Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет39/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
3 1 :1 7 ) . 
С е нб і  
— 
жаратылыстың  ескерткіш  күні.  Ол  күн 
біздің  шын  ниетімізбен Құдайға  табынуы-
мызбен  мәнді.  Өйткені  Ол  —  Жаратушы, 
ал біз — жаратылғандармыз. Шын мәнінде 
Құдайға  арналған  қызмет  негізінің  өзі 
сенбіден  құралады,  өйткені  ол  адамзатқа 
ақиқатты  анық  ұсынады.  Айта  кететін 
жайт көп адамдар автокөліктеріне 7 деген 
санды  алуға  ұмтылады.  Бұл  киелі  — 
Алланың саны дейді, неліктен олай десеңіз 
түсіндіре  алмайды.  Жай  адамдар  тұрмақ 
оқымыстылар 
мен 
бастықтар, 
тіпті 
молдалардың  да  көпшілігі  оның  мәнін 
ұғындыра  алмауларының  себебі,  Киелі 
Жазбаларды  зерттемеулерінің  нәтижесі. 
Құранның  5:58;  9:6;  2:65;  43:  62-64  және 
басқа  аяттарында    осыған  түсінік  бар, 
сондықтан 
қасиетті 
Құран 
бұрынғы 
кітптарды  растайды  деп  жазылған  онда.  
Дегенмен  Құдайға  табынуымыздың  себебі 
тек 
сенбіде 
ғана 
емес, 
Ол 
біздің 
Құдайымыз,  ал  біз  Оның  пенделеріміз, 
сондықтан  да  біз  Оның  алдында  бас 
июіміз  керек.  Бұл  ұлы  дерек  еш  уақытта 
ескірмейді, 
оны 
ұмытуға 
болмайды. 
Сенбіні  Құдай  бейіш  бағында  бекіткен. 
Сенбі  күні  адамзат  баласына  Құдайдың 
Жаратушы 
екенін, 
ал 
біздің 
Оның 
пенделері  екенімізді  еске  салып  тұратын 
ескерткіші болып табылады. Егер біз сенбі 
күнін  ұмытпай,  осы  күні  Құдайдың  алды-
на келетін болсақ, онда біздің бар ойымыз, 
ниетіміз  Оған  бағытталып,  жер  бетінде 
бірде  бір  пұтқа  табынушылар,  атеистер 
және  құдайсыздар  қалмаған  болар  еді. 
Сенбі 
күнін 
сақтау 
Құдайға 
деген 
адалдығымыздың  белгісі  болып  табылады. 
Сондықтан  Құдайға  табынуға  және  Оның 
барлық 
заңын 
орындауға 
шақырып 
тұратын  хабар,  заңның  төртінші  тармағы 
—  сенбіні  сақтауды  әсіресе  еске  салады. 
«Кімде  кім  хайуанға  және  оның  бейнесіне 
табынып,  оның  белгісін  маңдайы  мен 
қолына алса, Құдайдың қаһарының шара-
бын  ішетін  болады»  және  «олар  Құдайдың 
заңын  орындап,  Исаға  сенетіндерден 
айрықша  бөлек  көрініп  тұрады»  делінген, 
үшінші 
періштенің 
хабарында 
(Аян 
14:9,10).  Бұл  хабарды  дұрыс  түсіну  үшін 
берілген  рәміздерді  дұрыс  ширата  білген 
жөн.  Хайуан,  оның  бейнесі  және  белгісі 
дегеніміз  не?  Бұл  рәміздер  жайлы  аян 
ашық 
кітаптың 
12-ші 
тарауында 
аждаһаны  суреттеуден  басталады.  Ол 
Мәсіх  Исаны  тусымен  өлтірмекші  болған. 
Аждаһа  тағы  да  шайтан  деп  те  аталады 
(Аян 
12:9). 
Ол 
Ирод 
патшаны 
Құтқарушыны  өлтіруге  азғырған  болатын. 
Дегенмен  мәсіхшілер  дәуірінің  алғашқы 
ғасырларында,  Мәсіхқа  қарсы  шайқаста, 
аждаһаның  негізгі  қаруы  Рим  империясы 
болған.  Ашық  кітаптың  13-ші  тарауында 
(1-10 дейінгі тақпақтар) жолбарысқа ұқсас 
басқа хайуан жайлы жазылады және «оған 
аждаһа  өзінің  тағын,  билігін  және  күшін 
берді»  —  делінген.  Бұл  рәміздер  арқылы 
Рим  империясынан  оның  билігін,  тағын 
және 
күшін 
алған 
Рим 
папалығы 
суреттеледі. Жолбарыс жайлы тағы да: «Ол 
менменшіл 
түрде, 
тәкаппарлықпен 
Құдайды 
ғайбаттап, 
күпірлік 
сөздер 
сөйлейді»  делінген  (Аян  13:5-7).  «Оған  кез 
келген  елмен,  тайпамен,  халықпен  және 
румен  шайқасқа  түсіп,  оларды  жеңетін 
билік пен күш берілді». Бұл аянның сипат-
т ам ас ы  
Д ан ия л  
па йғ ам б ар ы ны ң 
кітабының  7-ші  тарауында  айтылып 
тұрған  кішкене  мүйізбен  сәйкес  келеді. 
Күмәнсіз осы жерде Рим папалығы жайлы 
айтылып  тұр.  «Оған  42  ай  бойы  әрекет 
жүргізетін билік берілді. Пайғамбар былай 
дейді: «Мен бір бастың қансырап, жарақат 
алғанын  көрдім».  Тағы  да:  «Кім  біреуді 
тұтқынға алса, сол өзі тұтқындалады және 
кім біреуді найзамен өлтірсе, сол өзі найза-
дан  өледі».  Қырық  екі  ай  дегеніміз  — 
уақыт, уақыттар және жарты уақыт, яғни 
үш 
жарым 
жыл 
немесе 
Даниял 
пайғамбарының  кітабында  сөз  болған 
1260  күн.  Осы  мерзім  аралығында  Рим 

197 
 
папалығы билікке ие болып, Құдай халқын 
қуғын  —  сүргінге  ұшыратқан.  Алдыңғы 
тарауларда айтылып кеткен бұл кезең 538-
ші  жылы  басталып,  1798-ші  жылы  папа 
француз  әскерімен  тұтқынға  алынғанда 
аяқталған болатын. Рим папалығы  шыны-
мен  де  өлмелі  жарақат  алды.  Осы  оқиға: 
«Кім  біреуді  тұтқынға  алса,  сол  өзі 
тұтқындалатын  болады»  деген  аянның 
орындалғанының  дәлелі.  Әрі  қарай  басқа 
рәміз туралы айтылады. Пайғамбар: «Тағы 
да жерден шығып келе жатқан бір хайуан-
ды  көрдім,  оның  тоқты  мүйізіндей  екі 
мүйізі  бар  екен»  дейді  (Аян  13:11).  Бұл 
хайуанның  түрі  және  оның  пайда  болуы, 
рәміз  арқылы  басқа  халықтың  бейнеленіп 
тұрғанына  нұсқайды.  Айта  кететін  жайт, 
Даниял 
пайғамбарына  әлемге 
әмірін 
жүргізіп  тұрған  патшалықтар  хайуан 
бейнесінде  көрсетілген  және  олар  ұлы 
теңіз  үстінде,  төрт  жақтан  шығып,  бір 
бірімен  шайқасқан  желмен  салыстырыла-
ды  (Даниял  7:2).  Ашық  кітаптың  он 
жетінші  тарауында  періште  су  дегеніміз 
халықтар  деп  түсіндіреді  (Аян  17:15).  Ал 
жел  дегеніміз  рәміздер  арқылы  суреттеліп 
тұрған    соғыстар.  Бір  бірімен  шайқасқа 
түскен  желдер  дегеніміз  патшалықтар 
арасындағы  шайқастар  —  революциялар 
мен соғыстар. 
Жерден  шығып  келе  жатқан  тоқтының 
мүйізіне  ұқсас    мүйіздері  бар  деген  хай-
уанды  басқа  шайқасқа  түсіп  жатқан 
хайуандардың  арасынан  іздеуге  болмай-
ды. Ол өзі жеке пайда болған мемлекет. Ол 
ешкімнің  иелігінде  жоқ,  бос  жерде  пайда 
болып,  біртін  —  біртін  өсіп,  бейбіт  түрде 
өркендеді.  Оны  жер  шарының  жартылай 
бөлігінің батыс жағынан іздеу керек. 1798-
ші жылы қандай ұлт өзіне әлемнің көңілін 
аударып,  беки  түсті?  Осы  аянға  сәйкес 
келіп тұрған халық , еш күмәнсіз Америка 
Құрама  Штаттары.  Бұл  хайуан  жерден 
шықты. Лингвистердің тұжырымы бойын-
ша  жерден  шыққан  деген  сөз,  өсімдік 
секілді 
өскен, 
пайда 
болған 
деген 
мағынаны  білдіреді.  Шынымен  де  ол 
ешкімнің  иелігінде  жоқ  аймақта  пайда 
болды. 
Белгілі 
әдебиетші 
АҚШ-тың 
өркендегенін  сипаттай  отырып:  «Жерге 
көмілген  тұқымнан  пайда  болғандай,  біз 
үнсіз  өсіп,  ұлы  империяға  айналдық» 
дейді. Оны тоқтының мүйізіндей екі мүйізі 
бар еді деген сөз бұл мемлекеттің өте жас, 
бейкүнә  және  жұмсақ  екенін  білдіртеді. 
Өйткені  кезінде  қуғын-сүргінге  ұшыраған 
мәсіхшілердің  көпшілігі  Америкадан  пана 
тапты.  Бұл,  бостандықтың  туын  тіккен 
мемлекеттің 
декларациясында 
былай 
делінген: 
«Барлық 
адамдар 
бірдей 
ж ар аты лған, 
о лар  
өмі р  
с үру ге , 
бостандыққа  ие  болуға  және  бақытты 
болуға құқылы». Сонымен қатар олар діни 
бостандыққа  да  ие  болды.  Олардың  
өркендеуінің 
және 
күшті 
болуының 
құпиясы  да  осында  жатқан  болатын.  Де-
генмен  «тоқтының  мүйізіндей  мүйізі  бар 
хайуан  айдаһардай  сөйлейтін  болады» 
делінген.  Бірінші  хайуанның  билігіндей 
билікпен  әрекет  жасап,  бар  жерді  және 
оның тұрғындарын жарасы жазылып кет-
кен  хайуанға  бағындырғысы  келеді  (Аян 
13:11-14). «Тоқтының мүйізіндей мүйіздері 
бар»  және  «айдаһар  дауысты»  деген 
рәміздер бір біріне қарама қайшы келетіні 
белгілі.  Бір  жағынан  бұл  бостандықтың 
туын 
тіккен 
мемлекет 
болғанымен, 
аяндардың барысын барлайтын болсақ, ол 
«айдаһардай  ақыратын  болады»  делінген. 
Екі  мүйізді  айуан  өзінің  күші  мен  билігін 
пайдаланып,  барлық  жердің  тұрғындарын 
бі рі нші  
х айу анға, 
я ғни 
папаға 
бағындырғысы  келеді.  Мұндай  әрекеттер 
айтулы  елдің  ұстанымдарына,  тәуелсіздік 
декларацияларына  және  ата  заңына 
қарама  қайшы.  Бұл  ұлтты  құрушылар 
үкіметті  шіркеудің  әсерінен  қорғап  қалу 
үшін  барлық  жағдайды  жасады.  Ата  заң 
бойынша  конгресс  қандайда  болса  дінді 
бекітуге  немесе  дін  бостандығына  кедергі 
боларлықтай заң қабылдауға құқысыз. Со-
нымен  қатар  адам  қоғамда  жауапты 
қызметке  орналасу  үшін  міндетті  түрде 
шіркеудің  мүшесі  болуы  тиісті  емес. 
Қандайда  болса  дінді  адамға  мойындату, 
ұ лт т ы ң  
б о с т анд ы ғы н 
қ о р ғай т ы н 
ұстанымдарды  бұзу  деген  сөз.  Мұндай 
қадам 
жоғарыда 
айтылып 
кеткен 
рәміздерге сай келетін үкіметті суреттейді. 
Оның  тоқтының  мүйізіндей  мүйізі  бар 
(тазалық 
пе н 
пәк тік тің 
бе лгісі) 
болғанымен, 
өзі 
айдаһарша 
ақырып 
сөйлейді  —  делінген.  Енді  аянның  бары-
сын 
барлай 
отыратын 
болсақ, 
бұл 
мемлекеттің  Америка  Құрама  Штаттары 
екеніне  сөзсіз  көзіміз  жетеді,  себебі  ол 
хайуанның  бейнесін  жасауды  бұйырады. 
Сонда  «хайуанның  бейнесі»  дегеніміз  не? 

198 
 
Бұл  тоқтыға  ұқсас  екі  мүйізді  хайуан 
болғанымен, бірінші хайуанды бейнелейді. 
Бұл 
бейненің 
негізін 
және 
қалай 
құрылғанын 
түсіну 
үшін, 
біз 
сол 
хайуанның  өзін,  яғни  папалықты  жақсы 
білуіміз керек. 
  Ежелгі  шіркеу  ырым  — жырымдармен 
неше  түрлі  дәстүрлерді  қабылдап,  өзінің 
а л ғ а ш қ ы  
т а з а л ы ғ ы  
м е н 
қарапайымдылығын  жоғалтып  алған  кез-
де, ол үкімет билігінің қолдауын іздей бас-
тады.  Нәтижесінде  мемлекеттік  билікті 
бақылап  отыратын,  оны  өз  еркінше 
жұмсап,  өз  ыңғайына  көндіріп  отыратын 
шіркеу пайда болды, бұл папаның шіркеуі 
немесе басқаша  айтатын  болсақ  папалық. 
Америка  Құрама  Штаттары  хайуанның 
бейнесін  жасауы  үшін,  діни  иерархия 
мемлекеттің 
беделін 
пайдаланып, 
өз 
дегеніне  жету  үшін  мемлекетті  өзіне 
бағындыруға 
тиісті 
болды. 
Барлық 
уақыттарда  шіркеу  мемлекет  билігін  пай-
д а л а н ы п ,  
о л а р д ы ң  
і л і м і н 
қабылдамағандарды  жазалап  отырған. 
Протестанттық шіркеулер де Римнің үлгісі 
бойынша  үкіметпен  одақ  құрып,  ар 
бостандығын  шектегісі  келген.  Біз  мұны 
Англия  шіркеуінің  тәжірибесінен  жақсы 
байқаймыз.  Олар  ұзақ  уақыт    бойы  ілімін 
қабылдамағандарды 
қуғын-сүргінге 
ұшыратты.  XVI  және  XVII  ғасырларда 
мыңдаған  шіркеу  қызметкерлері  осындай 
тағдырға  душар болып,  көбі  қамауға  алы-
нып,  енді  біреулері  азаппен  өлтірілген. 
Осылайша, хайуан, яғни папалықтың пай-
да болуына жағдай жасалды. Бұл жөнінде 
Пауы л 
пайғамбар 
бы лай 
де йді: 
«Шегінушілік келіп, өлім баласы — күнәкар 
адам  ашылғанша»  (2Сал.2:3).  Сонымен 
хайуанның 
пайда 
болуына 
шегінген 
шіркеулер себеп болды. 
Киелі Кітапта: «Исаның келер алдындағы 
адамзат  балаларының  діни  құлдырауы 
алғашқы  ғасырлардағыдай  болады»  — 
делінген.  Есіңде  болсын,  соңғы  күндері  
қиыншылық  көп  болады.  Халық  өзімшіл, 
ақшақұмар, өркөкірек, ауыздарына ие бо-
ла  алмайтын,  ата  анасына  бағынбайтын, 
қ айы рымс ыз , 
меі рімсі з , 
е шкім ге 
жақсылығы  жоқ,  жаманшылыққа  жақын, 
іші  тар,  достығы  жоқ  жауласымпаз,  тату-
ласпайтын,  жалақор,  өтірікші,  сенімсіз, 
ұстамсыз, 
қатыгез, 
сатқын, 
бетсіз, 
имандылықтан гөрі ойын-сауыққа жақын, 
озбыр,  Құдайдан  өзін  артық  жақсы 
көретін, 
сырты 
бүтін, 
іші 
түтін 
қаныпезерлерге  айналады,  ондайлардан 
аулақ 
жүр 
— 
делінген 
(2Тім.3:1-5). 
«Шайтанның ілімін қабылдап, иманнан бас 
тартатындар  көп  болады»  (1Тім.4:1).  Ібіліс 
неше  түрлі  ғажап  —  кереметтерімен 
көпшілікті  өзінің  соңынан  ерітіп  әкетеді. 
Ақиқатты 
қабылдамағандар 
адасып, 
өтірікке сенетін болады (2 Сал.2:9-11). Осы 
уақыттар 
келіп 
жеткенде, 
нәтиже 
алғашқы 
ғасырлардағыдай 
болады. 
Көпшіліктің 
ойынша 
протестанттық 
(наразылық  білдірушілер)  шіркеулердегі 
доктриналардың 
көптігі 
олардың 
бастарының  күшпен  бірікпейтіндігінің 
дәлелі  саналады.  Десе  де  олар,  яғни 
қарсыласушы  (протестанттық)  шіркеулер 
көптеген  жылдар  бойы  ілімдерінің  де 
ортақ,  доктриналарының  да  ортақ,  атап 
айтқанда  бірдей болуына  ұмтылып  келеді. 
Олай  болуы  үшін  атаулы  шіркеулер  Киелі 
Ж а з б а д а ғ ы  
м а ң ы з д ы  
с ұ р а қ т а р 
маңайындағы  алауыздықтарын  ұмытып 
(Жазбадағы  айқын  ақиқаттарға  қарамай), 
өз ара пікірталастарын тоқтатуы керек.   
 Чарльз  Бичер,  1846-шы  жылы  халық 
алдына 
шығып 
сөйлеген 
уағызында: 
«протестанттық 
шіркеулердің 
діни 
қызметкерлері қорыққандарынан ғана ар-
сыз  істерді  істеп  қоймай,  өздерінің 
бұзылған 
табиғатына 
сай 
ақиқатты 
тұмшалап,  шегінген  немесе  кері  кеткен 
биліктің  алдында  бастарын  иеді.  Қарап 
отырсақ Рим де солай істеген емес пе еді? 
Сонда біз сол тарихты қайтадан басымыз-
дан 
өткеріп 
жатқан 
жоқпыз 
ба? 
Болашақта  бізді  не  күтіп  тұр?  Ненің  куәсі 
боламыз? 
Басқа 
дүниежүзілік 
собор 
(шіркеу)! 
Барша 
әлемнің 
келісімі! 
Христиандардың  одағы  мен  барлығына 
ортақ бір доктрина! 
Осы айтылғандар орындалып болғаннан 
кейін, 
халықты 
дегендеріне 
зорлап 
көндіруге  бір  адым  ғана  қалады.  Америка 
Құрама Штаттарының жетекші шіркеулері 
б і р  
д о к т р и н а н ы ң  
м а ң а й ы н а 
шүйіркеленген  кезде,  өздерінің  бекіткен 
заңдары  орындалуы  үшін,  олар  мемлекет-
ке  әсер  ете  бастайды  және  оның  билігін 
пайдаланып, 
көздеген 
мақсаттарына 
жеткісі  келеді.  Сол  кезде  протестанттық 

199 
 
Америкада  Рим  иерархиясы  құрылды  деп 
айта  беруге  болады  және  олар  басқаша 
о йлайты н 
азам атт арды  
қыс ым ға 
ұшыратады.  Басқаша  айтатын  болсақ  екі 
мүйізді хайуан барлық қарапайымдар мен 
ұлылардың,  байлар  мен  кедейлердің, 
бостандықтағылар 
мен 
құлдардың 
маңдайы  мен  оң  қолына  хайуанның 
белгісін  алуды  талап  етеді.  Ондай  белгісі 
немесе нұсқасы, иә болмаса оның атының 
саны жоқтар сата да, сатып ала да алмай-
ды  (Аян  13:  16,17).  Бұл  жайында  үшінші 
періште:  «Кім  де  кім  хайуанға  бас  иіп, 
маңдайына,  иә  болмаса  қолына  оның 
белгісін  соғатын  болса,  сол  Құдайдың 
қаһарының  шарабын  ішетін  болады»  деп 
ескертеді. 
Бұл 
жерде 
әңгіме 
етіліп 
отырған, екі мүйізді хайуан баршаны оған 
күштеп  тағзым  еткізетін,  бірінші  немесе  
түрі жолбарысқа ұқсас хайуан  — папалық 
(Аян  13  тарау).  «Хайуанның  бейнесі» 
дегеніміз 
шегінген 
протестантизмнің  
қалыбы және ол, протестанттық шіркеулер 
өз  доктриналарын  мәжбүрлеу  тәсілімен 
көпшілікке 
тарату 
үшін 
азаматтық 
биліктен  көмек  сұрайтын  кезде  пайда  бо-
лады.  Енді  хайуанның  кескініне  қатысты 
сұрақты шешіп алу қажет. Хайуанға және 
оның бейнесіне тағзым етпеңдер деген ес-
кертуден  кейін,  аянда  тағы  да  былай 
делінген: «бұл жерде Исаға сенетіндер мен 
Құдайдың  заңын  орындайтын  киелілердің 
төзімі  қажет».  Құдайдың  заңын  орындай-
тын  имандылар  мен  хайуанның  заңын 
орындайтындардың 
мінездері 
бір 
— 
бірлеріне қарама қайшы келіп тұр. Соның 
нәтижесінде,  яғни  Құдай  заңының  орын-
далуы,  иә  болмаса  орындалмауынан  біз 
кімнің қай жақ екенін тура айыра аламыз. 
Хайуанның,  ендеше  оның  бейнесінің 
негізгі  ерекшелігі  Құдай  заңын  бұзуында. 
Кішкене мүйіз немесе папалық жайлы Да-
ниял пайғамбары былай дейді: «Ол мейрам 
күндері  мен  заңды  алып  тастауды  арман-
дайды»  (Дан.7:25).  Дәл  осы  билікті  Пауыл  
«күнә  адамы»  деп  атаған  болатын.  Қарап 
отырсақ 
бір 
аянды 
екінші 
аян 
толықтырып  тұр.  Папа  Құдай  заңын 
өзгерту арқылы өзін Құдайдан жоғары са-
нап  тұр.  Ал  оның  заңына  бағынатындар 
Аллаға  бағынбайтын  бұзақылар  болып  са-
налады.  «Бейнелерге  табынбаңдар»  деген 
екінші  тармақ  заңнан  мүлдем  алынып 
т а с т а л ғ а н .  
П а п а л ы қ т а р д ы ң 
тұжырымдауынша  бірінші    және  екінші 
заң  ұқсас,  яғни  біреу  дегілері  келеді.  Ал 
заңның  төртінші  тармағы,  яғни  «сенбіні 
естен  шығармаңдар»  деген  қағиданы 
жексенбі  күнімен  алмастырылып  тұр.  Бұл 
заңның  әдейілеп  өзгертілгеніне  күмән 
келтіруге  болмайды,  өйткені  аянда  «ол 
мерекелік  мезгілдер  мен  заңды  алып  тас-
тауды армандайды» делінген. Олар шіркеу 
заңды  өзгертуге  хұқылы  деп,  өздерінің 
атақтарын  Құдайдан  асырып  түсіргілері 
келеді. 
Ал 
шынайы 
сенетіндердің 
басқалардан  айырмашылығы,  төртінші 
заңды  мүдіртпей  орындауында.  Өйткені 
бұл  күн  Алланың  ерекше  батасын  беріп, 
тағайындаған  күні  —  уақыт  ішіндегі 
ескерткіш.  Хайуанға  табынатындар,  аты 
атаулы  күнді  жоққа  шығарып,  Римнің 
мәртебесін  көтеретіндер.  Папа  Құдай 
заңына  өзгеріс  енгізіп,  жетінші  күнді 
бірінші  күнмен  айырбастап  және  үкімет 
билігін  пайдаланып,  барша  халықты  осы 
күнді  сақтауға  зорлап  көндірген.  Ал  Киелі 
Жазба:  «Құдайдың  батасын  берген  күні 
жетінші  —  сенбі  күні»  дейді.  Масых  Иса: 
«Алла  сенбі  күнінің  әміршісі»  дейді.  Ишая 
пайғамбары  арқылы  Құдай  сенбі  күнін: 
«Менің  киелі  күнім»  деген  сөздермен 
анықтайды  (Ишая  58:13).  Бұл  күнді  Иса 
Өзі  өзгерткен  деген  лақап  сөзге  біз  былай 
деп жауап бере аламыз: «Мен  Құдай заңы 
мен  пайғамбарлар  жазбаларының  күшін 
жою  үшін  келді  деп  ойламаңдар,  Мен 
оларды 
жою 
үшін 
емес, 
толық 
мағынасында  жүзеге  асырып  орындау 
үшін  келдім».  «Шын  айтамын,  аспан  мен 
жер 
жойылып 
кетпейінше, 
Құдай 
заңының  бірде  бір  әріпі,  тіпті  бір 
кішкентай  сызықшасы  да  күшін  жоймай-
ды, әуелі бәрі де жүзеге асады». «Кім де кім 
өсиеттердің  тіпті  ең  болымсызын  бұзып, 
адамдарды  солай  үйрететін  болса,  ол  Ас-
пан  Патшалығында  мардымсыз  болып  са-
налады;  ал  кіде-кім  заңның  тұтастығына 
үйретсе  ол  Аспан  Патшалығында  ұлы  бо-
лып саналады» (Матай  5:17-19).  
  Сенбі  күнін  өзгертуге  Киелі  Жазбада 
берілген  ешқандай  негіздеме  жоғын  про-
тестанттар  жақсы  біледі.  Ол  туралы  Аме-
рика  қоғамының  белгілі  баспасөз  және 
Ам ер ик а 
ж ек се нбі лік  
ме к теб іні ң 
бұқаралық  ақпараттары  анық  жазады. 
Осындай мақалалардың бірінде: «жексенбі 
күнін  сақтау  туралы  заңға  байланысты 

200 
 
сұраққа  Жаңа Өсиет жауап бермейді» деп 
жазылған.  Сол  секілді  мынадай  да  пікір 
бар:  «Иса  Мәсіх    өлгенге  дейін  бұл  күн 
өзгертілген 
жоқ, 
дегенмен 
Жазбаға 
сүйенетін  болсақ,  кейіннен  де,  Киелі 
Кітапта  елшілермен  сенбі  жексенбіге  ауы-
стырылды деген нұсқау жоқ». 
Рим  католиктік  шіркеуі  сенбі  күнін 
жексенбіге  ауыстырғандарынан  бас  тар-
тпайды,  сонымен  қоса  протестанттар 
жексенбі күні туралы заңды орындай оты-
ра,  біздің  абыройымызды  мойындайды 
деп  ашық  жариялайды.  Католиктердің 
катехизистерінде  (заң  нұсқасында)  бұл 
сұрақ  туралы  былай  деп  жазылған:  «Заң 
бойынша әрине сенбі киелі күн, бірақ Иса 
Масіхтен  тәлім  алған  және  Киелі  Рухпен 
шабыттанған  шіркеу  сенбіні  жексенбіге 
алмастырды.  Сондықтан  да  біз  үшін  енді 
киелі  күн  —  жексенбі  —  деп  шайтанның 
демеуін  қолданады».  Папалықтар  сенбіні 
жексенбіге 
ауыстырғандарын 
және 
протестанттардың  олармен  келіскендерін 
мақтан  тұтады.  Олардың  ойынша  сенбіні 
жексенбіге  ауыстыру  әрекетінің  өзі  като-
лик  шіркеуінің  абыройының  рәмізі  болып 
табылады,  ал  протестанттар  болса  бұл 
заңды  орындай  отыра  олардың  билігін 
мойындайды. 
Осылайша 
папалықтар 
шіркеу  заңды  өзгертуге  құқылы  және 
олардың  белгілеп  берген  заңдарын    орын-
дамау  күнә  деп  жариялайды.  Сенбіні 
жексенбіге 
алмастыру 
папалықтардың 
ойынша 
Рим 
католиктік 
шіркеуінің 
абыройының 
көтерілуінің 
белгісі, 
ал 
шындығына  қарасақ  бұл  «хайуанның 
нұсқасының» белгісі.  
Рим  шіркеуі  жоғарғы  билікке  ие  болу 
құқығынан  бас  тартып  тұрған  жоқ  және 
Құдай  заңын  емес,  олардың  заңын 
қабылдап  тұрған  бар  әлем,  сонымен  қоса 
протестанттық  шіркеулер  бұл  билікті 
мойындап  тұр.  Протестанттар:  «Тек  Киелі 
Кітап  қана  протестанттардың  діні  болып 
саналады»  деген  басты  ұстанымдарынан 
айнып  кетіп  тұр.  Протестанттар  көрнекілі 
деректерге  көз  жұмып,  өздерін  —  өздері 
алдап  тұрғандарын  папалықтар  жақсы 
біледі.   Ақыры барлық протестанттар Рим 
туының  астына  жиналады  —  деген  ой, 
оларды  қатты  қуантады.  Папалықтар 
протестанттарға  жексенбі  күні  туралы 
заңды  орындата  отыра,  оларға  өз  билігін 
жүргізіп,  өз  үстемдіктерін  көрсетіп  тұр. 
Басқаша айтатын болсақ папалыққа, яғни 
хайуанға 
табындырып 
тұр. 
Заңның 
төртінші 
тармағының 
талаптарын 
қабылдай  отыра,  сонымен  қатар  жалған 
сенбіні,  яғни  жексенбіні  құрметтейтіндер, 
сол 
заңды 
өзгерткен 
билікті 
де 
құрметтейді. 
Сондай-ақ 
мемлекеттік 
биліктің  күшін  пайдаланып  адамдарға  өз 
діни  талаптарын  орындататын  шіркеулер 
хайуанның  бейнесіне  айналады.  Ендеше 
АҚШ  та    сенбінің  орнына  жексенбі 
тыныштық күні деп ресми түрде жарияла-
нып,  сол  заңды  орындау  барлығынан 
ерікті  немесе  еріксіз  талап  етілгенде, олар 
хайуанға  және  оның  белгісіне  табынды 
деп  айта  беруге  болады.  Бұрын  да,  қазір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет