Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен Дәрістер қаз 2022-2023 Жазылбек


- дəріс. Тақырыбы: Экономикалық тепе-теңдік жəне экономикалық өсу



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата15.02.2023
өлшемі410,98 Kb.
#68171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
11- дəріс. ТақырыбыЭкономикалық тепе-теңдік жəне экономикалық өсу 
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары): 
1.Жиынтық сұраныс жəне жиынтық ұсыныс.
2.Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі. Жеке, жалпы жəне нақты тепе-
теңдік.
3.Экономикалық өсу: мəні, көрсеткіштері жəне факторлары.
4.Қазіргі экономикалық өсудің маңызды факторы - адам капиталы. 
Дəрістің қысқаша мазмұны: 
Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең 
маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мəңгі» 
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін 
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мəселелері шешіледі. 
Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік 
шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш 
күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді 
өзгерістерін білдіреді. 
Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің 
ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық 
өсу пайыздық тұрғыда есептеледі жəне өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ 
не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді 
анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша 
немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы жəне өзге де құрылымдық 
өзгерістерді есепке алусыз есептеледі. 
Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру 
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі əлеуметтік экономикалық 
мəселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық өсу 
категориясында экономикалық теорияда үлкен мəн беріледі.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: 
бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық əрі сапалық артуы жəне олар екі 
топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы 
қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне 
немесе интенсивті типіне негізделе дамиды. 
Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының 
негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы 
қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, 
ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде 
жүзеге асады. 
Экономикалық даму келесідей əрекеттердің нəтижесінде орындалуы 
мүмкін: 
- Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын 
адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті 
түрде артады.
- Еңбек өнімділігін арттыру. Егер əрбір жұмысшы көбірек өндіре 
бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі. 
- Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары 
жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең 
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


12 
апта
№ 12 
дəріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет