14-дəріс. Тақырыбы: Мемлекеттің əлеуметтік жəне аймақтық саясаты. Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Мемлекеттің əлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мəні жəне мақсаттары.
2.Табыстардың құрылымы. Қоғамдағы табыстарды бөлу, теңсіздік мəселесі.
3.Аймақтық саясат. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың əдістері мен
құралдары.
4.Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жағдайы мен болашағы.
Дəрістің қысқаша мазмұны: Адамның экономикалық іс-əрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту
үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет
кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы
1-1-іне əсерін тигізеді. Сондықтанда əрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы
жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет əлеуметтік саясат болып
табылады.
Əлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін
ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-əрекеті.
Əлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар:
1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық
азаматтар үшін ыңғайлы əлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық
қызметтердің басты мақсаты;
2-ден, əлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы.
Əлеуметтік саясаттың нəтижелік көрсеткіштеріне жататындар:
1. халықтың өмір сүру деңгейі;
2. халықтың өмір сүру сапасы;
3. тұтыну қоржыны;
4. Күнелту минимумы.
Нарыққа өту кезінде əлеуметтік қорғау жүйесінде əлеуметтік
кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:
1. ең төменгі жалақы;
2. ең төменгі зейнетақы;
3. стипендия;
4. жəрдем ақы;
5. еңбек ету құқы;
6. тегін жəне ақылы білім беру;
7. дəрігерлік қызмет;
8. еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;
9. демалу құқы;
10.мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын
индексациялау;
11.жұмыссыздыққа байланысты əлеуметтік қорғау;
12.меншікке жəне одан түскен табысқа иелік ету.
Нарық экономикасы кезінде əлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру
жəне халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы
жасалады.
Табыс дегеніміз - жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен
қызметтерді алу үшін тағайындалған жəне белгілі уақыт ішінде алынатын
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.