Әл-ауқат және қауіпсіздік


Оқушыларды «адам хронотиптері» ұғымымен танысуға шақырыңыз



бет11/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Оқушыларды «адам хронотиптері» ұғымымен танысуға шақырыңыз.


Адамның хронотиптері дегеніміз біз өзімізді сергек және белсенді сезінетін кезді және ұйқышыл және белсенділік деңгейіміз түсе бастаған кезді сипаттаудың оңай жолы. Әр адамның өз хронотипі бар, ол адамның тәулік ішінде қай уақытта белсенді немесе пассивті әрекеттерді таңдайтынын көрсетеді. Мысалы, егер сіз «таңертеңгі типтегі» адам болсаңыз («бозторғай»), онда таңертең сергектік пен қуат сезімімен оянуыңыз мүмкін. Егер сіз «кешкі типтегі» адам («үкі») болсаңыз, кешке немесе түнде өзіңізді сергек және белсенді сезінуіңіз мүмкін. Сондай-ақ аралық хронотиптер бар («көгершіндер»), ондай адамдар күннің әртүрлі кезеңдерінде өздерін жайлы сезінеді.
Қызықты ақпарат (дереккөзhttps://esquire.kz/chto-ty-za-ptica-ili-kakie-hronotipy- sushhestvujut-krome-sov-i-zhavoronkov/)
Адам хронотиптері туралы алғашқы деректер өткен ғасырдың басында пайда болды. Сол кезде неміс психиатры Эмиль Крепелин «таңертеңгі және кешкі жұмыскерлер» туралы алғаш рет айтты. Біреулердің ұйқысы түннің алғашқы сағаттарында тереңірек болса, басқалардың ұйқысы таңға жақын терең болатынын атап өтті. Біраз уақыттан кейін ғалымдар адамдарды ерте ұйықтап, оянуды ұнататындарға және кеш жатып, кеш тұратындарға бөлуді ұсынды. Ал 1939 жылы ғылыми әдебиеттерде «үкі» және «бозторғай» терминдері пайда болды. Классикалық «үкі» үшін таңғы 8–10-нан ерте тұру өте қиын. Олар сыртқы факторларға қарамастан түн ортасынан кейін ұйықтайды. «Бозторғай» таңғы 4-тен 6-ға дейін өздігінен оянады. Ал сағат 21.00-ден кейін олардың ұйқысы келе бастайды. Ғылыми ой бір орында тұрған жоқ және тағы 30 жылдан кейін – 1970 жылы – Швециялық психолог Оквист адамды белгілі бір хронотипке жатқызуға көмектесетін алғашқы сауалнаманы құрастырды. Сол уақытта ғалымдар тағы бір хронотипті енгізді, ол – «көгершін» хронотипі. Бұл ең үлкен топтың өкілдері әдетте таңғы 6-8 арасында өздігінен оянады. «Көгершіндер» ұйықтау керек екенін
22 сағат пен түн ортасы арасында сезіне бастайды, сонымен қатар түскі уақытта ұйықтауға және демалуға құмар болады.
  1. тапсырма. «Әртүрлі хронотиптердің артықшылықтары мен кемшіліктері» пікірталасы


Әртүрлі хронотиптердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталас өткізіңіз. Оқушыларды нені ұнататындарын айтуға және хронотипті өз пайдасына қалай пайдалануға болатынын талқылауға шақырыңыз, мысалы, уақытты жоспарлау немесе оқу үшін оңтайлы уақытын таңдау кезінде.

Рефлексия. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


    • Сіздің хронотипіңізге қандай белгілер мен ерекшеліктер тән?

    • Хронотипіңіздің қандай артықшылықтарын атай аласыз? Сізге қай уақытта зейінді шоғырландыру және белсенді болу оңай?

    • Хронотиптер күнделікті жағдайда біздің өмірімізге және мінез-құлқымызға қалай әсер етуі мүмкін?

    • Адам өз хронотипінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерімен қалай күресе алады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет