Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет15/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

тапсырма. «Эмоциялар мен қажеттіліктер картасы». Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп әртүрлі эмоциялар мен олармен байланысты қажеттіліктерді көрсететін менталды карта жасауға шақырыңыз.

Нұсқаулар:


    • Басты тақырыптан бастаңыз. Менталды картаңыздың ортасына

«Қажеттіліктер мен эмоциялар» деп жазыңыз. Бұл сіздің негізгі тақырыбыңыз болады.

    • Негізгі қажеттіліктерді анықтаңыз. Картада берілген әртүрлі негізгі физикалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік қажеттіліктерді сипаттаңыз. Мысалы, қауіпсіздік, кеңінен танылу, өз қабілеттерін жүзеге асыру және т. б. қажеттіліктерді қосуға болады. Әрбір қажеттілікті негізгі тақырыптан шығатын бөлек жолға жазыңыз.

    • Әр қажеттілікпен байланысты болып келетін эмоцияларды анықтаңыз. Әрбір қажеттілік бойынша оның өтелуіне немесе өтелмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін эмоцияларды анықтаңыз. Мысалы, белгілі бір топтың мүшесі болу қажеттілігі қуаныш, қанағат, жалғыздық немесе қайғы сияқты эмоциялармен байланысты болуы мүмкін. Эмоцияларды тиісті қажеттіліктермен байланыстыратын сызықтарды қосыңыз.

    • Өзара байланысты зерттеңіз. Картаға қарап, қажеттіліктер мен эмоциялар арасындағы байланыстарға назар аударыңыз. Белгілі бір қажеттіліктер өтелген және өтелмеген кезде қандай эмоциялар жиі пайда болатынына назар аударыңыз. Бірнеше қажеттіліктермен байланысты болуы мүмкін эмоцияларға назар аударыңыз.

    • Мысалдар мен жағдаяттар ұсыныңыз. Қажеттіліктер мен эмоциялар арасындағы байланысты нақтырақ түсіну үшін осы байланысты көрсетуге көмектесетін мысалдар немесе жағдаяттарды үлгі ретінде келтіруге болады. Мысалдарды немесе жағдаяттарды тиісті жолдарға немесе олармен байланысты қажеттіліктер мен эмоциялардың жанына жазыңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз.


    • Қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру және эмоцияларды реттеу үшін қандай стратегияларды қолдануға болады?

    • Қандай қажеттіліктер ең күшті эмоциялық реакцияларды тудырады?

    • Қандай эмоциялар белгілі бір қажеттіліктердің көрсеткіші болып табылады?

    • Қажеттіліктер өтелген кезде қандай эмоциялар пайда болады және бұл сіздің әл-ауқатыңыз бен мінез-құлқыңызға қалай әсер етуі мүмкін?




  1. сабақ. Импульсивті (албырт) мінез-құлық

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:


    • импульсивті (албырт) мінез-құлық ұғымын түсіндіреді;

    • импульсивті (албырт) мінез-құлықтың адамның әл-ауқатына әсерін талдайды.



Сабақ барысы




Оқушылармен дәйексөздерді талқылаңыз:


«Әрекетіміз бекер кетпес үшін әрекет жасамас бұрын ойлануымыз керек» (Жан Жак Руссо, 1712-1778 жж., француз-швейцариялық философ. «Қоғамдық шарт немесе саяси құқық қағидаттары туралы» трактат);


«Ойланбайынша ештеңе айтпа не жасама, әйтпесе қиын жағдайға түсесің» (Бенджамин Франклин, 1706-1790 жж., америкалық саясаткер, дипломат, өнертапқыш, ғалым, философ. «Бенджамин Франклиннің өмірбаяны»);
«Ойланбаған әрекеттер даналықтың болмауының нәтижесі, ал даналық алдын ала ойланудың нәтижесі» (Сократ, ежелгі грек философы, б.з.д. 469 ж. - б.з.д. 399 ж., Платон «Платондық диалогтар»).


Оқушыларға «импульсивті (албырт) мінез-құлық» ұғымына анықтама беруді тапсырыңыз.


Импульсивтілік (албырттық) – бұл сыртқы факторлардың немесе эмоциялық күйлердің әсерінен саналы бақылаусыз ойластырылмаған әрекеттер жасауға бейім болуды қамтитын жеке қасиет.

Импульсивті (албырт) мінез-құлыққа ойланбастан және ықтимал салдарды ескерусіз жасалынатын әрекеттердің кең ауқымы кіреді. Импульсивті (албырт) мінез-құлық мыналарды қамтуы мүмкін:


    • дұрыс ойланбағаннан жоспарлардың немесе шешімдердің кенет өзгеруі;

    • мезеттік қалауларға негізделген ойластырылмаған сатып алулар немесе ресурстарды тұтыну;

    • ықтимал жарақаттар мен қауіптерді бағалаусыз жылдам және қауіпті физикалық әрекет ету;

    • зиянды заттарды импульсивті тұтыну;

    • басқа адамдармен қарым-қатынаста қақтығыстарға немесе жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін еріксіз сөздер немесе әрекеттер;

    • қаржылық мүмкіндіктерді талдаусыз тәуекелді инвестициялар немесе ірі сатып алулар сияқты қаржылық мәселелердегі абайсыз шешімдер;

    • қауіпті әрекеттерді ойланбастан жасау, мысалы, жол қозғалысы ережелерін елемеу немесе қажетті дайындықсыз және қорғаныссыз қауіпті спортпен айналысу және т.б.

Импульсивті (албырт) мінез-құлық әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін және әртүрлі жағдайларда орын алуы мүмкін, бірақ жалпы ол әрекет жасамас бұрын ойланбаумен және ықтимал салдарды бағаламаумен сипатталады.


(Қосымша ресурстар: https://www.b17.ru/article/425493/)




  1. тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда импульсивті адамға тән тұжырымдарды талдауға шақырыңыз. Оқушылар импульсивтілікке әсер ететін факторларды анықтап, импульсивті мінез-құлықты бақылаудың ықтимал стратегияларын ұсынуы керек.


    • Мен дүкеннен ұнаған нәрсені көргенде, мен оны бірден сатып аламын, тіпті егер ол маған қажет болмаса да.

    • Мен айналамдағы басқа адамдардың қауіпті немесе тыйым салынған нәрсені жасап жатқанын көргенде, мен оның салдарын ойламай-ақ оларға қосыла саламын.

    • Өзіме шексіз қуаныш сыйлайтын (мысалы, сыйлық алу) мүмкіндік болса, тәуекелге баруға немесе асығыс шешім қабылдауға дайынмын.

    • Мен қызықсыз немесе жағымсыз жағдайға түскен кезде, жиі ыңғайсыз әрекет жасап және оны түзетуге тырысамын.

    • Ішімдікке, есірткіге құмартсам мен оларды бұрын өзіме таныс болмаған сезімдерді сезіп көру үшін ғана қабылдаймын.

    • Маған қызығушылық немесе ынта жетпеген кезде мен адреналин алу үшін қауіпті әрекеттердің өзін жасауға әзірмін.

    • Біреу мені ренжітсе немесе кемітсе, мен бірден агрессивті әрекет ете аламын.

    • Бірдеңені қатты істегім келсе, мен ықтимал теріс салдарын ойламай, бірден әрекет етемін.

    • Мен ымыраға келуге немесе топтық ықпалға көнуге мүмкіндігім болған кезде, өз әрекеттерімді бақыламай кетемін және қауіпті болуы мүмкін нәрсеге келісемін.

    • Мен қатты эмоциялық қажеттілікті немесе наразылықты сезінгенде, мен өзіме немесе басқаларға зиян тигізуі мүмкін болса да, осы қажеттілікті өтеу үшін асығыс әрекет ете аламын.



Оқушылармен асығыс шешім қабылдау неге әкелуі мүмкін екенін талқылаңыз.


  1. тапсырма. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп «Албырт мінез- құлық» интеллект картасын жасайды.

Нұсқаулық:


    • Қағаз парағының ортасына «Албырт мінез-құлық» сөз тіркесін жазып, осы сөз тіркестің айналасында шеңбер сызыңыз. Бұл менталды картаның негізгі тақырыбы болады.

    • Негізгі факторларды анықтау. Импульсивті (албырт) мінез-құлыққа ықпал ететін факторларды қарастырыңыз. Бұларға эмоциялар, әлеуметтік әсер, күйзеліс, азғыру және т. б. жатуы мүмкін. Әрбір факторды кілт сөз немесе қысқа фраза түрінде жазып, оларды сызықтар арқылы негізгі тақырыппен байланыстырыңыз. Факторларды негізгі тақырыптың айналасында орналастырыңыз.

    • Ішкі факторларды зерттеу. Әрбір негізгі фактормен байланысты ішкі факторларды анықтаңыз. Мысалы, эмоциялардың ішкі факторларына ашу, қорқыныш, қуаныш және т. б. жатады. Бұл ішкі факторларды кілт сөздер ретінде жазып, оларды сызықтар арқылы тиісті негізгі факторлармен байланыстырыңыз.

    • Мысалдардың иллюстрациясы. Әрбір фактор мен ішкі фактордың жанына импульсивті мінез-құлық орын алуы мүмкін нақты мысалдарды немесе жағдайларды жазыңыз. Оларды кілт сөздер немесе қысқа сөз тіркестері түрінде жазып, сызықтар арқылы тиісті факторлар мен ішкі факторлармен байланыстырыңыз.

    • Рефлексия және талдау. Импульсивті мінез-құлыққа қандай факторлар мен ішкі факторлар әсер етеді? Менталды картада көрсетілген әрбір фактор мен ішкі факторды талдап, олардың импульсивті мінез-құлыққа қалай әсер ететіні туралы ойланыңыз. Импульсивті реакцияларды тудыруы мүмкін себептерді талқылаңыз. Менталды картадағы әрбір фактор мен ішкі факторға қатысты мысалдарды немесе жағдайларды қарастырыңыз. Сіз немесе сіздің ортаңыздағы біреу осы факторларға байланысты албырт (импульсивті) мінез-құлық көрсеткен нақты жағдайларды еске түсіре аласыз ба? Импульсивтілік проблемаға айналуы мүмкін нақты жағдайларды талқылаңыз. Импульсивті мінез-құлықты бақылаудың қандай стратегияларын немесе әдістерін қолдануға болады?

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен импульсивті мінез-құлықты басқару жөніндегі кеңестерді талқылаңыз.


    • Бір сәт тоқтап ойланыңыз. Бірдеңе жасауға деген ниет пайда болғанда, бір сәтке тоқтап, өзіңізге: «Бұл шешім пайдалы және нәтижелі бола ма?» деген сұрақ қойыңыз. Дәл сол сәтте әрекет етудің орнына, өзіңізге ойлануға және саналы шешім қабылдауға уақыт беріңіз.

    • Әрекет жоспарын құрыңыз. Әдетте импульсивті әрекет ететін жағдайлар үшін алдын ала әрекет жоспарын жасаңыз. Қажетсіз әрекеттерді болдырмауға көмектесетін ықтимал сценарийлер мен шешімдерді болжаңыз. Осындай жағдайға тап болсаңыз, жоспарыңызды қолданып, оны ұстаныңыз.

    • Эмоцияларыңызды басқарыңыз. Импульсивті мінез-құлық көбінесе эмоциялық реакциялармен байланысты. Эмоцияларыңызды тануға және оларды басқаруға үйреніңіз. Терең тыныс алу, медитация немесе жаттығу сияқты релаксация әдістері көмектесуі мүмкін.

    • Қолдау сұраңыз. Егер сіз импульсивті мінез-құлыққа жиі берілсеңіз, қолдау сұраудан тартынбаңыз. Өз проблемаларыңызды сенімді ересек адаммен, досыңызбен немесе психологпен талқылаңыз. Олар ондай мінез-құлықтың себептерін анықтауға көмектесіп, оны басқару стратегияларын ұсына алады.

    • Құмарлықты қанағаттандыруды кейінге қалдыруға үйреніңіз. Импульсивті мінез-құлықтың негізгі себептерінің бірі бірден қалаған нәрсеге қол жеткізуге ұмтылу. Құмарлықты тежей білу дағдысын қолданыңыз, шыдамдылық танытып, тәртіп сақтауды үйреніңіз. Есіңізде болсын, кейбір нәрселер немесе шешімдер уақыт пен күш-жігерді талап етсе де, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуі мүмкін.

    • Жоспарлау және ұйымдастырушылық дағдыларды дамыту. Көбінесе импульсивті мінез-құлық жоспарлау мен ұйымдастырушылық дағдыларының жетіспеушілігінен туындайды. Іс-әрекеттерді жоспарлау дағдыларын дамытыңыз және өзіңізге нақты мақсат қойыңыз. Үлкен тапсырмаларды кішірек тапсырмаларға бөліп, басымдықтарды белгілеңіз. Мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды нақты білсеңіз, бұл импульсивті реакцияларды жеңуге көмектеседі.

    • Физикалық және эмоциялық күйіңізге назар аударыңыз. Импульсивті (албырт) мінез-құлық физикалық немесе эмоциялық ыңғайсыздыққа байланысты пайда болуы мүмкін. Тән саулығыңызды сақтаңыз, оған жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану және жүйелі физикалық белсенділік кіреді. Өзіңізге демалуға уақыт бөліңіз. Сондай-ақ, эмоциялық күйлеріңізді ажыратып, стрес пен эмоциялық жайсыздықты басқару стратегияларын дамытуға тырысыңыз.

Импульсивті (албырт) мінез-құлықты бақылау үшін күш пен тәжірибе қажет. Ешкім мінсіз емес және барлығымыз кейде қателесуіміз мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Егер белгілі бір жағдайда мінез-құлқыңызды басқара алмай қалсаңыз, мойымаңыз.


Керісінше, мұны өзіне талдау жасап, бақылау дағдыларын жақсарту мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз.
(Қосымша дереккөз https://ik-ptz.ru/development/impulsivnoe-povedenie-impulsivnyi- chelovek-kakoi-on-kak.html)

  1. сабақ. Стресс: белгілері мен нышандары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет