12-дəріс. Тақырыбы: Экономикалық циклдар. Инфляция жəне жұмыссыздық Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамиканың жалпылама
нысаны ретінде.
2.Циклдық ауытқулардың себептері: ішкі жəне сыртқы. Экономикалық цикл
жəне оның түрлілігі.
3.Инфляция жəне жұмыссыздық. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері мен
түрлері.
4. Жұмыссыздық: мəні, себептері мен нысандары. Оукен заңы.
Дəрістің қысқаша мазмұны: Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың
ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек
еткен экономистер байқаған. Капиталистік кəсіпорын иелері өз өндірісін
шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше нарықтың үлкен аумағын
«жаулап» алуға тырысты. Ал өның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа
алып келді. Артық өндірудің мəні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан
басым болудан көрінеді. Нəтижесінде тауар бағасы едəуір төмендеп кетеді де
көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше
болғаны соншалық, XIX жəне XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде
бірі бұл мəселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық
дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процесттерге
əсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған əр
түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тəн сипаттардың бірі. Оған
экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тəн.
Э ко н о м и к а л ы қ д а м уд ы ң ц и к л д ы қ з а ң д ы л ы қ т а р ы н з е р т т е у -
макроэкономикалық талдаудың құраушы бөлігінің бірі болып табылады.
Көптеген зерттеуші экономистер осы нарықтық экономиканың циклдық
ауытқуының құпиясы неде деген сұраққа жауап іздеді. Ал, экономикалық
цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа жəне ұзақ мерзім аралығындағы
өндіріс, жұмысбастылық жəне табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып
отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды
инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың
жаңартылуы, мултипликатор əсерінің əлсіреуі жəне көптеген экономистердің
пікірлері бойынша ең маңызды себеп – тұтыну мен инвестиция арасындағы
ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегриалды
теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектептердің экономистері
циклдың болуының себептеріне əртүрлі көзқараспен тоқталады.
Қазіргі экономикалық əдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық
зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл
келесідей фазаларды қамтиды: шың немесе бум, рецессия немесе құлдырау,
депрессия жəне жандану. Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бір
қатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық
деңгейі, жеке табыс, өнеркəсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі, т.б.).
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.