де жексенбі Құдайдың тағайындаған
сенбісі — деп шынайы адасып жүргендер
қай шіркеуде болса да аз емес. Сондықтан
да Құдай олардың шынайы қызметін
қабыл алады. Бірақ жексенбілік заң
шығып, оны міндетті түрде сақтау талап
етілгенде және сенбі күні жайлы ақиқат
ашылғанда, Римнің бекіткен заңын орын-
дап, Құдай заңын бұзғандар, папалықты
Құдайдан
артық
қастерлейтіндерін
көрсетеді.
Бұлар
хайуан мен оның
бейнесіне табынатындар. Осы қаулы
шыққаннан кейін адамзат баласы екі
топқа бөлінеді. Бірі Құдайдың заңын
мойындап,
Аллаға
табынатындар,
екіншілері папаның (адамның) заңын
орындап, хайуанға табынатындар. Үшінші
періштенің хабары осы жайлы болып тұр.
Бұл маңызды сұраққа қатысты адамдар
түсініксіз қалмаулары керек. Қиямет күні
келгенше күллі жер бетіндегі қауым Киелі
Жазбада берілген ақиқаттарды жақсы
білулері керек. Бірінші періште өз хаба-
рын барлық тайпаларға, руларға, ұлттарға
және
халықтарға
жеткізсе,
үшінші
періштенің хабары осы хабардың жалғасы
болып табылады және кең түрде барлық
жер бетіне тарайды. Аянда: «Періште
аспанның дәл ортасында ұшып келе жа-
тып, халықтарға өз хабарын жариялайды
және өзіне бар әлемнің көңілін аударады»
— делінген.
Шайқас соңында мәсіхшілер екі топқа
бөлінеді, бірі Исаға сеніп, Құдай заңын
орындайтындар, екіншілері хайуанға та-
бынатындар. Алланың заңынан тайған
шіркеулер мен мемлекет бірігіп, барлық
201
26
Қайта бейнелену немесе жаңару
Ишая пайғамбарының айтуынша соңғы
күндері сенбі күнін мерекелейтіндер қайта
пайда болады. Алланың сөзі: «Әділеттілікті
қорғаңдар,
шындықты
жақтаңдар,
өйткені құтқарылатын күн алыс емес,
тақау қалды». «Сенбі күнін сақтап,
ардақтап Құдайға құлшылық ететін басқа
тайпалардың балаларын да, Мен Киелі
тауымның үстіне шығарып, қуантамын» —
дейді Жаратқан Иеміз (Ишая 56:1,2,6,7).
Осы жерде Құдай
барлық
адамзат
баласының басын біріктіретіні жайлы ай-
тады. Жаратушы Тәңір Ие жер аудары-
лып, шашырап кеткен ысрайылдықтарды
қайтадан жинамақ. Ол былай деп жария-
лайды: «Мен халқымды жинап алып,
оларға басқаларды да қоспақпын!» (Ишая
56:8). Сенбі күнін сақтағандарға батамды
берем — дейді Шексіз Алла. Осы жерден
біз сенбі күні туралы заңның ақырға дейін
сол қалпында қалатынын байқаймыз.
Жаратқан Иеміз пайғамбардың аузымен
бізге: «Енді ескертулерім мен тәлімдерім
жазылған қағаздарды бүктеп, байлап,
шәкірттерімнің көз алдында мөрлеп,
соларға сақтатып қой!» дейді (Ишая 8:16).
Құдай заңының мөрі, яғни таңбасы — бұл
сенбі туралы заң. Заңның бұл тармағының
қалған тоғыз тармағынан айырмашылығы,
онда заң Шығарушының аты мен атағы
хабарланады. Басқа тармақтарда кімнің
билігімен заңның беріліп тұрғаны айтыл-
майды. Папалық билік сенбіні өзгерткен
кезде, заңнан мөр алынып тасталды.
Исаның ізбасарлары Құдайдың жоғары
билігін көрсететін сенбі күні туралы заңды
қайтарып, Құдай заңының мәртебесі
көтерулері керек.
Киелі Кітап ақиқаттың жалғыз ғана
өлшеуіші. Егер басқа ілімдер мен теория-
лар Киелі Кітаптан өзгеше сөйлейтін болса,
онда олардың ешқандай жарығы жоқ
(Ишая 8:20). Тағы да: «Дауысыңды теже-
мей қатты сөйле. Дауысың кернейдің ды-
бысына ұқсас шықсын. Таңдап алған
халқыма опасыз істерін ашық айт.
Жасаған күнәларын беттеріне басып,
Жақыптың үрім -бұтағын әшкереле» деген
бұйрық шығып тұр (Ишая 58:1). Бұл
сөздер
құдайсыздарға
емес,
Құдай
халқымыз дегендерге арналған. Әрі қарай:
«Олар күнде Мені іздейді. Менің жолымды
білгілері келеді. Өздерін Киелі заңды бес
саусақтай
орындап
жүрген
Құдай
халқымыз деп есептейді» делінген (Ишая
58:1-2). Бұл жерде өздерін тап таза
кіршіксіз санап, Құдайға адал қызмет етіп
жүрміз деп ойлайтын адамдар туралы ай-
тылып тұр. Бірақ пенделердің жүректерін
көріп тұратын Шексіз Алла Құдай заңын
аяқ асты ететін олардың ниеттерін жақсы
біледі. Көпшілік елеусіз қалдырған заң ту-
ралы пайғамбар: «Сен ұрпақтарың нық
тұра алатындай негізді қайта құрасың
және сені халыққа жолды жаңартқан,
қираған үйіндінің қайта құрушысы деп
атайтын болады. Егер сен сенбі күні өз
қалауыңмен жүрмес үшін аяғыңа тежеу
қоя алатын болсаң, әдеттегі шаруаңды қоя
тұрып, Менің киелі күнім — сенбіні,
қуаныш күні деп есептесең, шынымен де
Құдайдың беретін қуанышына кенелетін
боласың» (Ишая 58:12,13). Бұл аянның
біздің заманымызға тікелей қатысы бар.
Рим сенбіні өзгерту арқылы Құдай заңын
тесіп өтіп, оны шұрық қылып тастады.
Қазір сол шұрықты жамап Киелі заңды
қалпына келтіретін заман туды.
Адам ата күнә жасамас бұрын да,
күнәкар
болып,
Бейіш
бағынан
қуылғаннан кейін де Алла нұрландырған
қасиетті сенбі күнін құрметтеген және бұл
заңды мүдіртпей орындаған. Оны Әбілден
бастап Нұхқа дейін және Ыбырайымнан
бастап Жақыпқа дейінгі бабаларымыз бен
барлық пайғамбарлар орындаған. Ыс-
райыл халқы Мысыр елінде құлдықта
болған кезінде пұтқа табынатындардың
ортасында жүріп Құдай заңын ұмытып
қарайып қалған, бірақ Құдай оларды
202
құлдықтан босатып алғаннан кейін Өзінің
Киелі заңын оларға қайта сыйға тартқан.
Сол замандардан бастап қазіргі уақытқа
дейін Құдай заңын үзбей орындап келе
жатқандар аз емес. «Күнә адамы» келіп,
Құдайдың қасиетті заңын өзгерткеннен
кейін де, оны сол қалпында, құпия түрде
орындаған адамдар бар. Реформация
кезінен бастап, әрбір ұрпақтың ішінде
қуғын-сүргінге
қарамастан
заңды
бұлтартпай орындап, сенбі күнін сақтап
қалғандар кездесіп отырған. Бұл ақиқат
Исаның жер бетіне келер алдындағы,
Оның қауымын айқындап тұратын белгі.
Сонан соң Құдай заңын орындайтын және
Исаға сенетін халық бөлектеніп шығады.
Бұл соңғы хабар. Осы хабар жарияланып
болысымен, Иса Масіх жердің бетіне Өз
халқын көтеріп әкету үшін, періштелерін
ерітіп, салтанатты түрде келетін болады.
Бұл хабарды естігендердің жүректері
қуанышқа
толып,
сол
қуаныштарын
басқалармен бөліскісі келген. Дегенмен
өздерін Исаның ізбасарларымыз деп
санайтындардың көпшілігі айтулы хабарға
мән бермеген. Сенбіге байланысты заңды
олар өздерінше талқылаған. Бізден бұрын
өмір сүрген аталарымыз жексенбі күнін
сақтаған. Көптеген мейірбан жандар
жексенбіні сақтап-ақ, солай өмірден өткен
және пәк деп саналған. Егер бұл сұрақ
бойынша олар әділетті болып саналса,
неліктен бізге де сол жолмен жүрмеске?
Және де сенбіні сақтайтын азғантай ғана
топ қалайша барлық әлемге қарсы
тұрмақ? Осындай дәлелдемелерін ұсынып,
Мәсіхтен бас тартатын яхудейлер де
өздерін
ақтамақшы
болған.
Бізден
бұрынғылар құрбан шалып отырған және
сол құрбандықтарын Құдай қабыл алған,
ендеше
бізде
сол
жолмен
жүріп,
құтқарылуға
жете
аламыз
—
деп
тұжырымдаған олар. Лютердің заманында
да папалықтар пәк болып саналу үшін,
ақталудың осы жолын таңдаған. Егер шы-
найы мәсіхшілер католик болып жүріп-ақ
өмірден
өтсе,
бұл
дінді
құтқаруға
жеткізетін дін емес деп кім айта алады?
Мұндай
тұжырым
діни
өмірдің
өркендеуіне орасан зор кедергі жасайды.
Көпшілік халық жексенбіні сақтау ата-
бабаларымыздан қалған дәстүр, ендеше ол
ежелден келе жатқан заң деп қателеседі.
Олар сенбі жайлы заңның жер шары
жаралғаннан бері келе жатқанына және
бұл Құдайдың әмірі екеніне көңіл аудар-
майды. Жер жаралғаннан кейін адамзат
баласына тыныштық күні ретінде сенбі
берілген (Айып 38:6,7; Болмыс 2:1-3).
Мінекей сол себепті де, біз сенбі күнін
сақтауымыз керек, өйткені бұл заңды бізге
«Күндер Көнесімен» берілген және Ол
заңның орындалуын талап етеді. Халық
сенбінің
шынымен
өзгергеніне
көңіл
аударған кезде, шіркеу қызметкерлері
Киелі
Жазбаны өздерінше
талқылап,
жұртты алдаған. Киелі Жазбаны өз
беттерінше зерттеген жандар ақиқаттың
анық — танығына толық көз жеткізе
алмағандықтан, бұл өтірікке қатықтай
ұйыған. Ал ақиқатты танып білгендер мен
түнекте жүргендердің арасында шиеленіс
әрі қарай жалғаса берген. Түнектегілер
өздерінің
қарсыластарына:
«неліктен
біздер осы әлемнің ұлыларының сөздерін
қоя тұрып, сендерге сенуіміз керек?» деген
сұрақтар қойған. Жауап біреу ғана.
Өздерін құдай санап жүргендер Құдайды
қайтсын?
Жаңартып
қайта
құру
жұмыстарына Алла, өз көзқарастары мен
сезімдеріне көбірек сенетін осы әлемнің
ұлылары
мен
данышпан
саналатын
ғалымдарды пайдаланбайды, керісінше
Құдайдың
даналығымен
қаруланған
қарапайымдарды таңдайды. Даналықтың
қайнар көзіне жақын тұрғандар ғана
Киелі Жазбаны түсіндіре алады. Құдай,
Оның алдында мойын ұсынып, Оған
б ағы н ат ы нд ар ға
ға на
ақ и қ а т т ы
уағыздауды сеніп тапсырған. Дәл осы
жандар Құдайдың ұлылығының қасында
түкке тұрмайтын адамның құрметіне емес,
Құдайдың құрметіне ие болады. Көптеген
а д в е н т и с т е р
а қ и қ а т т а н
б а с
тартқандықтан қатты қателескен, олар
«Алланың келетін мезгілін ешкім білмейді»
— деген шындыққа көңіл аудармай,
Құдайдың
келетін
мезгілін
есептеп
шығарамыз деп жүріп, ақыры дегендері
орындалмай қалғанда көңілдері құлазып,
удай қасіретке душар болды. Бұл жөнінде
Исаның сүйікті шәкірті Пауыл: «Абай
болыңдар, ешкім сендерді қызықтырып,
алдайтын болмасын» — деп ескертеді
(2Сал.2:3). Салоникалықтарға жазылған
бұл хаттың, ақыр кезінде тұрып жатқан
біздер үшін де тәрбиелік мәні өте зор.
Көпшілік адвентистер, өздерінің қарсы алу
203
жұмысына немқұрайдылық танытуларын
«Алла осындай уақытта келеді» дегенге
с е нб е ге нд і к т і ң
нә т иж е с і
д е м е к .
Шындығына келетін болсақ, олардың жан-
данып келе жатқан үміттері сөніп қала
бергендіктен, сенімдері де соншалықты
соққыға ұшырап, ұлы ақиқатты танып
білуге шамалары келмей қалды.
Бірінші хабарда айтылған соттың уақыты
Құдайдың еркі бойынша тағайындалған.
2300 күннің 1844-ші жылдың күзінде
аяқталатыны
жайлы
пайғамбарлық
периодтың дұрыс саналғанына еш күмән
келтіруге болмайды. Оны қояр да қоймай
қайра — қайра санай беру жұртты әбден
шатастырып,
ақиқаттан
алыстатып
жіберді. Құдайдың жер бетіне келетін
мерзімі неғұрлым жиі тағайындалып және
ол туралы кең түрде уағыздалса, соғұрлым
албастының көздегені орындала түседі. Ал
айтулы мерзім өте шыққаннан кейін
уағыздалған «аян» орындалмағандықтан,
жұрттың көкейінде неше түрлі күдік
пайда
болады.
Осылайша
1843-ші
және1844-ші жылдардағы адвентистік
қозғалысқа
көлеңке
түсті.
Адасып
жүргендерін мойындамай қасарысқандар
Алланың келетін мезгілін болашақта
болатын оқиға қылып апарып тастайды.
Тағы да алданғандар, енді ештеңеге
сенбейтін
болып,
мәңгілікті
біржола
ж о ғ а лт ад ы .
О с ы
а р ад а
е ж е л г і
Ысрайылдың тарихы тамаша көрнекілік
болып табылады. Құдай кезінде Өз халқын
Мысыр елінен алып шығып жетелегендей,
жоғарыда сөз болған қозғалыс кезінде
адвентистерді жетеледі.
Олардың
да
сенімдері неше рет сынаққа түсті. Егер де
сол кезде халық үшінші періштенің хаба-
рын қабылдап, Киелі Рухпен шабыттанып
Ұлы Құдайдың соңынан сеніммен ере
білгенде, бұл планетаның тағдыры ендігі
шешілген болар еді. Ежелгі Мысыр елінен
шыққан Құдай халқы, Оның жарлығынан
қайра — қайра тайып кетіп, сенімсіздік
танытып, уәделі жерге кіргенше қырық
жыл бойы шөл далада босығанындай,
қ а з і р д е
Қ ұ д а й
х а л қ ы
с о л
адасушылықтарының салдарынан, уәделі
жерге жете алмай, әлі күнге босып жүр.
Адамзатты
Құдаймен
бөліп
тұратын
кедергі оның шала сенімі (Еврейлерге
жазылған хат 3:19). Тек Масых Исаның
мейірімінің арқасында ғана, Құдайдың
қаһары жерге төгілмей, құтқарылу
мерзімі
шегіндіріліп,
адамзатының
тәубасына түсуіне уақыт беріліп тұр.
Бұрында, қазірде күнәсін бетіне бажырай-
тып тұрып айтқан ешкімге де ұнамайды.
Ондайлар жайлы: «Зұлымдық жасайтын-
дар жарықты жек көреді және оған қарай
жүрмейді, өйткені жарық жерде олардың
істері әшкереленеді» деп жазылған (Жохан
жазған Ізгі хабар 3:20). Сол себепті де олар
ө з д е р і н е
« ы ң ғ а й с ы з
а қ и қ а т т ы »
уағыздайтындарды жек көреді. Бұлар
Қ ұ д а й д ы ң
Р у х ы
е м е с ,
О н ы ң
қарсыласының рухымен қаруланғандар.
Дәл сол имансыздар пайғамбарларды жек
көріп, оларға неше түрлі атақ таққан. Иль-
ясты азғырушы, Ереуілді сатқын, ал Пауыл
пайғамбарын ғибадатхананы ластаушы
деп атаған. Қазіргі кезде де сол кездегідей
ақиқатты жақтайтындарға неше түрлі ат
қойылады.
Ақиқатты
қ абылдауға
батылдығы жетпейтін, иманы шалалар он-
дай
өтірікке әбден
сенеді.
Мұндай
жағдайлар енді азаймайды, керісінше
көбейе түседі. Мемлекет заңының Құдай
заңына қарама-қайшы келетін уақыты
тақап қалды, сонда Құдай заңын орындау-
шылар қоғамға зиян келтіретін бұзақылар
деп табылып, неше түрлі жазаға тартыла-
тын болады. Сондай уақыт келгенде
ақиқаттың туын ұстаушылар не істеулері
керек? Сенімдерінен бас тартулары керек
пе? Әрине жоқ. Бір кездердегі реформа-
торлар
секілді,
оларда
ақиқатты
уағыздауларын
тоқтатпаулары
керек.
Сенімдері
мен
ақиқат
үшін
жаза
тартқандардың есімдері тарихта біз үшін
үлгі ретінде қалдырылған. Әр кезеңнің
өзінің ақиқатты уағыздаушылары болған,
олар Құдайдың берген жарығын жан
жақтағыларға көрсете білген. Біз де дәл
солай істеуіміз керек. Бұл жөнінде Шексіз
Алла: «Олар қасарысып алған. Сонымен
тыңдаса да, тыңдамаса да, Менің сөзімді
оларға жеткізіңдер» — дейді (Езекіл
3:7;2:7). «Дауыстарың кернейдің үніндей
болып қатты шығатын болсын, олардың
күнәларын беттеріне басыңдар». Ақиқатты
уағыздау, оны жан жақтағыларға
айтып жеткізу біздің парызымыз.
Өйткені Киелі Жазбада: «Мен сені күзетке
қойдым, сен Менің сөзімді халыққа
жеткізуің керек. Егер сен оларға
айтпасаң күнәкарлар күнәсі үшін өледі,
204
бірақ олардың қанын сенің қолыңнан та-
бамын» деп жазылған (Езекіл 33:7-9).
Ақиқаттың таралуы мен бекуіне оны
уағыздаушылардың басына түсіп тұрған
қ иы нды қт ар
ме н
кө ріп
жү рге н
қорлықтары кедергі келтіреді. Ақиқатты
қорғаушылар «қате» — деп айта алмайтын
жалғыз ғана айғақ осы. Бірақ бұл
бө ге т те рге
Мәсіх ті ң
і зб ас ар лар ы
қарамаулары керек, қиындыққа мойымай,
алға адымдағандары абзал. Ақиқатты
күллі адамзат балалары құшақ жая қарсы
алады екен деп ойламаңдар. Бұл жөнінде
Мәсіхтің шәкірті Пауыл өте жақсы
түсініктеме береді: «Уақытша көретін
жеңіл
азаптарымыз
бізді
өздерінен
әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік
ұлылыққа жеткізеді! Осылай Мұса (Құдай
уәде еткен) Мәсіх үшін масқара болуды
Мысырдың
қазыналарынан
артық
байлыққа санады. Себебі ол болашақтағы
зор сыйды көздеді» (Қорынттықтарға
арналған екінші хат 4:17, Еврейлерге
арналған хат 11:26). Ендеше аз күн тірлік
опасыз жалғанда дүниенің байлығына
қызығып
қара
басымыздың
қамын
ойлағанша, Алланың айтқанын орындап
мәңгілікке
бірге
аттанып,
Құдайдың
беретін
сыйын
қабыл
алайық.
Біз
шындықты
шындықтың
өзі
үшін
таңдауымыз керек, арғы жағын Құдайдан
күтеміз. Алла бізге Киелі Жазба арқылы:
«Жүректеріңде
Құдайдың
заңы
бар,
шындықты білетіндер Мені тыңдаңдар!
Адамдардан қорықпаңдар! Күйе түсіп
түтіліп қалған киімдей, оларды құрт
жейтін болады. Ал Менің шындығым
мәңгілікке қалады» — дейді (Ишая
пайғамбардың кітабынан 51:7,8).
205
27
Біздің заманымыздың оянуы
Құдай сөзі уағыздалған барлық жерлерде
Алланың ұлылығын көрсететін жемістер
пайда бола бастады. Бұл қасиетті еңбекті
атқару кезінде Құдайдың адал құлдарын
Оның Рухы жетеледі. Күнәкар қауым ояна
бастады.
Алланың
сөзі
адамдардың
көкейлеріне
жетіп
«құпия
істері»
айқындалды. Күнәнің не екенін ұққаннан
кейін және сол үшін Алланың алдында
жауапқа тартылатынын түсінгеннен соң,
естерін
жиып,
олар
тәубаға
келді.
Жүректерді оқи білетін Киелінің алдына
келетіндері көздеріне елестеген кезде, олар
өздерінің қаншалықты күнәкар екенін
ұғып, жүректеріне қорқыныш орнады.
«Мынау
күнәкар
денеден»
қалайша
құтылмақпыз деп жандары қатты
қиналды. Голгофа жайлы ақиқат санала-
рына енген сайын, солар үшін құрбан
болған Мәсіхсыз енді күндері жоғын біліп
және белшелерінен күнәға батқан кесірлі
қауымды Көктегі Әкемен татуластыратын
тек қана Иса екенін жақсы ұқты. Осылай-
ша олар Мәсіх Исаның құрбандығын
сеніммен қабылдады. Сөйтіп олар шыны-
мен де тәубаға түсті. Айтулы қауым иман
келтірді, суға шомылу рәсімінен өтті және
жаңа өмірге қайра тірілді. Жаңаша өмір
сүре бастаған олар бұрын жек көрген
істерді енді жақсы көріп, жаман әдеттерін
артта қалдырып, жақсылыққа қарай бет
бұрды.
Бұрынғы
қырсықтар
мен
өзімшілдер
енді
қарапайым
момын
жандарға айналды. Мақтаншақтар мен
өркөкіректер сыпайы және салмақты бол-
ды. Әдепсіздер әдеп сақтап, ішкіштер
ішімдіктерін тастап, бұрынғы бұзақы то-
быр, енді саналы да сабырлы жандардың
қатарына
қосылды.
Олар
күйбең
тірліктерін тастап, сыртқы сұлулығы емес,
ішкі сұлулығын реттейтін істермен айна-
лысып, Құдайдың көңілінен шығудың
қамын ойлады.
Рухани оянудың нәтижесі барлық жерлер-
де жақсы байқалды. Ерлер де, әйелдер де
басқа жандар үшін дұға оқып, Құдайдан
а д а л
т і л е к
т і л е д і .
И с а н ы
қабылдағандардың өмірлері күрт өзгеріп
сала берді, олар жан жағындағыларға
жақсы әсерін тигізді. Құдайды танып
білгендер үшін ең бастысы: «Сендердің
көріктерің сыртқы әшекейлерге, шашты
ерекшелеп
жинау,
алтын
әшекей
бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі
киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта
көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес
қасиеттеріңнен тұрсын, мейірімді де са-
бырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмай-
тын
көркі
Құдай
алдында
аса
бағалы» (Петірдің бірініші тхаты 3:3,4) —
деген ешқашан өшпес тәлімдер болды.
Адамдар жүректеріне терең үңіліп, тәубеге
келді. Барлық салтанатты уағыздар жолда-
рында Иса құрбан болған күнәкарларға
бағытталды. Әйелдер де ер азаматтар да
барлық адамдар үшін дұға оқып, мінәжат
етті. Бұл рухани оянудың нәтижесі әлбетте
көрінді. Адамдар имандылыққа бет бұрып,
Исаға бой ұсынды. Олар жайлы: «Сендер
тәубаға түсу үшін қайғырдыңдар». «Құдай
үшін қайғыру құтқарылуға жеткізеді, ал
жалған дүние үшін қайғыру өлімге әкеледі.
Құдай үшін қайғырған кездеріңде, қандай
тамаша
өзгерістерге
кенелдіңдер.
Өздеріңнің
таза
екендеріңді
көрсете
білдіңдер» деп жазылған Киелі Кітапта
(Қорынттықтарға арналған екінші хат 7:9-
11).
Бұл Құдайдың Киелі Рухының әсері.
Болған
өзгерістер
тәубаға
келгеннің
нәтижесі. Егер күнәкар Құдайға берген
уәдесін
орындаса,
Құдайды
және
жақынын жақсы көре бастаса, біреуден
тартып алған дүниесін оған қайтып берсе
ол Құдаймен татуласқанының белгісі.
Қазіргі кездегі рухани ояну бұрынғы
кездегімен салыстырғанда өзгеше. Адам
баласының қызығушылығының кеңейе
түскені рас. Шіркеулер көбейіп, Құдайға
бет бұрғандардың да саны көбеюде, деген-
206
мен адамдардың ниеттері шынайы деп
айтуға қиынсынасың. Өйткені Құдайдың
берген сәулесі олардың жүректерінде жарқ
етіп жанады да, артынша тез сөніп
қалады, ал түнек болса алғашқысынан да
қоюлана түседі. Жаңашаға және құпияға
құштар жандар сезімге тез беріледі. Егер
олар рухани оянуға осындай жолмен жет-
се, әрине кейін олар дәл солай оп — оңай
шегіне
салады.
Айтылып
жататын
Достарыңызбен бөлісу: |