Әл-ауқат және қауіпсіздік


-бөлім. Психикалық саулық пен әл-ауқат сабақ



бет12/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

2-бөлім. Психикалық саулық пен әл-ауқат

  1. сабақ. Сезім табиғаты

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:


    • адамның эмоциялық табиғатын түсіндіреді;

    • өз уайымдарын, сезімдері мен эмоцияларын таниды.



Сабақ барысы

Оқушылармен заманауи әзірбайжан жазушысы, журналист Эльчин Сафарлидің


«Егер білсең ғой...» кітабынан үзіндіні талқылаңыз: «... сен күлсең, мен де күлемін. Және де сен менің күлкімді, мен сенің күлкіңді көруім маңызды емес. Өйткені, көзбен көретініміз маңызды емес. Жүрекпен сезетініміз әлдеқайда маңызды».


  1. тапсырма. Оқушыларды күнделікті сезімдері, ойлары мен уайымдарын талдауға шақырыңыз. Ол үшін оқушылар соңғы уақытта жасаған барлық әрекеттерін еске түсіріп, 2 тізім жасауы керек. Бірінші тізімде оқушылар өздерін бақытты, сенімді ететін барлық нәрсені жазуға тырысады; екінші тізімге олар күнделікті жасайтын барлық нәрселерді жазады. Оқушылар осы екі тізімді бір-бірімен салыстырады.





1-тізім

2-тізім

Сізді бақытты ететін барлық нәрсені осында жазыңыз

Мұнда күнделікті жасайтын барлық нәрсені жазыңыз

Тізімдерді мұқият салыстырыңыз

Тапсырманы аяқтағаннан кейін келесі сұрақтарды қойып оқушыларды талқылауға шақырыңыз.



    • Тапсырма қалай орындалды? Күрделі немесе қызықты бірнәрсе болды ма?

    • Бұл ақпарат сізге күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін бе? Қалай?



Оқушылармен сезімдер адамдардың әл-ауқатына қалай әсер ететінін талқылаңыз. Сезімдер бізді жер бетіндегі ең бақытты немесе ең бақытсыз адамдарға айналдыра алатын үлкен күшке ие. Көбінесе біз «жақсы» және «жаман» сезімдер, жағымды және жағымсыз эмоциялар туралы айтамыз. Алайда, шын мәнінде, сезімдердің көпшілігінде плюс немесе минус белгісі болмайды. Біз оларға бұл бағаны өзіміз береміз. Мысалы, ұятты немесе қызғанышты алайық. Бір қарағанда, олар жағымсыз болып көрінеді, бірақ біз мұқият қарап, оларды сынай бастасақ, олардың үлкен әлеуетін байқаймыз. Сезімдер – өзімізді тірі және шынайы сезінуге көмектесетін дүние.


Оқушыларға адам сезіне алатын сезімдер мен эмоцияларды тізімдеуді ұсыныңыз (қуаныш, таңдану, қайғы – қасірет, ашу – ыза, қорқыныш – үрей, ұят, ұялшақтық, кінә, өкіну және т.б.).
  1. тапсырма. «Өз сезімдеріңізбен танысыңыз» жаттығуы. Оқушылар тапсырманы нұсқаулыққа сәйкес жеке орындайды.


    • Қағаз парағын алыңыз, оны екіге бөліп, бір жағына сізге оңай және таныс сезімдерді, ал екінші жағына сізге қиын немесе жағымсыз, аулақ болуға тырысатын сезімдеріңізді жазыңыз.

    • Екі тізімнің біреуін таңдап, келесі тапсырманы орындаңыз. Оңай басқара алатын сезімдердің бірін сезінетіндей жағдайды елестетіңіз. Бұл сезімді қалай түсінетініңізді 100-150 сөзден тұратын шағын эссе түрінде жазыңыз. Мысалы, сіз ашуланғанда немесе қуанғанда не сезінесіз? Бұл сіздің денеңізге, тыныс алуыңызға, дауысыңызға қалай әсер ететінін және сізге қандай ойлар келетінін, қандай бейнелер пайда болатынын сипаттаңыз.

    • Кейін сіз үшін қиын болып табылатын сезімдер тізімінен бірін таңдап, тапсырманы қайталаңыз. Бұл сезімнің денеңізге қалай әсер ететінін сипаттаңыз. Өзіңізді қаншалықты ыңғайлы сезінесіз? Өзіңіз және басқа адамдар туралы қандай ойлар келеді? Бұндай жағдайда нені қалайсыз? Бұл сезім пайда болған кезде ішкі жан-дүниеңіз не дейді? Мұның бәрін қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі жазыңыз. Осымен екінші эссеңізді жазасыз.

    • Қаласаңыз, сыныптастармен бөлісе аласыз. Басқа адамдар бұл сезімдерді ұқсас немесе басқаша сезінетінін байқайсыз. Осының арқасында олардың әлемін көре аласыз және сіздің «ашу», «ыза» деп атап жүрген сезіміңіз сыныптастарыңызға мүлдем басқаша көрінуі мүмкін екенін түсінесіз.



Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылардың дәл сол уақытта не сезетіндерін сипаттайтын сөз тіркестерді бірнеше минут ішінде жазып шығуды сұраңыз. Әр сөйлемді «қазір», «осы сәтте», «дәл осы уақытта» сөздерімен бастаңыз.


Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.

      • Сезімдердің не екенін білетініңізге қаншалықты сенімдісіз?

      • Әртүрлі жағдайлардағы өзіңіздің жай-күйіңізді түсіне алатындығыңызға қаншалықты сенімдісіз?


  1. сабақ. Сезімдер мен эмоциялардың пайда болу механизмі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет