Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет10/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

тапсырма. Әлеуметтік ролик. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда «Зиянды әдеттерге жол бермейміз!» 2-3 минуттық әлеуметтік бейнеролигінің сценарийін әзірлейді. Топтар рөлдерді бөліп, сыныптастарының алдында ойнайды.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


    • Жаман әдеттер оқудағы немесе жұмыстағы мінез-құлық пен табысқа қалай әсер етуі мүмкін?

    • Жаман әдеттермен күресіп жүрген достарыңызға немесе жақын адамдарыңызға қалай қолдау көрсете аласыз?

    • Жаман әдеттерден арылғысы келетіндерге көмектесетін қандай ресурстар немесе бағдарламалар бар?




  1. сабақ. Менің денсаулығым

Оқушылар:

    • әлсіреген және шаршаған кезде денені қалпына келтіру жолдарын ұсынады;

    • биоырғақтың адамның әл-ауқатына әсерін талдайды.



Сабақ барысы

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойыңыз.


      • Адам денсаулығы неден құралады? (физикалық, психологиялық, әлеуметтік)

      • Денсаулықты қалай сақтау керек?



Оқушылармен ағзаның тозуы, қатты шаршауы қандай жағдайларда орын алуы мүмкін екенін талқылаңыз.


  1. тапсырма. Ағзаның тозуы. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді де әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып, ағзаның тозуына не себеп болатынын және шаршау мен әлсіреуді қалай болдырмауға болатыны туралы шағын зерттеу жүргізеді. Оқушылар физикалық (дұрыс тамақтанбау, дәрумендер мен

минералдардың жетіспеушілігі, шамадан тыс физикалық белсенділік және т. б.), психологиялық (стресс, мазасыздық, жабығу және т. б.), әлеуметтік (шамадан тыс жүктеме, эмоциялық шаршау және т. б.) және басқа себептерді талдайды. Оқушылар ағзаны әлсіреу және шаршау кезінде қалпына келтіру жолдарын ұсынады.


Оқушылармен биоырғақтардың адамның әл-ауқатына қалай әсер ететінін талқылаңыз.

Биологиялық ырғақтар (биоырғақтар) дегеніміз ағзадағы (адам ағзасында да) физиологиялық және мінез-құлықтық үдерістердегі циклдік өзгерістер. Олар ішкі биологиялық механизмдерге тәуелді және генетикалық факторлармен қатар, жарық, температура және әлеуметтік факторлар сияқты сыртқы әсерлерге де байланысты. Биоырғақтар біздің өміріміздің әртүрлі аспектілерін, мысалы, ұйқыны, оянуды, тәбетті, физикалық белсенділікті, эмоциялық күйді және басқа да көптеген үдерістерді реттейді. Олардың күнделікті, айлық, маусымдық немесе одан да қысқа циклі болуы мүмкін.


Мысалы, циркадты ырғақтар – бұл шамамен 24 сағат сайын қайталанатын және ұйқы мен ояну сияқты функцияларды реттейтін биоырғақтар. Ультрадиандық ырғақтар – бұл ұзақтығы 24 сағаттан аз биоырғақтар, мысалы, күндізгі ұйқы мен ояну циклдері.

Биоырғақтардың физикалық және психологиялық тұрғыдан сау-саламат болудағы маңызы зор. Олардың бұзылуы немесе теңгерімсіздігі әртүрлі мәселелерге, мысалы, ұйқының бұзылуына, энергияның азаюына, көңіл-күйдің нашарлауына және зейінді шоғырландыру қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.


(Қосымша ресурстар: https://antiage-expert.com/ru/blog/bioritmy-cheloveka/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет