Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет42/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
м ах абб ат , 
қ у аны ш,  
б е йб і т ші лі к , 
шыдамдылық,  нәзіктік,  момындық,  сенім 
ж ә н е  
м о й ы н с ұ н у ғ а  
п а й ғ а м б а р 
ұстамдылықты  да  қосады  (Ғалаттықтарға 
арналған хат 5:22,23).  
Осы  айтылған  ескертулерге  көңіл  аудар-
май  көптеген  мәсіхшілер  дүниеқорлыққа, 
с ә н қ о й л ы қ қ а ,  
а ш қ а р а қ т ы қ қ а , 
маскүнемдікке салынып, ол аздай басқада 
жаман  қылықтарға  жақын  тұрады.  Ал 
шіркеу  болса  осыны  көре  тұра  тыйым 
салғанның орнына, қазынасын толықтыру 
мақсатында оларды қолдайды. Өйткені ол 
жүрегіндегі  бос  орынды  Құдайдың  махаб-
батымен  толықтыруға  қабілетсіз  болып 
қ а л ғ а н .  
М ұ н ы ң  
б а с т ы  
с е б е б і 
сүйіспеншіліктің 
жетіспеуі. 
Осындай 
шіркеуге  Иса  Мәсіх  қазіргі  кезде  келген 
болса,  біреуін  де  қалдырмай,  барлығын 
қуып шыққан болар еді. 
Елші  Жақып  :  «Көктен  келетін  даналық 
таза»  —  деп  жазады.  Егер  ол  демінен 
темекінің  иісі бұрқырап  тұрған,  таза  емес 
аузымен 
Құдайдың 
атын 
атайтын 
мәсіхшілермен 
кездескен 
болса, 
оны 
шайтанның құлы деп жазғырған болар еді. 
Бейіш  бағына  кіреміз  дейтін  ондай 
ү мі т к е р лер ге  
К ие лі  
Ж аз б а: 
« А л 
а р а м д а р д ы ң ,  
ж е к с ұ р ы н  
і с т е р 
ж а с а й т ы н д а р д ы ң  
ж ә н е  
ж а л ғ а н 
сөйлейтіндердің  ешқайсысы  да  Құдай 
патшалығына  кірмейді»  —  дейді  (Аян 
21:27).  

211 
 
«Әлде денелерің Киелі Рухтың мекендейтін 
ғибадатханасы  екенін  білмеп  пе  едіңдер? 
Сендер  Құдайдан  қабылдаған  Киелі  Рух 
бойларыңнан  орын  алды.  Енді  сендер  өз 
меншіктеріңде  емессіңдер,  Иеміз  сендерді 
үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат 
етті.  Ендеше  денелеріңмен  Құдайдың 
даңқын  арттырыңдар!»  (Қорынттықтарға 
арналған  бірінші  хат  6;19,20).  Кімнің 
жүрегі  Құдай  Рухының  мекендейтін  киелі 
үйі  болса,  сол  адам  жамандық  атаулыға 
жақындамайды.  Керісінше  ол  барлық 
күшін  Аллаға  қызмет  етуге  жұмсайды. 
Өзіне  сеніп  тапсырылған  қазынаны  қалай 
болса  солай  шашқан  адам,  кінәлі  болмай 
қоя  ма?  Өздерін  мәсіхшілерміз  деп 
ес ептейті н 
жандардың 
көпші лігі 
маңайындағылардың  Құдай  сөзін  естімей 
ө лі п 
ж ат қ анд ары на 
қ ар ам ас т ан, 
ақшаларын  керексіз  дүниелерге,  ойын 
сауықтарға,  той  домалақтарға  жұмсайды. 
Осылайша  Ізгі  хабардың  таралуына  тиісті 
қаражат,  олардың  неше  түрлі  кесірлі 
әдеттеріне  жұмсалады.  Олар  Құдайды 
бітір  садақалармен  де  тонайды.  Егер 
Исаның  ізбасарлары  қаражаттарын  не 
болса  соған  жұмсамай,  Құдайға  қызмет 
етуге  жұмсаған  болса,  онда  олар  мынау 
дүниеге  жарық  әкелуші  шырақтармен 
бірдей болар еді.  
Бар  әлем  неше  түрлі  ойын  —  сауық  пен 
тәндерін  қанағаттандыру  жолына  түсіп 
кетті.  Тәннің  талабы  —  көрсе  қызарлық, 
м е н м е н ш і л д і к ,  
ө р к ө к і р е к т і к , 
тойымсыздық.  Мінекей  қазіргі  адамдар 
осындай әдеттермен қаруланып алған. 
  «Ондай  ортадан  шығыңдар,  бөлініңдер, 
оларға  жұғыспаңдар»  —  дейді  Алла. 
Күнәкар  әдеттерден  арылмайынша  адам 
таза,  шынайы  болып  саналмайды.  Ал 
жоғарыда  айтылып  кеткен  Құдайдың 
ұсынысын  қабыл  алатындарға  Ол:  «Мен 
сендерді қабылдаймын, сендердің әкелерің 
боламын,  ал  сендер  Менің  ұлдарым  мен 
қыздарым  атанасыңдар»  —  деген  уәде 
береді  (2Қор.6:17,18).  Кез  келген  мәсіхшы 
рухани өмір сүруге тиісті. «Мен дүние үшін 
Нұрмын.  Маған  ерген  кісі  енді  түнекте 
жүрмей, шынайы өмірдің нұрына ие бола-
ды» — дейді Иса Мәсіх (Жохан жазған Ізгі 
хабар  8:12).  «Әділдің  жолы  таң  шуағы 
іспетті,  тал  түс  болғанша  жарқырай 
түседі» (Нақыл сөздер 4:18). Сенімнің әрбір 
қадамы  және  Құдайға  бағыну  адамды 
мәңгілік өмір Иесі, бар ғаламның Әміршісі, 
Шексіз  Аллаға  жақындата  түседі.  Ұлы 
Жарықтың 
барын 
дәлелдеп 
тұратын 
жұлдыздар  секілді  бізде  бар  ғаламның 
Патшасын  бұл  әлемге  көрсете  білуіміз  ке-
рек. Оны мадақтауымыз және Оған ұқсас 
болуға тырысуымыз қажет. 
  Пауыл  қолостықтарға  жіберген  жолдама-
сында  Құдайдың  балаларына  уәде  етілген 
жомарт сый туралы жазады: «Сол себептен 
де  біз  мұны  естіген  кезден  бері  сендер 
үшін  ұдайы  Құдайға  сыйынып  келеміз. 
Сендердің Оның еркін толықтай біліп, өте 
п а р ас а т т ы  
д а  
р у х ан и  
к ө р е г е н 
болуларыңды  Құдайдан  өтінудеміз.  Осы-
лайша Иеміздің халқына лайық, Оны риза 
қылатындай  өмір  сүрулеріңді,  әр  түрлі  игі 
істер  істеп,  өсіп-өне  беріп,  Құдайды 
неғұрлым  жақынырақ  тануларыңды  тілеп 
келеміз. Сендер Оның ұлы құдіретінен мол 
қуат  алып,  әрдайым  төзімділік  пен 
ұстамдылық  таныта  алсын  әрі  қуанышқа 
кенеліп,  Құдай  Әкеге  шүкірлік  ете  берсін 
деп 
мінажат 
етудеміз» 
— 
дейді 
(Қолостықтарға  жолданған  хат  1:9-11). 
Осыған  ұқсас  үндеуді  ол  хат  арқылы 
ефестік  бауырларына  да  жолдайды.  Ол 
адамдарға қалайша Құдайдың ұлдары мен 
қыздары  атана  алатындай  керемет  күш 
пен  білімге  ие  болу  мүмкіндігі  барын 
қарапайым  тілмен  тамаша  түрде  жеткізе 
білді:  «...адамның  санасы  жетпейтін  осы 
сүйіспеншілікке  ие  болсаңдар  екен»  —  де-
ген  тілегінде  елшінің  дұғасы  кернеудің  ең 
жоғарғы  нүктесіне  жетті  (Ефестіктерге 
жолданған хат 3:16,18,19). Бұл мәтіндерде 
егер  Құдайдың  талаптарын  орындай 
білсек 
қаншалықты 
рухани 
деңгейге 
көтеріле 
алатындығымыз 
жазылады.  
Алланың  еркін  орындай  білсек,  сенім 
арқылы  көптеген  жетістіктерге    жетеміз, 
ұлы  күш  Иесінің  тағына  жақындай 
түсеміз.  Жаратушы  —  Тәңіріміз    рухани 
баласына  Киелі  Рухын  берген,  ендеше  біз 
де  Онымен  бірге  болсақ  толығу  шағына 
жете аламыз. Иса Өз сөзінде: «Егер сендер 
зұлым  бола  тұра  балаларыңа  жақсылық 
жасай  білсеңдер,  рақымды  да  ,  мейірімді 
Құдай  Ие  сұрағандарға  Киелі  Рухын 
беретіні  шүбәсіз»  (Лұқа  жазған  Ізгі  хабар 
11:13).  «Менің  атымды  атап  сұрасаңдар, 
с ұ р а ғ а н д а р ы ң д ы  
а л а с ы ң д а р » . 
«Қуаныштарың толық болу үшін сұраңдар, 

212 
 
Мен  тілеулеріңді  беремін»  —  дейді  Алла 
(Жоһан жазған Ізгі хабар 14:14;16:24). 
  Имандылар 
Құдайға 
мойынсұнып 
жүрулері  керек  деген  сөз,  олар  үнемі 
мұңлы,  көңіл  күйсіз,  өздерін  —  өздері 
кінәлі сезініп, бастарын түсіріп жүру керек 
деген  емес,  керісінше  олар  көңілді, 
әрқашан 
қуанышта, 
еңсесі 
жоғары, 
белсенді  болады,  себебі  Құдай  біздің 
жанымыздың 
күйзелісте 
болғанын 
қаламайды.  Мойынсұну  —  Құдайдың  ал-
дында  арын  таза  ұстап,  рухани  өмір  сүру 
деген  мағынаны  білдіреді.  Иса  Мәсіхты 
қабылдап, тәннің талабымен емес, Рухтың 
талабымен  өмір  сүретіндер  сотқа  тартыл-
майды (Римдіктерге арналған хат 8:1). 
  Адам атаның бұзақы балалары Иса Масіх 
арқылы  Құдайдың  балалары  атанды. 
«Адамдарды  Оған  бағыштаған  Мәсіх  те, 
сол  адамдар  да  бір  Әкеден  тарайды. 
Сондықтан  да  Мәсіх  оларды  бауырларым 
деп 
атаудан 
ұялмайды 
(Еврейлерге 
жолданған 
хат 
2:11). 
Мәсіхшілердің 
өмірлері  Тәңір  Иенің  арқасында  қол 
жетімді  имандылыққа,  жеңімпаздыққа 
және  қуанышқа  толы  болуы  керек. 
«Өйткені  Құдайдың  рухани  балалары  осы 
күнәкар  дүниені  жеңеді.  Біздің  сеніміміз 
—  осы  дүниені  жеңген  күш  (Жоханның 
бірінші хаты 5:4). Құдайдың адал құлы Не-
миян:  «Сонымен  қайғырмаңдар!  Себебі 
жаратқан  Иеге  деген  қуаныштарың  сен-
дерге  күш-қуат  беріп,  паналарың  болады» 
—  дейді  (Нехемияның  кітабы  8:10).  Елші 
Пауыл  былай  дейді:  «Әрдайым  Иемізбен 
байланыста 
болғандарыңа 
қуаныңдар. 
Тағы  да  айтам:  Қуаныңдар!»  «Әрдайым 
қуанып,  Құдайға  үздіксіз  сыйыныңдар. 
Оған  барлық  жағдайларда  да  алғыс 
айтыңдар! Иса Мәсіхтың жолымен жүруші 
сендерден  Құдай  осыны  күтеді»  (Філ.4:4, 
Салоникалықтарға  жазылған  бірініші  хат 
5:16-18).  Құдайдан  туылғандар  күнәні 
жеңе  біледі.  Адам  Құдаймен  байланысын 
еш  уақыт  үзбеуі  керек.  Имандылардың 
кемеліне  келе  алмай  жүргендерінің  басты 
себебі  Құдай  заңының  ұстанымдарын 
дұрыс орындамауларының нәтижесі. Олай 
болса  шіркеулерде  тазалықтың,  игіліктің 
аздығына  несіне  таң  қаламыз?  Егер 
шіркеулер  Құдай  заңын  орындағанның 
орнына,  адамның  тағайындаған  заңына 
көбірек  көңіл  аударса  солай  болмай  қоя 
ма?  «Себебі  Менің  халқым  екі  зұлымдық 
жасады»  —  дейді  Алла.  «Мөлдір  судың 
қайнар көзі — Мені тастай беріп, өздеріне 
су  ұстай  алмайтын  бүлінген  құдықтар 
қазып  алды»  (Ереуіл  пайғамбарының 
кітабынан 2:13). 
«Зұлымдардың  жиындарына  бармайтын 
адам  бақытты...  Ол  күн-түні  Құдайдың 
заңы  туралы  ойлайды  және  Оның  еркін 
орындайды! 
Ол 
шалғынды 
жерге 
отырғызылған ағаштай гүлдеп, уақытында 
жемісін  береді,  оның жапырағы  ешқашан 
сарғаймайды,  істеген  ісі  сәтті  болады, 
барлық  жерде  үлгереді»  (Забур  жыры  1:1-
3).  Адамдар  Құдай  заңын  қошеметтеп, 
биікке  көтерген  кезде  ғана,  олардың 
бойындағы 
имандылық 
жаңарады. 
Жаратқан Иеміз: «Халқым тоқтаңдар! Жан 
жақтарыңа 
қараңдар, 
бұрынғылардан 
дұрыс  жол  қайда  деп  сұраңдар  және  сол 
айтылған 
жолмен 
жүріңдер. 
Сонда 
сендердің  жандарыңа  тыныштық  орнай-
тын  болады»  дейді  пайғамбар  (Ереуіл 
пайғамбарының кітабынан 6:16).            

213 
 
28 
Сот тергеуі 
Даниял пайғамбар: «Мінекей мен мынадай 
кереметті  көрдім  —  жағалай  тақтар 
қойылған,  сонан  соң  мұнда  күндермен 
Көне  келіп  отырды;  киімі  Оның  қардай 
аппақ  екен,  шашы  тап  таза  мөлдір 
толқындай, отырған тағы отқа ұқсас, оның 
дөңгелектері 
алаулаған 
жалындай. 
Алдынан  оттай  жалындаған  өзен  өтіп 
жатты,  мың  мыңдағандар  Оған  қызмет 
етіп  тұрды.  Оның  алдында  тұрғандар 
сансыз  болып  көрінді,  қазылар  алқасы 
отырып, 
кітаптар 
ашылды» 
(Даниял 
пайғамбарының кітабынан 7:9,10).  
  Төреші  әрбір  жанның  мінезі  мен  өмірін 
қарап,  пиғылына  қарай  сыйын  беретін 
салтанатты  да  ұлы  күн  пайғамбарға 
осылай 
көрсетілді. 
Күндердің 
Көнесі 
дегеніміз  — бұл көктегі Тәңіріміз. Жыршы 
былай  дейді:  «Таулар,  жер  және    ғалам 
жаралмас  бұрын,  ғасырдан  ғасырға  дейін 
Сен  —  Құдайсың»  (Забур  жыры  89:3). 
Ж а р а т ы л ы с т ы ң  
К ө з і ,  
ә л е м н і ң 
Құрылысшысы 
және 
барлық 
заңды 
шығарған  Тәңір  Ие  осы  сотты басқарады. 
«Мінекей Оған қарай бұлттармен жылжып 
адамзат  баласы  секілді  біреу  келе  жатты, 
сонан  соң  Ол  күндермен  Көненің    алдына 
келіп  тоқтады.  Оған  барлық  халықтар, 
тайпалар  және  тілдер  қызмет  ететіндей 
билік,  атақ  және  патшалық  берілді.  Оның 
патшалығы 
мәңгілік 
болмақ 
және 
ешқашан 
өтіп 
кетпейді» 
(Даниял 
пайғамбарының  кітабынан  7:13,14).  Бұл 
жерде  Исаның  екінші  рет  жер  бетіне 
келген  сәті  суреттеліп  тұрған  жоқ.  Оның 
аратүсушілік 
қызметі 
тамамдалғаннан 
кейінгі  билігін,  атағын  және  патшалығын 
алу  үшін  күндердің  Көнесіне  келетін  жері 
көрсетіліп  тұр.  2300  күн  аяқталғаннан 
кейін,  яғни  1844-ші  жылы  Исаның 
арашашы  қызметіне  кіріскен  кезі  былай 
сипатталады: «Ұлы бірінші діни Қызметкер 
адамзат 
баласы 
үшін 
аратүсушілік 
қызметін  тамамдау  үшін  және  шынайы 
жандарды  күнәдан  ақтап  алу  үшін 
киелінің  Киелісі  ішіне  кіріп,  Құдайдың 
алдына келеді». 
Ежелгі  Ысрайылдың  заманында,  олардың 
осыған  ұқсастырылған  қызметтерінде,  өз 
кінәларын  мойындап  құрбан  шалған 
адамдардың ғана есімдері аталған. Дәл сол 
секілді,  бұл  ұлы  татуласу  күні  Құдай 
халқының қатарына кіретіндердің ғана ісі 
қаралады, құдайсыздардың соты кейіннен 
қаралатын жеке оқиға. «Өйткені сот Құдай 
үйінен  басталады  делінген  Киелі  Кітапта, 
ендеше  Ізгі  хабарға  бағынбайтындардың 
күйі 
не 
болмақ?» 
(Петірдің 
бірінші 
жолдамасы 4:17).  
  Адамдардың  тағдыры  көктегі  кітапта 
жазылған  жазулар  бойынша  шешіледі. 
Даниял  пайғамбар:  «Қазылар  алқасы 
отырып, кітаптар ашылды» — дейді. Ашық 
кітаптың  немесе  аянның  авторы,  сол 
болатын  оқиғаны  суреттей  отыра:  «Басқа 
да  кітап  ашылды  —  өмір  кітабы,    осы 
кітап 
бойынша 
істеген 
істеріне 
байланысты  өлгендердің  ісі  қаралады»  — 
дейді (Аян 20:11,12). 
Өмір  кітабында  әр  кезеңдерде  Құдайға 
қызмет  еткендердің  есімдері  жазылған. 
Иса  Өз  шәкірттеріне:  «Қуаныңдар,  себебі 
сендердің 
есімдерің 
көкте 
жазылып 
қойылған»  —  деген  болатын  (Лұқа  жазған 
Ізгі  хабар  10:20).  Пауыл  пайғамбары  да 
«өмір 
кітабында» 
есімдері 
жазылған 
қызметтестер  жайлы  айтады  (Філимонға 
арналған  хат  4:3).  Даниял  пайғамбары: 
«Бұрын  соңды  болмаған  қиын  заманның 
болатынына  қарамастан,  есімдері  «өмір 
кітабында»  жазылғандар  құтқарылады»  — 
дейді.  Сол  секілді  аянда:  «Есімдері  өмір 
кітабында  жазылғандар  қалаға  қақпамен 
кіретін  болады»  —  деп  жазылған  (Даниял 
пайғамбарының  кітабынан  12:1;  Аян 
21:27).  «Естелік  кітабы»  Құдайдың  көз 
алдында  жазылады  және  оған  «Құдайды 
қ ұ р м е т  
т ұ т а т ы н д ар  
м е н  
О д а н 
қорқатындардың  есімі  кіреді»  (Малаһия 
пайғамбарының кітабынан 3:16). Олардың 
істері,  сөздері  көктегі  кітапта  жазылған. 
Ос ы ған 
с үйе не  
о т ыр а 
Н ехем ия 
пайғамбары:  «Менің  Құдай  үйіне  арнап 
жасаған  істерімді  өшіре  көрме  Жаратқан 
Ием!  Мені  әр  дайым  есіңе  ал»  —  деп 
жалбарынады 
Аллаға 
(Нехемияның 
кітабынан 13:14). Естелік кітабында әрбір 
әділетті  іс,  шыңдалған  сынақ,  жеңілген 
зұлымдық,  мейірімді  сөздер,  Иса  үшін 
шеккен  қасірет  —  барлығы  мұқият 
жазылып  қойылған.  Осы  орайда  жыршы: 
«Менің  қанша  уақыт  босығаным  Сенде 

214 
 
санаулы;  көз  жасымды  құмыраңа  құйып 
қой    —  мұның  барлығы  Сенің  кітабыңда 
жазулы  емес  пе?»  деп  хабарлайды  (Забур 
жыры 55:9). 
Сол  секілді  сол  кітапта  адамдардың 
кінәлары  да  жазылады:  «Кез  келген  іс 
жақсы  болсын,  жаман  болсын  Құдай 
сотына  тартылады»  —  дейді  Сүлеймен 
патша 
(Сүлеймен 
пайғамбарының 
кітабынан  12:14).  Аузынан  шыққан  әрбір 
сөзге  адам  жауапты.  Өйткені:  «Сөзіңе 
байланысты жауапқа да тартыласың және 
сөзіңе  байланысты  ақтала  да  аласың»  — 
деп  жазылған  Киелі  Жазбада  (Матай 
жазған  Ізгі  хабар  12:36,37).  «Жүрегіңдегі 
кез  келген  пиғылың  Құдайға  мәлім»  — 
делінген  (1Қор.4:5).  Бұзақылық  сөздер, 
менменшіл 
және 
өзімшіл 
істер, 
орындалмай  қалған  міндеттер,  кез  келген 
құпия  күнә,  босқа  жіберілген  уақыт, 
пайдаланылмай 
қалған 
мүмкіншілік, 
жақсы  болсын,  жаман  болсын  біреуге 
тигізген  әсерің  —  осы  айтылғандардың 
барлығын  періштелер  қалдырмай  жазып 
отырады.  
Сот  күні  адам  әділдіктің  өлшеуіші  — 
Құдай  заңы  арқылы  тексеріледі.  Осы 
орайда  Сүлеймен  пайғамбар:  «Құдайдан 
қ о р қ ы ңд а р  
ж ә не  
О н ы ң  
з а ң ы н 
орындаңдар,  өйткені  адам  баласына  ең 
керегі осы және кез келген іс жақсы болса 
да,  жаман  болса  да  сотқа  тартылады»  — 
дейді 
(Сүлеймен 
пайғамбары ның 
кітабынан  12:13,14).  Жұмаққа  кіруге 
құқылы  деп  табылғандар,  бұрын  қайтыс 
болып  кеткен  пәк  жандардың  қайта 
тірілуінің  куәгерлері  болады.  Иса  былай 
дейді: «Ал өлімнен тіріліп, жұмаққа баруға 
лайықтылар  періштелер  іспетті  болады. 
Себебі  олар  тіріліп,  Құдайдың  балалары 
атанады»  (Лұқа  20:35,36).  «Жақсылық 
жасағандар  қайта  тіріледі»  —  дейді  бізге 
Киелі Жазба (Жоһан 5:29). Шынайы болып 
өлгендер  сот  біткеннен  кейін,  «ақталды» 
деген  үкімнен  соң  қайта  тіріледі.  Яғни 
олар  өздерінің  істері  қаралып  жатқан 
сотқа 
қатыспайды. 
Сотта 
олардың 
Қорғаушылары  Иса  Масіх  болады.  Масіх 
Құдайдың  алдында  тақуалар  үшін  өтініш 
жасайды . 
«Ал 
е герде 
сендердің 
араларыңда  біреу  байқамай  күнә  жасаса, 
оның  орнына  Құдайдың  алдына  оның 
Іздеушісі — Иса Масіх барады. (Жоһанның 
бірінші  хаты  2:1).  «Масіх  біздер  үшін 
көктегі 
қасиетханаға 
кірді» 
— 
деп 
жазылған  Құдай  сөзінде  (Еврейлерге 
арналған хат 9:24). «Сондықтан да біз Иса 
арқылы 
Құдайға 
келіп, 
жасаған 
қателіктерімізге  кешірім  ала  аламыз. 
Өйткені  Масіх  тірі  және  үнемі  біздің 
мүдделерімізді  қарастыруда»  (Еврейлерге 
арналған хат 7:25).  
Сот  уақытында  Құдайдың  алдында 
көктегі кітаптар ашылған кезде, солармен 
қ ат ар  
К ие лі ні ң 
алды нд а 
И с аға 
сенетіндердің  де  өмірі  ашылады.  Сонда 
біздің  көктегі  Қорғаушымыз  жер  бетінде 
өмір  еткен  алғашқы  адамдардан  бастап 
сол  кезде  өмір  сүріп  жатқан  соңғы 
адамдарға  дейін  жетіп,  Өзіне  сенетін 
қалаулы  халқы  үшін  Күндермен  Көненің 
алдында  өтініш  жасайды.  Осы  сотта 
олардың  әр  қайсысының  жеке  —  жеке 
аттары  аталады,  мұқият  түрде  өмірлері 
қаралады.  Біреулері  қабылданса,  енді 
біреулері  қабылданбай  қалады.  Егер  адам 
тәубесіне  келмесе,  яғни  оның  кешірілмей 
қалған  күнәсі  болса,  сол  адамның  есімі 
өмір кітабынан өшіріліп, естелік кітабында 
жазылған жақсы істері жойылады. 
Құдай: «Егер де біреу Менің алдымда күнә 
жасаған 
болса, 
оның 
есімін 
«өмір 
кітабынан»  өшіріп  тастаймын»  деп  Мұса 
пайғамбарға  айтқан  болатын  (Шығыс 
32:33). 
«Егер 
имандылар 
шыншыл 
шынайы  істерінен  шегініп  әділетсіздік 
жасайтын  болса,  оның  бұрын  жасаған 
жақсы  істерінің  барлығы  ұмытылатын 
болады»  —  дейді  Езекіл  пайғамбары 
(Езекіл  пайғамбарының  кітабынан  18:24). 
Ал  кімде  кім  шынайы  түрде  барлық 
к і н ә л а р ы н  
м о й ы н д а п ,  
И с а н ы ң 
құрбандығын  қабыл  алып,  сол  арқылы 
күнәларына  кешірім  алатынына  сенетін 
болса, олардың күнәлары өшіріліп өздеріне 
мәңгілік  өмір  сыйға  тартылатын  болады. 
« М е н  
Ө з і м  
ү ш і н  
с е н д е р д і ң 
қылмыстарыңды  өшіріп,  күнәларыңды 
еске алмаймын» — деп пайғамбар арқылы 
Құдай  бізге  уәде  береді  (Ишая  43:25). 
«Зұлымдықты 
жеңгендерге 
ақ 
киім 
кигіземін 
және 
олардың 
есімдерін 
Құдайдың  және  Оның  періштелерінің 
алдында 
баяндаймын». 
«Мен 
туралы 
жұртқа  айтатындардың  есімдерін  Мен  де 
Құдайтағалаға  айтамын,  ал  Менен  бас 
тартқандардан  Алланың  алдында  Мен  де 
бас тартамын» — дейді Иса Масіх (Аян 3:5; 
Матай 10:32,33).  
  Жер  бетіндегі  сотта  адамдардың  істері 
қаралған  кезде  төреші  қандай  мұқият 
болғанымен  қателесуі  әбден  мүмкін,  ал 
Құдай 
ешқашан 
қателеспейді 
және 
әділетті  шешім  шығарады.  Ақталғандар 
Исаның 
мұрагерлері 
атанып, 
Бейіш 
бағына  қайтып  оралады  (Миһая  4:8). 
Шайтан  адамдарды  алдап  арбау  арқылы 
Құдайдың 
жоспарын 
бұзбақ 
болып 
үміттенді,  ал  Мәсіх  сол  күнә  болмағандай 
Құдайдың  жоспарының  іске  асырылуын 

215 
 
сұрайды.  Иса  Өз  халқының  ақталғанын 
ғана  емес,  сонымен  қоса  Оның  атағын 
бөлісіп,  қасында  отыруларын  да  сұрайды. 
Иса  Өз  халқы  үшін  өтініш  жасап 
жатқанда, шайтан  қылмыскерлер ретінде 
оларды Алланың алдында кінәлап жатады. 
Ұлы  әзәзіл  сол  қылмысқа  адамдарды  өзі 
итермелегеніне қарамастан, олардың әрбір 
кінәсін  Аллаға  баяндап,  енді  өзі  олардың 
иесі болуға хұқылы екенін дәлелдейді. 
Иса  болса,  оларды  кінәсіз  демейді,  бірақ 
олардың  сенім  арқылы  кешірім  алуға 
құқылы 
екенін 
айтып, 
Құдай 
мен 
періштелерге  Өзінің  солар  үшін  тесілген 
қолдарын 
көрсетіп: 
«Мен 
олардың 
әрқайсысының  атын  білемін.  Есімдерін 
алақаныма  сызып  қойғанмын.  Жүректері 
күйзеліп, 
өкінішпен 
мойын 
ұсынып 
тұрғандарды  Сен  жек  көрмейсің  Алла»  — 
дейді  (Забур  жыры  50:19).  Сонан  соң 
халқын  кінәлап  тұрған  жауызға  қарап: 
«Иерусалимді  таңдап  алған  Алла  саған 
тыйым  салсын  шайтан,  өйткені  ол 
Киелінің  жалыннан  суырылып  алынған 
шоғы  емес  пе  еді?»  —  деп  оның  бетін 
қайтарады. 
(Зәкария 
пайғамбарының 
кітабынан  3:2).  Мәсіх  халқын  Құдай 
Әкенің алдына әкеліп, оның кіршіксіз таза 
қауым  екенін  Киеліге  көрсету  үшін, 
оларды  Өзінің  әділеттілігімен  киіндіреді 
(Ефестіктерге  арналған  хат  5:27).  Сөйтіп 
сол  адамдардың  есімдері  «өмір  кітабына» 
жазылады.  Бұлар  жайлы:  «Айтулы  қауым 
ақ  киімдерін  киіп,  Менімен  бірге  жүреді, 
өйткені  олар  соған  тұрарлық»  —  деп 
жазылған Киелі Кітапта (Аян 3:4).  
Осылайша 
жаңа 
өсиеттік 
уәде 
орындалады: «Сонда Мен олардыңәділетсіз 
істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған 
күнәларын  бұдан  былай  есіме  алмаймын. 
Сол  заманда  Солтүстік  Израильдің  айыбы 
мен  Яхуданың  күнәсі  іздесе  де,  еш 
табылмай  жоқ  болып  шығады»  (Ереуілдің 
кітабы  31:34,50:20). 
Сол 
кезде 
тірі 
қалғандардың 
барлығы 
киелі 
болып 
саналады  (Ишая  4:2,3).        Сот  тергеуі мен 
күнәнің  жойылуы  Исаның  екінші  рет  жер 
бетіне  келетіні  алдында  аяқталуға  тиісті. 
Өлгендердің ісі кітаптағы жазулар арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет