерін  жазып  алып,ата-анасына  оқып  беріп  жүрген.Бала  кездің 
өзінде-ақ  ол  «Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу»  және  «Ер  Көкше»  халық  поэмаларының 
түрлі үлгілерін жазып, оларды ұстазы И.Ф.Костылецкийге табыс етеді.[2] Кейін екеуі 
бірігіп,  «Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу»  жырының  толық  нұсқасын  орыс  тіліне  аударып 
шығады. 
 
«Қазақ  халық  поэзиясының  түрлері»  атты  мақаласында  халық  аспаптары 
туралы  былай  деп  сипаттайды:  «Қазіргі  әншілер  оның  әуенін,өлеңдерін  сөзбе-сөз 
қайталап  қолданса  да,сүйемелдеу  үшін  көбіне  қос ішекті  балалайканы(домбыраны) 
пайдаланады.Қобыз  екі  ішекті  альттің  бір  түрі,оның  ішектері  жылқының  қылынан 
жасалады  және  оны  қияқпен  ойнайды.Қобыздың  басқа  аспаптарға  қарағанда 
жоғарғы  декасы  жоқ,шанағы  дөңгелек,мойыны  жоғары  керілген,ішектерін  оған 
қысуға келмейді,флажелеттің әртүрлі тондары алынады.Негізі,сазды болмаса да,өте 
қиын  және  жағымды  аспап.Домбырақазақ  әндерін  айту,жыр  мен  қобызды  мүлдем 
ығыстырды».[3] 
 
Шоқан Жетісу мен Тарбағатай сапары саяхатына шыққанда бақсыларды жиі 
кездестіреді.Олардың  ел  арасына  аты  әйгілілерін  «Дәу  бақсы»  деп  атаған.Халық 
арасындағы 
бақсылық 
өнерді 
бағалап, 
«Біздің 
әрқайсымыз 
ақын 
бола 
алмайтынымыз  сияқты,кім  көрінген  бақсы  бола  алмайды»-деп  жазған.[4] 
Бақсылардың  қылқобыз,асатаяқ,даңғыра  сияқты  бірнеше  музыка  аспаптарында 
ойнағандықтарын  айтып  жеткізеді.Шығыс  базарларында  шарманка,қол  сырнай 
сияқты музыкалық аспапты сатып жүрген орыс саудагерлерін көргенін айтады.1850 
жылдарда  қазақ  ауылдарында  сырнай  аспабының  пайда  болуы  жөніндегі 
Ш.Уәлихановтың  мәліметі  мен  этнографтардың  зерттеулеріндегі  деректері  дәлме-
дәл келеді. 
 
Қазақтың қылқобызын Шоқан альтпен салыстырады.Шынында да,Қылқобыз 
дыбысның  диапозоны,құрылысы  мен  көлемі  жағынан  альтке  жақын  келеді.  «Бұл 
аспап орындаушыларға өте қиын,ал дыбысы өте ұнамды»,-деп баға береді.[5] 
 
Шоқанның «Қырғыздардың көшіп-қонуы туралы»,- деген мақаласында: «Үш 
ішекті  шертіп  ойналатын  аспап  комуз,қазақтың  сыбызғысы  тәріздес  чоор  және 
қазақтарда  бар,қамыс  сырнайдан  аумаған  сырнай.Тау  қырғыздары  құлаққа 
жағымсыз,ащы үн шығаратын түтікті-сырнайды қолданады,-деп жазған».[5] 
Шоқанның  еңбектерінде  қазақтың  домбыра,қылқобыз,сыбызғы  және  көп 
қолданылмай  ұмыт  бола  бастаған  шыңдауыл,мүйіз  сырнай,асатаяқ,хонбе  сияқты 
аспаптар жайында да біраз мағлұматтар келтіреді. 
Шоқан  1865  жылы  дүниеден  өткенде,ежелден  бері  қалыптасқан  дәстүр 
бойынша  әкесіне  күймен  естіртеді.Шоқанның  қаза  болғанын  әкесі  Шыңғысқа  сол 
заманның  атақты  күйшілері  Қанқожа  мен  Тулақ  күй  тартып  жеткізеді.Алдымен 
Қанқожа,сонан соң Тулақ азалы музыканы күңіренте жөнелтеді.Осындай кезеңдерде 
халық музыкасының қайталанбас тамаша туындылары дүниеге келіп отырған. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

220
 ~ 
 
Шоқан  өз  халқын  шын  сүйген  ғалым-ағартушы.Отыз-ақ  жыл  сүрген  қысқа 
өмірін  ел  тарихы  мен  географиясын,мәдениеті  мен  әдебиетін,тұрмысын  зерттеуге 
арнады.Аз  уақыттың  ішінде  артында  көптеген  ғылыми  құнды  мәліметтер 
қалдырды.Бұл еңбектердің халқымыздың болашағы үшін маңызы зор. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.Уәлиханов Ш.    Шығармалар жинағы.1-том.57-бет. 
2.Уәлиханов Ш.    Шығармалар жинағы 1-том.17-бет. 
3.Уәлиханов Ш     Шығармалар жинағы 1-том. 238-бет. 
4.Уәлиханов Ш     Шығармалар жинағы 1-том 238-бет. 
5.Сарыбаев Б.        Қазақтың музыкалық аспаптары 44-бет. 
 
Резюме 
              В  статье  отмечено  бережное  отношение  казахского  ученого  к 
национальному  казахскому  фольклору,  и  его  интерес  с  малых  лет  к  народному 
творчеству, что повлияло на формирование ученогофольклориста. 
 
Summary 
The  article  was  noteworthy  for  the  caring  attitude  to  National  Kazakh  folklore 
shown  dy  the  Professor.In  his  youth  he  displayed  an  folklore  and  this  was  in  his 
development as a Professor of folklore. 
 
 
ӘОК 902.21 
А.К. Бердіғалиева, С.Б. Аймұратов 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
КӨНЕ ЖАЗУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ РУХАНИ МҰРАСЫ 
 
Андатпа 
Бұл  жұмыс  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  Қазақстанның,  соның 
ішінде Жайық өңірінің тарихи-мәдени мұрасы тақырыбына арналып, олардың саны, 
санаттары  және  сақталымы  келтіріліп  жазылған.  Тарихи-мәдени  мұра  объектілерін 
сақтау  және  қорғау  саласындағы  мекемелер  жұмысының  нәтижелері  көрсетілген. 
Автор  қазіргі  бүкіләлемдік  жаһандану  жағдайында  Қазақстан  халқының  тарихи-
мәдени  мұрасын  оның  дамуының  негізі  мен  кепілі  ретінде  сақтап  қалудың 
маңыздылығын атап көрсетеді. 
Негізгі сөздер: ескерткіш. 
 
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі 
тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен 
өз  алдына  мемлекет  құрғаны  тарихтан  белгілі.  Осы  кағанаттың  құрамына  енген 
тайпалык,  одақтар  бір  кездерде  өз  елі  мен  жерінің  бостандығы,  тәуелсіздігі  үшін 
алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған 
дұшпандардың  шапқыншылығынан  қорғанған  түркі  ру-тайпаларының  жорықтары 
қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел 
бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын 
кағандар  әрі  тарихи,  әрі  әдеби  дастан  жырлардың  кейіпкерлеріне,  сомды 
тұлғаларына  айналды.  Ардақты  есімдерді  ел  жадында  сақтау  үшін  сол  заманның 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

221
 ~ 
 
данагөй  білімдарлары  өркениеттің  белгісі  болып  табылатын  түркілік  сына  жазумен 
тас бетіне түсірді. 
Ұрпақтан-ұрпакқа  мұра  болған  руникалық  жазба  ескерткіштер    қазақ  және 
өзге  түркі  халықтарының көне  дәуірде мәдени  деңгейінің  өте жоғары  болғандығын 
дәлелдейтін  баға  жетпес  асыл  қазына.  Бүкіл  әлемге  танылған  түркі  руникалық 
жазбалары  атағы  Египет  перғауындарының  қорғандарынан  табылған  шумер 
жазуларымен дәуірлес болып келеді.   
 
 
 
Түркі  тайпаларынан  қалған  бұл  ескерткішттер  көне  дәуірдің  қоғамдық-
мәдени,  әрі  әдеби  тұрмыс-салт  өмірлерінен  хабар  беретін  жәдігер  қазына  ретінде 
бүгінгі  күні  барлық  түркі  тектес  халықтарға  ортақ  мұраға  айналды.  Түркінің  сар 
даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан 
ғасырларды  аттап,  өз  заманының  шындығы  мен  қайғы-қасіретін,  амал-әрекетін 
бейнелеп,  еш  өзгерместен  күні  бүгінге  жетіп  отыр.  Қазақстанның  орталық  және 
оңтүстік  өңірлерінен  табылған  тарихи  жазба  мұралар  казіргі  уақытта  облыстық 
мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем 
жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-
қыратты  жерлерге  экспедициялар  ұйымдастыру  мәселесі  мүлдем  назардан  тыс 
қалып қойған.  Қазіргі  Тараз  қаласы  мен  оның  оңтүстігіне,  Алатау  мен  Қаратау 
бөктерлеріне,  Орталық  Қазақстандағы  Ұлытау  мен  Болаттау  аймақтарына  арнайы 
зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды 
іздестірсе,  ұрпақ  білсін  деген  ниетпен  ата-бабаларымыз  қалдырып  кеткен  жазу-
сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX ғасырдың екінші 
жартысынан  бастап  XX  ғасырдың  70-ші  жылдарына  дейінгі  аралықта  іздестіру 
нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады. 
Сан  жылдар  бойы  іздестірудің  барысында  Орталық  Азия  территориясынан 
ағаш  тақтайшаға  ойылып  жазылған  көне  жазу  табылды.  Бұл  жазу  жүйесі  өзінің 
құрылымы  және  тақтайға  ойылғанымен  басқа  тас  жазулардан  ерекшеленеді.  Іле-
шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан 
(Есік  қорғанынан)  күміс  тостағаңдағы  жазу  табылды.  Мұңдай  тарихи  мәні  зор 
жазулардың  бүгінде  Қазақстанның  кез-келген  өңірінде  өз  сырын  ішіне  бүгіп, 
жасырып жатқаны бізге беймәлім. 
Орталық  Азия  мен  Қазақстан  жерлерінен 
табылып  жатқан  руникалық  түркі  жазбалары  Орхон  таңбаларынан  өзіңдік 
ерекшелігімен  дараланады.  Мұнда  Орхон  немесе  Енисей  өзендері  аңғарларынан 
табылған  жазулардағы  барлық  таңбалардан  бөлек,  өзгеше  жасалған  көне  әріптер 
кездеседі.  Мұның  өзі  түркі  жазуы  жүйесінің  ертеден  қалыптасқан,  жүйелі  әліппе, 
жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екендігін аңғартады. Дәл осындай көненің 
көзі болып табылатын асыл казыналар Қазақстанның жерінде де қаншама десеңізші. 
Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, 
солтүстігіміз бен орталығымызда Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау 
мен  Қаратау  қатпарларыда  және  басқа  да  өзенді-көлді  кең  алқапты  мекен  еткен 
ата-бабаларымыз  сол  өңірлерге  де  өздерінің  қол-таңбасын  қалдырып  кетпеді 
дегенге кім сенер. 
 
 
 Болашақ  ұрпақка  мұра  етіп  калдырылған  көне  түркілік  жазба  ескерткіштер 
кең  байтақ  Қазақстанның  барлық  аймақтарынан  табылып,  ескерткіштер  саны  жыл 
санап өсіп жатыр. Бірақ, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі 
мазмұны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін 
анықтау  соңғы  жылдары  баяулап  кеткені  белгілі.  Оның  үстіне  түркі  тайпалық 
одақтарының  жиі  қоныстанған,  мәңгілік  мекен  еткен  жері  және  ежелден  калған 
мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

222
 ~ 
 
түркі  жазба  ескерткіштерін  географиялық,  мазмұндық  әрі  дәуірлік  мәніне  қарап, 
Орхон,  Енисей  және  Талас  деп  үлкен  үш  топқа  бөледі.  Соның  ішіндегі  Талас 
жазбалары  Қазакстанның  оңтүстік  аймақтарынан  табылған  ескерткіштер  қатарын 
құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын 
орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзеңді аймақтарда 
орналаскан.  Сондықтан  да  казақ  және  өзге  түркі  тілдес  елдердің  тарихын,  көне 
мәдениетін, өркениеті  мен  мемлекеттігін,  тілі  мен діліне  қатысты  құнды  деректерді 
осы өңірлерден іздестірудің кажетті екендігін байқауға болады. 
Біртұтас  мемлекет  тарихын  бейнелейтін  түркілік  руникалық  жазуларды 
тілдік,  әдеби,  тарихи  және  саяси-этникалық  жақтан  жан-жақты  зерттеу  үшін  көне 
мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ 
халқының  көне  мәдени  ошақтары  мен  тарихи  орындарын  анықтау,  оның  мәні  мен 
мағынасын,  құпиялы  ішкі  сырын  білу  тек  жекелеген  зерттеуші  ғалымдардың  ғана 
емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын 
проблема болуы керек. 
Көне  түркі  жазба  ескерткіштері–  ұрпақ  қазынасы,  Ұрпақтан-ұрпакқа  мұра 
болған  руникалық  жазба  ескерткіштер(V-VIII  іт.)  қазақ  және  өзге  түркі 
халықтарының    көне  дәуірде  мәдени  деңгейінің  өте  жоғары  болғандығын 
дәлелдейтін  баға  жетпес  асыл  қазына.  Бүкіл  әлемге  танылған  түркі  руникалық 
жазбалары  атақты  Египет  перғауындарының  қорғандарынан  табылған  шумер 
жазуларымен дәуірлес болып келеді.  Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 19 жыл ішінде 
түркітану  бағытында  біршама  жетістіктерге  жетті.  Қазақ  және  өзге  де  түркі 
халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), 
тарихи-мәдени  және  этносаяси  жағдайын  ғылыми  түрде  жан-жақты  әрі  жүйелі 
зерттеу түркі тілдес халықтар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып 
табылады. 
Қазақстан  мен  Орталық  Азия  және  Онтүстік  Сібір  жерлерін 
мекендеген  түркі  тілдес  ру-тайпалар  бірігіп,  VI  ғасырдың,  орта  шенінде  "Түрік 
кағанаты"  деген  атпен  өз  алдына  мемлекет  құрғаны  тарихтан  белгілі.  Осы 
кағанаттың  құрамына  енген  тайпалық,  одақтар  бір  кездерде  өз  елі  мен  жерінің 
бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан 
кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-
тайпаларының  жорықтары  қол  бастаған  ержүрек,  дана  іскер  басшылардың  ерлік 
істерімен,  оған тіреу  болар  ел бірлігімен  жүзеге  асты.  Ұрпаққа  өнеге  болар атақты 
Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың 
кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау 
үшін  сол  заманның  данагөй  білімдарлары  өркениеттің  белгісі  болып  табылатын 
түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. 
 
 
Болашақ  ұрпақка  мұра  етіп  калдырылған  көне  түркілік  жазба  ескерткіштер 
кең  байтақ  Қазақстанның  барлық  аймақтарынан  табылып,  ескерткіштер  саны  жыл 
сайын  өсіп  жатыр.  Көне    түркі  дәурінен,  оның  ішінде  V-X    ғасырлардан,  бізге 
мынадай жәдігерліктер жеткені мәлім:  
V  ғасырға  жататын  руна  (сына)  жазулы  Талас–Енисей  ескерткіштері: 
құлпытастардағы  эпитафиялар,  олар  1-2  сөйлем,  5-6  сөйлем  көлемінде  айтылған 
тарих; 
VIII    ғасырға    жататын    руна  жазулы  Орхон  ескерткіштері:құлпытасқа 
қашалып сызылған (жазылған ) түркі тайпаларының сол дәуірдегі атақты қағандары 
мен  батырлары:  Білге  қаған,  Елтірес  қаған,  Күлтегін,  Тоныкөктер  туралы  тарихи 
шежірелер. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

223
 ~ 
 
Орхон-Енисей  ескерткіштерінің  тілі  –  қазақтың  ауызша  және  жазба  әдеби 
тілдерінің бір арнасы. 
VIII-  X    ғасырлардағы  ұйғыр  жазулы  жору,  аян    айту,  діни  аңыз  түріндегі 
ескерткіштер  (жазбалар)  болған.  Ал  Түрік  қағанатында,  жоғарыда  көрсетілгендей, 
жазба әдебиет, поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тіл болған. Зерттеуші Қ.Өмірәлиев 
өте  дұрыс  танығандай,  түркілердің  V-  VIII  ғасырлардағы    көркем    сөз  үлгісі  –түркі 
поэзиясының, әдеби тілінің  туу басы емес, тарихи белгілі кезеңінің ғана басы, яғни 
түркілердің  ауызша  поэзиясы:тұрмыс-салт  жырлары,  жоқтау  өлең  айту  салты, 
дидактикалық шешендік толғаулар, мақал-мәтелдер өте арғы дәуірлерде жасалған.
 
XI ғасырда Маһмуд Қашғари келтірген «Алп Ер Тоңа –өлді меу?» деген өлең 
VII    ғасырдан  арғы  жерден  келіп  жеткен  өлең  үлгісі.Демек,  басын  VI-  VIII 
ғасырлардан  көп бұрын алған сына жазулы Орхон-Енисей, Талас жәдіргерліктерінің 
тілі  V-VIII  ғасырларда    Жетісу,  Алтай,  Орталық  Азияда  өмір  сүрген  оғыз,  қыпшақ, 
ұйғыр,  қарлұқ,  т.б.  тайпалардың  ортақ  жазба  тіл  болды.  Бұл  ескерткіштердің  тілі 
бірнеше дәуірлік  тарихы бар жасанды жазба тіл деген де, ауызекі баяндар стилінде 
жуықтайтын жылнамалық (шежіре іспеттес) эпостар тілі деген де (Ә.Қоныратбаев), 
эпитафиялық  проза  тілінің  үлгісі  деген  де  (П.Мелиоранский,  Қ.Өмірәлиев, 
Е.Жұбанов),  VI-VIII  ғасырлардағы  түркі  поэзиясының  үлгісі    деген  де  (Ф.Е.Корш, 
И.В.Стеблева)  пікірлер  жарыса  орын  алып  келеді.  Қайткен  күнде  де  Орхон  және  
Енисей  жазбалары  әдеби  тілдік  дүниеліктер,  өйткені  бұлардың  тілінде  белгілі  бір 
нормалар, дәстүрлі үрдістер бары даусыз. 
 
 
Орхон-Енисей  жазба  белгілері    бар  балбал  тастар  ең  алғаш  рет  XVII 
ғасырдың  соң  кезінен  бастап  Сібірді  зерттеушілердің  көзіне  түсті.  XIX  ғасырдың  II 
жартысында    Монголия  жерінен,Орхон  бессейнінен,  Якутияның  оңтүстігінен  тасқа 
жазылған  жазулар  көптеп  табыла  бастады.  Олардағы  жазуды  танып,  тұңғыш 
оқығандар жайында, тастағы жазулардың мазмұны, тілі, стилі жөнінде В.В. Радлов, 
С.Е.Малов,  П.М.Мелиоранский,  В.  Котвич,  Г.Рамстед,  А.Габендерден  бастап  шетел 
және  орыс  ғылымында  соңғы    жүз  жылдың  ішінде  орасан  көп  айтылып, 
зерттеліп,жазылып келеді. 
 
 
Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі  жөнінде  қазақ  зерттеушілері  де 
(М.Әуезов,  М.Жолдасбеков,  Қ.Өмаралиев,  Е.Ағыманов  т.б.),оның  ішінде    әсіресе 
Ғ.Айдаров, А.Аманжолов сияқты танымал ғалымдар  айтарлықтай үлес қосып келеді.
 
Қазақ  әдебиеттанушылары  Орхон  жазбаларын  қазіргі  түркі  әдеби 
дәстүрлеріне  ұластыра  зерттеуде  көбінесе  жанрлық  сәйкестіктерді  тауып,  сол 
жағынан  жанастырады.  Мысалы,  қазақ  фольклорындағы  жоқтау,  шешендік  арнау 
жанрларының көрінісі Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінен табылады дейді.Сонымен 
қатар  тілдік  көркемдеуіш  құралдардың  ішінде  риторикалық  сұрауларға  құрылған 
паралеллельдер (көктен тәңірі баспаса, төменде жер айырылмаса, ел-жұртыңды кім 
қорлайды  ),  антитезалы  параллельдер(азды  көп  қылдым,  кедейді  бай  қылдым; 
биікте  көк  тәңірі,  төменде  қара  жер),  стереотип  қайталаулар  (Бек  ұлдары  құл 
болды,  пәк  қыздары  күң  болды;  бастыны  еңкейткен,  тізеліні    бүктірген)  орын 
алғандығын  көрсетіп,  олардың  қазақ  ауыз    әдебиетіндегі  (эпостарындағы) 
аналогтерімен шендестіреді.   
Құлпытастардағы    Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге  қағандар  жайындағы  жазу-
сызулар жоқтау, мадақ  ретінде айтылған шешендік сөз үлгілері, өлеңдік ұйқастар, 
мақал-мәтелді  тіркестер  болғандықтан,  қазақтардағы  ақын-жыраулық  өнердің 
кейбір  тәсілдері  мен  эпос  жырларына    тән  көркемдік  дәстүрдің  кейбір  нышандары 
Орхон-Енисей  ескерткіштері    тілінен  байқалады.  Мысалы,  ескерткіштерде  тұрмыс-
салт  жырлары  мотиві  (айталық,  жоқтау  мотиві)  бар  дегенді  Жирмунский, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

224
 ~ 
 
Бертельстер атаған болатын.  IX-X  ғасырларда  дүниеге    келген  ескерткіштер  де 
бар.Солардың  бірі  -«Оғызнаме»  эпосын  қазақ    зерттеушілері,  оның  ішінде  Қ. 
Өмірәлиев жан-жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып, мынадай түйінге келеді: «Оғыз 
қаған»  эпосы  әуелде  ауызша  туған  дүние,  өте  көне  дәуірде  жасалған».  «Құтадғу 
білік»-13  мың  жолдан  тұратын  дидактикалық  дастан.  Авторы  –Жүсіп,  кейін 
әміршісінен  Хас  Хаджиб  (құпия  министр) атағын  алған,  ғылыми  әдебиетте  көбінесе 
Жүсіп  Баласағұн  (Юсуф  Баласагуни)  деген  атпен  танымал  ақын.  Бірі  ұйғыр 
жазуымен 1439  жылы,  екіншісі  араб  жазуымен  XIV  ғасырдың    екінші   жартысында, 
үшіншісі араб жазуымен XVII  ғасырдың  аяғында көшіріліп, хатқа түскен үш нұсқасы 
бар. 
 
 
 
Зерттеушілер  (А.Вамбери,  В.Радлов,  И.Березин,  В.Томпсен,  Р.Арат  т.б.) 
тарихта теңдесі жоқ бұл ескерткіштің әдеби мұра ретіндегі мәні   мен орнын зерттеп 
танытты  және  тексін  тұпнұсқа  бойынша  да,  транскрипциялап    та  жариялау,  өзге 
тілдерге аудару (мысалы, неміс тіліне) жұмыстарын жүргізіп келді. 
Ал  зерттеуші  Ә.Дербісәлиев  Қашқари  «Диванындағы»  жырлар  Күлтегін. 
Тоныкөк,  Білге  қаған  ескерткіштеріндегі  оқиғаларды  қайталайды  дей  келіп, 
«түркілер елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы екі 
классикалық  шығарма  («Құтадғу  білік»  пен  Қашқари  сөздігі)  қазіргі  қазақ  әдеби 
тілінің  негізін,  әдебиеттік  ескі  арнасының  көзін  танытады...  Құнды  мұра,  жазба 
әдебиетіміздің ең алғашқы тұлғаулы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген 
түркі тайпалары қалдырған орта ғасырлық ортақ мәдениет үлгісі»,-дейді.    
 
«Қазақ  батырлары»  тақырыбын  өткенде,  көне    түркі  ескерткіштеріне  көп 
көңіл  бөлемін.  Мысалы,  «Тоныкөк»  жырындағы  уағыз-  өсиетке,  нақыл  сөздерге 
тоқтаймын: Қол қосылса күш  өсер. Өлімнен ұят  күшті. «Күлтегін» жырынан : «Түн 
ұйықтамадым.  Күндіз  отырмадым.  Қара  терімді  төктім.Қып-қызыл  қанымды  
жүгірттім. Түркі  елі үшін». Бұл сөздерде  көркемділік, асқан патриоттық  рух жатыр. 
Осы  жырлардың  идеясы-  түркі  халқын    ауыз  бірлігіне,  сыртқы  жауға  қарсы 
ұйымдасқан    күреске,  ата-баба  жолын  берік  ұстауға  шақыру  қазіргі  уақытта  да 
өзекті.   
 
 
Байырғы  Сақ,  Ғұн,  Түркі,  Қыпшақ  тайпаларының  ұйытқысы,  әрі  қасиетті 
мекені  болған  Қазақ  жері  талай  тарихи  кезеңді  басынан  өткерді.  Соның  ішінде 
жылдар,  ғасырлар,  мыңжылдықтардың  тілсіз  куәсі  бола  білген  Батыс  өңірі,  Ақ 
Жайық  даласы  қатпары  қалың,  қыртысы  мол  тарихты  қойнына  бүгіп  жатыр. 
Алтайдан  Атырауға  дейін  көсілген  аймақты  мекен еткен  ата-бабаларымыз  өз  жерін 
көк  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғап  қалды.  Сырын  ішіне  бүккен  екі 
алып  мемлекеттің  қыспағында  қалған  кезде  данышпан  бабаларымыз  көрегендік 
таныта  білді. Тағылымды  даналықты  бойына  сіңірген  аталарымыздың  өсиетін  ұмыт 
қалдырмай, өткен дәуір елестерінен сыр шертетін көненің көзі ескерткіштер қашан 
да  бүгінгі  буынның  жанашыр  қамқорлығына  алынуы  қажет-ақ.  Талай  дүбір  мен 
дүрмекті  бастан  өткерген  қазақ  даласының  бір  бөлігі  -  киелі  Ақжайық  өңірі  де  сан 
тарихты  ішке  бүккен  тілсіз  куәгер.  Төлеген  мен  Жібек  секілді  арманда  кеткен 
ғашықтардың мекені, адамзат баласының арғы-бергі тарихындағы зұлмат соғыстың 
шеткері  майданы  мен  тылы  бола  білген  осы  өңір  тарихи,  мәдени  және  сәулет 
ескерткіштеріне бай облыстардың біріне жатады. Олар дала төсіндегі археологиялық 
ескерткіштер  мен  400  жылдық  тарихы  бар  көне  Орал  шаһарының  сәулет 
ескерткіштері. 
Алғашқы  іргетасы  осыдан  төрт  ғасырға  жуық  уақыт  бұрын  қаланған  Орал 
қаласы бүгінде Қазақстанның батыс қақпасы болып есептелді. Ол Еуропа мен Азия 
сынды  екі  алып  құрлықтың  шекарасын  бөліп  жатқан  Жайық  өзенінің  жағасында 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

225
 ~ 
 
орналасқан. Демек, екі мәдениет пен екі этносты ортақ еншілеген Орал қаласының 
қойнауы  тарихи  оқиғаларға  толы  екендігіне  таңдануға  болмайды.  Әрине,  қай 
аймақтың  да  өз  ерекшелігі,  өзіндік  кескін-келбеті  болады.  Бұл  ретте  Батыс 
Қазақстан  облысының  бақ-таланы  басқа  облыстармен  салыстырғанда  айтарлықтай 
айрықша. Ол Ресей Федерациясының бес бірдей облысымен шектесіп жатыр. Жалпы 
Батыс  Қазақстан  облысы  қайталанбас  ерекше  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерге 
бай  аймақ.  Соңғы  он  жыл  ішінде  бұл  ескерткіштерді  зерттеу  ерекше  қарқынмен 
жүргізілді.  Нәтижесінде  облыс  териториясында  6  мыңнан  астам  қорғандар  мен 
қоныстар, қала орындары мен қорымдар кешені есепке алынды. Олардың 200-дейі 
тас ғасырына, 4 мыңнан астамы сақтар мен сармат-савромат дәуірін қамтитын қола 
және  ерте  темір  ғасырына,  2 мыңға  тарта  ескерткіштер түркі  кезеңінен  бастап  XV-
XVI  ғасырларға  дейінгі  кезеңге  тиесілі.  Осы  ескерткіштердің  ішінде  Бөрлі 
ауданындағы «Қырықоба» патшалар қорымы кешені мен «Жайық қалашығы» деген 
шартты  атаулы  қала  орнының  шоқтығы  биік.  Зерттеулер  Батыс  Қазақстан  жері 
қуатты да белсенді саяси және экономикалық орталық мекені болғанын айғақтайды.
 
Бөкей Орда тарихи-музей кешені территориясындағы Хан сарайы ғимаратын 
қалпына  келтіру  жұмыстары  қадағаланып  отыр.  “Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау 
және  пайдалану  туралы  Қазақстан  Республикасы  заңының  18-бабында  жергілікті 
өкілет  органдарының  құзыреті  айқындалған.  Заң  бойынша  жергілікті  өкілет 
органдары  тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  анықтауды,  есепке  алуды,  қорғауды, 
сондай-ақ  оларды  өз  бюджеттерінің  есебінен  қаржыландырып  отыруы  тиіс. 
Ағымдағы  дамудың  маңызды  мәселе-лерінің  бірі  –  Қазақстан  экономикасына 
бағытталған  тікелей  шетелдік  инвестициялар  ағынын  әртараптандыру.  Оларды 
перспективалы  салаларға,  мысалы  туризм  саласына  бағыттау  керек.  Дамыған 
елдерде  туристік  кластердің  үлесіне  ІЖӨ-нің  10  пайызына  дейін  тиесілі.  Бізде  1 
пайыздан  да  төмен.  Бүкіл  еліміз  бойынша  туризмді  дамыту  нүктелерін  зерттеуіміз 
қажет,  олар  аз  емес»,  деп  атап  көрсетті  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауында.  
 
Тарихты  білмей,  терең  зерттемей  болашақты  болжау  мүмкін  емес.  Бүгінгі 
күні  дүние  жүзінің  көптеген  елдері  өздерінің  әр  дәуірде  қол  жеткізген  мәдени 
жетістіктері арқылы өз халықтарының ұлттық санасын көтеріп қана қоймай, осындай 
ескерткіштерді қыруар қаражат табудың көзіне айналдырған. Әлемнің қай мемлекеті 
болмасын,  елінің  тарихы  туралы  сыр  шертетін  рухани  және  материалдық 
құндылықтарға  келгенде,  өзге  шаруаны  жинап  қояды.  Салт-дәстүр,  тіл  мен  дін, 
мәдениет  пен  тарихты  саралап  алмай,  дамыған  ел  атану  мүмкін  емес.  Сондықтан, 
түрлі  тарихи  жағдайларға  байланысты  пайда  болған,  ұлтымыздың  өткені  туралы 
баяндайтын  баға  жетпес  мұраларды  сақтап,  ұрпаққа  қалдыру  үшін  зор  қамқорлық 
қажет екені дау туғызбаса керек!?.    
Қалың  қазақ  қоныстанған  оңтүстік 
өлкесінде  еліміздің  тұрғындарының  таңдай  қағуы  былай  тұрсын,  қадір-қасиетіне 
өркениетті  мемлекеттердің  өзі  өзгеше  қызығушылық  танытып  отырған  айтулы 
мекендер  бар.  Солардың  бірі,  бірегейі  даңқты  тарихи  қала  –  көне  Отырарды 
құжаттандыруға  және  консервациялауға  Қазақстан  мен  ЮНЕСКО  арасында  мәдени 
мұраны зерделеу саласындағы ынтымақтастық жыл санап артуы арқасында беделді 
халықаралық  ұйым  қолдау  көрсетуде.  ЮНЕСКО  Ұлы  Жібек  жолының  Қытай, 
Орталық Азия бөлігін бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне шекарааралық жоба ретінде 
енгізу  жұмыстарын  жасап  жатыр.  Сол  арқылы  Қазақстандағы  Жібек  жолы 
ескерткіштерін  топтап,  номинациялау  шаралары  іске  асырылуда.  Бұл  тізімге 
ортағасырлық  Сауран, Қызылқала, Ақыртас, Берел, Боралдай, Шілікті сияқты ежелгі 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

226
 ~ 
 
қалалар, қорымдар мен ескерткіштер енгізіліп отыр. Отандық ғалымдарымыз тарихи 
қазыналарымызды 
шетелдік 
әріптестерімен 
бірлесе 
зерттеп, 
ұлттық 
құндылықтарымызды жалпыадамзаттық мұраға айналдыруға күш салуда.    
 
 
Келешекте  «Мәдени  мұра»  бірегей  брэнд  ретінде  қалыптасып,  әлемдік 
қауымдастықта  мемлекетіміздің  мәртебесін  асырудың  тетігіне  айналады  деп 
күтілу«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. 
Өркениетті  ұлт,  ең  алдымен,  тарихымен,  мәдениетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы 
тұлғаларымен,  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына  қосқан  үлкенді-кішілі  үлесімен 
мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» 
деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  атап  көрсеткендей,  адамзат  тарихының  күретамыры  – 
мәдениет,  ал  мәдениеттің  күретамыры  –  адамзаттың  ақыл-ойы  мен  іс-әрекетін 
дүниеге  әкелген  материалдық  құндылықтар  болып  табылады.  Бұл  бәрімізге  белгілі 
ақиқат.  Қай  халықтың  болмасын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-бітімін 
даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. 
«Мәдени  мұра» 
мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  инициативасы  бойынша  әзірленді.  Бағдарлама  тарихи-
мәдени  дәстүрлерді  қайта  жаңғырту  мен  дамыту  сабақтастығын,  еліміздің  мәдени 
мұрасын  насихаттау,  қолдану,  сақтау  және  зерделеумен  байланысты  негізгі 
аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның 
ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық 
әдебиеттің  ғасырлар  бойғы  тәжірибесін  жинақтау,  ғылыми  және  көркем  сериялар 
құру 
бойынша, 
сондай-ақ 
тарихи-мәдени 
ескерткіштерді 
реставрациялау, 
консервациялау  және  мұражайландыру,  мәдени  мұра  мәселелерін  топтастыратын 
материалдық-техникалық, 
ғылыми-зерттеулерді 
дамыту 
мен 
нығайтуды 
қарастырады.   
 
 
 
 
Уақыт  тезіне  шыдай  алмай  бүлінген  ғимараттар  қалпына  келтірілуі  керек. 
Кейде  «айдалада  тұрған  сағананы  қалпына  келтірудің  қажеті  қанша?»  деген 
сөздерді  естіп  қаламыз.  Әрбір  ескерткіш  біздің  өткен  тарихымыздың,  бай 
мәдениетіміздің  куәсі  емес  пе?  Сәулет  ескерткіштерін  қайта  қалпына  келтіру  – 
туризм  үшін  де  табысты  сала  болары  анық.  Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін 
қорғау  және  күтіп-ұстау  ережесі  (бұдан  әрі  -  Ереже)"Тарихи-мәдени  мұра 
объектілерін  қорғау  және  пайдалану  туралы"  Қазақстан  Республикасының  1992 
жылғы  2  шілдедегі  Заңының  17-бабының  4)  тармақшасына  сәйкес  әзірленген  және 
тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  (бұдан  әрі  -  ескерткіштер)  қорғау  мен  күтіп-
ұстау тәртібін айқындайды.    
 
 
 Еліміздің  мәдени  мұрасының  ең  құнды  жәдігерлері  тарихи  ескерткіштер 
десек,  өткен  тарих  қойнауынан  сыр  шертетін  олар  бүгінгі  ұрпаққа  көп  мағлұмат 
беретіні  сөзсіз.  Отанымыздағы  ірілі-ұсақты  ескерткіштерді  қорғау,  өзінен  кейінгіге 
жеткізу бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Қазақстанда мәдени ірі ескерткіштер өте көп, ал, 
өзіміздің  бас  қаламыз  Алматыда  орналасқан  ескерткіштер  де  жетіп  артылады. 
Мәселен,  Панфиловшылар  саябағындағы  28  батырға  арналған  «Даңқ»  мемориалы, 
ескі алаңда орналасқан шығыстың қос жұлдызы – Әлия мен Мәншүк ескерткіштері, 
Астана  алаңындағы  Тәуелсіздік  монументі,  Желтоқсанда  қыршын  кеткен  жастарды 
еске  алу  құрметіне  орай  жасалған  «Тәуелсіздік  қарлығашы»  және  қазақтың  ірі 
тұлғаларына  арналған  ескерткіштер  төл  тарихымызды  ашып,  ата-бабалардың 
өмірінен сыр шертіп, әрі мәдени астанамыздың көркін келтіріп тұр. Адамзат баласы 
қай  уақытта  да  үстіндегі  үйі,  ауласындағы  төрт  түлігіне  арналған  қорасы,  тіпті 
бақилық ғұмыр кешкендегі мәңгілік мекенінің де талғаммен салынып, көз тартуына 
ерекше  көңіл  бөлген.  Мүмкін  содан  ба,  ондай  сәулет  өнері  ғасырдан  ғасыр  асып, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

227
 ~ 
 
біздің заманымызға да жетті. Қазір Атырау өңірінің қай жерінде де архитектуралық-
археологиялық және қолданбалы өнердің жүздеген озық үлгілері бар. Атадан балаға 
жеткен  сол  мұраларды  көздің  қарашығындай  сақтап,  бүлінгенін  қалпына  келтіру, 
қалыпқа келгенін ғылыми негізде құжаттап, тіркеу — бүгінгі ұрпақтың міндеті. 
 
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды 
жәдігерлері  болып  табылады.  Ескерткіштер  әрбір  елдің  тарихы  мен  өткенінен  сыр 
шертер  халықтың  ұлттық  байлығы  ғана  емес  сол  елдің  өткені  мен  бүгінін 
саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі 
таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. 
Соның  ішінде  археологтардың  пайымдауынша Түркістан  аумағында  тізімге  алынған 
ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді. 
 
 
 
 
 
Ескерткіштерді тұпнұсқа қалпында сақтау қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі 
болып  отыр.  Ескерткіштерді  қорғау  мен  пайдалануды  айқындау  және  олардың 
қорғау аймақтарын анықтау мақсатында  тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау 
аймақтарын,  құрылыс  салуды  реттеу  аймақтарын  және  қорғалатын  табиғи 
ландшафт  аймақтарын  айқындаудың  ережелерін  және  пайдалану  режимін  бекіту 
туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  28  қазандағы  №1218 
қаулысында  көрсетілгендей  Сәулет  және  қала  құрылысы  ескерткіші  жерден  оның 
биік нүктесіне дейінгі арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын 
қорғау аймағымен қоршалуы тиіс, ал археология ескерткіші 50 метрболатын қорғау 
аймағымен  қоршалуы  тиіс  деп  көрсетілген.  Ауылдық  округ  аумағында  орналасқан 
тарихи-мәдени  мұралар  жеке  тұлғалардың  жауапсыздығынан  өзгерістерге  ұшырап, 
кейбір  жағдайда  жойылып  кету  қаупі  төніп  отырады.  Осы  орайда  жергілікті  халық 
аталған  тарихи  мәдени  мұраларымызды  бүлінуден,  зақым  келтіруден  қорғап,  өсіп 
келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес 
асыл  қазынасы  екенін  түсіндіріп,  насихаттап,  мектептерде  өтілетін  тәрбие 
жұмыстарына  енгізсе  келешек  ұрпақты  өз  елінің  мәдениетіне,  өткен  тарихына 
жанашырлықпен қарайтын, ұлтжанды етіп тәрбиелеудің маңызы зор. 
 
 
Тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорғаудың  маңыздылығы  жайында  көрнекті 
мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай халықтың болса 
да  рухани  әлеміне  саяхат  оның  көне  ескерткіштерімен,  тарихи  орындарынан 
танысудан  басталатыны  мәлім»  деп  жазған.      Ескерткіштерді  қираудан,  бүлінуден 
сақтау  өткен  көне  замандарда  да  өткір  мәселенің  бірі  болып  отырған.  Ежелгі  грек 
елінің  жылнамашысы  Полибий:  «Болашақтағы  жаулап  алушылар, 
өздері 
бағындырған  қалаларды  қиратпауды,  өз  елдерін  басқа  халықтардың  қайғысы  мен 
көз  жасымен  байытуды  үйренбейді  деп  сенгім  келеді»  деген  екен.    Мәдени 
құндылықтардың  тоналуы,  олардың  зақымдануы  кез-келген  елдің,  халықтың 
тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жоюлуына алып келеді. 
 
Қазақ  халқының 
көне  ескерткіштері  сына  жазулары  арқылы  біз  көптеген    деректер  алып  ата-
бабаларымыздың  өмір  сүрген  дауіріне  аз  да  болса  шегініс  жасап  үңіліп  таныса 
алдық. Бізден кейінгі ұрпақта біздің жеткен жетістігімізді мақтан тұтарлықтай тұлға 
болып  қалыптасуы  үшін  көнеден  келе  жатқан  асыл  мұрамыз,ата-бабамыздың  көзі 
тірісінде  бізге  қалдырып  кеткен  аманаты,  яғни  ескерткіш  туындыларын  қастерлеп 
қадірлей  білуміз  керек.Жастарды  ата-баба  қалдырған  мол  мұраны  ұлағаттап  елге 
бүкіл  дүние  жүзіне  таныстыруға  шақырам.Біздің  университетімізге  есімі  берілген 
Халел  Досмұхамед  атамыздың  ескерткіші  де  біз  үшін  бейне  бір  университет 
тірегіндей  ажарын  ашып  тұрады.  Бұл  тарихи-мәдени  мұралар  көне  тарихтың  куәсі, 
өткенімізден  сыр  шертіп,  бүгінгі  күнге  дейін  сақталынып  жетіп  отырған 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

228
 ~ 
 
ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған 
жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет