Әдебиеттер тізімі
1.Күлтегін //Ертедегі қазақ әдебиеті. Хрестоматия.- Алматы,1967. – 75-80б.
2.Қоңыратбаев, Ә Қазақ эпосы және түркология. – Алматы. – Ғылым, 1987. – 25-31б.
3.Мыңжан, Н. Қазақтың қысқаша тарихы.- Алматы, 1994ж. – 103-124б,
4. Омарова,Г, Шарабасов, С. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Фолиант, 2007. – 250б.Ф
әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993. – 61-80б.ФФ
5.Турсынов, Е Древнетюркский фольклор: истоки и становление.- Алматы. – Дайк-
Пресс, 2001. – 18-37б.
6. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма.-Алматы, 2003.-368с.
7. Оразбайұлы М. Көне мәдениет көзі: сан ғасырлық тарихы бар жазуымыз туралы
ғылыми деректер не дейді? //Ана тілі.-1991.-17 қыркүйек.
8. Орынбеков М. С. Қазақ философиясына кіріспе // Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы.-1993.-N3.-16-24 б.
9. Қорқыт ата кітабы / Tүрік тілінен ауд. Б. Ысқақов.-Алматы: Жазушы,1994.-160б.
10.Молдабеков Ж.Ж.Қазақтану:Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті,2003.-459б.
11. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі ( «Диуани лұғат ат-түрік» ).-Алматы, 1993.-452 б.
12. Әлжанов Қ. М. Қашқари: дүниетаным айшықтары // Қазақ даласының
ойшылдары (ІХ-ХІІ ғғ.) – Алматы: Ғалым, 1995.-160 б. /98/.
13. Баласағұн Ж. Құтты білік.-Алматы, 1986.-196 б.
Резюме
Работа посвящена злободневной теме – охране и использованию историко-
культурного наследия Казахстана, в частности Приуралья, с приведением сведений
о количестве, видах и сохранности объектов. Подведение некоторых итогов работы
учреждений сферы культуры, несущих эту миссию. Автор подчеркивает значимость
охраны историко-культурного наследия народа Казахстана как основу и гарант его
развития в условиях глобализации.
Summary
Work is devoted a topic of the day to protection and use of a historical and
cultural heritage of Kazakhstan, in particular Priuralie, with reduction of data on guantity,
kinds and safeties of objects. Leading of some results of work of establishments of
sphere of the culture, bearing this mission. The autor underlines the importance of
protection of a historical and cultural heritage of the people of Kazakhstan as a basis and
the guarantor of its development in the conditions of globalization.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
229
~
УДК 908.4
А. Шамғонов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті
МАҚСОТ ЖОЛЖАНОВ- ӨЛКЕТАНУШЫ ҒАЛЫМ
Аңдатпа
Мақалада өлкетанушы - ғалым М.Жолжановтың Құрманғазы Сағырбаевтың
өмірі туралы зерттеу еңбектері сөз болады.
Негізгі сөздер: Мақсот Жолжанов, Құрманғазы Сағырбаев,профессор Ф.Гебель
1. М. Жолжанов- Құрманғазы Сағырбаев өмірін зерттеуші.
Келесі жылы күй атасы Құрманғазының туғанына 190 жыл толады.
Құрманғазы Сағырбайұлының 175 жылдығы бұрынғы Теңіз ауданында 3 рет аталып
өтілді. Неге 3 рет атап өтілді? Себебі, ол жылдарда ұлы сазгердің шын мәнінде қай
жылы туғандығын дәлелдеген ешкім болмады. Ақыр соңында, бұл мәселеге тарихшы
өлкетанушы Мақсот Жолжанов біржола нүкте қойды.
М. Жолжанов- Құрманғазы Сағырбайұлының туған, өлген жылдарын 2
жолмен – әуелі логикалық тұрғыда, кейін архивтік деректер арқылы зерттеп,
дәлелдеді.
Алдымен, М. Жолжановтың Құрманғазының туған, өлген жылдарын
логикалық тұрғыда қалай зерттегеніне тоқталайық. Бұл мәселені М. Жолжанов
қолға алғанға дейін Құрманғазының туған, өлген жылдары туралы әртүрлі пікірлер
айтылып келген. Мысалы, академик,өнертанушы А. Жұбанов Құрманғазы 1806
жылы туып, 1879 жылы қайтыс болды десе, тарихшы ғалым И. Кенжалиев 1818
жылы туып, 1889 жылы дүниеден өткен деген болжамдар айтқан. Алайда, М.
Жолжанов ,А. Жұбановпен, И. Кенжалиев ұсынған бұл пікірге үлкен күмәнмен
қараған. Оның себебін ол былайша
түсіндіреді:« Құрекеннің өмір жолын ашудың
ең басты көзі- 1836-1837 жылдардағы Исатай, Махамбет басшылығымен болған
Бөкей ордасы жұртшылығының көтерілісі еді... Егер ұлы сазгер 1806, 1816 немесе
1818 жылдардың біртінде туған болса, 30 не 18-20 жасар жігіттің халқының азаттық
үшін күресіне қатыспауы мүмкін бе?»
М. Жолжанов Құрманғазының құлыптасындағы «1879» деген жазу қате деп
есептегенмен, «73 жаста» деген сөздерге үлкен мән берген. «Біз бұл мәселені
ғалымдардың қателері мен еңбектерінде келтірілген мәліметті басқаша жолмен-
талдау арқылы логикалық жолмен шештік» , деп жазады. М. Жолжанов ол былайша
болжам
жасайды:
“Құлпытасты
оюшы...оңнан
солға
қарай
«Құрманғазы
Сағырбайұлы 73 яшында» деп ойып бітірген соң, тастың ең шетіне «1897» деп оюға,
яғни арабша жазылу тәсілімен 7,9,8,1 сандарын оңнан солға қарай ретімен оюға тиіс
еді. Алайда тастағы 1879 –ға жете назар аударғанымызда мынадай жәйтке тап
болдық. Шебер келесі жолдың оң жақ бөлігіне сәл ғана төмендеу «жылы» деген
сөзді (оңнан солға қарай) мәнерлеп ойып алып, оның үстіне 1897 - ні оюды ойлаған.
Ол қазірше солдан оңға (1,8,9,7) ойып келе жатып, «9» ды ұмытып кеткен. Оған
дәлел 1,8,7 сандарының мөлшері де, ара қашықтықтары да келісімді-ақ
орналастырылғандығында, ал өзінің тиісті орнынан айырылған «9» саны
басқаларынан 2 есе жіңішке де, қасындағы «7» ге жанастырыла, әрең сыйғызылып
ойылған. Бұл оның өз орнынан қалып қойғанын даусыз дәлелдейді”. Осылайша М.
Жолжановтың дәлелдеуінше Қ. Сағырбаев 1897 жылы дүние салған болып шығады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
230
~
Осының
бәрі
«...
логикалық
ой
нәтижесі
және
интуициялық
тұжырым»,қорытындысы- деп түйіндейді зерттеуші.
М. Жолжанов мұрағаттық деректерді ғана басты дәлел деп есептейтін. Бұл-
нағыз ғалымдарға тән қасиет.Логикалық тұрғыда Құрманғазының туған, өлген
жалдарын нақты анықтаса да, М. Жолжанов өз дәлелін мұрағаттық деректер
арқылы негіздеуді қажет деп есептеді. Осы мақсатпен ол Астрахань қаласындағы
шаң басқан мұрағаттарды жалықпай аударып, төңкерді. «Іздеген жетер –
мұратқа»,-дегендей, ғалым ақыр соңында өз мақсатына жетті. Өзінің Астрахань
қаласындағы мұрағаттан Құрманғазының туған жылына байланысты деректерді
қалай тапқаны туралы М. Жолжанов былай деп жазады:
« ... талай ғалымдар ештеме таба алмаса да, Астрахань мемлекеттік архивіне
барып, бақ сынауға бел байладық. 1984 жылы Исатай Кенжалиев ақтара тексерген
203 қордың бірінші байламынан 37-істі таңдап алып, екінші күні 629- іске тап болып,
қуанғаннан не істерімді білмедім. Бұл істің 21,31 беттерінен сазгердің жылқы ұрлады
деген жаламен Краснояр түрмесінде (Астрахань облысы) үш ай отырғанын
анықтадым. Түрменің смотрителі Сусленков Астрахань губерниясы прокурорының
орынбасарына 1882 жылдың 9 наурызында 83- санды рапорт жазып, онда ақпан
айында түрмеде отырған 43, наурызда 38 адамның тізімін берген. Біріншісінде
Құрекен 42, ал екіншісінде 38- кісі болып тіркелген. Оның атының тұсында ұлты,
сотталу себебі, үкімі, жаза мерзімі, жасы(59) анық жазылған”.
Егер, Құрманғазы Сағырбайұлы 1882 жылы 59 жаста болса, онда ол 1823
жылы туған болып шығады. «Құрекең 1897 жылдың басында дүние салған, - деп
жазады зерттеуші - өйткені ол осы жылдың наурызы ішінде кіріп қайтса,құлыптаста
«73»емес, «74» жасында делінер еді. Қазақтың жыл санауы бойынша
Құрманғазының туған жылы 1823-1824 (наурыздан наурызға дейін) қой жылы, ал
қайтыс болған 1896-1897 жылдар «мешін» болып келеді. Осылайша, ұлы сазгер қой
жылы туып, мешін жылы алты мүшелінде дүниеден өткен”.
Мұрағаттан Құрманғазының қай жылы туғандығын делелдейтін деректі
табуы- М.Жолжановтың ғылыми үлкен табысы еді. Осы үлкен жаңалықты ашқан
Ғылым Академиясының академигі де емес, ғылым докторы не профессор да емес,
Теңіз ауданындағы бір мектептің бұрынғы мұғалімі- Мақсот Жолжанов еді.
Сондықтан да біз мұны Жолжанов феномені дейміз. Бұл- М.Жолжанов бойындағы
зерттеушілік қабілеттің биік көрінісі, нақты жемісі.
Өлкетанушы ғалым М.Жолжанов ұлы сазгер Қ.Сағырбаевтың туған,өлген жылдарын
1993 жылдың өзінде, яғни, республикамызда оның 175 жылдығы аталып өтіп жатқан
кезде анықтаған болатын. Алайда, Құрманғазының туған, қайтыс болған жылдары
туралы
А.Жұбанов,
И.Кенжалиев,
Қ.Жұмалиев,
Ұ.Рахметуллин
сияқты
зерттеушілердің пікірлері әртүрлі болғандықтан, осы әртүрлі пікірлерді бір арнаға
түсіріп, жылдарды дәл анықтау мақсатында Атырау облысының басшылығы ҚР
Ұлттық Ғылым Академиясына сұрау салды.Осыған орай ҚР ҰҒАның М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында сазгердің өнері мен қызметін дәл
анықтау жөнінде арнаулы сараптау комиссиясы құрылды. Сол комиссияның шешімі
мынадай болды:
Қорытынды
ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты халық
композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған- өлген жылына қатысты
сарапшылық комиссиясының қорытындысын хабарлайды : Архив деректері мен
зерттеушілер М.Жолжанов , Қ.Жұмалиев , И.Кенжалиев, Ұ.Рахметуллиннің
пікірлерін мұқият сараптай отырып, халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
231
~
1823 жылы туылып, 1896 жылы дүние салған деген қорытындыға келді. («Атырау»
газеті, 12 қыркүйек 1996 жыл)
Осылайша, ұлы сазгердің туған, қайтыс болған жылдарын анықтау жолында
талай тер төгіп, еңбек сіңірген Мақсот Жолжанов үлкен ғылыми табысқа ие болды.
Оның ашқан жаңалығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының
өзі мойындады.
«Бұл дүниедегі барлық көргендеріңізді күдікпен қабылдаңыз»,-деген екен бір
ғұлама. Сол ғұлама айтқандай, М.Жолжановтың бойындағы бір ерекше қасиет-
оның зерттеу объектісіне күмәнмен қарайтындығы еді. Бұл нағыз зерттеуші
ғалымдарға тән құбылыс. Ал, күмәнді мәселе салыстыру, талдау арқылы шешіледі.
М.Жолжановтың Құрманғазының туған, өлген жылдарын дәл анықтауы- оның бұл
мәселеге өте күмәнмен қарауынан туған. Осылайша,талай ғалымдар дәлелдей
алмаған мәселені шешіп беруі. М.Жолжановтың жан-жақты ғалым екендігінің нақты
көрінісі болып табылады.
Сондықтан да біздің даңқты өлкетанушы жерлесіміз, «дала академигі»
Мақсот Жолжановпен мақтануымыз керек, қадірменді ағайын.
2. М.Жолжанов- профессор Ф.Гебельдің ғылыми саяхаты туралы
Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауы барысында ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында төменгі Еділ-Жайық өзендері аралығында орналасқан Бөкей
хандығының шекарасын дәлірек өлшеп, оларды картаға түсіру және оған жапсарлас
орналасқан Орал казактары әскери бекіністерінің жағдайларымен танысу
мақсатында Эстониядағы Дерпт(қазіргі Тарту) университетінің профессоры
Фриедемен Гебельдің басшылығымен 1834 жылы жүргізілген ғылыми саяхат туралы
өлкетанушы ғалым М.Жолжанов 1988 жылы ақпан айында республикалық «Білім
және еңбек» ғылыми-көпшілік журналында «Сахаралықтар жүрегіме жақын...»
деген тақырыпта мақала жазған. Автор бұл мақаланы жазу себебін былайша
түсіндіреді: ХІХ ғасырдың 30- жылдарында төменгі Еділ-Жайық аралығындағы қазақ
даласын арнайы зерттеген профессор Ф.Гебельдің есімі түсініксіз себептермен 150
жыл бойы ұмыт қалып келеді. Ал, 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген
С.Зимановтың «Россия және Бөкей хандығы» атты кітабында Ф.Гебельдің ғылыми
саяхаты туралы азды-көпті айтылады, бірақ Ф.Гебельдің Бөкей ордасында болған
жылы 1835 деп, жаңсақ көрсетілген,- деп жазады. Сондықтан да М.Жолжанов жас
зерттеуші ғалымдарды, өлкетанушыларды және жалпы жұртшылықты Ф.Гебель
туралы іздестіріп тапқан кейбір деректермен таныстыру мақсатында осы «кішігірім
мақаласын» көпшілік назарына ұсынған. Автор, алдымен Ф.Гебельдің ғылыми
өміріне қысқаша тоқталып, одан әрі Ресей Ғылым Академиясының тапсыруымен
төменгі Еділ-Жайық арасындағы далалықты зерттеу мақсатымен жүргізілген ғылыми
экспедиция жұмысына нақты тоқталады. Ғылыми саяхат 1834жылы 21 қаңтарда
Дерпттен басталып, Петербург-Москва-Саратов қалалары арқылы олар Камышинге
келіп жетеді. 1834 жылдың сәуір айының соңында экспедицияа Ордаға келіп Жәңгір
хан қабылдауында болады, осында инженер Тафаев сызған Бөкей хандығының
картасымен танысады. Экспедиция мүшесі К.Клаус осы картаның көшірмесін қағазға
дәлдеп түсіріп алады. Ордадан шыққан экспедиция Нарын құмын жағалап Қамыс-
Самар көлдеріне, Сары және Қара өзендері бойына зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Калмыков бекінісінен Жайық өзенін төмен қарай бойлап, жолшыбай Индер тауы мен
тұзды көліне соғып, біраз уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Индер бекінісімен
танысып, оның тауы мен көлінің суретін салады, таулардың жыныстарын барлап,
тұзды судың анализін алып, аймақтың өсімдіктерін жинайды. Экспедиция мамыр
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
232
~
айының бас кезінде Гурьевке жетіп, бір аптадай болған шақтарында Каспий теңізіне
шығып Пешной аралында теңіз суына химиялық анализ жасап, Жайықтың сағасын
картаға түсіреді. Гурьевтен Астраханьға келе жатып қазіргі Махамбет, Исатай,
Құрманғазы аудандары жерлерінің үстімен Красный Яр арқылы Астраханьға келеді.
Астраханьнан Красный Яр арқылы қазіргі Құрманғазы ауданына қарасты Кордуан
деп аталатын 17 тұзды көлдерге күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Көлдердің
сулары мен балшықтарына жүргізілген химиялық анализ нәтижеінде Ф.Гебель Кіші
Кордуан көлінің қышқылды тұзынан сода өндіруге болатнын дәлелдеп, сол кездегі
Астрахань дәріханаларының қожасы К.И.Оссенің 1839-1860 жылдарда өндірістік
әдіспен осы көлдің тұзынан сода шығаруына жол ашады.
Кордуан көлдерін зерттеп болған соң Ф.Гебель Қазақстанның батыс
шекарасына жақын орналасқан Азғыр, Боғдо және Чапчаги тауларына барып
ондағы тас тұздары мен тұзды көлдердің суын зерттеп, 14 қыркүйекте Дерптке
қайтып оралады. Ғалым ғылыми саяхат барысында жинақталған деректерді 4 жыл
бойы тиянақты зерттеп 1837-1838 жылдары Дерпт қаласында «Оңтүстік Россия
далаларына саяхат» атты 2 томдық еңбек шығарады. Еңбектің І томы зерттелген
аймақтардың флоралары мен фауналарының өте сирек кездесетін түрлерін
сипаттауға арналса, 9 тараудан тұратын ІІ-томның 7 тарауы теңіздер мен тұзды
сулардың химиялық анализдеріне, VIII – тарауы К.Клаустың Каспий флорасы мен
фаунасын суреттеуіне ең соңғы тарауы профессор Ф.Крузенің және экспедиция
мүшелерінің өлшеулері мен Тафаев картасының көшірмесі негізінде дайындалған
«Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы қырғыз даласы» деген атпен 1837 жылы
басылып шыққан картасына арналады. 1834 жылғы Ф.Гебель бастаған Бөкей ордасы
аумағына жасалған ғылыми экспедиция материалдары «150 жылдан бері Тарту
университетінің ғылыми кітапханасында сақталып келеді»,- деп жазады өлкетанушы
ғалым. Оның пікірінше, «бұл картаның біздің республикамыздың батыс
аудандарының этнографиясын, әсіресе топонимикасын зерттеуде алатын орны зор»
Ф.Гебель тұлғасы әлі толықтай тани түсуді, ал ғылыми экспедиция материалдары
зерттей түсуді қажет етеді,-деп қорытындылайды Мақсат Жолжанов.
Әдебиеттер тізімі
1. Жолжанов М. «Думаю, это было так...» «Прикаспийская коммуна»,
1996, 10 сентября.
2. Жолжанов М. Құрманғазы .«Ана тілі» газеті 1993 жыл, 2желтоқсан.
3.Жолжанов М. Когда родился Курмангазы?«Волга», 1996, 27 января
4.Жолжанов М. Құрманғазы, күй атасы туралы ақиқат пен жалғандық. «Атырау»
газеті, 1996 жыл, 20 ақпан.
5.Жолжанов М. Ақиқат қымбат бәрінен. «Егемен Қазақстан» газеті 1996 жыл, 17
шілде.
6.Жолжанов М. Құрманғазы, «Атырау»газеті,1996, 30 шілде
7.Құрманғазы. Жинақ. (Құрастырған М. Ізімұлы.) Алматы, «Арыс» баспасы,2004
жыл.
8.Хұсаинова
Вероника
Ұлы
сазгер
Кұрманғазы
Сағырбайұлы
өмірі
мен
шығармашылығы туралы жаңа деректер. (Диплом жұмысы) Атырау, 1998
9.”Білім және еңбек” Ғылыми-көпшілік журнал.1988,№2
Резюме
В статье речь идёт об учёном краеведе М.Жолжанове, который изучил
биографию КурмангазыСагырбаева и экспедиции профессора Ф.Гебеля.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
233
~
Summary
In the article the question is about historical and regional work of M.Zholzhanov
Р.И. Шәудірбаев
Маңғыстау политехникалық колледжі, Ақтау қаласы
АДАЙЛАР ОРЫС ӘСКЕРІНІҢ АХАЛ – ТЕКЕ ЖОРЫҒЫНДА (1877-1881 ЖЖ.)
(М.П. АРНОЛЬДИДІҢ «В ЗАКАСПИЙСКОЙ ОБЛАСТИ» АТТЫ ЖАЗБАСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Аңдатпа
Аталған мақалада ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Маңғыстауды алғаннан
кейін, 1875 жылдан бастап, Ресей империясы әскерлері Парсы шекарасына дейінгі
өңірдегі түркменнің жауынгер Ахалдық Теке руы түрікмендерін бағындыруға Адай
руын пайдаланғандығы, арнайы жорық барысында адай жігіттерінің тапқырлығы
тың деректер негізінде баяндалады.
Негізгі сөздер; Ахалық Теке руы түрікмендері, Адай руы, Патша әскерлері,
Түркістан, Ленкоран, Лабинск казак полкі, Форт-Александровскі, Арнольди.
Қазақ даласының батысындағы саны жағынан ең көп және ХІХ ғасырдың
соңғы ширегіне шейін Ресей империясы билігіне мойынұсынбай, орыстардың
Каспийдегі балықшыларының өміріне қауіп төндіріп, топ-тобымен тұтқындап, Хиуаға
құлдыққа сатумен аты шыққан тынышсыз Адай руы мекендейтін Маңғыстауды,
Орынбор губерниясынан бөліп алып, Кавказға әскери округіне қарату шараларын
жүргізу, патша үкіметінің отаршылдық саясатындағы үлкен бір бет-бұрыс болды.
Аталған өңір осыған дейін әкімшілік тұрғыдан Маңғыстау приставтығы деп аталды.
Приставтыққа Маңғыстау түбегінің аумағы мен Үстірттің Сағызға дейінгі бөлігі
қарайтынды. Маңғыстауды, Орынбор губерниясынан бөліп алып, Кавказға әскери
округіне қарату шаралары алынған соң, ресми бұйрық шығарылып, 1870 жылға
дейін өңірдің әкімшілік орталығы Форт - Александровскі қамалын күзеткен Орынбор,
Орал казак әскерлері Терек казак әскерімен алмастырылып, Маңғыстау приставтығы
әкімшілік атауы да өзгертіліп, әкімшілік-территориялық реформа нәтижесінде
Кавказ әскери округі құрамына енгізілген.
Маңғыстаудағы әскери шараларды әуелі бізге Л.Толстойдың «Казактар»
повесінен белгілі Гребеньдік казактар жүргізіп, содан кейін олардың орнын Лабиндік
казактар басты. Себебі, табиғат жағдайы өте қатал, аттардың жем-шөбіне дейін
кемемен жеткізілетін қамалда бір әскер қосынын ұзақ ұстап жабдықтау, адамдар
мен аттары жерсінуі де қиын болды [1.С.40-42].
Маңғыстауды алғаннан кейін, 1875 жылдан бастап, Ресей империясы
әскерлері Парсы шекарасына дейінгі өңірдегі жауынгер Ахалдық Теке руы
түрікмендерін бағындыруға кірісе бастады. Түз елін «бөліп ал да, билей бер»
саясатын мықтап ұстанған, басқаның қолымен от көсеуге үйренген ресей үкіметі,
түрікмендерге қарсы бұрыннан жауласушы Адай руын да пайдаланды. Арадағы
жаугершілікті оңтайлы пайдаланған патша үкіметі, Ахалық Теке руы түрікмендері
мен Адай руын айдап салу арқылы екі жақты әлсірете отырып, өз отарлау саясатын
жүргізуге ұмтылды.
Патша әскерлері Түркістанды әскери күш қолдана отырып жаулап алуға
кіріскенде, оларға айбынды қарсылық көрсеткен түркмендер болды. Ахалдық Теке
руы түрікмендеріне қарсы жорыққа әскери әкімшілік тыңғылықты дайындалып, түрлі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
234
~
амал-тәсілдерді қолданып бақты. Алғашқы барлау жұмыстары қолға алып, оны
түрікмендерді жақсы білетін адайларды қатыстыру арқылы жүргізді. Осыған орай,
1876 жылы көктемінде Ленкоранда тұрған Лабинск казак полкінің №5 жүздігінің тез
арада су жолымен Форт-Александровскіге әкеліп, әскери жаттығулар жүргізіп,
жылқылыарды жерсіндіру шараларын алып, жергілікті жердің әдеп-ғұрыпын
зерттеп, адайлармен келіссөздер жүргізіп уәде байланысты. Операцияға тәжірибелі
офицерлерді, инженер-форсификаторларды, т.б. мамандарды тартты. Мәселен,
казак әскерінің жүзбасы Михаил Павлович Арнольди заманына сай, оқыған, білімді,
атақты әскери маман болған. Жорықтан кейін, ол осы сапарынан «В Закаспийской
области» атты жазбаларын қалдырғаны тарихтан белгілі. Шығарма офицердің жол
жазбалары емес, үлкен тарихи-этнографиялық, танымдық мәнге ие өте құнды еңбек
табылады. Шығармада орыс отаршылдарының адайлардың мәдени жетістіктері, мал
шаруашылығындағы
әдеп-ғұрыптары,
дәстүрлері
баяндала
келе,
орыс
отаршылдарының жергілікті халыққа деген қөзқарастары да жазылған.
Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығы барысында мұндай деректерді
ғылыми айналымға қосып, зерттеудің маңызы өте зор екендігін белгілі. Еңбекте
Форт-Александровск жай қамал емес, теңіздің осы жағалауындағы патша үкіметінің
үлкен тірек пункті деп көрсетіледі. Сол кезге сай, қамалдың әскер күші жеткілікті
жасақталып, бекіністе кавказдық Самур полкінің 3 ротасы, 500 адамнан тұратын
жергілікті әскерлері, артиллериясы болған. Жорыққа дайындық барысында оған бір
жүздік атты әскер, шамамен 160-170 адам тағы қосылып, әскери қимылдар жүргізу
шаралары сәйкестендіріліп, бірлескен жаттығулар жүргізілді. Кавказдағы Петровск
портымен навигация ашылған кезде, тұрақты түрде «Каспий» кемесі арқылы кеме
қатынасы жолға қойылып, әскерді жабдықтау, байланыс жүйелері қалыпқа
келтіріліп, инфраструктура дайындалды. Осыған сай, болашақ жорыққа қажетті 2
мың түйе көлігі жергілікті қазақтардан жалданып алынған.
Жергілікті халықтың өкілдерінен жасақталған әскери қосындардың жорыққа
қатысуы, оларды әскери қару - жарақпен жабдықтауды қажет етті. Сонымен бірге,
әскери іс-қимылдар бірлігіне сай, машықтануға мәжбүрледі. Қазақтардан әскер
қосынын жасақтау көп қиындық туғызды. Ат жемі, азық-түлік қазына есебінен
өтеліп, қазақтардан әр атты әскерге айына 20 сом, урядниктерге 30 сомнан жалдап,
әскери жүздік жасақталған. Жүзбасы ретінде, приставтың тілмашы, орысшаға жетік,
1873 жылы Хиуа жорығына қатысып, ерлік көрсетіп Георгиев кресімен
марапатталған Қосым Мырзабаев тағайындалып, 50 сом жалақы бөлінген.
Мініс аттары, киімдері өз тарапынан қарастырылған, аталмыш әскери жасақ
тез арада казак әскерінің үйретуімен, сапқа тұрып, жүруді үйренді. Қару-жарақтан
қылыштар менен найзалар, 20 білтелі және аңшы мылтықтары бөлінген. Әскер
басшылары қазақтар өзімізге қарсы жұмсайды деп қорқып, мылтықты қөп бермеген
екен [2. С. 48-50]. Казак әскерінің жүзбасы Михаил Павлович Арнольди
жазбаларында, қазақ жосыны туралы – «Жасақ сырт көзге ала-құла, қораш,
қолайсыз тобыр көрінгенімен, жорық кезінде бізге өте көп көмек көрсетті. Әлденеше
рет тіпті болуы мүмкін еместей тұстардан су көздерін тапты, ешкімнің басына
келмейтін жерлерден құдық қаза қояды. Казактарды мал жайылысы бар жерлерге
тез апарады, елді мекенді тапқыш, қауіпті алдын-ала сезгіш, пысық, шаршамайды,-
деп жазған [3.С.15].
Адай жасақтары аталған жорық барысында шолғыншы барлаушылар ретінде
пайдаланылды. Сонымен бірге, қазақтар түйе керуенін күзетіп, шабармандық
қызметке көбірек пайдаланылыпты. Орыс әскері кей-кейде қатқан қара нан мен
қара суға қарап қалғанда, қазақтар азық-түліктен тарықпайды. Қоржындарында
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
235
~
ақтаған сөк, ірімшік-құрттары, шілденің ыстығында бұзылмайтын қарынға түрген
майлы қуырдақтары болғандығына таңданып баяндайды.
Арнольдидің назарын атты әскер офицері ретінде қазақтардың Адай жылқысы
көңіл аударған. Олардың төзімділігі, қоршаған ортаға бейімділігі, аяқтай жайылып,
қоңын үзбейтіндігі таңдандырса керек. «Мен бұл өңірде 3 жыл қызмет барысында
талай жорыққа катынаса жүріп, қазақ атының зорығып, жолда қалғанын көргенім
жоқ» - деп жазады Арнольди [3.С.17-19]. Тек жусанға ғана жайылып, ертеден кешке
дейін 100 шақырым қашықтықты қиналмай алатын қазақ жылқыларына қызыққан
командир, жауынгерлеріне ат ауыстырып, адай жылқыларын көбірек алуға бұйрық
берген. Қазақтардың өз аттарын басқа жылқылардан артық қоятындығы сондай,
жорық барысында казачество әскерінің сұлу мүсінді асыл тұқымды кабардалық
аттарын тек сойыстық үшін ғана, өз жылқыларына айырбастағанын аса таңданыспен
жазады. Адай жылқылары туралы баяндай келе, олардың сыртқы түрінің
қораштығына қарамастан ер-тұрмандары да ат арқасына жайлы екендігін жазған.
Қазақ қолөнер бұйымдарының қасиеттерін назардан тыс қалдырмай, оларды жете
зерттеп, қөшпелілердің қолдан ескен арқандары үзілмейтін мықты екендігін бінеше
рет баяндайды. Әскери маман офицер Арнольдиді қазақтардың аттарды күтіп,
баптау әдістері қызықтырған, олардың мініс аттарын тағаламайтындығы, қатарынан
3-4 сағат жүріп келіп, суарып, салқын тимес үшін тағы да жортып, тер
шығаратындығы да таңқалдырған.
1877 жылдың 24 наурызы күні бірнеше ай дайындықтан кейін, атты әскер
Ново-Александровск портынан жорыққа аттанады. Марштағы әскерді қазақ
жорғасына мінген пристав, 1873 жылы Хиуа жорығында ерлігімен көзге түскен,
жауынгер офицер, полковник Н.Навроцкий бастады. «Әскери маршқа, яғни атпен
үш қатарға тұрып сап түзеп жүруге бейімделмеген қазақтардың жасағы
жапатармағай тартып берді» - деп жазады[3.С.20].
Бірінші аялдама, Түлкілі сайының бойыннан 300 шақырым жердегі Кендірлі
шығанағына дейінгі сапар еш көлденең оқиғасыз өткен. Бекдаш жеріне келгенде
бұларға тұтқиылдан қарақшы түрікмендер шабуыл жасаған. Олардың мақсаты
керуендегі түйелерді қуып әкету болғанымен, сақ келе жатқан қазақтар қарсы
шауып, қарақшыларды тоз-тоз етеді. Осы жерде бір қайғылы оқиға болады. Қазақ
жүздігінің командирі, Форт-Александровскіден шыққалы өкпе сырқатымен ауырып
келе жатқан Қосым Мырзабаев қайтыс болады.Ол Георгиев кресінің кавалеріне
көрсетілетін құрметпен сол жерге аманат етіп жерленеді. Денесін туыстары 5 айдан
кейін алып кетіп, ата қауымына жерлейді. Оның орнына командир ретінде Ержан
деген жігіт тағайындалған[1.С.56-57.].
Әскер Форт-Александровскіден Красноводскіге дейінгі 608 шақырымды 20
күнде жүріп өтеді. Жолда әскерилердің казак жүздігінен 3 адам іш ауруымен
ауырып, 12 аттың арқасы жауырып, жол азабын көрген екен. Ал жергілікті қазақтар
жүздігі дін аман жеткен. Жоғарыда айтылған қазақ жылқысы төзімділігі осы тұста
орыс офицерлерін таңдандырса керек.
Красноводскіден оларды қарсы алған қолбасшы генерал-майор Ломакин
әскери қосынның амандығын, жағдайының жақсылығын көріп қатты риза болған.
Әсіресе әлі қоңын жоғалтпаған 2 мың түйені, ұзақ жолда бағымын келістіріп,
бабында ұстаған қазақтарға алғысын білдірген. Сапар жалғасын тауып, жолда
зеңбірек сүйретіп болдырған орыс аттарын, тың келе жатқан қазақ жылқыларымен
алмастыруға тура келген екен. Копет-Даг тауларына жете құлан үйірлері кездесіп,
қазақтар оларды қуып жүріп атып, әскерді қуырдақпен тамақтандырды. Ал әскери
казактар өз кезегінде қабан аулаған.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
236
~
1877 жылы 6 мамырда Теке түрікмендерінің әскері Қызыл Арбат маңына
бекініп, орыс әскерлерін күтумен болды. Бекініске таяу келіп орналасып, барлау
жұмыстарын жүргізіп тынығу тұсында, Арнольди бір қызық оқиғаға тап болғанын
жазады. 12 мамырда сағат 11-де Арнольдидің астындағы парсы тұқымды айғыр мен
түрікмен айғыры шайнасып қалады. Екеуін әзер айырған қазақтар «бұл жақсы ырым
емес, көп ұзамай шайқас болады» - дейді [3.С.27]. Қазақтар айтқандай келесі күні
түрікмендер шолғыншы қазақ жасақтарына шабуыл жасап, ұрыс басталды. Бүтін бір
дивизияға дерлік түрікмендердің атты әскеріне қарсы саны аз орыстардың жағынан
4 зеңбіректен оқ боратып атып қорғануға мәжбүр болған. Сонда да беті қайтпаған 3
мыңдай түрікмендер 250 – дей жауынгерден тұратын орыс жасағын үш жақтан
қоршай бастайды. Сәті түскенде арттан дағыстандық рота көмекке келіп үлгеріп,
бұлар қырылудан аман қалады. Енді олар арттағы негізгі күшке қарай шегініп,
қоршауды бұзып өтеді. Ұрыс даласында 100 түрікмен өлігі жайратып салған орыс
әскерінің офицері Арнольди, осы жерде қазақтардың өлген түрікмен бастарын кесіп
алып, найзаларының ұшына шаншып алғанын айтып, аталмыш оқиғаны екі халық
арасындағы бітіспес жаулықтан деп түсіндірген. Орыс жүздігінен 11 қазақ
жасағынан 2 сарбаз, жаяу әскерден 1 офицер мен 3 солдат жараланса керек
[3.С.38]
1877 жылы 12-18 мамырда Орыс қолы Қызыл Арбат бекінісін алып,
қорғанысқа көшеді. 28 мамырда текеліктермен келіссөзге келе алмаған олар, онан
әрі ілгерілеуге қорыққып, түнде кері қайтады. Казактар мен қазақ жасағы аррегард
ретінде шегінген әскердің арттын қорғады.
Ақыры шегінген әскер жол азабын тартып теңіз жағасындағы Молла Қара
бекінісіне жеткен. Арнольди өз жазбаларында, осы тұста қарамағындағы 280
әскердің сапқа жарамдысы 160-тай ғана екенін, 120 сарбаздың ауырып,
сырқаттанып жатып қалғанын қынжыла жазыпты. Жергілікті әскерге, қазақтар
жүздігіне келсек, олардың дымы кетпеген, елге қайтатындарын естіген соң
көңілденіп, түйелерді күзеуге кірісті деп баяндайды.
20 тамызда ауру әскерлерін Красноводскі арқылы су жолымен жіберіп, өзі 60
жауынгерімен, 110 атымен, адай жасағымен бірге Форт-Александровскіге оралған.
Жорық туралы берген есебінде, ол есептен шыққан 43 аттың кубандық, таулық
тұқымынан екендігін, ал қазақ жылқысының бірде - бірі саптан қалмағанын, қазақ
жасағының ерлікпен соғысқанын ризашылықпен жазыпты[3.С.40-45].
Орыс әскерилері, қазақ жасағының қатысымен Ахал-Теке әскери жорығын
келесі жылы да қайталағанмен, жорық сәтсіз аяқталады. Үндістандағы ағылшын
экспансиясынан қорыққан орыс отаршылдары қалыптасқан саяси ахуалға сай,
отарлау шараларын үдете түсті. Жалпы алғанда, 1880-1881 жылдары ғана жеңіспен
аяқталған орыс әскери отарлау жорығына қатысқан қазақтар саны 500-ге жеткен
екен.
Бұл жолы адайларға (бұратаналарға) ескі үлгідегі мылтықтар беріліп, лезгин
жасағымен бірге ұрыстың ең ауыр жеріне салынған. Орыс офицерлері ұрыс
тәжірибесі негізіндежасалған тұжырымы бойынша, Адай қазақтарынан казак әскері
үлгісіндегі тұрақты үйретілген әскер құрамасын құру туралы ұсыныстары әскер
басшылардың тарапынан қолдау таппады. «Бұларға қару беруге болмайды, ертең
оны өзімізге қарсы жұмсауы мүмкін» - деп сенбестік білдірді[2. С.25]. Орыс
билеушілерінің қаупі тегін болмаса керек,. 1920 жылы Гурьев-Форт-Александровск
бағытымен, қыр жолымен шегінген патша генералы В.С.Толстов басқарған 15 мың
адамдық Орал армиясы Адай сарбаздарының қолынан қырғын тапқаны тарихтан
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
237
~
белгілі. В.С.Толстов әрең дегенде Иранға қашып өтіп, кейін Австралияға қоныс
аударып жан сақтаған [4.С.15.]
Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдағы Ресей империясының қанқұйлы отаршыл
саясатының жалғасы Маңғыстауда, одан әрі түркмен жерінде өз жалғасын тапты.
Аталған саясатты жүргізу барысында отаршылдар, неше түрлі амалдар алып, алдап-
арбау, халықтарды бір – біріне айдап әрекеттеріне барып өз дегеніне жетіп отырды.
«Жеңіске жету үшін барлық амалдарда тамаша» - деген ұстаным ұстаған
отаршылдар, жергілікті халықтың жағдайын ойлаудан аулақ болатын. Отарлауды
мақсат тұтқан Ресей империясының әскерилері жергілікті халық өкілдерінің көмегіне
ұмтылғанымен, оларды озық ойлармен, заманына сай қару-жарақ үлгілерімен
таныстыруды, соғыс өнерін үйретуден өлердей қорықты. Бұл тек қана тәуелсіз ұлт
өкілдеріне тиесілі болуы керек, бұратана елді өнерге баулу отаршылдар үшін қауіп
болатынды.
Достарыңызбен бөлісу: |