Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

Әдебиеттер тізімі 
1. Ә.Спан. Иса Тіленбайұлы. Алматы. 2004 ж. 
2. Ломакин А. 10 лет в Закаспийской области. Тифлис . 1886 г. 
3. Арнольди М.П. В Закаспийской области.      Тифлис . 1887 г. 
4. Толстов В.С.  От красных лап в неизвестную даль. Стамбул. 1920 г. 
 
Резюме 
             В этой статьи освещается  история  участия адайцев в походе царской 
армии против  туркменов в 1877 году.   
 
Summary 
      In  this  article  it  is  said  that  the  Adai  tribes  in  1877  took  part  in  the  Tsar's  Army 
against turkmens 
 
 
М.В. Дунентаев 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН 
ОРГАНДАРЫНЫҢ АНЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІ 
 
Мемлекеттік  басқару  1995  жылы  30  тамыздағы  жалпы  халықтық 
рефедендумда 
қабылданған 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
негізделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 – бабы         бойынша  
мемлекеттік  билік  біртұтас    және  Конституция  мен  заңдар  негізінде  жүзеге 
асырылып, биліктің бөліну қағидасы бойынша заң  шығарушы, атқарушы, сот билігі 
тармақтарына бөлінеді[1]. Кеден органдары атқарушы билік тармағына қосылады 
Қазақстан  Республикасының  кеден  органдары  -  өз  құзіреті  шегінде 
Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін 
тікелей  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде 
көзделген өзге де өкілеттіліктерді атқаратын мемлекеттік органдар. 
      Қазақстан  Республикасы  Кеден  органдарының  бірыңғай  жүйесі  (бұдан  әрі  – 
кеден органдары):  
- кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті орган; 
- кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті органның облыстар (республикалық маңызы 
бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

238
 ~ 
 
- кедендер; 
- кеден бекеттері; 
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау өткізу пунктері; 
- мамандандырылған кеден мекемелері құрайды. 
Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Кеден ісі мәселелері жөніндегі 
өкілетті  орган Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің шешімімен  кеден  зертханаларын, 
кинология,  оқу,  есептеу  орталықтарын  және  басқа  да  мамандырылған  кеден 
мекемелерін  құрады.  Кеден  ісі  мәселелері  жөніндегі  өкілетті  орган  -  Кедендік 
бақылау  Комитеті  заңды  тұлға  болып  табылады  және  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс - әрекет жасайды. 
Қазақстан  Республикасының  кеден  ісіне  қатысты  негізгі  міндеттерін  атқару 
барысында,  мысалы  кедендік  бақылау,  рәсімдеу  жүргізуде  әртүрлі  құқық 
бұзушылықтарға кездеседі. Солардың ішінде қылмыстық істер бойынша, қылмыстық 
іс жүргізуде, олардың түрлеріне қарамастан кеден органдарының тергеушілеріне де 
қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес көптеген құқықтар мен міндеттер берілген. 
Бұл шараларды атқару барысында әрбір тергеуші қылмыстық іс жүргізу заңдарының 
шеңберінен  шықпауы  тиіс.  Заң  нормаларының  талаптарын  толықтай  орындай 
отырып,  өздерінің  кәсіптік  міндеттерін  орындаулары  тиіс.  Қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексінің  67-ші  бабында  көрсетілгендей,  кеден  органдарының  тергеушісі  -  өзінің 
құзіреті  шегінде  қылмыстық  іс  бойынша  сотқа  дейінгі  іс  жүргізуді  жүзеге  асыруға 
уәкілетті  қызмет  адамы.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  7-бабының  14-тармағына 
сәйкес  кеден  саласының  тергеушісі  –  бұл  тергеу  органы.  Кеден  саласының  тергеу 
органдарының міндеттері мыналар болып табылады: 
-  заңдылықты  және  құқықтық  тәртіпті  нығайту,  жеке  адамның,  азаматтың 
конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын-алу және онымен күресу; 
- кеден саласына қатысты қылмысты тез және толық ашу; 
- әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылатындай және кінәсіз адамның 
ешқайсысында  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылып  жазаланбайтындай  етіп 
заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету; 
-  қылмыс  келтірген  зиянның  сипаты  мен  көлемін  тергеу  және  азаматтық  талапты 
немесе мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау; 
- қылмыс жасаған адамдарды тергеу және оларды тексеру; 
-  заң  алдын-ала  тергеу  жүргізуді  міндеттейтін  істердің  тобы  бойынша  анықтау 
органының қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстық ізін анықтау және бекіту 
жөніндегі  шұғыл  тергеу  іс  қимылын  жүзеге  асырады,  сосын  істі  кідіріссіз  прокурор 
арқылы  тергеушіге  береді.  Осы  іс  бойынша  анықтау  органының  одан  әрі  қызметі 
тергеушінің тапсырмаларын орныдау нысанында жүзеге асырылады. 
Кеден  саласының  тергеу  органдарының  басшылары  қылмыстық  істерді 
жүргізуде өздері жеке  тергеу органдары  болғандықтан  міндерттердің  орындалуына 
жоғары  жауапкершілікпен  қарау  қажеттігін  түсінуі  тиіс.  Егер  өзі  қылмыстық  іс 
жүргізуді  анықтамашыларға  тапсыру  қажет  деп  тапса,  бұл  істердің  жүруіне 
басшылық  жасауы  тиіс.  Әрбір  қылмыстық  іс  құжаттары,  қаулылар,  мысалы, 
қылмыстық істі қозғау, сараптама тағайындау, тінту және алу жүргізу, сезіктіні ұстау, 
тергеу органының басшысымен бекітілуі тиіс. Тергеу жүргізуді өз қарамағындағы сол 
органдардың  қызметкерлеріне  тапсырған  жағдайда  бұл  қызметкерлерді  арнайы 
бұйрықпен  бекітіп,  оларға  жауапкершілік  жүктелуі  қажет.  Кеден  органдарының 
анықтаушылары алдын-ала тергеу жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша 
сотқа дейінгі іс жүргзіу негізінде тергеуші Қазақстан Республикасының қылмыстық іс 
жүргізу  кодексінің  39  тарауында  көзделген,  алынып  тасталғандарды  қоспағанда, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

239
 ~ 
 
алдын  ала  тергеу  жүргізу  үшін  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексте көзделген ережелерді басшылыққа алады. 
Кеден  органдарының  анықтаушылары  алдын  ала  тергеу  жүргізілуі  міндетті 
қылмыстық  істер  бойынша  кідіртуге  болмайтын  жағдайларды  тергеу  органы 
бастығының  тапсырмасы  бойынша  қылмыстық  іс  қозғауға,  сондай-ақ  шұғыл  тергеу 
әрекеттері  мен  жедел  іздестіру  шараларын  жүргізуге,  ол  туралы  24  сағаттан 
кешіктірмей  прокурорға  және  алдын-ала  тергеу  органын  хабардар  етуге  міндетті. 
Кеден  органдарының  анықтаушысы  соттың,  прокурордың,  алдын-ала  тергеу 
органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, 
қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы 
тапсырмаларын орындауға міндетті. 
Кедендік тергеу органы бастығының нұсқаулары кеден саласының тергеушісі 
үшін  міндетті.  Кедендік  тергеу  органы  бастығының  қылмыстық  істер  жөніндегі 
нұсқауына  прокурорға  шағым  жасалуы  мүмкін.  Нұсқауларға  шағым  жасалуы, 
қылмыстың  саралануы  мен  айыптаудың  көлемі,  айыптаушыны  сотқа  беру  үшін  істі 
прокурорға  жолдау  туралы  немесе  қылмыстық  істі  қысқарту  туралы  нұсқауларды 
қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңы  кеден  саласының  тергеушілеріне  мынадай  құқықтарын 
қарастырады: 
- тергеу ісін жүргізу үшін прокурордың санкциясы немесе сот шешімі қажет болатын 
жағдайларды  есептемегенде  қылмыстық ізге  түсуді  бастау және  тергеу ісін  жүргізу 
туралы дербес түрде шешім қабылдайды; 
-  кеден  саласына  қатысы  бар  қылмыстар  бойынша  алдын  –  ала  тергеу  міндетті 
қылмыстық істер бойынша тергеу органы бастығының тапсырмасы бойынша кейінге 
қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғай алады; 
-  кеден  ісіне  қатысты  кеден  органдары  шұғыл  тергеу  ісін  және  жедел-іздестіру  іс-
шараларын жүзеге асырады; 
-  кеден  саласындағы  тергеліп  жатқан  іс  бойынша  куәгерлер  және  жәбірленушілер 
ретінде  олардан  жауап  алу  үшін,  сондай-ақ  мамандар  немесе  сарапшылар  ретінде 
іске тарту үшін кез-келген адамды тергеу органына шақыра алады; 
-  мекемелерден,  кәсіпорындардан,  ұйымдардан,  лауазымды  адамдардан  және 
азаматтардан іс бойынша жағдайды тергеу үшін қажетті заттарды және құжаттарды 
көрсетуді талап ете алады; 
- тиісті адамдарды жәбірленушілер, азаматтық талапкерлер, олардың өкілдері және 
азаматтық  жауапкердің  өкілі  ретінде  тани  алады,  адамды  азаматтық  жауапкер 
ретінде тарта алады; 
-  кеден  анықтаушылары  жүргізіп  жатқан  қылмыстары  бойынша  айыпталушыға 
қатысты шараларын қолдана алады; 
- қылмыстық істерді біріктіре алады; 
- заттық айғақтарды іске тіркей алады; 
-  кеден  саласындағы  алдын-ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша  айып 
таға алады және адамнан айыпталушы ретінде жауап алады; 
- айыптау қорытындысын жасаумен істі аяқтай алады не алдын – ала тергеу міндетті 
емес  іс  бойынша  істі  қысқарта  алады  немесе  тоқтата  алады,  кеден  саласы 
тергеушілерінің міндеттері олардың негізгі міндеттерінен туындайды. 
Кеден  саласындағы  тергеу  жүргізуші  адамның  құқығы  оның  міндеттерімен 
теңестіріледі, міндеттерінің қатарына мыналар жатады: 
-  кеден  істеріне  қатысты  іске  қатысушы  адамдарға  олардың  құқықтарын  түсіндіру 
және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

240
 ~ 
 
-  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  және  өзге  де  адамдардың  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау; 
-  кеден  саласындағы  қылмыстар  бойынша  анықтау  алдын  –  ала  тергеу  деректерін 
әйгілемеуді қамтамасыз ету; 
-  заңсыз  іс-әрекетпен  тұлғаға  келтірілген,  зиянның  орнын  толтыруға  шаралар 
қабылдау; 
- азаматтық талапты қамтамасыз ету; 
- мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету; 
- қылмыс жасаған адамадарды  тергеу және оларды тексеру; 
-  кеден  саласындағы  қылмыстық  іс  үшін  маңызы  бар  жағдайларды  зерттеу  туралы 
өтініштерді қанағаттандыру.  
Кеден  саласы  тергеу  органдарының  міндеттері  мыналар  болып  табылады: 
заңдылықты  және  құқықтық  тіртіпті  нығайту,  жеке  адамның,  азаматтың 
конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын - алу және олармен күресу, 
қылмысты  тез  және  толық  ашу,  қылмыс  жасаған  адамдарды  тергеу  және  оларды 
әшкерлеу,  кеден  саласына  қатысты  әрбір  қылмыс  жасаған  адам  әділетті  жазаға 
тартылатындай  және  кінәсіз  адамның  ешқайсысы  да  қылмыстық  жауапкершілікке 
тартылып  жазаланбайтындай  етіп  заңның  дұрыс  қолданылуын  қамтамасыз  ету, 
кедендік  қылмыстардан  келтірген  зиянның  сипаты  мен  көлемін  анықтау  және 
азаматтық талапты немесе мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін шаралар 
қабылданады. 
Кеден  органдары  тергеушілерінің  жекелеген  міндеттер  өзге  де  заңдармен 
белгіленеді  және  тергеу  органының  негізгі  қызметінің  ерекшелігін  білдіреді. 
Олардың бастысы Кеден Кодексі болып табылады. Мәселен, Кеден органдары Кеден 
Кодексінің 23-бабының 5-тармағы бойынша тергеуші- орган ретінде қылмыс жасаған 
адамдарды ұстау жөніндегі операцияларға, тосқауыл іс шараларға қатысуға, сондай 
өзге де жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдем  көрсетуге міндетті. Мұндай 
түрдегі  нұсқама  салалық  құқықты  нақтылауға  және  өзара  байытуға  қызмет  етеді, 
сонымен бірге қылмыстық іс жүргізуге арналған жекелеген нұсқамалардың мәнділігі 
күдік  туғызбайды.  Кеден  органдарының  анықтаушылық  қызметінің  тергеуші 
қызметінен  ерекшелігі  олардың  іс  жүргізу  дербестігінің  көлемінен  анық  көрінеді. 
Кеден саласының қылмыстық істерді жүргізудегі дербестік деңгейі мыналар: 
-  тергеуші  прокурордың  нұсқауларымен  келіспеуге  құқығы  жоқ,  ол  барлық 
нұсқауларды орындауға міндетті; 
-  кедендік  тергеу  органының  құзыреті  алдын-ала  тергеу  жүргізудің  міндетті 
екендігіне  немесе  міндетті  емес  екендігіне  байланысты  шектеледі,  осыған  сәйкес 
тергеушінің құзіреті де өзгешеленеді; 
-  тергеуші  прокурордың  қадағалауында  болады  және  оның  басшылығымен  тергеу 
жүргізеді,  ал  анықтау  жүргізетін  адам  да  прокурордың  қадағалауында  болады, 
анықтау органының бастығына тікелей бағынады; 
- кеден саласының анықтау органдары тергеуші мен анықтау органдары қызметінің 
ортақ аумағында жасалған қылмыстар туралы істер жөнінде тергеушінің талаптарын 
орындауға  міндетті,  басқа  ауданның  органдары  тергеушінің  жекелеген  талаптарын 
орындауға міндетті, анықтаушының тергеушіге тапсырма беруге құқығы жоқ. 
-  тергеу  мен  анықтау  қызметкерлерінен  тұратын  жедел-тергеу  тобында  ұйымдық 
және іс-жүргізушілік басшылығы тергеушіге тиесілі. 
Кеден  саласының  анықтаушылары  алдын  –  ала  тергеуді  қажет  ететін  қылмыстық 
істерді  тергеушіге  тапсырғаннан  кейін  осы  қылмыстық  істер  бойынша  тергеу  іс 
әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

241
 ~ 
 
жүзеге асыра алады. Қылмыс жасаған адамдар анықтау мүмкін болмаған қылмыстық 
істерді  тергеушіге  тапсырған  жағдайда,  одан  әрі  қарай  анықтауға  бағытталған 
жедел іздестіру шараларының нәтижесі бойынша тергеушілерге хабарлауға міндетті. 
Егеменді,  тәуелсіз  жас  мемлекетіміздің  алдына  қойған  басты  міндерттердің  бірі,  ел 
экономикасын  дамыту.  Қазба  байлықтарды  сақтай  отырып,  жаңа  тауарлар  өндіру. 
Бұл мәселелерді әлемдік деңгейде паш ету. Бұл мәселелерді жүзеге асыруда кеден 
органдары  қызметінің  орны  ерекше.  Сондықтан  кеден  ісін  дамыту  алдыңғы 
шаралардың  бірі.  Кеден  саласының  қарқынды  дамуына,  бұндағы  кездесетін 
қылмыстар өз зияндылығын тигізуде. 
 
Ал  қылмыстарды  бастапқыда  тергеп  оларды  жоюға  немесе  азайтуға  үлес 
қосатын  іс  жүргізу  заңдарымен  белгіленген  тұлғалар  тергеушілер.  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі  бойынша  тергеу  органдарының 
процессуалдық жағдайының ерекшелігі осы органдарды заң белгілеген жағдайларда 
алдын-ала 
тергеуді 
жүзеге 
асыру 
құқығы 
болып 
табылады. 
Қазақстан 
Республикасының  Кедендік  бақылау  Комитеті  шын мәнісінде  республикалық  тергеу 
органының бастығы болып табылады. Аталған қызмет адамдары тергеу органының 
басшылары  бола  отырып,  тергеу  жөніндегі  қызметке  іс  жүргізушілік  басшылықты 
жүзеге  асырады.  Кеден  органдарының  тергеу  жүргізуге  уәкілеттік  алған  адамның 
және 
кедендік  тергеу 
органы 
бастығының 
іс 
жүргізушілік 
жағдайының 
айырмашылығы  мынадан  көрінеді,  соңғысының өкілеттілігі тергеушінің және  тергеу 
органының  өкілеттіктері  жиынтығынан  қалыптасатындығымен  айқындалады.  Кеден 
органдарының,  анықтау  органдарының  қызметінің  сипаты:  олар  алдын-ала  тіркеу 
жүргізу міндетті емес істер бойынша жұмыс істеуіне байланысты ерекшеленеді. 
 
Заң алдын ала тергеу жүргізуді міндеттейтін істердің тобы бойынша кедендік 
тергеу органының қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстың ізін анықтау және 
бекіту  жөніндегі  шұғыл  тергеу  іс-қимылын  жүзеге  асырады,  сосын  істі  кідіргіссіз 
прокурор  арқылы  тергеушіге  береді.  Осы  іс  бойынша  тергеу  органының  одан  әрі 
қызметі  тергеушілердің  тапсырмаларын  орындау  нысанында  жүзеге  асырылады. 
Тергеу  органдарының  жүйесінде  кеден  органдарының  сотқа  дейінгі  іс  жүргізудің 
анағұрлым  көлемді  жұмысын  жүргізетін  негізгісі  болып  табылады.  Мұндай  жағдай 
оларға тән бастапқы анықтау мен тергеу жедел іздестіру қызметінен қалыптасады. 
Осындай  құқық  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексімен  белгіленген,  яғни  кеден 
органдарының өздері қозғап аяқталған қылмыстық істері сотта қарауға негіз болып 
табылады.  Кедендік  анықтаушылардың  құқық  қорғау  салаларында,  соның  ішінде 
тергеу  жүргізуде  тергеушілермен  қатар  өзіндік  орны  бар.  Кеден  саласындағы 
қылмыстар  бойынша  тергеу  жүргізуге  байланысты  заңды  күші  бар  қылмыстық  іс 
жүргізу кодексіне сай осы құқықты жүзеге асыру үшін анықтаушыларға қылмыстық 
іс жүргізу кодексіне сай, оларға көптеген құқықтар берілген. 
 
Қазақстан  Республикасының  кеден  саласындағы  қылмыстық  іс  жүргізу 
құқығының  дербес  субъектісі  ретінде  тергеуші  өз  құзіретінің  шегінде  қылмыстық  іс 
бойынша сотқа дейін іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік лауазымды 
адам. Бұл лауазым белгілі – бір министрліктің бұйрығымен, көбіне арнайы білімі бар 
адамдар  тобынан  тұрады.  Бұдан  да  басқа  өздерінің  іскерлік,  жауапкершілік, 
тәртіптік,  отбасылық  мінездемелері  қатерлікке  алынады.  Осы  мәселеге  сай 
анықтамашылар өз мамандығының нағыз иесі болуын айқындайды.  
 
Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  7-бабының  14-тармағына  сәйкес  тергеу 
органы  қылмыстық  ізге  түсу  органдарына  жатады.  Заң  шығарушы  тергеу 
органдарының  егжей-тегжейлі  тізбесін  белгіледі  (ҚІЖК-нің  65  бабының  2- 
тармығында), оған мыналар жатады: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

242
 ~ 
 
1.Ішкі істер органдары; 
2. Ұлттық қауірсіздік органдары; 
3. Әділет органдары;  
4. Қаржы полициясы органдары; 
5. Кеден органдары; 
6. Әскери полиция органдары; 
7. Шекара бөлімдерінің командирлері; 
8.Мемлекеттік  өртке  қарсы  қызмет 
органдары;
  
Сонымен  бірге  қазіргі  қолданылып  жүрген  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексін 
талдауда  кеден  ісіне  қатысты  қылмыстық  іс  жүргізу  құқықтық  қатынастарына 
қатысушыға  тергеу  органының  мәртебесін  беретін  тағы  бірнеше  белгілері  бар 
екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: 
-  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  65-бабының  2-тармағында  аталған  органдар 
тергеуді  жүзеге  асырған  уақыттағы  белгілі  бір  шектеулер,  мәселен,  кедендік 
органдар  контрабанда  туралы  істер  мен  кедендік  төлемдерді  төлеуден  жалтару 
басқа  да  кеден  саласына  қатысы  бар  қылмыстық  істер  жөнінде  ғана  тергеу 
жүргізеді. 
-  тергеу  органы  деп  аталған  органдардың  барлық  жүйесін  емес,  тікелей  тергеу 
мақсаттары  үшін  қалыптасқан  құрылымдық  бөлімдерді  ғана  түсіну,  мәселен,  тұтас 
жүйе  ретінде  ішкі істер  органдары  Ішкі істер  министрлігінің  аппаратының,  аумақты 
органдардан (облыстық басқармалар, аудандық бөлімдер) тұрады, олар өз кезегінде 
жекелеген қызметтерден тұрады; 
-  белгіленген  өкілеттіктер  шегінде  қылмыстық  іс  қозғалғаннан  кейін  ғана  тергеуді 
жүзеге  асыру  құқығының  пайда  болуы  мәселен,  шекара  бөлімінің  командирі 
қылмыстық  іс  қозғап,  сотқа  құрмет  көрсетпеуге  байланысты  қылмыстар  бойынша 
тергеу жүргізуге құқылы;    
- тергеу органдарына жедел-іздестіру іс-қимылын орындау құқығын беру; 
-  алдын  ала  тергеу  ісін  жүргізу  міндетті  емес  қылмыстық  істер  бойынша  толық 
көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау. 
Кеден саласы тергеу органы ұғымы мыналарды қамтиды: 
- қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65-бабында көзделген тергеу органын қылмыстық 
іс жүргізу құқықтық қатынастарының, қылмыстық процесстің қатысушысына енуі; 
-  кеден  қылмыстарындағы  тергеу  нысанында  ізге  түсіруді  жүзеге  асыратын 
қылмыстық  ізге  түсу  органы  үшін  көзделген  құқықтар  мен  міндеттердің  барлық 
жиынтығын  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  65-бабында  қамтылмаған  кез-келген 
органға қолдану; 
-  кеден  саласының  тергеу  органының  негізгі  қызметінің  мазмұнына  байланысты 
кеден  саласындағы  қылмыстық  істердің  тергеуге  жататындығын  саралау  (мәселен, 
кеден ісіне қатысты қылмыстық іс әрекеттерді саралап оларға тиісті баға беру, яғни 
қылмыстық  кодексте  көрсетілген  баптар  бойынша қылмыстарды  анықтау;  кеден  ісі 
туралы істерді анықтау – тиісті қызмет функцияларының негізгі бөлігі). 
Алдын  ала  тергеу  міндетті  емес  істер  бойынша  анықтау  органының 
өкілеттіктері  әлдеқайда  ауқымды.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  285-бабына 
сәйкес осы істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып 
табылады.  Бұл  анықтау  нысанында  іс  жүзінде  алдын  ала  тергеу  жүргізетіндігін 
білдіреді,  бірақ  бұл  процеске  жекелеген  қатысушылардың  құқықтарының  көлемі 
және  анықтау  жүргізудің  мерзімі  бөлігіндегі  кейбір  ерекшеліктер  қосылмайды. 
Қылмыстың  белгілерін  және  оны  жасаған  адамдарды  табу  мақсатында  кедендік 
анықтау  органдарына  қажетті  жедел-іздестіру  шараларының  мазмұнын  ашып 
көрсетпейді.  Жедел-іздестіру  қызметінің  мәні,  әдістері,  құралдары  Қазақстан 
Республикасының "Жедел-іздестіру  қызметі туралы" заңы реттейтін тақырып болып 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

243
 ~ 
 
табылады,  сондай-ақ  тиісті  ведомстволық  нормативтік  актілердің  көзі  болып 
табылады. 
Бұл  орайда  мынаны  атап  өту  керек,  жедел-іздестіру  шараларын  қабылдау 
міндетінің  іріктеп  алатындай  сипаты  болады  және  барлық  анықтау  органдарына 
қатысы  болмайды,  ол  тек  арнайы  әдістер  мен  құралдарды  қолданбастан  өзінің 
өзгешелігі бар функцияларын жүзеге асыра алмайтын органдарға ғана тән (мәселен, 
қылмыс жасаған адамдарды іздестіру және табу жария түрдегі қылмыстық іс жүргізу 
тәсілдерімен  мүмкін  болмайтын  жағдайда).  Қазақстан  Республикасының  Ішкі  істер 
министрлігі  жүйесі  шегінде  жедел-іздестіру  шараларын  жүргізу  құқығы  осы 
шараларды  функциональдық  тәртіппен  орындайтын  арнайы  бөлімшелер  мен 
мекемелерге  берілген.  Және  де  анықтау  мен  жедел-іздестіру  шараларын  жүргізу, 
анықтау  органдары  атқаратын  екі  дербес  функция.  Анықтау  мақсаттарына  қол 
жеткізу ҚІЖК-нің  нұсқауларын  қолдану жолымен  де,  сондай-ақ  жария  және  жедел 
іздестіру  шараларын  үйлестіру  жолымен  де,  мүмкін  болады.  Жедел-іздестіру 
ақпараты  дәлелдемелерге  қылмыстық  іс  жүргізу  талаптарын  сақтаған  жағдайда 
дәлелдейтіндей  ақпаратқа  айналуы  мүмкін.  Қарама-қарсы  жағдайда  мұндай 
ақпараттың қосымша бағдар беретіндей ғана сипаты болады. 
Осы сұрақты аяқтай келе қылмысқа қарсы күресте, соның ішінде қылмыстық 
істерді  жүргізуде  әрбір  кеден  саласының  анықтаушыларының  қылмыстық  істерді 
жүргізуде  жоғарғы  іскерлікті,  тапқырылқты,  жоғары  тәжірибелікті,  тапсырған  іске 
жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Тек қана осы талаптарды орындағанда ғана 
қылмысқа  қарсы  күрес  сапасы  ұлғаяды.  Жүргізіліп  жатқан  кеден  саласындағы 
қылмыстық  істер  дер  кезінде  белгіленген  тәртіппен  атқарылуы  тиіс.  Сондықтан 
кеден органдардың анықтаушылары процессуалдық заң нормаларын нақты сақтауға 
тиіс.  Соның  ішінде,  азаматтардың  қылмыстық  іс  жүргізу  субъектілерінің,  сезіктінің, 
куәнің,  айыпталушының,  жәбірленушінің,  олардың  өкілдерінің  және  тағы 
басқаларының  құқықтарының  бұзылмауын  қамтамасыз  етуі  қажет.  Бұл  мәселелер 
қылмыстық іс жүргізу заң нормалары дұрыс қолданғанда ғана жүзеге асырылады.  
Мәселені  қорытындылайтын  болсақ, кеден органдары  қылмыстық іс жүргізу 
заңдарына  сәйкес,  өздерінің  негізгі  міндеттерін  атқару  барысында  анықталатын 
қылмыстық  әрекеттер  бойынша  қылмыстық  істерді  қозғауға,  егер  одан  әрі  қарай 
сотқа  дейін  жүргізу  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексімен  белгіленсе,  оны  аяқтауға 
міндетті. Ал алдын–ала тергеуді қажет ететін қылмыстық істер бойынша кідіртпейтін 
тергеу  әрекеттерін  жүргізіп  әрі  қарай  қылмыстық  істі  жүргізу  тергеу  органдарына 
жолданады.    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет