Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Байланыстың түріне қарай сөз тіркесінің жіктелуі?



бет38/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
38. Байланыстың түріне қарай сөз тіркесінің жіктелуі?

Сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан пайда болады. Сөз тіркесі жасалу үшін, оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан байланысты айтылуы шарт. Бір - бірімен байланысты десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі - грамматикалық жағынан байланысты болады. Мағыналық жағынан байланыс деп - сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категориялық мағынасын, ал грамматикалық жағынан байланыс деп - бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық жағынан бағыныштылығын айтамыз. Яғни сөз тіркесіндегі сөздер белгілі бір грамматикалық формада тұрып, олардың бірі - бағыныңқы (тәуелді), екіншісі - басыңқы (ұйтқы) жағдайда байланысады.
Сөз тіркесіндегі басты рөлді оның басыңқы сыңары атқарады. Басыңқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Өйткені сөз тіркесінің құрылымы оның құрамындағы ұйтқы сөздің қай сөз табына қатысты болуына қарай айқыңдалады. Мәселен, басыңқы сөз зат есім болса, ол өзінің алдында тұрған анықтауыш сөздермен, яғни сын есім, сан есім, есімдік, есімшелермен тіркеседі. Мысалы: ақылды адам, бес кітап, бұл бала, барар жол, т.б. Бұл сын есімдер басыңқы сыңар бола алмайды деген сөз емес. Сын есімдер де басыңқы сыңар бола алады. Бірақ сын есімдер басыңқы сыңар болғанда өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен баска септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы: ақылға бай, тастан қатты, қулыкты көргіш. Етістіктер ұйтқы (басыңқы) сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Мысалы: тауға шығу, ерте тұру, қадала қарау, бұрқ-бұрқ қайнау.
Сонымен, сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет