наны ұстап жүріп отырды. Алдында сап
түзеген әскер, жан жағында асқақтаған
сановниктер мен сарай қызметкерлері
(свиталар).
Ал
кардиналдар
мен
дворяндардың бағалы киімдері бұл сәтті
тамаша қылып көрсетті.
Сол кезде Констанцқа тағы да бір жолау-
шы жақындап қалған болатын, оның да
көңілі жабырқаулы болды. Густың ойынша
богемия патшасының қорғау қағазына
және сол сияқты жол жөнекей берілген Си-
гизмунд императорының қорғау қағазына
қарамастан, оны алау тосып тұрғандай
болып көрінді. Гус жолдастарымен біржола
қоштасып шықты. Ал Прагада қалған
басқа достарына ол былай деп хат жолда-
ды: «Бауырларым! Мен өзімнің жауларым-
мен бетпе-бет кездеспек үшін кетіп бара-
мын, менің қолымда патшаның қорғау
қағазы бар, бірақ мен оған емес жалғыз
Құдайға
ғана
сенемін.
Сендердің
тілектерің қабыл болып, Киелі Рух маған
Өзінің даналығын берер деген ниеттемін.
Шындық үшін шайқаста зындан болсын,
ажал болсын қабыл алуға Алла маған жар
болсын. Иса Мәсіх өзінің сүйікті пенделері
үшін құрбан болған. Ол біздің Жаратушы-
мыз, ал біз жаратылғандармыз, Ол біздің
Тәңіріміз, ал біз Оның қызметшілеріміз. Ол
әлемнің
Ұстазы,
ал
біз
ажалды
пенделерміз, соған қарамастан Ол біз үшін
азап шекті! Егер азап шегу біздің жаны-
мызды тазартатын болса, неге оны шекпе-
ске? Егер ақиқатқа берілгендігімді ажа-
лыммен дәлелдеуім керек болса, ол кезең
тезірек өтсін деп тілеңдер, ал Құдай маған
тірі қалуды жазып тұрса, онда бауырлары-
ма үлгі боларлықтай кіршіксіз таза болып
қайтуыма тілектес болыңдар. Егер де Алла
жазып Прагаға қайтып оралсам, онда
Қ ұ д а й д ы ң
з а ң ы н а
д е г е н
сүйіспеншілігімізді әрі қарай жетілдіріп,
рухани бірге өсетін боламыз».
К е й і н е н
І з г і
х а б а р д ы
уағыздаушылардың біріне айналған дін
әкесіне жолдаған хатында Гус былай
дейді: «Мен кезінде бағалы киім киіп, бос
сөзбен уақытымды кетіргеніме қатты
өкінемін,
менің
басымнан
өткерген
қ а т е л і к т е р і м д і
с е н
қ а й т а л а м а .
Қаражатыңды толықтырудың қамын ойла-
ма,
пенделерді
мәңгілік
өлімнен
құтқарудың қамын ойла. Ең бастысы
байлық пен баршылыққа қызығып, үйіңді
қазынаға толтырам дегенше, Құдайға
адал қызмет ету мен адамдарды күнәдан
құтқару негізгі іс екенін санаңа құйып ал.
Рухани жетілуге ұмтыл. Құдайға ұнамды
қылықтар жасап, момын болуға тырыс.
Ақшаңды бос әурешілікке жұмсама».
Хаттың сыртына «бұл дестені менің
өлгеніме көзің жеткен кезде ғана аш» —
деп жазды.
Гус өзінің ілімінің жақсы таралғанының
дәлелдемесін жол жөнекей көрді. Халық
оны қошеметпен қарсы алып, кей жерлер-
де
оларға
қала
басшылары
ілесті.
Констанцқа келген Гусқа толық бостандық
берілді.
Патшаның
қорғау
қағазына
папаның дербес қағазы қосылды. Осы
салтанатты,
неше
рет
расталған
құжаттарға
қарамастан
папа
мен
кардиналдардың бұйрығы бойынша Гус
қамауға алынып, үй астындағы сасық
қапасқа (подвал) тасталды. Кейінен оны
Рейнге қарама қарсы тұрған бекініске
ауыстырды. Бірақ папаның бұдан тапқан
пайдасы шамалы еді, зұлымдық істері
үшін сол қапасқа көп ұзамай өзі түсті. Кісі
өлтіру,
зинақорлық
жасау
секілді
күнәларын былай қойғанда, адамның аузы
атауға келмейтін кінәлары расталғаннан
кейін, Иоанн тиарасынан айрылып
зынданға қамалды. Басқа антипапаларға
да тойтарыс беріліп Иоанның орнына
жаңа папа тағайындалды.
Гус
айы пт аған
дін
әке лері нің
күнәларынан мың есе артық күнә жасаған
папаны жазалы — деп тапқан собор,
47
жазықсыз екенін біле тұра Густы да
жазаға ұсынды. Богемияда қобалжу бас-
талды. Ең мықты деген ханзадалар
соборға өздерінің өкпесін білдірді.
Қорғау қағазы іске аспай қалған
патша да оларға ызалы болған. Дегенмен
р е ф о р м а ц и я н ы ң
ж а у л а р ы
ө з
әрекеттерінде кекті және табанды болды.
Собор патшаны күні бұрын пішілген ойда
деп
айыптап,
қорқытып,
шіркеу
алдындағы міндеттерін есіне түсіріп,
Құдай сөзін бұрмалайтын есалаңдарды
қорғауға берілген уәде күшсіз — деп
шығарып, патшаның аузын жапты, сөйтіп
әрі қарай өз білгендерін істеді.
Ызғарлы,
дымқыл,
сасық
қапаста
жатқан Гус әлсіреп, безгек ауруына
шалдықты. Осы оқиғадан кейін реформа-
тор соборға әкелінді. Қолы мен аяғы
кісендеулі
Гус,
аты
мен
атағы
қауіпсіздіктің кепілі болған монархтың ал-
дында тұрды. Ұзаққа созылған тергеу
кезінде ол мемлекет басшылары мен
ш і р к е у
б ас ш ы л ар ы н ы ң
қ а т ы г е з
қателіктерін дәлелдеп, өзінің әрқашанда
ақиқатты қолдайтынын айтты. Оған екі
түрлі ұсыныс жасалды — өз дегенінен
қайту немесе өлім тұзағын кию. Гус
екінші ұсынысты таңдады. Бірнеше апта
бойы
көрген
азабына
ол
Алланың
арқасында
ғана
шыдады.
Досына
жолдаған хатында ол былай деген бола-
тын: «Иса Мәсіхтың арқасында киелі ота-
нымызда жолыққанда сен Құдайдың мені
қалай қорғағанын білетін боласың».
Қараңғы, сасық қапаста жатса да Гус
ақиқаттың жеңіп шығатынына кәміл
сенді. Бірде көрген түсі оны қатты
қобалжытты.
Түсінде
ол
папа
мен
епископтардың Иса Мәсіхтың бейнесі
салынған суреттерді құртып жатқанын
көрді. Келесі күні оған басқа түс енді.
Түсінде көптеген суретшілер Исаның
бейнесін бұрынғыдан да әсем, одан да
айқын қылып бейнелеп, іліп жатыр екен.
Жұмыстарын аяқтап болған суретшілер
халыққа қарап: «Енді папа бұл бейнені
ешқашанда жоя алмайды» — дейді. Бұл
түсті баяндап берген Гус: «Исаның бейнесі
халықтың жүрегінде мәңгілік сақталады.
Менің көзім жойылғанмен, менен басқа
шешен келіп, Оның есімін адамдардың
жүрегінде мәңгілік жазылып қалатындай
етіп уағыздайтын болады» — деп сөзін
аяқтады.
Жаулары Густы соңғы рет соборға алып
келді және бұл өте үлкен жиын болды.
Мұнда императорлар, мемлекет басшыла-
ры, патша өкілдері, кардиналдар, епи-
скоптар, дін әкелері және әуесқой тобыр
жиналды. Арының бостандығын қорғап
қалу жолындағы ұзақ күрестің ең бірінші
ұлы
құрбанын
көру
үшін
барлық
мәсіхшілер елдерінен куәгерлер келді.
Гусқа соңғы сөзін айтуға кезек берілді.
Бірақ
Гус
дегенінен
қайтпады.
Ол
монархқа өткір көзбен қарап: «Мұнда мен
ө з
е р к і м м е н ,
о с ы нд а
о т ы р ғ а н
императордың
қорғауға
уәде
берген
қағазымен келген болатынмын» — деді.
Жұрттың назары Сигизмундқа ауғанда,
оның ұялғаны соншалық, беті қып-қызыл
болып кетті.
Гус өлім жазасына кесілді. Оның үстіне
ақ жабу жабылды. «Біздің Құтқарушымыз
— Исаның үстіне де жазалар алдында жау-
лары ақ киім кигізген болатын» — деді ол.
Оған тағы да, соңғы рет, халық алдында
айтқанынан бас тартуға ұсыныс жасалды.
«Мен дегенімнен бас тартатын болсам,
Көкке қай бетіммен қараймын? Ізгі хабар
уағыздалған халыққа не деуім керек? Жоқ,
адамдардың Құдай патшалығына кіруі
мен үшін өте маңызды, мен ақиқатты
қорғау жолында мынау ажалды денені
құрбан етуге дайынмын» — деді реформа-
тор.
Онан
соң
епископтар
оны
шешіндіріп, киімінің әрбір бөлігіне қарғыс
жазды. Басына жын — шайтандардың
бейнесі салынған, пирамида сияқты қағаз
қалпақты кигізді. Қуанышты дауыспен
Гус: «Мені құтқару үшін Мәсіх басына
тікенек тәж кисе, Ол үшін мен басыма
«һарамдау» қалпағын кигеніме ризамын»
— деп, жігерлене сөйледі ол. Соңында пре-
латтар: Сенің жаныңды әзәзілдің қолына
тапсырамыз — деді. Ал Гус болса көкке
назарын
аударып:
«Мен
жанымды
Құдайдың қолына тапсырдым» — деп,
аққа бой ұсынды.
Әрі қарай іске шенеуліктер кірісті. Гус
өлтірілетін жерге әкелінді. Қаптаған тобыр
— қарулы әскер, дін әкелері, епископтар
және Констанцтың тұрғындары осы жерге
бірге еріп келді. Гусқа, ашаға байлап
48
төменнен от қойылмас бұрын, тағы да
«адасушылықтан бас тарт» — деген
ұсыныс жасалды. «Қандай адасушылық
туралы
сөйлеп
тұрсыздар?
Менің
жазғаным да, айтқаным да шындық және
оны қаныммен дәлелдеуге әзірмін» — деп
жауап қайтарды ол. От тұтанып, Гус
алаудың құшағында қалды. Бірақ дауысы
біржола өшкенше, ол: «Дәуіттің Ұлы Иса!
Маған кеңшілігіңді бере гөр» — деп,
Алланың есімін қайталаумен болды.
Оның мұншалықты қаһарман қылығына
Густың жауларының өзі қайран қалды.
Кейіннен олардың бірі Густы және одан
кейін дәл солай алауға түсіп қаза болған
Иеронимді еске ала отыра былай деп
жазған болатын: «Олар ажал отына
түскенімен қайтпас қажырлық танытты,
жандары
қанша
қиналса
да,
өлгендерінше Құдайдың есімін әнге қосты
және бұл әнді бірден тоқтатуға алаудың да
әлі жетпеді».
Густың денесі түгел өртеніп болған соң,
оның күлін жаулары Рейн өзеніне тастады.
Ал
өзеннің
ағысы оны
әрі
қарай
мұхиттарға алып кетті. Дәл осылайша
Густың уағыздаған хабары жер жерлердің
бәріне тарай берді. Жаулары оны өлтіріп,
дауысын өшірдік дегенімен, шындықты
таратушылардың саны азайған жоқ,
керісінше көбейді. Адам өлгенімен, ақиқат
ешқашан өлмейді ғой. Густың өжеттігі,
табандылығы, сенімі басқа жұртқа өнеге
болды. Ал Рим болса, бар әлемнің алдында
ө з і ні ң
з ұ лымд ы қ
ә р ек е т т е рі ме н,
қатыгездігімен
масқараланды.
Бұл
әді с те ріме н
ақ иқ ат ты ң
ж ау лар ы
шындықтың таралуын тоқтата алмады,
керісінше оған жол ашып берді.
Алау оты бірақ адамды жұтып қойған
жоқ, көп ұзамай тағы да бір адам
ақиқаттың құрбаны болып, алау отына
түсті. Бұл адам Иероним болатын. Ол Гус-
пен қоштасар кезінде оған қажырлы және
мықты болуына тілек білдіріп, сонымен
қатар қиындық кезінде көмекке келуге
әзір екендігін айтқан. Реформатордың
қамауға алынғанын естіген Иероним
уәдесін орындау үшін жедел түрде жол
жүрді. Ол ешқандай қорғау қағазынсыз —
ақ, жалғыз жолдасын ерітіп Гусқа көмекке
келді. Бірақ оған көмек көрсете алмайты-
нына көзі жетті, сонымен қоса қауіп оның
өз басына төнді. Енді Иероним қаладан
қашпақ болды, бірақ жаулары оны ұстап
алып, шынжырлап Констанцқа алып келді.
Собор оны «отқа тасталсын !» — деген
айғаймен қарсы алды. Қамауға алынған
ол, қараңғы қапаста жатып, қатты азап
шекті. Азық ретінде оған нан мен су ғана
берілді. Бірнеше айдан кейін Иероним
ауыр
індетке
шалынды.
Ажал
оны
қолымыздан жұлып әкетер ме екен ?- деп
қауіптенген түрменің қараушылары, енді
оған аздап көңіл бөле бастады. Осылайша
ол түрмеде бір жыл жатты.
Густың өлімі папалықтарды күткен
нәтижесіне
жеткізген
жоқ.
Қорғау
қағазының шарты бұзылғандығы көпшілік
қауымды абыржытты, сол себепті собор
Иеронимді алауға салмауды жөн көрді.
Оған
да
екі
ұсыныс
жасалды
—
айтқанынан бас тарту немесе өлімге бел
буу.
Алғашқыда
көрген
азабымен
салыст ырғанда
ажалды
құрме тті
қонағындай
санаған
Иероним,
енді
науқастан әлсірегендіктен, әрі жолдаста-
рынан ажырап қамыққандықтан, Густың
өлімінен
қатты
қобалжығандығынан
б о й ы н
қ о р қ ы н ы ш
б и л е г е н д і г і
соншалықты, соборға бағынуды жөн
көрді. Уиклиф пен Гусқа шығарылған
ү к імд і
ә ді ле т т і
д е п
мо йы нд ап,
католиктердің дініне бағынуға уәде берді.
Осылайша Иероним арының үнін өшіріп,
азаптан қашып құтылғысы келді. Оңаша
қалған Иероним өткенді ойлап, Густы,
оның қайратты мінезін есіне алып, өзінің
шындықтан
бас
тартып,
Құдайға
сатқындық жасағанына қатты қиналды.
Бұрын оның тәні азап шеккенімен жаны
Алланың шапағатына бөленсе, енді өкініш
жанын жегідей жеді. Риммен келісімге
тұруы үшін әлі көп нәрседен бас тартуы
керек екенін жақсы ұқты. Олардың
дегенімен келісу иманнан бас тарту деген
сөз. Ал бұл мәңгілік өлімге апаратын жол.
Осының барлығын ойлап, салмақтай оты-
рып ол нақтылы шешім қабылдады. Аз күн
тірліктегі бейнетке шыдап, Алланың сы-
зып берген жолынан тайып кетпей жүріп
отыру момындардың парызы екенін ол
бұрыннан — ақ жақсы білетін. Ендігі жер-
де Құдайға сенімін артып, болатын іске
болаттай болуы керек.
49
Аз уақыттан кейін оны жаулары тағы
да соборға алып келді. Иеронимнің
олардың дегендерімен келіскендігі бұл
жауыздарды қанағаттандырмады. Густың
қ а н ы н а
т о й м а ғ а н
о л а р
ж а ң а
құрбандардың қандарын төгуді аңсады,
тек имандарынан бір жола бас тартқандар
ғана, бұл сұмдықтан қашып құтылары
айғақ болатын. Бірақ Иероним ендігі жер-
де олардың дегендерімен келіспейтінін
және сенімінен ешқашанда бас тартпай-
тынын оларға жариялады. Осы жерде Ие-
роним өзін өзі қорғауға олардың рұқсат
етуін салтанатты түрде талап етті. Оның
сөзінен шошынған прелаттар, реформа-
тордан, оған тағылған кінәнің әділ немесе
әділ еместігін растауын ғана сұрады.
Мұндай қатыгездік пен әділетсіздікке Ие-
роним әрине қарсы шықты. «Сендер мені
340 күн бойы қараңғы, лас, сасық қапаста
ұстадыңдар.
Ендігі
жерде
менің
жауларымның көңілінен шығу үшін мені
тыңдаудан бас тартып тұрсыңдар. Егер
сендер
шынымен
дана
болсаңдар,
өздеріңді дүниенің жарығымыз — деп
есептесеңдер, онда байқаңдар, шындыққа
қарсы шығып күнәкар болып жүрмеңдер.
Мен болсам, өлім тұзағы мойнында тұрған
бейшарамын, әділетсіз шығарылып тұрған
үкімге өзім үшін емес, өздерің үшін
қарсылық білдіремін» — деді.
О с ы л а й ш а
о н ы ң
ө т і н і ш і
қанағаттандырылды.
Иероним
сот
мүшелерінің көзінше Құдай алдында тізе
бүгіп, Киелі Рухтың оны қолдауын өтінді.
Сол күні Алланың тұңғыш оқушыларына
берген уәдесі орындалды. «Мен үшін сен-
дер патшалар мен билердің алдына
барасыңдар, сол кезде не айтам деп қам
жемеңдер, өйткені өздерің емес, сендер
үшін Киелі Рух сөйлейтін болады» (Матай
10:18 — 20). Иеронимнің сол күні сөйлеген
сөздері жауларын қатты таң қалдырды. Ол
бір жыл бойы оқуға, жан жағын бақылауға
мүмкіншілігі болмай, арып — ашып
қасірет шеккен адамға емес, керісінше сол
жыл бойы ғылыми тәрбие алып, білім
деңгейін көтерген адамға ұқсады.
Әрбір ұрпақтың заманында оларды ұлы
істерге шабыттандырып, түзу тәрбие бер-
ген адамдар болған, олар қоғамнан
қорлықпен қуғындалған, ал уақыт өте келе
оларды қоғам қайра дәс көтерген. Тіпті
әлемнің Құтқарушысы — Мәсіхтің Өзі
зұлым деп айыпталып, Оған әділетсіз үкім
шығарылды емес пе?
Алдында Иероним әлсіздік танытып,
Гусқа шығарылған үкімді әділетті деп
мойындаса, енді барша халықтың алдын-
да, дегенінен бас тартып, оның кінәсіз
екенін жариялады. «Мен Густы бала
күнімнен білемін. Ол өте әділетті, ары та-
за, киелі адам болатын. Мен жауларымның
алдында оның таза және оған әділетсіз
үкім шығарылғандығын айта отырып,
ақырда Алланың жер бетіне келетінін, Оны
ешкімнің де алдай алмайтындығын және
Оның алдында әрбір адам баласы істеген
ісіне қарай жауап беретіндігіне кепілдік
беремін».
«Бала кезімнен бері менің жасаған
күнәларымның
ең
ауыры
досыма
сатқындық жасағаным, өйткені мен ажал
алдында қатты сескендім, сол үшін
сіздердің көздеріңізше Жаратқан Иемнен
кешірім сұраймын» — деді. Сонан соң сот
мүшелеріне қарап, ол, сөзін тағы да
жалғастырды: «Сіздер Уиклиф пен Ян Гус-
ты шіркеу ілімін бұрмалағаны үшін емес,
дінді
өз
қолымызда
ұстап
тұрмыз
деушілердің азғындығын, өркөкіректігін,
сараңдығын және тағы да басқа масқара
қылықтарын
әшкерелегендері
үшін
өлтірдіңіздер» — деп, тақуаларға артқан
қамыттарын өз мойындарына ілді. Сол —
ақ екен ашуға тұншыққан прелаттар:
«Осыдан артық қандай дәлел керек?
Сіздердің алдарыңызда шіркеу ілімін
бұрмалаушы нағыз есерсоқ тұр» — деп
оның сөзін бөліп жіберді. Иероним болса,
сабырлы үнмен сөзін қайра жалғастырды:
«Мені
өлімнен
қорқады
екен
деп
ойламаңыздар. Сіздер мені ажалдан он есе
қ о р қ ы н ы ш т ы
с а с ы қ
қ а п а с т а
ұстадыңыздар. Кеудесінде жаны бар
демесеңіздер, тәнімнің көрмеген азабы
жоқ, бірақ мен наразылық білдірейін деген
ниетте емеспін, тек мәсіхшіге соншалықты
қатыгездік
жасағандарыңызға
таң
қаламын» — деді.
Сол-ақ екен тағы да наразылықтың
дауылы көтерілді, ал Иероним қайрадан
зынданға
тасталды.
Оның
айтқан
сөздерінің кейбір азаматтардың көкейіне
қонымды болғаны соншалықты, олар
50
түрмеге бірнеше рет келіп Иеронимді
құтқарып қалуға қайра — қайра қам жа-
сады. Көрнекті сановниктер келіп, оны
шіркеуге бағындырмақшы болды. Оған
жарқын
болашақты
суреттеп,
тәтті
лебіздерімен алдап собормен келісімге
келтіреміз деп ойлады. Бірақ Иероним
айтқанынан қайтпады. «Менің айтқан
сөздерімнің қате екенін Киелі Жазба
арқылы дәлелдеп беріңіздер, сонда мен
сіздермен келісейін» — деді ол.
«Киелі Кітап! Оны шіркеусіз кім ұға ала-
ды?» — деп айғайлап жіберді әзәзілдердің
бірі.
Адамдардың
салт-дәстүрлері
Құтқарушымыздың Ізгі хабарынан артық
болғаны ма сонда? — деп жауап берді Ие-
роним. Пауыл пайғамбар не деп жазды?
Салт дәстүрлерге емес, Құдай сөзіне
сеніңдер деген жоқ па? Сонда ол «сен
есерсоқсың»
—
деген
жауап
алды.
«Бойыңды жын билеп алған екен, сенімен
уақытымды бекер өткізіппін» — деп ызаға
булықты сановник.
Иероним өлім жазасына кесілді. Оны да
Густы өлтірген жерге алып келді. Жол
бойы реформатор ән салып отырды, оның
күллі назары Исаға ауды, сол себепті де ол
ажалдан енді қорықпады. Жендет отты
артынан қоймақшы болып еді, Иероним
оған: «алдымнан келе бер, егер мен
қорықсам, бұл жерге жетпеген болар едім»
— деп дауыстады. Алау оты оның жан
жағынан көтеріле бастағанда Иероним
соңғы сөзін айтты: «Жаратқан Жалғыз
Ием! Маған мейірім етіп, күнәларымды
кешіре
гөр,
Сенің
ақиқатыңа
мен
әрқашанда
сүйсінетінмін,
оны
Өзің
білесің». Осылайша халықтың қамын
ойлаған тағы да бір азамат зұлымдықтың
құрбаны болды. Жаулары соңынан оның
да күлін жинап алып, өзенге ағызып
жіберді. Бірақ жер мен күннің қозғалысын
ешкім
тоқтата
алмайтыны
секілді,
ақиқаттың үнін де өшіру мүмкін емес еді.
Густың қазасы Богемияда қобалжу
туғызды. Барлық халық оның өлімін
императордың
сатқындығы
мен
дін
әкелерінің қатыгездігінің нәтижесі деп
есептеді. Ол ақиқаттың ұстазы деп атанып
кеткен болатын, сол себепті оны өлім жа-
засына кескен собор кісі өлтірушы деп
айыпталды. Кезінде папа Уиклифтің
еңбектерін өртетіп жіберсе де, аман
қалған кітаптары халық арасына кеңінен
тараған болатын, енді жұрт оны тығып
тастаған жерлерінен алып шығып, Киелі
Кітаппен қатарластырып оқып, осылайша
көптеген жандар реформаторлық дінді
қабылдады.
Густың жаулары болып жатқан оқиғаны
бақылап отыруға дәттері жетпеді, импера-
тор мен папаның басқаруы бойынша, бұл
қозғалысты басып тастау үшін Сигизмунд
сарбаздарымен Богемияға шабуыл жаса-
ды.
Бірақ оларды қорғаушы да табылды. Бо-
гемия әскерін басқаруға сол кездің
көрнекті генералдарының бірі Жижка
шықты. Көп ұзамай генерал көзінен айры-
лып,
соқыр
болып
қалды.
Соған
қарамастан Құдайдың әділдігі мен күшіне
сенген бұл жандар жауларына ойсырата
соққы берді. Император неше рет жаңа
қарулы күштерін жіберген сайын, сонша
рет олар жеңіліске ұшырап, масқара бо-
лып
кері
қайтып
отырды.
Соғыс
басталғаннан бірнеше жылдан кейін Жиж-
к а
қ аз а
бо лды ,
о ны ң
о рны на
дарындылығы бұрынғы генералдан артық
болмаса кем түспейтін, өнерлі, ержүрек
генерал Прокоп келді.
Соқыр жауынгердің қаза болғанын
естіген богемияның жаулары, енді оларды
басып тастайтын уақыт туды деп есептеді.
Осылайша папа Густың ізбасарларына
қанды жорық жариялады. Ол Еуропаның
көпшілік елдерінен қару — жарақ, құрал
— сайман, әскер жинады, сонымен қоса
оның
туының
астына
Достарыңызбен бөлісу: |