Экономика айнасы



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата06.03.2017
өлшемі10,39 Mb.
#7835
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

25.06.2013 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


АУЫР АТЛЕТИКА

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Елбасы кубогының жеңімпаздары

Қосанов мемориалы неге ұмыт қалып барады?

Дәстүрлі түрде жылда осы мезгілде 

өте 

тін мемориал әу бастан-ақ Ғұсман 



ағамыздың әруағына бағышталып келеді. 

1996 жылдан бастап Халықаралық жеңіл 

атлетика федерациясының күнтізбесіне 

енгелі турнирде әлем чемпионаттары мен 

Олимпиада ойындарының жолдамалары 

сарапқа салына бастады. Жеңіл атлетика 

спортынан халықаралық деңгейдегі Қа-

зақ станның жалғыз турнирі. Дегенмен, 

шы ны керек, оңтүстік астанамыздың Орта-

лық стадионын дүркіретіп жүрген дүбірлі 

додаға жыл өткен сайын көрермендердің 

қызығушылығы бәсеңдеп бара жатқандай. 

Жарысты тамашалау үшін стадионға жи-

на латындар тек қатысушылардың жақын 

туыстары ғана болып тұр. Алайда, жасыра-

тын несі бар, жарыстың жарнамасы да же-

ті сіп тұрған жоқ. Бірді-екілі газет, сайт тар-

дың ғана аңдатпа бергендері болмаса, 

жа рыстың болатыны туралы теледидардан 

да, қаладағы бильбордтардан да кезіктіре 

алмадық. Әйтпесе, Қосанов мемориалы 

– көзбен көруге тұрарлықтай-ақ турнир. 



Еліміз егемендігін алғалы 

үздіксіз ұйымдастырылып 

келе жатқан Ғұсман 

Қосанов мемориалы биыл 

23-ші рет өтті. Керемет 

көрсеткіштер де көп, 

кемшін тұстар да аз емес. 

Аяқталғанына апта өтсе де, 

осы доданың төңірегіндегі 

мәселелер жетіп-артылады. 

Сондықтан турнирді тағы 

бір рет еске түсіріп, айтулы 

жайттарын назарларыңызға 

ұсынсақ деген едік.

Оның үстіне, бұл жолы Алматыға Қазақ-

стан ұлттық құрамасының үздіктері түгел-

дей дерлігімен қатысты. Тек жақында бо-

санған Ольга Рыпакова мен көпсайысшы 

Дмитрий Карпов қана қатыспады демесе-

ңіз, ел аузында жүрген өзге атлеттердің 

бар лығы да бақтарын сынап көрді. Көр-

сет кіштер де көз қуанарлықтай. Тек көрер-

меннің аздығы ғана көңіл жабырқатады.

Иә, көрермен қауымның аз болуы бізді 

де мазалайды. Дегенмен, айта кетуіміз ке-

рек, соңғы кездері басқа елдердегі тур-

нир лер де де жанкүйерлер стадионға аз 

жиналып жүр. Мәселен, жақында Шан-

хай дағы Гран-при кезеңі деген дардай аты 

бар, бюджеті 5 миллион АҚШ долла рын 

құраған турнирге қатыстық. Ол кезде де 

стадионда шамамен осынша ғана кө рер-

мен отырды, – деді бұл туралы бізге жеңіл 

атлетикадан Қазақстан ұлттық құра-

масының бас бапкері Вячеслав Сокирко. 



Зілтеміршілерімізге мақтау өтіп кеткен бе?

Ауыр атлетикадан Астана қаласындағы сәулетті «Сарыарқа» 

спорт кешенінде өтіп жатқан Азия чемпионатының да көмбесі 

көріне бастады. Әзірше Қазақстан зілтеміршілерінің нәтижелері 

өзіміз күткендей емес...

Азия чемпионатына сары құрлықтың 

18 мемлекетінің зілтемірмен арпалысқан 

қыз-жігіттері қатысуда. Олардың арасында 

Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары 

мен жүлдегерлері де бар екенін бұған де-

йін жазғанбыз. Солар бар, басқалар бар, 

Са рыарқа төсінде Қазақстан ауыратлет-

тері не алтын тиер емес... 

Құрлық біріншілігі қарсаңында баспа-

сөз жиыны өтіп, оған Азия ауыр атлетика 

федерациясының бас хатшысы Әли Мура-

ди, отандық федерация президенті Қайрат 

Тұрлыханов, Штаттағы ұлттық командалар 

және спорт резерві дирекциясының ди-

рек торы Болат Қырықбаев, спорттың осы 

тү рі нен Қазақстан ұлттық құрамасының 

бас бапкері Алексей Ни қатысты. Олар 

спорт түрінің бүгінгі тыныс-тірлігі мен соң-

ғы жылдардағы Қазақстан зілтеміршілері-

нің ерен жетістіктеріне қысқаша тоқталып 

өтті.


ҚР ауыр атлетика федерациясының 

пре зиденті Қайрат Тұрлыханов бұған де-

йін Алаш топырағында Азия чемпионаты 

екі мәрте өткенін атап өтті (2004 жылы Ал-

матыда және 2009 жылы Талдықорғанда). 

Аталған екі Азия чемпионаты аса жоғары 

деңгейде ұйымдастырылып, Азия елде-

рінің барлығы дерлік қазақтардың қонақ-

жайлылығы мен іскерлігіне риза болған. 

Ең бастысы, қандай істі қолға алсақ та, 

оны дөңгелетіп әкете алатынымызға көз-

дері жеткен көрінеді. Сол себепті 2013 

жылғы Азия біріншілігі мен 2014 жылғы 

ли цензиялық әлем чемпионатын өткізу 

Қазақ еліне сеніп тапсырылған. Қайрат 

Болатұлы өз кезегінде осындай маңызды 

жұмыстарды ойдағыдай атқарып шығуға 

Спорт және дене шынықтыру істері агент-

тігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолда-

ны латын спорт түрлері конфедера циясы 

және бас демеушілерінің, яғни «ҚазМұ-

найГаз» ұлттық компаниясы мен «Самұ-

рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 

барынша қолдау көрсетіп отырғандығын 

баса айтып өтті.

Кеше Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы Елбасы кубогы додасы басталды. Дәстүрлі доданың бұған дейін қай 

қалаларымызда өткенін, сондай-ақ қай жылы қандай команда жеңімпаз атанғанын білуге бола ма?

Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ, Астана қаласы

Волейболдан әйелдер арасындағы «Қа-

зақ стан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубо гы» 

халықаралық турнирі 1994 жылдан бері өт-

кізіліп келеді. 2005 жылға дейін әр елдің азу-

лы клубтары қатысып, 2006 жылдан бері, не-

гі зінен, ұлттық командалар қатысып келеді.

1994 жыл: Павлодарда өтті, «Базис-

АДК» (Қазақстан) жеңімпаз болды;

1995 жыл: Павлодар – «Уралочка» 

(Ресей);

1996 жыл: Павлодар – «Уралочка» 

(Ресей);

1997 жыл: Павлодар – China (Қытай);

1998 жыл: Павлодар – China (Қытай);

1999 жыл: Алматы – «МГФСО» (Ресей);

2000 жыл: Алматы – «Рахат» (Қазақ стан);

2001 жыл: Атырау – «Корея-Тобакко» 

(Корея);

2002 жыл: Орал – «Рахат» (Қазақстан);

2003 жыл: Астана – «Рахат» (Қазақстан);

2004 жыл: Атырау – «Рахат» (Қазақ-

стан);

2005 жыл: Теміртау – «Рахат» (Қа-



зақстан);

2006 жыл: Алматы – «Джиганг» (Қытай);

2007 жыл: Астана – «Рахат» (Қазақстан);

2008 жыл: Алматы – «Сичуань» (Қытай);

2009 жыл: Өскемен – Қазақстан құра-

масы;


2010 жыл: Алматы – Қазақстан 

құрамасы;

2012 жыл: Алматы – Таиланд құра-

масы.


2011 жылы әйелдер арасындағы Қазақ-

стан құрамасы «Әлемдік Гран-при» дода-

сына қатысты.

Ал Азия ауыр атлетика федерациясы-

ның бас хатшысы Әли Муради Қазақстан 

зілтеміршілерінің соңғы жылдардағы қол 

жеткізген орасан зор табыстарын жіпке ті-

зіп, тамсанатындығын білдірді. 2008 жы-

лы Бейжің Олимпиадасында ауыр атле-

тикадан жалпы командалық есепте үш інші 

орын алғанымызды, одан соң үш бірдей 

әлем чемпионатында үздіктер қатарынан 

көрінгенімізді бір түйіндеп шықты. Содан 

Лондон Олимпиадасында Әнұранымыз-

дың Тұманды Альбион көгінде төрт мәрте 

шырқалғанын сүйсіне айтып шықты. 

«Әри не, Қазақстанда әлеуеті зор зілтемір-

ші лер бар екенін бұрыннан білетінбіз. Бұл 

спорт түрінен шежірелеріңіз де жеңіске 

толы. Десек те, дәл осындай тым биік бе-

лес ке көтеріледі деп ешкім күткен жоқ еді. 

Өздеріңізді күллі әлемге түбегейлі мо-

йындаттыңыздар» деп Ираннан келген 

мәр тебелі мейман ақтарылды. 

Өкінішке қарай, өз жеріміздегі Азия 

чем пионаты біз үшін көңілсіздеу басталды. 

Алғашқы күні сынға түскен спортшылары-

мыз сенім үдесінен шыға алмай, сан соқ-

тырды. Әйелдер арасындағы 48 келі сал-

мақта сынға түскен Галина Мамонова бе-

сінші орында қалып қойды. Оның көрсет-

кіші – 167 (77+90). Бұл салмақта Лондон 

Ол импиадасының қола жүлдегері, сол түс-

тіккореялық Чин Хва Рианг 190 (80+110) 

келі көрсеткішпен топ жарды.

53 келі салмақта Маргарита Елисеева-

ның жүлдеге ілігетіндей мүмкіндігі болып 

еді. Жұлқа көтеруде екінші орыннан көріне 

білген. Алайда серпе көтеруде жолы бол-

мады. Сөйтіп, 183 (85+98) келі нәтиже-

мен Елисеева төртінші орынды қанағат 

тұтты. Бұл салмақта бас жүлдені 202 

(90+112) келі көрсеткішпен Қытай қызы 

Цзиньян Го олжалады. 

Ерлер арасындағы 56 келі салмақ 

дәре жесінде Олимпиада ойындарының 

жеңімпазы Ом Юн Чолға тең келер ешкім 

болмады. Барлық қарсыластарын «шаңы-

на» ілестірмегені былай тұрсын, тіптен ол 

серпе көтеруде әйгілі Халил Мутлудың әл-

емдік рекордын жаңартуға талпынды. 

Бірақ Солтүстік Корея спортшысының бұл 

әрекеті нәтижесіз аяқталды. Әйтсе де 286 

(126+160) келі нәтижемен үздік шықты. 

Салыстырмалы түрде айта кетейік, 5 

миллион АҚШ долларын, біздің валютаға 

шаққанда 755 миллион теңге шығады 

дей тін болсақ, Ғұсман Қосанов мемориа-

лының бюджеті небәрі 7-ақ миллион тең-

гені құраған екен. Оның төрт миллионын 

Штат тағы ұлттық командалар дирекциясы 

бөл се, қалған 3 миллионын федерацияның 

өзі тапқан.

Негізі, әу баста есептегенімізде, тур-

нир дің сметасы 12 миллион теңгені құра-

ған. Бірақ тапқанымыз 7 миллион бол ды, 

– деп бұл туралы ақпар берген Қазақ стан 

жеңіл атлетика федерациясының вице-

президенті Алексей Кондрат мемо риалға 

сегіз елден барлығы 292 спортшы 

қатысқанын айтты. — Орталық стадионның 

жанындағы қосалқы алаңынде әлі күнге 

дейін жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. 

Сондықтан турнирде көпсайыс, спорттық 

желу деген бағдарламаларды қоспадық. 

«Қайрат» президенті шашын тақырлап тастады



Шағын футболдан УЕФА кубогының алдында «Қайрат» 

клубының президенті Қайрат Оразбеков «егер УЕФА кубогын 

жеңіп алар болсақ, шашымды тақырлап алып тастаймын», – деп 

уәде берген еді. Сонымен, Қайрат Оразбекұлы уәдесінде тұрды 

ма?

Жанбота ОРАЛБЕК, Алматы қаласы

– Түсінесіздер ме, ол кезде мен 

шыны керек, чемпион боламыз 

деп ойлаған жоқ едім. Енді тосы-

лып отырмын, – деп ақталған 

болатын УЕФА кубогында жеңіске 

жеткен соң Алматыда өткен бас-

пасөз мәслихатында осы уәдесі 

жайында есіне салғанымызда. 

Содан бірінші маусымға дейін 

уақыт сұраған. Аталмыш уақыт та 

өте шықты. Клуб президенті уә-

десін ұмытып кетті-ау деп жүр-

генімізде «Қайрат» шағын футбол 

клубының ресми сайты Ораз-

бековтің соңғы суретін жария-

лады. Қайрат Айтмолдаұлы уә-

десінде тұрыпты. Суретке УЕФА 

кубогын ұстап түскен клуб пре-

зидентінің шашы тақырлана қиыл-

ғаны көрініп тұр.

Биыл найза лақтыруды да алып тастадық. 

Балға лақтыру бағдарламасын да алып 

тастайын деп едік, Тәжікстан мен Түрік-

менстан құрамаларының көңілдерін қал-

дыр ғымыз келген жоқ.

Иә, жағдай осындай: көрермен аз жә-

не жалғыз стадион жеңіл атлетиканың 

бар лық бағдарламасын қамти алмайтын-

дық тан, кейбір түрлерін алып тастауға 

мәж бүр. Және де, жылдағы сарын – осы. 

Де генмен, көңіл құлазытпай, көңілге ме-

деу болар көрсеткіштерді де атап өтейік. 

Жалпы, турнирде төрт спортшымыз әлем 

біріншілігінің нормативін орындап, тамыз 

айында өтетін Мәскеудегі дүниежүзілік 

додаға жолдама алды. Атап айтсақ, биік-

тікке секіруде Марина Аитова 195 санти-

метрге секіріп, биылғы рекордын жаңа-

ласа, ұзындыққа секіруде 8,10 метрді ба-

ғындырған Константин Сафронов жол да-

мадан бөлек, өзінің жеке рекордын жа-

ңартты. Сол сияқты сырықпен секіруде 

Ни кита Филиппов пен 800 метрге жүгіруде 

Маргарита Мұқашева да бас жүлдеден 

бөлек, әлем чемпионатына «билет» алды. 

Сондай-ақ жас дарын Светлана Иванчу ко-

ваның да шеберлігіне тәнті болдық. 200 

метрге жүгіріп, бәйгенің алды болған бұл 

аруға риза болған бас бапкер енді Азия 

чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік 

бермек. Алайда әдетте өз жерімізде өрге 

шауып, түзде сүріне беретін Ирина Эктова, 

өкінішке қарай, бұл жолы оңтүстік астана-

да да осалдық танытты. 

Не де болса, Ғұсман ағаның әруағына 

бағышталған бұл дода да біраз талант-

тардың томағасын сыпырып, бұрыннан 

келе жатқан хас шеберлердің қаншалықты 

баптарында екенін байқатты. Енді жеңілат-

леттерімізді Үндістанда өтетін Азия чем-

пио наты мен Татарстанда ұйымдастыры-

латын Универсиада ойындары күтіп тұр. 

Қай жарысқа қай атлеттердің қатысатын-

дық тары алдағы бір-екі күнде толық белгі-

лі болады.

Біздің құрама үкілеп қосқан, баршамыз 

зор сенім артқан Арли Чонтей серпе жат-

ты ғуда 135 келіні үш мүмкіндігінде көтере 

алмай, салы суға кетті. Жұлқа жаттығуда 

да қатырғаны шамалы. 115 келіні еңсеріп, 

алтыншы орынға тұрақтаған болатын.

56 келі салмақ дәрежесінде бақ сына-

ған Фархад Харки екінші орынмен шек-

телді. Көрсеткіші – 303 (138+165) келі. 

Ол Олимпиада ойындарының чемпио ны

солтүстіккореялық Ким Ун Гукпен тайта-

ласа алмады. Ол жұлқа көтеруде бәсеке-

лес терінің бәрі өз мүмкіндіктерін түгесіп, 

сайысты аяқтағанда ғана ортаға шығып, 

145 келіні екінші мүмкіндігінде еңсеріп, 

өзгелерден қара үзді. Серпе көтеруде де 

оның шоқтығы биік болды. Қоссайыстағы 

көрсеткіші – 315 (145+170) келі. Харки-

мен екеуінің әлеуетін осы көрсеткіштері-

мен-ақ салыстыра беріңіздер... 

Жұма күні осылай аузымызды жалқы 

күміс жүлдемен «сүрттік». Екі алтын алсақ 

деген дәмеміздің күлі көкке ұшты. Сенбі 

күні тағы төрт медаль жиынтығы сарапқа 

салынды. Әйелдер арасындағы 56 келі 

салмақта бізден ешкім сынға түскен жоқ. 

Бұл салмақтағы шектен тыс тартысты 

бәсекеде бас жүлдені Тайпэйдің қайсар 

қызы жеңіп алып, Солтүстік Кореяның екі 

аруын сан соқтырып кетті. 



Нұрғазы САСАЕВ

Ерлер арасындағы 69 келі салмақта 

ирандық Жабер Бехроузидің бағы жанды 

– 323 (147+176). Біздің Әділбек Балқаев 

292 (132+160) келі көрсеткішпен төртінші 

орынды қанағат тұтты.

77 келі салмақтағы сайыста да Парсы 

елінен келген Расул Тазиян үздік шықты. 

Қоссайыс қорытындысы бойынша 363 

(163+200) келіні бағындырып, алтын-

мен апталды. Өкінішке қарай, «бір жүлде 

алар-ау» деп сенім артқан жігітіміз төр-

тін ші орынмен шектелді. Біздің Кирилл 

Пав ловтың нәтижесі – 346 (156+190) 

келі.

Сондай-ақ 63 келіде бақ сынаған 



Кари на Горичеваның да жолы болмады. 

Жұлқа көтеруде 104 келіні еңсеріп, екінші 

орынға ие болғанымен, ол серпе көтеруде 

тағы да оңбай сүрінді. 122 келі зілтемірді 

үш мүмкіндігінде де көтере алмай, пұшай-

ман болды. 20 жастағы талантты қызы мыз  

осымен екінші рет еңсемізді түсіріп отыр. 

Жақында Перуде өткен жас 

тар ара-

сындағы әлем чемпиона тында да осылай 

беті күйген. Жұлқа көте руде өзі тап сырыс 

берген 95 келіні үш мүм 

кіндігінде де 

көтере алмай, әлем бірінші 

лігінен тыс 

қалған. Енді, міне, Арли Чонтей секілді 

соң ғы орынға табан тіреп отыр. Біз Кари-

наның жеңісті күндері әлі алда деп сенеміз, 



Әзиз ЖҰМАДІЛ

ВЕЛОСПОРТ

Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын 

құра 


ған ел чемпионатына шетелдерде 

жүр ген велоспортшыларымыздың бар-

лығы дерлік келді. Тек «Тур де Франс» 

көп күндігіне  қатысатын  велошабандозда-

ры 

мыз дайындықтарын жүйелі түрде 



пысық тап жатқандықтан, ел чемпионатына 

келе алмады.

Ерлер арасындағы 185 шақырымға 

созылған аламан бәйгеде Александр Дья-

ченко ел чемпионы атанды. Оның уа қыты 

– 4 сағат 41 минут 24 секунд. Көмбеге 

онымен үзеңгі қағыстыра жеткен Сергей 

Ренев екінші орынға ие болып, олардан 

қалыспаған Майдос Тілеген үшінші орын-

ды еншіледі.

Валентин Иглинский төртінші орынмен 

шектеліп, Даниил Фоминых және Алек-

сандр Шушемоин сынды жастарымыз үз-

дік алтылыққа ілікті. Ал тәжірибелі Максим 

Иглинский 10-орынды қанағат тұтып, 

Мақ сат  Аязбаев  16-орында  қалып  қойды.

Жасөспірімдер арасындағы 130 шақы-

рымдық аламанда Ерлан Пернебеков топ 

жарды. Юрий Щербинин күміс жүлдегер, 

ал Сергей Шемякин қола жүлдегер 

атанды.

Айқын ЖАППАР

Велоспорттан 

Талдықорғанда 

ұйымдастырылған Қазақстан 

чемпионаты аяқталды. 

Демалыс күндері аламан 

бәйгелер өткізіліп, Туымыз 

түстес көк жейдеге қол 

жеткізген жеңімпаздар 

анықталды.

Тас жолдағы 

аламанда 

топжарғандар

тек жасымасын деп тілейміз. Жалпы, бұл 

салмақта тайпейлік Лин Цзу Чи озды. 

Көрсеткіші – 243 (110+133) келі.

Сонымен, сенбі күні ұртымыз мүлде 

майланбай, ұнжырғамыз түсті. 

Жексенбі күні 69 келі салмақтағы 

Гүл наз Наурызоваға сенім арттық. Был-

тыр Азия чемпионатында қола медаль 

ен ші леген қандасымыз бұл жолы бесінші 

ор ын ды қанағат тұтты. Көрсеткіші – 218 

(98+120) келі. Бұл салмақтағы бәсеке 

көрігін Сол 

түстік Кореяның қос аруы 

қыздырды. Құр 

лықтық сайыстардың 

жүл дегері Рио Ун Ху мен Олимпиада 

чем пио ны Рим Ионг Сим арасындағы 

тартыс ты  бәсекеде  алғашқы сының  бағы 

жанды. Жеңімпаздың көрсет кі ші – 263 

(118+145) келі. Осылайша Лон донда 

саф алтынға қол жеткізген қыз 255 

(112+143) келімен өзінің жас отан да-

сына есе жіберіп алды. 

Одан кейін ерлер арасындағы 85 келі 

салмақ дәрежесіндегі жігіттер сайысы 

бас талып, еліміздің қос қыраны жүлдеге 

та лас қан. Өкінішке қарай, Ербол Мейір-

ма нов алғашқы жаттығу бары сында жа-

рақат алып, қатардан шығып қалды. 

Жұл 

қа кө 


те 

руде 160 келіні еңсермек 

болып, зіл те мір үстіне құлап, жарақат-

танып қалды.

Бірақ кеше Қазақстан құрамасының 

бап керлері отандық басылымдарға бер-

ген түсініктемелерінде «алаңдайтындай 

еш 


теңе жоқ, сүйектері аман, шынтағы 

шық қан екен, оны дәрігерлер орнына сал-

ды, үш аптадан кейін гипсті алады, содан 

кейін жаттығуды қайта бастайды» деп 

көңілімізді басты. 

Бұл салмақта Евгений Евстафьев 341 

(156+185) келіні бағындырып, қола ме-

даль иеленді. Бас жүлде – 358 (158+200) 

келіні бағындырған парсы жігіті Сохраб 

Мурадиге бұйырды. 

Сөйтіп, Азия чемпионатының бастапқы 

үш күні Қазақстан зілтеміршілері үшін сәтті 

болмады. Үш күнде бір алтынға қолы мыз 

жетпеді. Әзірше Солтүстік Корея мен Иран 

спортшыларының қарқындары адам 

қызығарлықтай. Қытай мен Тайпей де 

қалысар емес. Айтпақшы, Азия чемпио-

наты қарсаңында біздің құрама сапында 

аздаған өзгерістер жүзеге асыпты. Бапкер-

лер 69 келі салмақтағы Жазира Жаппар-

құл дың орнына Гүлназ Наурызованы, 75 

келіде Анна Нұрмұхамбедованың қасына 

Анастасия Швабауэр қосылды.

Енді бес турдан кейін ел чемпиона ты-

ның бірінші кезеңі аяқталады. Екінші ке-

зеңде 12 команда екі топқа бөлініп, үздік-

тер жүлделі орындарға, ал аутсайдерлер 

Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға 

таласатын болады. Дәл қазір алтыншы 

орындағы ұжыммен жетінші орындағы 

команданың арасын төрт ұпай ғана бөліп 

тұр. Дейтұрғанмен, төменде тұрған коман-

далардың арасында алғашқы алтылықтан 

орын алуға тек «Тобыл» ғана тайталаса 

ала тын шығар. Өйткені «Востоктың» ойы-

ны ала-құла. Осы турда жеңгенімен, келе-

сі 

сінде жеңіліп қалуы оп-оңай. Любко 



Петровичті қызметінен босатқалы «Тараз-

дың» да кежегесі кейін тартып барады. 

Тіпті клубты тұңғиықтан алып шығуға Гол-

ландиядан алдыртқан маман Арно Пай-

перстің де шамасы жетер емес. Қайта Пай-

перс келгелі екі рет жеңіліп, жағдайларын 

одан сайын қиындатты. Ал қаржыдан қа-

ғажу көріп жүрген «Жетісу», «Ақжайық», 

«Атырау» сынды клубтардан жақсы нәти-

же күту тіптен қисынсыз сияқты көрінеді. 

Не де болса, алдағы уақытта жүлде жо-

лын дағы басты айқастар «Ақтөбе», «Ас-

тана», «Шахтер», «Қайрат», «Ордабасы» 

жә не «Ертіс» арасында өтетін секілді. Рас, 

әзірге «Тобыл» да үздіктер қатарынан 

көрінуден үмітті. Дегенмен бірінші кезең 

аяқталмай тұрып, тоқетерін айтуға ертерек 

шығар. Қаржы жағын қайдам, футболшы-

ла рының шеберліктері жөнінен бір-біріне 

дес бермейтін біздің біріншілікте бәрі де 

мүмкін.

Жексенбі күні ел біріншілігінің 16 



туры өтті. Елорданың «Астана-Арена» 

стадио нын да өткен орталық кездесуде 

«Астана» мен «Ақтөбенің» жолдары 

түйісіп, керемет өткізген бірінші таймның 

арқасында қо 

нақтар жеңіске жетті. 

Сондай-ақ  Қараған ды дағы  кездесуде 

өте қызықты өтіп, кө рермендер бес гол 

және бір қызыл қа ғаздың куәсі болды. 

Төрешінің соңғы ыс 

қырығына дейін 

тартысқа толы болған бұл кездесуде 

«Шахтер» «Атырауды» бір ғана гол 

айырмашылығымен тізе бүктірді. Жалпы, 

айта кетуіміз керек, Оралда өткен 

«Ақжайық» – «Қайрат» кездесуі ғана тең 

есеппен аяқталды демесеңіз, қалған ой-

ындардың барлығында да жеңімпаз бір 

ғана артық голдың арқасында анықталып 

жатты. Бұл да болса, ел біріншілігінің 

тар 

тысқа толы екенін айғақтап тұрса 



керек.

16-ТУРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

«Ақтөбе» – «Астана» - 2:1

Голдар: Қуат, 54 — Кападзе, 15. 

Кападзе, 17.



«Ордабасы» (Шымкент) – 

«Тобыл» (Қостанай) – 1:0

Гол: Юнузович, 16.

«Шахтер» (Қарағанды) – 

«Атырау» – 3:2

Голдар: Джидич, 8. Тәжімбетов, 50. 

Зенькович, 74 — Чуреев, 59. 

Нұрыбеков, 81.

Ойынның 90 минутында 

Тарасов (Ш) алаңнан 

қуылды

«Ертіс» (Кереку) — «Жетісу» 

(Талдықорған) – 0:1

Гол: Саломов, 94.

«Восток» (Өскемен) – 

«Тараз» 1:0

Гол: Ньянг, 47.

«Ақжайық» (Орал) – 

«Қайрат» (Алматы) – 0:0



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет