пты. Бүгінгі күн-
инвестициялық банк. Ал
кізеді.
шығаратын ірі өндіруші. Оның басты өн-
ан.
қаржылық қиындықта ры жоқ.
реді деп күтілуде. Өнім Балқаш және Жез-
қазған мыс зауыттарына жіберіледі. Мыс-
либ ден өңделмек. Сондай-ақ кенді саздан
р.
да бой түзейді. Маңызды жоба 90- жыл дары
болады. Ауыл шар уашылы ғын-
КК»АҚ»АҚ. Құңы 2 млрд
жей тін дігімен ерекшеленетін ірі қара мал.
Он дай малдың азығы да мол болуы қажет.
ған. Сонды
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№107 (1018)
25.06.2013 жыл,
сейсенбі
ӨРКЕНИЕТ
Абай атаны мультфильмнен көретініміз рас па?
Абай атамыз жайында мультфильм түсіріліп жатқан көрінеді. Бұл бастаманы кімдер
қолға алып отыр? Жалпы, мазмұны қандай болмақ?
Зере ЖАНДӘУЛЕТҚЫЗЫ, Есік
Бастамашыл топтың жобасы жүзеге асса,
алдағы уақытта Абай атамызды мультфильмнен
көруіміз ғажап емес. Қытайдың Үрімші қала-
сындағы қандастарымыз Абайдың балалық
шағын бейнелейтін 3D форматындағы көп-
сериялы мультфильм түсіріп жатыр. Мұндағы
мақсат – бала Абайды жас жеткіншектерге үлгі
етіп, даналығын бойларына сіңіру. Мульт-
фильмнің мазмұны да, аты да – «Абайдың
балалық шағы». Түсірілімі жуырда басталады.
«Абай жолы» анимациялық компаниясының
директоры Ғұсман Қажытайдың пікірінше,
Абайдың идеясы – бүкіл адамзаттың идеясы.
Бала – болашақ. Егер балалар Абайдың балалық
шағын біліп ержететін болса, болашақта Абайдың
кім екенін, Абай идеясының қандай екенін,
қазақтың кім екенін біле алады.
Ғұлама ақынды барша ұлт танысын деген
ниетпен шығармашылық топ мультфильмді
қытай, орыс, ұйғыр тілінде де шығармақ. Кейін-
нен тағы бірнеше шет тілдеріне аударылады.
Әрқайсысы 13 минуттан тұратын 104 серияда
Абайдың балалық шағы түгел баяндалатын
болады.
Кесененің жағдайы шынымен қиын ба?
Еліміздегі ең көне тарихи-мәдени ескерт кіштердің бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің
бүгінгі жағдайы соңғы кезде көп сөз болып жүр. Тіпті кейбір мәліметтерде «кесене бүлініп
жатыр, құлаудың аз-ақ алдында тұр» деп айтылады. Шынымен де, кесененің жағдайы
қалай болып жатыр?
Ғани МЫРЗАБЕКҰЛЫ, Қапшағай
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау қоғам дық
бірлестігінің төрағасы Жантемір Әлімов «Қожа
Ахмет Ясауи кесенесіне шұғыл жөндеу жұмыстары
қажет» деп мәлімдеп отыр. Оның айтуынша,
тарихи жәдігердің бүгінгі жағдайы мәз еместігін
еліміздегі және Ресейдегі бірқатар ғылыми-зерттеу
институт тарының тұжырым дамалары айғақтап
отыр. «600 жылдан астам тарихы бар кесененің
алыстан еш міні білінбегенімен, құлайын деп
тұрған кірпіштері мен қабырғадан ажырауға таяу
плиткалары жанынан анық байқалады» дейді
қоғамдық бірлестік төрағасы. Ол сондай-ақ бұған
тарихи құнды ескерткіштің жасы ғана емес,
«осыдан 13 жыл бұрын жүргізілген жөндеу
жұмыстары қатты әсер етті» деп есептейді. Сапасыз
жұмыстардың салдарынан кесенедегі желдеткіш
шахталар, жарық түсетін саңылаулар, есіктер
жабылып қалған, ауа айналымы жоқ. Ылғалдың
көбеюінен кірпіштердің арасындағы қоспа
ыдырауға таяу көрінеді. Қайта қалпына келтіру
мақсатында мамандар көне асхананың бөлігін
бұзуға мәжбүр.
Бейбіт САРЫБАЙ
Кинематографистер одағының басындағы жағдай осындай болып тұр.
Қазақ қиносының көсегесін көгертуге тиіс ұйым өз бастарымен әуре болып
жүр. Ол жақта «қайтсек қазақ киносын дамытамыз?» деген сұрақтың орнына,
«төрағаның жайы не болады?» деген сұрақ күн тәртібінде тұр. Біз айтылған
пікір біржақты болмауы үшін Игорь Вовнянконың өзіне хабарласып, ол
тараптың айтарын да қоса жарияламақ едік. Бірақ Игорь мырза дәл қазіргі
уақытта шетелде екен. 11 шілдеде келетінін естідік. Айтары болса, өзі хатында
көрсеткен 11 шілде күні айтар.
Басы 1-бетте
ТҮЙТКІЛ
Киногерлердің көпсериялы дауы бітер емес
Қазақстан Кинематографистер ода-
ғының XIII съезі кино мамандарының
ортасында даулы мәселеге айналып тұр.
Олай дейтініміз, осы ұйымның 67 мүшесі
бұл съезді мойындамай отыр. Ал съезге
жиналған 149 мүше заңды деп санап,
жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл
съезд бастамашыл топтың ұйымдастыруы-
мен кезектен тыс өтіп отыр. Мұның алдын-
дағы съезд сәуір айында өткен. Сол кезде
төраға сайлау мәселесінде ши шыққан.
Одақтың жарғысына сәйкес, төраға болып
сайла натын адам сайлаушылардың үштен
екі дауысын жинауға тиіс болған. Бірақ
сайлауға түскендердің ешқайсысы да
мұндай көрсеткішке қол жеткізбеген.
Сонымен, одақ төрағасын сайлауды келер
жолғы съездің еншісіне қалдырып тар-
қасқан. Бірақ бұрынғы төраға Игорь
Вовнянко съезд шақыруға құлықсыздық
танытып, уақытты созып жүріп алған.
Баста машыл топтың айтуына қарағанда,
Вовнянко одақ мүшелерін «әуреге салмай-
ақ», басқарма мүшелерінің дауысымен-ақ
сайлана салғысы келгенге ұқсайды. Бұл –
біріншіден, жарғыға қайшы; екіншіден, ол
съезде басқарма мүшелері де сайланып
үлгермепті.
Осындай жағдайдан кейін одақтың
тағдырын ойлаған бастамашыл топ съезге
шақырған. Ол съезге мүшелердің басым
көпшілігі жиналған. Ал қалған 67 адам
қатысудан бас тартқан. Бүгінде сол 67
адам мен 149 адамның арасында үлкен
дау туып тұр. Қарсы жақ съезді мойын-
дамай, Вовнянка жағына шықса, ал басым
көпшілігі заңды деп шешіп, белгілі
режиссер Сламбек Тәуекелді төрағалыққа
сайлап алды.
Сламбек ТӘУЕКЕЛ, режиссер:
– Бүгін басқарманың мәжілісін өткіздік.
Бұл Қазақстан Кинематографистер одағы
XIII съезінің жалғасты жиыны болып
саналады. Біздің бұл съезіміз 26 сәуірде
басталған. Біз сол кезде ортақ мәмілеге
келе алмадық. Төраға сайлауда мәселелер
туындап, ең көп дауыс алған екі адам
екінші шақыруда сайлауға қайта түсетін
болған. Бірақ Игорь Вовнянконың съезд
шақыруға құлқы болған жоқ. Біз тексеру
комиссиясының мәжілісімен, 200-ге тарта
адамның қолымен съезді шақыруға мәж-
бүрледік. Бастамашыл топтың ұйым-
дастыруымен съезіміз бейбіт жағдайда,
ойдағыдай өтті. Бірақ Вовнянко бастаған
басшылық съезді болдырмауға тырысты.
Кедергілер жасап бақты. Өзі съезге кел-
меді. Ол өзі осы одақты басқарып жүрген
адам болғаннан кейін келуі керек еді.
Оның ол қылығы жиналған 149 адам ды
сыйламағандық болды. Мұны мүше лердің
құқығын таптағандық деуге де болады.
Өзінің келмегенімен қоймай, сөзі өтетін 67
адамын да келтірген жоқ. Оның адамдары
осында жүріп, съезге кірмеңдер деп
үгіттеді. Дегенмен басым көпшілігі қол-
дағандықтан, біз съезді ашық деп жа-
рияладық. Алғашқы жұмысты ескі жар-
ғыны жоюдан бастадық. Жарғының жаңа
редакциясын қабылдадық. Сонан кейін
барып Кинематографистер ода
ғының
басқармасын сайладық. Және осыдан
кейін төрағаның сайлауы болды. Жинал-
ған 149 адамның 140-ы маған дауыс
берді. Вовнянко 67 адамды келтірмей
қоймағанында, 200-дің үстінде адам
жиналатын еді. Солар келген күннің өзінде
сол 67 адам қарсы болып, қалған 140
адам маған дауыс беретін еді. Демек, олар
қатысқан күннің өзінде жеңіс бізде болар
еді.
Біз бүгін басқарманың алғашқы
жиынын өткіздік. Төрағаның орынбасар-
ларын, басқа да қызметкерлерді тағайын-
дадық. Басқарма мүшелігіне 21 адам
сайланған. Сол 21 адам толық келді. Ал-
дағы уақытта атқаратын шаруалары мызды
пысықтап, жұмыс жоспарлар
ымызды
жасадық. Қазақ кинематогра фиясының
мәселелерін, дайын дүниелерді көрер-
менге жеткізу жағын ойластық. Сәуірдегі
съезде біз осындай мәселелерді талқы-
лаудың орнына қайшылықтарға түсіп
қалдық. Жарғының өзін әртүрлі түсінді.
Сол сәуір съезінде төрт адам дауысқа түсті.
КӨКЕЙКЕС
ТІ
«Соңғы қоңырауға қандай қа-
зақша әндерге вальс билеуге
болады?»
«Мектеп, ұстаз,
соңғы қоңырау
туралы қазақ тілінде жақсы ән,
тамаша музыка керек еді...»
«Мектеп туралы жақсы ән керек
еді, минусовкасымен. Қай жерден
жүктесем болады?»
«Маған ұстаз, мектеп туралы әндер
керек. Қай сайттан табам?»
Оқырманның сан сауалына қарап,
әуелгіде сеніңкіремеп едім. Сөйтсем, ра-
сында да, соңғы қоңырауға, ұстазға, мек-
тепке арналған қазақ тіліндегі әндер сирек
екен. Сирек емес, жоқ деп айтуға да
болатындай. Кеңес беруші жұрттың айта-
тыны, ұсынатыны бір ән – «Ұстазым».
Бәріміз жатқа білетін, жыл сайын мектеп-
пен қоштасарда айта-айта жауыр болған
Әбілахат Еспаевтың әйгілі әні. Әрине, бұл
әнде жазық жоқ. Сазгерді де, әннің сөзін
жазған ақынды да кінәлаудан аулақпыз.
Жауыр болған деп бекерге айтып отырған
жоқпыз. Жұртшылық арасында «Еспаев-
тың «Ұстазым» әнінен басқа ән жоқ па?
Осы тақырыпта жаңа әндер неге жазыл-
майды?» деген пікір лердің жиі айтылып
жүргені рас.
Достарыңызбен бөлісу: