Қызықтыақпарат (дереккөз https://4brain.ru/blog/неожиданные-факты-о-стрессе)
«Швеция ғалымдары стресс салдарынан кешкі уақытта көптеген адамдардың бойы таңертеңгіге қарағанда 1% төмен болатынын анықтады. Күйзеліс арқа және иық бұлшықеттерінің тырысуына әкеледі, бұл адам бойының еңкіш тартуына алып келеді.
Көбінесе стресті «тілсіз дұшпан» деп атайды, өйткені ол жүрек ырғағының бұзылуына, жүрек ауруларына, қан қысымының жоғарылауына және кеудедегі ауырсынуға әкелуі мүмкін.
Жоғарыда аталған аурулардан басқа, стресс көбінесе қатерлі ісік және бауыр циррозы сияқты аурулардың себебі болады. Стреске үнемі ұшырайтындардың арасында суицидтер өте көп. (Анықтама ретінде: Гомердің «Илиадасында» стресс туралы алғашқы рет жазылған – Ахиллес эмоциялық құлдырауды сезетінін және өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлары бар екенін айтады».)
тапсырма. Оқушыларды күйзелістің бес жағымды және бес жағымсыз сөз тіркестерінің немесе тұжырымдардың тізімін өздігінен жасауға шақырыңыз. Содан кейін жағымсыз тұжырымды жағымды етіп және керісінше өзгерте отырып, әр сөз тіркесін қайта жазыңыз (мысалы, «Стресс менің денсаулығымды бұзады» деген сөз тіркесін «Стресс менің өсуіме және дамуыма ықпал етеді» деп өзгертуге болады). Содан кейін қабылдауыңыз бен көзқарасыңыз қалай өзгергеніне назар аударыңыз.
Өзгертілген сөз тіркестері сіздің эмоциялық реакцияңызға және күйзеліске деген көзқарасыңызға қалай әсер ететінін талқылаңыз.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз.