Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
уағыздарда  көрнекілік  жетіспесе  оны 
тыңдағылары келмейді. Тек шынайы жан-
дар  ғана  Құдаймен  екі  аралық  қарым-
қатынасты бағалай біледі. 
Қазіргі 
кезде 
Құдайға 
бұрылдық 
дегендердің  көпшілігі,  мынау  жалған 
дүниені  әлі  де  болса  жақсы  көреді.  Олар 
үшін  дін  ойыншық  сияқты.  Көпшілік 
шіркеулердің Құдайға деген ықыласы жоқ. 
Шіркеулерде  болып  жататын  сахна  құру, 
көрмелер  ұйымдастыру,  ойын  сауық  жа-
сау Құдай туралы ойлауға жұрттың шама-
сын  келтірмейді.  Дүниенің  қызығына  са-
лынып  алған  адамзат  баласы  үшін, 
мәңгілікке жеткізетін құралдар ұсақ-түйек 
болып көрінеді. 
Соған 
қарамастан 
осы 
шіркеулерде 
Мәсіхтың  шынайы  ізбасарлары  да  бар. 
Ақырдың  соңғы  белгілері  жер  бетіне  жет-
кенше, 
Құдай 
халқының 
арасында 
елшілердің  заманынан  бері  бұрын  соңды 
болмаған 
рухани 
ояну 
басталады. 
Құдайдың  балаларына  Оның  Рухы  мен 
күші төгіледі. Сол кезде діни қызметкерлер 
мен  қарапайым  халық  ақиқатты  қуана 
қабылдап,  Исаның  екінші  рет  жер  бетіне 
келетін  мезгіліне  көпшілікті  дайын  қылу 
үшін жалынды түрде еңбектене бастайды. 
Бірақ 
адамзаттың 
жауы 
шындықты 
өтірікпен  алмастырып,  бұл  қозғалысқа 
кедергі жасауға тырысады. 
Ібіліс  жүзіне  бет  пердесін  тағып  алып, 
жұртты  ақиқаттан  тайдырып,  өз  жолына 
салғысы  келеді  және  өз  әсерін  күллі 
мәсіхшілер  әлеміне  таратуға  тырысады. 
Көптеген  діни  қозғалыстарда  бұл  әсер  аз-
ды-көпті  болса  да  байқалуда  және  ақыр 
тақаған  сайын  оның  әсері  ұлғая  түспек. 
Адамдардың  сезімдері  дүрлігіп,  ақиқат 
өтірікпен  араласып,  жұрт  сең  соққан 
балықтай  естерінен  айрылып,  адаса  бас-
тайды.  Бірақ  біздер  үшін  қақпанға  түсіп 
қалмаудың жолы бар. Киелі Жазбаны зер-
ттеп,  оны  жақсы  білген  адам,  бұл 
қозғалыстардың  табиғатын  бірден  айыра-
ды.  Киелі  Жазуды  итеріп  салып  отырып, 
Құдайдың  батасына  ие  болу  мүмкін  емес. 
«Оларды  жемістеріне  қарай  танисыңдар» 
дейді  Иса  Масіх  Өз  ережесінде  (Матай 
7:16).  Құдай  сөзін  оқитындар  ғана  Оны 
танып  біле  алады  және  шайтанның  ал-
дауына  түспейді.    Жер  бетінде  зұлымдық, 
адамдар  Құдай  сөзін  оқымағандықтан 
көбейіп кетті. Құдай сөзінің маңыздылығы 
адамзаттың 
көңілінен 
тыс 
қалды. 
Шіркеулердің,  Құдайдың  Рухымен  және 
Оның күшімен қарулана алмағандығының 
себебі  де  осында  жатыр.  Осыны  жақсы 
түсінетін  адамдар  бұған  қатты  күйзеледі. 
Бұл  жөнінде  Эдуард  А.Пэрк:  «Халыққа 
төніп  тұрған  қауіптің  бір  көзі,  олардың 
Құдай  заңы  туралы  мінбелерден  айтыла-
тын  уағыздарды  тыңдамауында.  Ежелгі 
кезде  ондай  уағыздар  адамның  арының 
дауысы болып табылатын. Уағыздаушылар 
Құдайдың  заңы  мен  Оның  салатын 
тыйымдарына  көп  көңіл  бөлген.  Өйткені 
Құдай  заңы  адамзаттың  күнәсін  көрсетіп 
тұратын  айна  іспетті.  Құдайды  жақсы 
көретіндер, Оның заңын да жақсы көреді, 
кемелденуге ұмтылады. Заңның әділеттілігі 
қаншалықты  биік  және  ұлы  болса,  оны 
орындамайтындардың 
зұлымдығы 
да 
соншалықты көп болады» деп жазған.  
  Бұған  Құдайдың  әділеттілігін  бағаламау 
қаупі 
қосылады. 
Осы 
заманның 
у а ғ ы з д а у ш ы л а р ы  
ә д і л е т т і л і к т і 
мейірімділіктен 
бөліп 
қояды. 
Және 
м е йі р і м д і лі к т і  
ұ с т а ны м  
р е т і нд е 
көтергеннің  орнына,  оны  керісінше  сезім 
деңгейіне дейін түсіріп тастайды. 
Қазіргі 
заманның 
теологтары 
(дін 
зерттеушілер) 
Құдайдың 
біріктіріп 
қойғанын  ажыратып  жатыр.  Құдай  заңы 
дегеніміз  не?  Бұл  игілік  пе,  не  болмаса 
зұлымдық  па?  Әрине  игілік.  Ендеше 
әділеттілік  те  игілік,  өйткені  ол  заңның 
орындалу  ұстанымдарын  айқындайды. 
Құдайдың 
заңы 
мен 
әділеттілікті 
бағаламай  құнығып  алған  адам,  күнәдан 
арашалайтын  игілікті  де  бағаламайды. 
Адам  үшін  Ізгі  хабар  құнсызданып,  ол 
Киелі  Жазбадан  бас  тартуға  дайын 
тұрады. 
Көптеген 
діни 
ұстаздардың 
тұжырымдауынша,  Иса  айқыш  ағашта 

207 
 
өлгеннен  кейін  заң  өзінің  күшін  жойған, 
сондықтан  адамдарға  заңды  орындау 
міндетті  емес  делінеді.  Заңды  орындау 
мүмкін емес, өйткені ол бізге ауыр жүк, біз 
жаңа өсиет бойынша Алланың рахымымен 
құтқарыламыз,  ал  заңның  қажеті  жоқ  
дейтіндер  де  аз  емес.  Ал  пайғамбарлар 
болса Құдайдың қасиетті заңына басқаша 
қараған.  Дәуіт  патша:  «Сенің  еркіңді  тап-
тым,  енді  жеңіл  жүретін  боламын»  дейді 
(Забур  жыры  118:45).  Ал  Жақып  Құдай 
заңын  «Бостандық  заңы»  деп  атаған 
(Жақыптың  хаты  2:8;1:28).  Сол  сияқты 
Жоһан  пайғамбар  Иса  Мәсіх  айқышқа 
ағашқа  керілгеннен  кейін,  50  жыл  өткен 
соң,  былай  деп  жазған:  «Құдай  заңын 
орындап 
отырғандар 
өмір 
ағашына 
құқылы  болып,  қалаға  қақпамен  кіретін 
болады»  (Аян  22:14).  Иса  Өзінің  өлімімен 
Құдай заңын алып тастады — деген сөздің 
ешқандай негізі жоқ. Егер заң керек емес 
болса,  онда  Исаның  өлімінің  де  мағынасы 
болмағаны.  Иса  заңды  бұзғандар  үшін 
келіп,  солар  үшін  жанын  пида  қылды. 
Құдайдың  рухани  Ұлы  Оның  заңының 
дәрежесін 
көтеріп, 
Алланың 
атағын 
шығару  үшін  келді  (Ишая    42:21).  «Мен 
заңды 
бұзу 
үшін 
келді 
екен 
деп 
ойламаңдар»  дейді  Ол.  «Қасиетті  Құдай 
з а ң ы н ы ң  
б і р  
с ы з ы ғ ы  
д а 
өзгермейді»  (Матай    5:17,18).  Тағы  да:  «О 
Құдайым  Мен  Сенің  заңыңды  орындау 
үшін  келдім  және  ол  менің  жүрегімде» 
дейді Иса Масіх (Забур жыры 39:9).  
  Құдай  заңы,  оның  табиғатына  үңілетін 
болсақ,  ешқашан  өзгере  алмайды.  Заң 
бізге  оның  Авторының  еркі  мен  мінезін 
көрсетеді. Құдай дегеніміз Махаббат және 
Оның  заңы  да  махаббат.  Оның  екі  ұлы 
ұстанымы  бар  —  Құдайға  деген  махаббат 
және  адамға  деген  махаббат.  «Махаббат 
дегеніміз заңның орындалуы» (Римдіктерге 
арналған  хат  13:10).  Забур  жырларында: 
«Сенің  заңың  —  ақиқат».  «Ережелерің 
әділетті» (Забур жырлары 118,142). «Құдай 
заңы киелі, әділетті және мейірімді» — деп 
жазылған 
келесі 
хатта. 
(Римдіктерге 
арналған  хат  7:12).  Құдай  заңы  оның  Ав-
торы  секілді  мәңгі.  Құдаймен  татуласқан 
адамдар, Оның заңын орындай бастайды. 
Ең басында Адам ата Құдайдың бейнесіне 
ұ қ с а с т ы р ы л ы п  
ж а р а т ы л ғ а н .  
О л 
табиғаттың 
және 
Құдай 
заңының 
ырғағына  сай  болған,  оның  ұстанымдары 
адамның  жүрегінде  өмір  сүрген.  Бірақ 
күнә адамды оның Жаратушысынан бөліп 
тастады.  Адам  Тәңіріне  қарсы  соғыс  жа-
риялады.  Тәннің  талабы  —  бұл  Құдайға 
деген  өшпенділік,  өйткені  ол  Құдай 
заңына  бағынбайды  және  бағына  да  ал-
майды  (Римдіктерге  арналған  хат  8:7). 
Бірақ  Құдай  адамзат  баласымен  татуласу 
мақсатында,  Өзінің  рухани  Ұлын  адамдар 
үшін  құрбандыққа  берді.  Иса  Мәсіхтің  
арқасында  адамдар  бұл  үйлесімді  қайта 
қалпына  келтіре  алады.  Ол  үшін  адам  өз 
жүрегін тазартып, жаңа өмірді қабыл алуы 
керек. Бұл өзгеріс — екінші рет туылу деп 
ат ал ад ы , 
о нс ы з  
ад ам  
А лл аны ң 
патшалығына кіре алмайды. 
Құдаймен  татуласу  үшін  адам  әуелі 
күнәсін  мойындауы  керек.  Күнә  дегеніміз 
заңсыздық.  «Күнәні  тек  заң  орындалуы 
арқылы  ғана    тануға  болады»  (Жоһанның 
бірінші  хаты  3:4;  Римдіктерге  арналған 
хат 3:20). Адам өз күнәсін көру үшін әуелі 
Құдай  заңымен салыстырылуы  керек. Заң 
адамдардың 
кемшіліктерін 
немесе 
күнәләрін көрсететін айна.  
Заң адамның күнәсін ғана көрсетеді, бірақ 
одан  құтқармайды.  Заңды  орындайтын-
дар  ғана  өмірге  ие  бола  алады,  ал  оны 
бұзатындардың үлесі — өлім. Тек Мәсіхтің 
Ізгі  хабары  ғана  адамзатты  күнәнің 
қарғысынан  құтқарады.  Адам  Құдайдың 
алдына  келіп,  кінәсін  мойындауы  керек. 
Сонан  соң  ол  бойындағы  кемшіліктерін 
арылып,  Алла  табиғатының  бір  бөлігіне 
айналады.  Осылайша  адам  Құдайдың  ба-
ласы  аталып,  Оны  әке  деп  атайтын 
құқыққа  ие болады.  Осыдан  кейін  адамға 
Құдай заңының талаптарын орындамай — 
ақ  қоюға  бола  ма?  Жоқ.  Бұл  жөнінде 
Жоһан  пайғамбар:  «Алланың  заңын  орын-
дау 
оған 
деген 
сүйіспеншілігімізді 
көрсетеді  және  оны  орындау  қиын  емес» 
дейді (Римдіктерге арналған хат 3:31; 6:2; 
Жоһанның  бірініші  хаты  5:3).  Қайта 
туылған  кезіңде,  сен  Құдаймен  ғана  тату-
ласып  қоймай,  Оның  берген  заңымен  де 
татуласасың.  Осындай  керемет  өзгерістен 
кейін  адам  өлімнен  өмірге,  күнәдан 
киелілікке, 
заңсыздықтан 
адалдыққа 
өтеді.  Ол үшін  сүйіспеншілікке  толы жаңа 
өмір  басталады.  Сонда  адам:  «Сенің 
заңыңды соншалықты жақсы көремін, күн 
сайын ол туралы ойлаймын» дейтін болады 

208 
 
(Забур  жыры  118:97).  «Жаратқанның 
тағылымдары  —  кемелді,  жан  дүниеңді 
тазартады»  —  деп  жазылған  Киелі  Жазба-
да  (Забур  жыры  18:7).    Заңсыз  адам 
қасиеттілік  пен  тазалықтың  не  екенін 
білмейді.  Тіпті  ол  күнәкар  екенін  сезбейді 
де және тәубаға түсу қажеттігінен жұрдай 
болып жүре береді. Мұндай күйдегі адамға 
Мәсіхтің  адамзат  үшін  төгілген  қанының 
мәні  жоқ.  Кейінгі  кездерде  Исамен  тығыз 
қарым  қатынасы  жоқ,  ақиқатты  үстіртін 
ғана  қабылдаған  жандар  шіркеуге  көптеп 
қосылып 
жатыр. 
Құдай 
заңына 
немқұрайды  қарау  немесе  одан  бүтіндей 
бас  тарту  қазіргі  кезде  көбейіп  кетті. 
Жиілеп  кеткен  мұндай  жағдайлар  үлкен 
қателік және адам өміріне өте қауіпті. Ба-
сым көпшілік жұрттың осындай теорияны 
жылы қарсы алып жатқаны жайлы дерек, 
Киелі  Жазбаны  зерттеудің  соншалықты 
қажет екенін көрсетеді. 
Шынайы жарық (білім) — бұл Киелі Жазба-
н ы  
з е р т т е у .  
П ау ы л  
п а й ғам б а р 
салоникалықтарға 
жазған 
хатында: 
« С е н д е р д і ң  
ж а р ы қ қ а  
б ө л е н і п , 
сауаттарыңның  ашылуы  —  Құдайдың 
еркі»  дейді  (1Сал.4:3;5:23). 
Жарыққа 
бөлену дегеніміздің не екенін Киелі Жазба 
жақсы  түсіндіреді.  Құтқарушы  Өзінің 
шәкірттерінің  тілектерін  тілей  отыра: 
«Оларды  ақиқаттың  нұрына  бөлей  гөр, 
өйткені  Сенің  сөзің  —  ақиқат»  дейді 
(Жоһан жазған Ізгі хабар 17:17-19). Пауыл  
да 
имандыларға: 
«Киелі  
Рухпен 
нұрланыңдар»  деп  үйреткен  болатын 
(Римдіктерге  арналған  хат  15:16).  Киелі 
Рух  қандай  жұмыс  атқарады?  Иса  Өзінің 
оқушыларына:  «Ақиқаттың  Рухы  келіп, 
сендерге  шындықты  үйрететін  болады» 
деген  екен  (Жоһан  жазған  Ізгі  хабар 
16:13).  Құдай  заңының  ұлы  ұстанымдары 
адамзат  баласына  Құдай  сөзі  мен  Киелі 
Рух арқылы ашылды. 
Құдай  заңы  қаншалықты  «киелі,  әділетті 
және мейірімді» болса, сол заңға бағынып, 
қалыптасқан мінез де әділетті болады. Иса 
Масіх  осындай  мінездің  тамаша  үлгісі. 
«Мен  Әкемнің  өсиеттерін  орындаймын. 
Күллі істерімді Оның еркі бойынша жасай-
мын»  —  дейді  Иса  Мәсіх  (Жохан  жазған 
Ізгі хабар 15:10,8:29). Исаның ізбасарлары 
да Киелі заңның ұстанымдарына үйлесімді 
келетін  мінезге  ие  болулары  керек. 
Нұрлану 
дегеніміз 
осы. 
Мұндай 
жетістіктерге  Исаға  сенетіндер  ғана  жете 
алады.  «Өз  құтқарылуларыңа  немқұрайды 
қарамаңдар,  ол  үшін  жан  ұшырып,  қорқа 
отыра  еңбектеніңдер,  өйткені  ұнайтын 
істерді  қалап,  жүзеге  асыруларыңа  түрткі 
болушы  —  Құдай»  (Філимонға  жолданған 
хат  2:12,13).  Күнә  имандыларды  үнемі 
қызықтыра  отыра,  өзіне  баулыйды.  Дәл 
осы  кезде  оларға  Мәсіхтің  көмегі  қажет. 
Адамның  әлсіздігі  Құдайдың  күшімен 
біріккен  кезінде,  ол жеңіске жетеді.  «Бізге 
Иса  арқылы  жеңіс  сыйлаған  Жаратқанға 
мың  рахмет!»  (Қорынттықтарға  арналған 
бірінші хат 15:57).  
Нұрлану  жұмысы  —  бұл  үздіксіз  үдеріс. 
Күнәкар  пенде  тәубаға  келіп,  Исаның 
құрбандығын  қабылдағаннан  кейін,  оның 
Құдаймен  бірге  жаңа  өмірі  басталады. 
Бәрі  осымен  аяқталып  қоймайды,  енді 
адам  кемелденуге  жету үшін  тырысуы  ке-
рек.  Пауыл:  «Артта  қалған  өмірімді 
ұмытып,  көздеген  мақсатыма  жету  үшін 
алға  қарай  ұмтыламын»  —  деп  жазған 
(Філимонға  арналған  хат  3:13,14).  Иса 
Мәсіхтің  шәкірті  Петір    біздің  алдымызға 
жетістіктерге жеткізетін баспалдақ қояды: 
«Енді 
сендер 
тырысып, 
ынтамен 
сенімдеріңде 
жақсылық, 
жақсылықта 
пайымдау,  пайымдауда  ұстану,  ұстануда 
ш ы д а м д ы л ы қ ,  
ш ы д а м д ы л ы қ т а 
қайырымдылық , 
қайырымдылық та 
б а у ы р м а л д ы қ ,  
б а у ы р м а л д ы қ т а 
сүйіспеншілік  көрсете  біліңдер.  Осылай 
істесеңдер  ғана  ешқашан  сүрінбейсіңдер» 
— деп үйретеді (Петірдің екінші хаты 1:5-
10).  
Нұрлануды  басынан  өткізгендер  Құдай 
Рухына  мойынсұнады.  Нұрланудың  тағы 
да      бір      жақсы      үлгісі  Даниял 
пайғамбары.      Ол        Құдайдың      сүйікті 
құлы  болған.  Соған  қарамастан  ол  өзін 
күнәкар      Ысрайыл        халқымен  бір 
деңгейге  қойып,  Құдайдың  оларға  араша-
шы  болуын  сұрайды.  «Біз  өзіміздің 
әділеттілігімізге емес, Сенің мейірімділігіңе  
үміттенеміз».  «Біз  кінәліміз,  өйткені  күнә 
жасадық».      «Мен      өз      күнәмді  және 
өзімнің  халқымның  күнәсін  мойындай-
мын».  Кейін  Құдайдың  рухани  Ұлы  оған 
насихат айтуға келген кезін еске ала оты-
ра  Даниял:  «Менің  түрім  қатты  өзгеріп, 
бойымда  бір  де  күш  қалмады»  —  дейді 

209 
 
( Д ания л 
пайғ ам б ар ы ны ң 
к і т аб ы 
9:18,15,20;10:8).  
Айып  пайғамбары  дауылмен  араласып 
шыққан Құдайдың дауысын естіген кезде:  
«Сенің  алдыңда  күл  мен  қара  жердей бол-
дым,  өткен  істеріме  шынымен  өкінемін 
және бұрынғы айтқандарымнан бас тарта-
мын»  —  дейді  (Айыптың  қасіретінің  тари-
хы  42:6).  Ишая  пайғамбар  Құдайдың 
даңқын  көріп,  періштелердің  екпінді 
дауыстарын 
естігенде: 
«Жалындаған 
періштелер  бір  біріне  дауыстап  «Әлемнің 
Иесі  киелі,  қастерлі,  қасиетті!  Бүкіл дүние 
Оның  салтанатты  ұлылығына  кенелген!  — 
десіп  тұрады.  Олардың  бұл  айғайынан 
киелі 
үйдің 
есік 
жақтаулары 
мен 
табалдырықтары шайқалды. Үй іші түтінге 
толып 
кетті. 
Сонда 
мен 
дауыстап 
«Қасіретке  қалдым-ау,  енді  құритын  бол-
дым!  Себебі  мен  күнәкармын,  аузымнан 
шыққан  сөздерім  арам,  әрі  сөйлеген 
сөздері  арам  халықтың  арасында  тұрып 
жатырмын.  Сонда  да  мен  патшалардың 
Патшасын,  әлемнің  Иесін  өз  көзіммен 
көрдім!  —  дейді  (Ишая  6:3,5).  Исаның 
Мәсіхтің  шәкірті  Пауыл    үшінші  аспанға 
дейін  көтеріліп,  адамға  айтып  жеткізу 
мүмкін  емес  сөздерді  естіген  кезде:  «Мен 
барлық 
тақуалардың 
ішіндегі 
ең 
лайықсызымын»  (Ефестіктерге  арналған 
хат 
3:8) 
деген 
болатын. 
Исаның 
шәкірттерінің  ішіндегі  ең  сүйіктісі  болған 
Жоһан,  Исаның  даңқын  көрген  кезде, 
періштенің аяғына жансыз адамдай құлап 
түсті (Аян 1:17). 
  Голгофа  айқыш  ағашының  көлеңкесі 
түскендер,  енді  біз  күнәдан  боспыз  деп 
мақтануына  болмайды.  Менің  күнәмнің 
кесірінен  Құдайдың  рухани  Ұлы  қасірет 
шекті  деген  ой,  пенделерді  одан  бетер 
кішірейте  түсуі  керек.  Мәсіх  Исаға 
жақындай  түскен  адам,  өзінің  күнәсінің 
қаншалықты  жиренішті  екенін  көреді 
және  солар  үшін  Исаның  жазықсыз 
төгілген қанынан үміткер болады. 
Қазіргі        кездегі        діни        әлемнің    
ұстанымы        бойынша  нұрлану  Құдай 
заңына 
деген 
немқұрайдылық 
пен 
өркөкіректікке 
толы. 
Осы 
теорияны 
жақтаушылар 
былай 
деп 
үйретеді. 
Нұрлану  бір  —  ақ  рет  болатын  акт  және 
сол бір реттің өзінде-ақ адам сенім арқылы 
қасиеттілікке 
қол 
жеткізеді. 
«Сенсең 
болғаны,  батаға  ие  боласың»  дейді  олар. 
Олардың        түсінігінше        мұншалықты    
батаға  ие  болу  үшін  ешқандай  күш 
жұмсаудың  қажеті  жоқ.  Сонымен  қоса 
олар,  оны  орындап  жатудың  да  қажеті 
жоқ  деп,  Құдай  заңының  беделін  жоққа 
шығарады. 
С і з д е р д і ң  
о й л а р ы ң ы з  
қ а л а й ? 
Жаратушының 
заңын 
орындамай 
қасиеттілікке  жету  мүмкін  бе?  Сөйтіп 
олардың  пікірінше  киелілікке  қол  жеткізу 
қиын  емес,  иман  келтірсең  болғаны  , 
күресті  қажет  етпейді,  жеңіл  де  ыңғайлы 
ілім  деп  түсінеді  және  бұл  кеңес  кеңінен 
тараған.  Осы  жөнінде  Жақып  пайғамбар: 
«Бойында иманы барлардың  істеген істері 
көрінбесе,  бұл  имандылық    оны  құтқара 
ала  ма?  Ондай  имандылықтың  қандай 
пайдасы  бар?  Санасыздар,  тыңдаңдар: 
«іссіз  немесе  әрекетсіз  иман  өлі».  Бабамыз 
Ыбырайым  тіршілікте  ісімен  ақталмады 
ма?  Имандылығы  ісіне  басшы  болды  емес 
пе?»  дейді.  «Адам  тек  имандылығымен 
ғана  емес,  оған  қоса  ісімен  де  ақталады», 
басқаша 
айтқанда 
Құдайға 
иман 
келтірумен қатар оған лайықты ісің болма-
с а 
неме се  
б ойы ңд ағы  
әр ек ет і ң 
имандылығыңа  сәйкес  келмесе    күнәдән 
арылдым 
деп 
санауға 
болмайды 
(Жақыптың хаты 2:14-24).   
  Іс-әрекетсіз  имандылық  жайлы  ілімнің 
қателігін  Киелі  Жазу  дәлелдейді.  Жоғарғы 
жақтан келетін батаға ие болғысы келетін, 
бірақ 
оның 
шарттарына 
бағынғысы 
келмейтін  имандылық,  бұл  алдамшы,  оз-
быр  түрде  Құдайға  емес  өзіңе  сенім  арту 
деген  сөз.  Ал  Алланың  Сөзі  бойынша 
адамға  сенген  адамды  ләғынат  атсын!  — 
делінген. Құдай заңының бір бабын бұзған 
адам  киелілікке  ешқашанда  жете  алмай-
ды.  Алдын  ала  ойластырылып  қойылған 
күнә  Киелі  Рухтың  дауысын  естіртпейді 
және  адамның  жанын  Құдайдан  алыста-
тып 
жібереді. 
«Күнә 
дегеніміз 
— 
заңсыздық. 
Ал 
күнә 
жасайтындар 
Құдайды танымайды»  (Жоһанның бірінші 
хаты 
3:6). 
ЖоҺан 
пайғамбары 
өз 
кітабында сүйіспеншілік жайлы көп жаза-
ды,  дегенмен  тақуамын  дей  тұра  Құдай 
заңын  бұзатындарды  ол  еш  бұлтарусыз 
әшкерелейді. Кімде кім: «Мен Құдайды та-
нимын  дей  тұра,  Оның  заңын  орындама-

210 
 
са,  сол  адам  өтірікші,  ал  Құдайды 
тыңдайтын  адамның  бойынан  шынымен 
К и е л і н і ң  
м а х а б б а т ы  
к ө р і н і п 
тұрады»  (Жоһанның  бірінші  хаты    2:4,5).  
Осы жерде әрбір  пенденің сенімі сынаққа 
түседі.  Жердегі  де,  көктегі  де  пәктіктің 
жалғыз 
ғана 
өлшеуіші 
Құдайдың  
қасиеттілігімен 
 
сынаққа 
түспеген 
адамның тазалығы жайлы сөз айту мүмкін 
емес. 
Құдай 
заңының 
талаптарын 
жеткілікті деңгейде бағаламайтын, заңның 
бір  бабын  болса  да  бұзып,  солайша 
басқаларға  үйрететіндер  Құдайдың  бата-
сынан 
жұрдай 
қалады, 
олардың 
н а р а з ы лы қ т ар ы ны ң  
н е гі з і  
ж о қ , 
қарсылықтары 
қабылданбайды. 
Өзін 
к ү нәс і збі н 
д е п 
с анайт ы н 
ад ам 
қасиеттіліктен  өте  алыс.  Күнә  жайлы  да, 
пәктік  жайлы  да  ештеңе  білмейтін  адам-
дар  ғана  солай  сөйлейді.  Масіх  пен 
адамның 
арасындағы 
арақашықтық 
қаншалықты көп болса, соншалықты адам 
өзіне  өзі  күнәсіз  болып  көрінеді.  Киелі 
Кітапта  сөз  болатын  пәктік  адамның  жа-
нына,  тәніне  және  түгел  болмысына 
тікелей  қатысы  бар.  Пауыл  пайғамбар 
салоникалықтарға жолдаған хатында: «Иса 
Масіх  жер  бетіне  екінші  рет  келгенше 
олардың  мінсіз  болуларын,  рухтары  мен 
жан  тәндерін  кіршіксіз  пәк  сақтауларын 
өтінеді»  (1Сал.  5:23).  Сөзін  әрі  қарай 
жалғастыра  келе  ол:  «Сонымен  бауырла-
старым,  бізге  осындай  мол  мейірімін 
төккені  үшін  өздеріңді  Құдай  жолындағы 
қызметке  арнауға  шақырамын.  Өмірлерің 
Құдайға  ұнамды  толықтай  бағышталған 
тірі  құрбандықтай  болсын»  (Римдіктерге 
а р н а л ғ а н  
х а т  
1 2 : 1 ) .  
 
Е ж е л г і 
Ы с р а й ы л д ы қ т а р д ы ң  
з а м а н ы н д а  
құрбандыққа    шалынатын    мал  мұқият 
тексерістен  өтетін  болған.  Жануардың 
мүшесінде кемістігі болса, Ол құрбандыққа 
жарамаған.  Өйткені  Құдай  пендесінен 
«кемістіксіз құрбандықты» талап етеді. Дәл 
сол  секілді  Құдайға  сенетін    адамдардың 
да  мінездерінде  ешқандай  кемшіліктері 
болмауы  керек.    Ол  үшін  адам  өзін  күтіп 
ұстағаны  дұрыс  болады.  Күші  мен  ой  — 
парасатын  әлсіретіп  жіберетін  жаман 
қылықтардан 
аулақ 
жүргені 
жақсы, 
өйткені    олар  адамды    Құдайға  қызмет 
етуге  жарамсыз қылып тастайды. Егер де 
келіспесеңіз  тәжірибе  жасап  көріңіз,  өмір 
мектебі  үйретеді.  Мәсіх  Иса:  «Құдайыңды 
бар 
жүрегіңмен, 
шын 
ықыласыңмен 
жақсы  көр»  дейді.  Құдайды  шынымен 
жақсы  көретіндер  Оның  дегенін  мүлтіксіз 
орындайды, рухын да, жанын да, тәнін де 
таза  сақтап  Оған  өмірлерімен  қызмет 
етеді.  Құдайды  шын  жақсы  көретіндер 
е с с і з  
қ ұ ш т а р л ы қ п е н ,  
қ а ж е т с і з 
қомағайлықпен жанын ластамайды.  
«Жандарыңа 
қарсы 
тұратын 
жаман 
қылықтардан  аулақ  болыңдар»  —  дейді 
Петір (Петірдің бірінші хаты 2:11). Кез кел-
ген  «ләззат»  адамды  рухани  жағынан 
әлсіретіп 
жібереді, 
ондай 
адамның 
Құдайдың  дегенін  орындайтын  қабілеті 
нашарлайды. 
Пауыл 
қорынттықтарға 
жазған  хатында:  «Жандарыңды  қоқыстан 
тазартыңдар! Құдайдан қорқыңдар!» дейді 
(Қорынттықтарға арналған екінші хат 7:1).  
Сонымен  қоса  Киелі  Рухтың  жемістері  — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет