Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
еді,  сол  себепті    ол  папаға  хат  жолдады: 
«Мен 
әрбір 
жанға, 
әсіресе 
сізге 
Жаратушының сөзін жасырмай, ашық ай-
та 
алатыныма 
қуаныштымын. 
Иса 
Мәсіхтың    Ізгі  хабары  —  бұл  Құдай 
заңының  болмысы.  Егерде    сіз  өзіңізді 
Қ ұ д а йд ы ң  
о р ы нб а с а р ы м ы н  
д е п 
есептесеңіз,  онда  басқа  жұрттан  бұрын 
Құдай  заңына  сіз  бірінші  бағынуыңыз  ке-
рек.  Өйткені  Исаның  оқушылары  абырой 
мен атаққа ие болуға тырысқан жоқ, олар 
Исаға  ұқсауға  тырысты.  Исаның  Өзі  де 

41 
 
жер  бетінде  өмір  сүрген  кезінде  ең  кедей 
адамдардың бірі болған.   Ешбір ниеті таза 
адам  басқа  адамға,  тіпті  папаға  ұқсауға 
тырыспауы  керек.    Біз  тек  Аллаға  ғана 
ұқсауға,  Оның  пәктігі  мен  тазалығына 
ұмтылуымыз  керек.  Өйткені  Петрмен 
Зәуедейдің ұлдары атаққа ұмтыламыз деп 
күнәға  батты,  бізге  осы  қателіктерді 
қайталауға болмайды...  
Папа иелікті үкіметке тапсырып, барлық 
дін  иелерін  осыған  шақыруға  тиісті.  Мен 
сіздің  шақыруыңыз  бойынша  алдыңызға 
келетін  едім,  бірақ  Алланың  жазуы 
басқаша    болып  шықты,  ал  біз  Алланың 
еркіне  сөзсіз  бағынуымыз  керек.  Сізге 
тілейтінім  еңбегіңіз  жемісті  болып,  Құдай 
сізге жар болсын!» 
 Сөйтіп  Уиклиф  Урбан  VI-ға  және 
кардиналдарға 
ғана 
емес, 
барлық 
мәсіхшілерге дін көсемдері мен өзінің Ұлы 
Ұстазы  Иса  Мәсіхтің  айырмашылығын 
көрсетті.  Осы  жолы  Уиклиф  Құдайға 
берілгендігі  үшін  құрбан  болатынын  тура 
білді. Патша, папа және епископтар бірігіп 
реформаторды 
өлтіруге 
дайындалды. 
«Сіздер,  қасірет  тәжі  бізден  алыс»  —  деп 
ойлайсыздар  ма?  Олай  болса  менменшіл 
қауымға 
Ізгі 
хабарды 
насихаттап 
көріңіздер.  Сонда  қалай  болғаны,  бас 
сауғалап  өмір  сүру  керек  пе?  Ешқашан! 
Болған  іске  болаттай  болып,  Жаратушы 
Құдай  Иенің  дегенін  орындау  керек.  Алла 
өзінің  сүйікті  құлын  әлі  де  қорғап  тұрған 
болатын.  Ол  Уиклифті  жауларының  талан 
таражына  салғызбай,  олардың  қолдары 
же т е  
алм айт ы н 
же р ге  
жібе рді . 
Дұшпандары  оны  азапқа  салудың  түр 
түрін  ойластырып  жатқан  кезде,  Уиклиф 
дүние  салды.  Реформатор Алланың  берген 
тапсырмасын 
қажырлықпен 
орындап 
шықты.    Ұлы  Реформация  ісіне  жол 
салынғанша  Құдай  оның  өмірін,  еңбегін 
қорғады.  
  Уиклиф  ортағасырлық  түнекті  сейілтті, 
реформация  ісін  басқарып  басқаларға 
өнеге 
көрсетті. 
Кезіндегі 
Жақия 
пайғамбары  секілді,  ол  жаңа  дәуірдің  ха-
баршысы  болды.  Оның  салып  кеткен  ірге 
тасының 
мықтылығы 
соншалықты 
қазірдің    өзінде  оның  іліміне  түзету 
енгізудің, толықтырудың қажеті жоқ. 
 Римнің күймесіне тіркелген халықты бо-
сату  үшін,  олардың  ар  ұжданы  мен  сана-
сын  тазарту  бағытында  Уиклиф  бастаған 
қозғалыстың  бастамасы  Киелі  Жазбадан 
шығады. XIV ғасырдан шыққан, жанды су 
іспетті  игіліктің  көзі  барлық  ғасырларға 
тараған.  Уиклиф  Киелі  Кітапты  өмірмен 
сенім ережесі ретінде, Құдайдың еркін аян 
ретінде  қабылдады.  Бұрын  Уиклиф  Рим 
шіркеуінің  абыройын  қорғаған,  олардың 
салт-дәстүрлерін,  ырым  —  жырымдарын 
қабылдаған  адамның  бірі  болатын,  бірақ 
Киелі  Кітапты  қолға  алып,  Құдай  сөзіне 
ден қойғаннан кейін ол бұрынғы өмірімен 
қоштасып,  жаңаша  өмір  бастады.  Киелі 
Кітап  оның  сенімі  мен  өмірінің  ережесіне 
айналды.  Құдай  сөзін  басшылыққа  ала 
отырып ол  өзі де  түзу  жолға  шығып  және 
халықты  да  Рим  шіркеуінің  құлдығынан 
алып  шықты.  Ол  адамдарға  адамзаттың 
мәңгілік тірегі дін әкесі де, шіркеу де емес, 
құдіретті  Құдай  Ие  екендігін  ұғындырды.  
Жаратушы  жайлы  шындық  Киелі  Кітапта 
жазылған,  ал оны түсінуге басшылық жа-
сайтын  көмекшіміз  —  Киелі  Рух.    Құдай 
сөзін  зерттеу  әр  адамның  қасиетті  пары-
зы. 
   Уиклиф 
өзінің 
заманындағы 
ұлы 
реформаторлардың  бірі  болатын.  Оның 
ізбасарларының ішінде Уиклифпен ақылы, 
ой-өрісі, 
парасаттылығы, 
көрегендігі, 
шындыққа 
берілгендігі, 
батылдығы 
жағынан пара-пар келетін адам аз еді. Сол 
рухани  түнек,  азғындық,  надандық  биле-
ген  заманда  Уиклиф  өзгелерден  дара  жа-
ны  таза,  білімге  құштар,  еңбекқор  жан 
болған. 
   Мұндай  сирек  кездесетін  тұлға,  Киелі 
Кітаптың өзгерте алатын күшін көрсететін 
куәгер болып табылады. Құдай сөзін үнемі 
зерттеу,    Алланың  тазалығы  мен  пәктігіне 
ұмтылу адамның ойын тазартып, қабілетін 
арттырып,  шыдамдылыққа,  батылдыққа 
тәрбиелейді.  Мұндай  тәрбиені  ешқандай 
мектеп, ешбір философия адамға бере ал-
майды,  тек  шексіз  даналық  Иесі  ғана 
береді.  Бұл  жөнінде  Дәуіт  пайғамбар  бы-
лай 
деген 
болатын: 
«Сенің 
сөзің 
қарапайымдардың 
санасын 
кеңейтіп, 
көкірегін ашады» (Забур жыры 118:130).  
  Уиклифтің  ілімі  көп  жерлерге  тарады. 
Оның  уиклифтіктер  және  лоллардтар  деп 
аталып  кеткен  ізбасарлары  көсемдерінен 

42 
 
алған  білімдерін  тек  Англияға  ғана  емес, 
басқа  да  елдерге  таратты.  Бұл  ілімді 
қабылдағандардың  қатарында  зиялы  аза-
маттарда  болды,  тіпті  патшаның  әйелі  де 
осы сенімді қабыл алды. Көптеген жерлер-
де  рухани  өзгерістер  болып,  халық  ырым 
—  жырымдардан  арыла  бастады.  Көп 
ұзамай  Киелі  Жазбаны  басшылыққа  алып 
өмірлерін өзгертем дегендердің бастарына 
Англия  монархтары  әңгір  таяқ  ойнатты.  
Бірінші  рет  тарихта  Англияның  алаулары 
тұтанды.  Реформация  ісін  жақтаушылар 
тірідей отқа тасталып, азап шекті. Десе де 
зиянкестердің 
зұлымдық 
әрекеттеріне 
қарамай, шындық өз жолын тауып, жақсы 
іс  әрі  қарай  жалғаса  берді.  Тағдырдың 
тәлкегіне  түскен  халық  та  қиындыққа 
мойымай,  зұлымдыққа  төтеп  берді.  Оның 
ішінде  кейбіреулері  ауыр  азапқа  шыда-
май,  бостандық  үшін  имандарынан  бас 
тартып  жатса,  енді  біреулері  алған 
беттерінен  қайтпай  қажырлық  танытты. 
Қалай  болған  күнде  де  Аллаға  адал 
азаматтардың 
қатары 
азайған 
жоқ. 
Бұлардың  іштерінде  қарапайым  адамдар 
да,  зиялы  азаматтар  да  жеткілікті  болды. 
Олар  тағдырдың  мойындарына  салғанын 
тік  тұрып  қарсы  алды.  Уиклифтің  ілімін 
қабылдап, ақиқаттың туын көтергендердің 
саны 
көп 
болғаны 
соншалықты, 
папалықтар  «тірі  Уиклиф  түгіл  оның 
қаңқасы да бізге дамыл бермеді ғой» — деп 
ы з а ғ а  
т ұ н ш ы қ т ы .  
О с ы л а й ш а 
реформатордың  өлгеніне  қырық  жыл  өтсе 
де,  олар  Констанц  соборының  шешімі 
бойынша  Уиклифтің  бейітін  қайра  ашып, 
қаңқасын  өртеп,  күлін  көрші  жатқан 
арықтың  суына  тастады.  Кейін  бір 
жазушының  айтқанындай  оның  күлін 
азғантай  ағын  өзенге,  өзен  теңіздерге, 
теңіздер 
мұхиттарға 
жеткізгеніндей, 
Уиклифтің ілімі барлық халықтар арасына 
тарап,  ақиқат  ісі  жалғасын  тапты. 
Уиклифтің 
еңбектерінің 
арқасында 
богемиялық  Ян  Гус  католицизмның  шыр-
мауынан  босап  шығып,  реформация  жо-
лына  түсті.  Осылайша  бір  бірінен  алыс 
жатқан  осы  екі  мемлекетте  ақиқаттың 
тұқымы шашылды. Ал Богемиядан бұл ілім 
әрі  қарай  тарады,  осылайша  реформация 
ісіне  жолды  Жаратқан  Иенің  Өзі  ашып 
беріп отырды.    

43 
 

 Гус және Иероним 
Богемия еліне Ізгі хабар IХ ғасырда жет-
кен.  Мінәжат  ету  олардың  өз  тілдерінде 
жүргізілетін, 
бірақ 
папаның 
билігі 
күшейген  сайын  Килі  Кітап  ысырылып 
шығып,  екінші  орынға  қалды.  Халықты 
ашса  алақанында  жұмса  жұдырығында 
ұстау үшін, патшалардың «көкірегін басып 
отыру»  міндетім  —  деп  есептейтін  Григо-
рий  VII  Құдайға  қызмет  етуді  чех  тілінде 
жүргізуге тыйым салатын булла шығарды.. 
Папа: 
«Жаратқанның 
еркі 
бойынша 
Құдайы қызмет елге таныс емес тілде өтуі 
керек,  оны  орындамағанның  салдарынан 
неше  түрлі  адасушылықтар  мен  қате 
ілімдер пайда болды» — деп арыз тастады. 
Оның  көздегені  Киелі  Жазуды  жапқызып 
тастап, халықты түнекте ұстау еді. Десе де 
Жаратқанның  сөзін  тұншықтырып  көміп 
тастау оңай іс емес. Франция мен Италия-
дан  қуғынға  ұшыраған  вальдендіктер мен 
альбигойлықтар  Богемия  еліне  көшіп 
келді. 
Олар 
Киелі 
Кітапты 
ашық 
уағыздауға 
батылдары 
бармағанымен, 
ақиқатты  халық  арасына  ақырын  — 
ақырын, десе де ынталы түрде тарата бас-
тады. 
  Богемияда  Гусқа  дейін  де  шіркеудің 
бұзылғандығын  ашық  әшкерелеген  адам-
дар  болған  және  олардың  көзқарастарын 
халық 
қолдаған 
болатын. 
Бұдан 
д і н д а р л а р д ы ң  
қ о р ы қ қ а н д а р ы 
соншалықты, олар Ізгі хабарды таратушы-
ларды  қуғынға  ұшыратты.  Тауды,  тасты, 
үңгірді  паналап  жүрсе  де  олар  Құдайға 
қызмет  етулерін  тоқтатқан  жоқ.  Сол  үшін 
олар  жеккөрінішті  болды,  өлтірілді,  отқа 
тасталды,  бірақ  мәсіхшілер  өз  істерінің 
түбінде 
салтанатты 
түрде 
жеңіске 
жететініне кәміл сенді. Адам тек айқышқа 
шегеленген  Иса  арқылы  ғана  құтқарыла 
алады деген шеиттердің бірі өлер алдында: 
«Ақиқ ат ты ң 
жаулар ыны ң 
наз асы 
төбемізден шүйлікті, бірақ өне бойы солай 
бола  бермейді.  Қарапайым  халықтың 
ішінен  билігі  де,  найзасы  да  жоқ  адам 
пайда 
болады, 
оған 
қарсы 
шығуға 
жауларының  әлі  келмейді»  —  деп  арыз 
тастаған  болатын.  Лютердің  уақыты  әлі 
келмегенімен, Римнің азғындығына қарсы 
көптеген  ұлттарды  көтеріліске  бастайтын 
адам  туды.  Бұл  адам  —  Ян  Гус  еді. 
Қарапайым  жанұяда  дүниеге  келген  Ян 
Гус әкесінен ерте жетім қалып, анасының 
тәрбиесінде  болған.  Алланы  сыйлау  мен 
білім  алуды  таптырмайтын  қазына  —  деп 
есептейтін  анасы  баласына  осы  қаруды 
мықтап  ұстату  үшін  бар  күшін  салды.  
Алғашқыда  ол  уездік  училищеде  оқып, 
соңынан  Прага  университетіне  ақысыз 
қабылданды.  Прагаға  Гус  анасымен  бірге 
аттанды.  Шешесінің  оған  бөліп  беретін 
ешқандай  еншісі  болмағанымен,  қалаға 
жақындай  бере,  ол  Құдайдың  алдында 
тізесін бүгіп, жетім қалған баласына Алла-
дан  бата  тіледі.  Құдайдың  нұрының бала-
сына  нөсердей  жауатынын  ол  әрине  сол 
кезде  білген  жоқ.  Университетте  жүрген 
кезінде Гус өзінің тәртіптілігімен, білімімен 
көзге түсті. Жан жағындағыларға ниетінің 
шынайы 
болғандығы 
соншалықты, 
маңайындағылардың  бәрі  оны  жақсы 
көріп  кетті.  Университетті  бітіргеннен 
кейін ол діни мұғалім болып қызмет жаса-
ды. Бұл қызметінде айрықша көзге түскен 
ол,  көп  ұзамай  императордың  шақыруы 
бойынша  оның  сарайына  келді.  Енді  про-
фессор  атағын  алған  Гус  өзі  тамамдаған 
у н и в е р с и т е т к е  
р е к т о р  
б о л ы п 
тағайындалды.  Осыдан  азғана  уақыт 
бұрын білім алуға төлейтін қалтасында көк 
тиыны  жоқ  оқушы  елінің  мақтанышына 
айналып,  Еуропаға  танылды.  Біраз  жыл-
дан соң, діни дәрежесі көтерілгеннен кейін 
о л 
В иф ле ем  
к апе ллас ы ны ң 
д і н 
уағыздаушысы  етіліп  тағайындалды.  Сол 
кезде 
Римні ң 
қарсы  
болғаны на 
қарамастан  Богемияның  кей  жерлерінде  
Киелі  Кітап  халықтың  туған  тілінде 
уағыздалған.  Ал  Гус  болса  Киелі  Кітапты 
басшылыққа  ала  отырып  зұлымдықты 
әшкереледі,  халықтың  санасын  тазалық 

44 
 
пен  шындыққа бұрды,    өйткені  қоғамның 
кез  келген  саласында  діни  сауатсыздар 
көп  кездесті.  Прагалық  Иероним  деген 
азамат  Англиядан  қайтып  келе  жатып, 
өзімен  бірге  Уиклифтің  еңбектерін  алып 
келген  болатын.  Кейінен  ол  Густың 
әріптесіне айналды. Уиклифтің еңбектерін 
құшақ  жая  қарсы  алған  Англияның  пат-
шайымы 
тұрмысқа 
шықпас 
бұрын 
Богемияның  ханшайымы  болған.  Осы 
әйелдің 
арқасында 
реформатордың 
еңбектері Богемия жеріне кеңінен тарады. 
Уиклифтің    еңбектерін  оқи  келе  Гус  осы 
реформаны  қабыл  алып,  өзінің  Рим 
шіркеуінен  қалай  алыстап  кеткенін  де 
түсінбей қалды.  
Сол  кезде  Прагаға  Англиядан    екі  адам 
келіп,  алыс  жатқан  осы  елге  Ізгі  хабарды 
уағыздамақшы  болды.  Бірақ  папалықтар 
оларды 
байқап 
қалып 
соңдарына 
түскендіктен,  бұлар  өздерінің  уағыздау 
тәсілдерін күрт өзгертті. Сурет салу өнерін 
жетік  білетін  олар  «Ізгі  хабарды»  үнсіз 
уағыздады. 
Олар 
екі 
суретті 
қала 
халықтарының 
алдына 
шығарды.  
Суреттің  біреуінде,  бұлар,  оқушыларын 
ерітіп  жер-жерді  ел-елді  аралап,  арып  — 
ашып, жалаң аяқ  есектің үстінде отырып 
қалаға  кіріп  келе  жатқан  тәртіпті  де  мо-
мын  Иса Мәсіхты бейнелесе, екінші сурет-
те алдында күйшілері, артында кардинал-
дар  мен  прелаттар  еріп  келе  жатқан, 
арғымақты  әсемдеп  мінген  қарны  тоқ, 
уайымы  жоқ,  байлықтан  жарыла  алмай 
тұрған  папаны  бейнелеген.  Енді  осынша-
ма  айырмашылықты  көрген  халыққа  айт-
пас а 
да 
бәрі 
түсі нікті 
болды . 
Прагалықтардың  қатты  қобалжығанын 
көрген  жат  елдіктер  тайып  тұруды  дұрыс 
көрді.  Осы  бейнелердің  Густың  көкейіне 
қонымды  болғаны  соншалықты,  ол  Киелі 
Кітапты бұрынғысынан да бетер, ынтамен 
зерттей  бастады.    Гус    Уиклифтің  ілімін 
толық  қабылдауға  әлі  де  болса  дайын 
болмағанымен,  папаның  иерархиясының 
өктемдігі мен менменшілдігін бар ниетімен 
масқаралады. Прага университетінде пай-
да болған бұл толқу, көпшілік студенттерді 
елдеріне  қайтып  оралуға  мәжбүр    етті, 
осылайша  студенттер  арқылы  бұл  ілім 
Германияға  да  жетті.  Густан  тәлім  алған 
студенттер,  Ізгі  хабарды  өз  елдерінде 
уағыздай бастады. Кейін бұл сыбыс Прага-
дан  Римге  жетіп,  папа  Густы  Римге 
шақыртты. 
Оның 
талабын 
орындау 
айдаһардың ауызына барып түсе қалумен 
пара-пар  еді.  Богемияның  патшасы  мен 
патшайымы,  университет  және  мемлекет 
басшылары Густың Прагада қалуын сұрап, 
ал 
қажет 
болған 
жағдайда 
папаға 
түсініктемелер  беру  үшін  өз  өкілдерін 
жіберетіндері  жайлы  өтінішті  оған  жолда-
ды. Папа бұл өтінішті қабыл алмай, Густы 
соттап,  оған  үкім  шығарды,  ал  Праганың 
халқы болса шіркеуден шеттетілді.  
Бұл 
үкім 
барша 
халықты 
қатты 
толғандырды,  өйткені  өзін  «Құдайдың 
орынбасарымын» — деп жариялаған папа-
дан  адамдар  қатты  қорқатын.  Папаның 
ә м і р і  
б о й ы н ш а  
ш і р к е у д е н 
шеттетілгендерге  аспанның  қақпасы  жа-
былады,  ал  мұндай  шешімнен  кейін  өлген 
адамдар  жұмаққа  кіре  алмайтындарына 
халық 
әлі 
де 
болса 
сенетін. 
Осы 
масқараның салдарынан шіркеулер жабы-
лып,  мінәжат  етілу  тоқтатылып,  неке  қию 
р ә с ім де р і  
ж аназ а 
шы ғар ы л ат ы н 
ғим арат т ард а 
ө ті лді . 
Ө лгенд ерд і 
тазартылған  жерге  көмуге  тыйым  салы-
нып, олар еш жоралғысыз кез келген жер-
лерге  көміліп  жатты.  Рим  осындай 
тәсілдермен 
халықтың 
қиялына, 
ар-
ұжданына  әсер  етіп,  оларды  тізгіндеп 
ұстамақ болды.  
 Праганың  халқы  қатты  абыржыды, 
о л а р д ы ң  
к е й б і р е у л е р і  
« м ұ н д а й 
бақытсыздыққа  ұшырағандарымызға  Гус 
кінәлі»  —      деп,      оны      Рим  сотына   
шығарып  беруді  талап  етті.  Көтерілген 
құйынның  саябырлауына  жағдай  тудыру 
үшін реформатор Прагадан туған ауылына 
аттанды.  «Жаны      сырқат      адамдарды   
күнә  жасауға      итермелеп,      мәңгілікке   
көз жұмуларына жол бермеу керек, сондай
-ақ  тақуаларды  да  ыңғайсыз  жағдайға 
қалдыруға болмайды» — дейді ол бауырла-
рына.  Гус  қорыққандығынан  кеткен  жоқ, 
ол ақиқат үшін жанын пида қылуға да әзір 
еді. 
Реформатор 
Құдай 
жолындағы 
қызметін  әрі  қарай  жалғастыру  үшін 
өзінің халыққа әлі де болса керек екендігін 
жақсы білетін, сол себепті Прагада қалған 
достарына  мән-жайды  ұғындырып,  өзі 
көрінбей  тұра  тұруды  жөн  көрді.  Алайда 
айтулы  жерден  кеткенімен      Гус      үнсіз   
қалған      жоқ,        Ізгі  хабар  жер  жерлердің 
бәріне тарап жатты. «Шындыққа қарсы біз 

45 
 
әлсізбіз, ал шындықпен бірге жеңілмейміз» 
2Кор.13:8.  
Дегенмен,  Гус  үшін  қайғылы  күндер  ту-
ды.  Оның  санасы  мен  арының  арасында 
аяусыз  шайқас  басталды.  Рим  шіркеуінің 
жасап отырған істерінің бұзақылық екенін 
көріп  отырған,  сонымен  қатар  шіркеу 
күнәсіз болуға тиісті  — деп есептейтін Гус 
бұл  қатыгез  қарама-қайшылықты  ұға  ал-
мады.  Шіркеу  күнәсіз  болса  неге  ол  оған 
қарсы шығады, ал қарсыласпасқа тағы да 
болмайды,  өйткені  дін  көсемдерінің  істеп 
отырған  істері  ақылға  мүлдем  қонбайды. 
Ақыры  ол  мынадай  тұжырымға  келді. 
Исаның  заманында  да  діндарлар  неше 
түрлі  істерді  істеп  оны  өз  шариғаттарына 
сыйғыза  берген.  Дәл  сол  кездегідей  тарих 
қайрадан  қайталанып  жатыр.  Дін  иелері 
заңды  билікті  пайдаланып,  неше  түрлі 
заңсыздықтар жасауда. Осыны негізге ала 
отырып,  Гус  былай  деп  арыз  тастады: 
«Киелі  Кітаптағы  жазылған  ақиқат  біздің 
ар-ұжданымызды  билеуі  қажет  немесе 
басқаша  айтқанда  біз  дін  қызметкерлері 
арқылы  сөйлеп  тұрған  шіркеуді  емес, 
Киелі 
Жазу 
арқылы 
сөйлеп 
тұрған 
Құдайды тыңдауымыз керек». 
 П р а г а д а ғ ы  
қ о б а л ж у  
б і р а з 
саябырлағаннан  кейін,  Құдай  сөзін  ары 
қарай  уағыздау  үшін  Гус  Вифлеем  капел-
ласына  қайтып  оралды.  Оның  жаулары 
мықты  болатын,  дегенмен  патшайым, 
көпшілік  дворяндар  және  халықтың  ба-
сым  көпшілігі  реформаторды  қолдап 
тұрды.  Густың  таза  ілімін,  таза  өмірін 
с ар аң 
д і н 
ә к е ле р і ні ң 
т әр т і пс і з 
мінездерімен,  бұзылған  оқуларымен  салы-
с т ы р а  
о т ы р ы п ,  
о л а р  
ә р и н е 
реформатордың жағында тұруды өздеріне 
абырой санады. 
Осы  уақытқа  дейін  Гус  жалғыз  жұмыс 
істеп келсе, енді оған Англияда Уиклифтің 
ілімін қабылдаған Иероним қосылды және 
ол екеуі  өте тығыз байланыста еңбектенді. 
Тіпті  өлгенде  де  олар  ортақ  іс  үшін  қаза 
болды.  Гус  ұстанымды,  мінезі  болаттай 
берік  болса,  Иероним  жалынды  және 
ұшқыр  болатын.  Густың  дарындылығын 
бағалай 
білген 
Иероним 
мәсіхшіл 
шыдамдылықпен  оның  кеңестеріне  көңіл 
аударып,  дегенімен  келісіп  отырды.  Олар 
бірін бірі жақсы толықтырып, реформация 
ісі  алға  қарай  қарқынды  түрде  жылжи 
бастады.  Алла  олардың  ісіне  басшылық 
жасап, 
бұ л 
аз амат т ар 
халық ты 
католицизмнің  түнегінен  жарыққа  қарай 
жетеледі.  Дегенмен  олардың  өздеріне  де 
ақиқат  түгелдей  дерлік  ашылмаған  бола-
тын.    Қараңғыда  отырған  адамды  бірден 
жарыққа алып шықса, оның соқыр болып 
қалуы  әбден  мүмкін  ғой.  Сондықтанда  
Алла ақиқаттың шымылдығын аздап қана  
ысырып, шындықты  оларға бірте — бірте 
ашып  отырды.  Осылайша  ғасырлар  өткен 
сайын  Құдай  жолында  қызмет  етуге 
дайын  болған  сенімділер  пайда  болып  ре-
формация ісі ізін тауып алға басты.  
  Шіркеу 
ішіндегілердің 
арасындағы 
шиеленіс  тоқталған  жоқ,  керісінше  әрі 
қарай жалғасты. Енді билікке ие болуға үш 
п а п а  
т а л а с т ы .  
А н а ф е м а л а р ғ а 
қанағаттанбаған  олар,  қолдарына  қару 
алды.  Әр  қайсысы  өз  әскерін  қару 
жарақпен  қамтамасыз  ету  үшін  қаражат 
қажет болды,  сондықтан олар сыйларына, 
көтерілу  дәрежелеріне,  құт-берекелерге 
құн  тағайындап,  оны  ақшаға  сата  баста-
ды.    Гус  бұл  азғындыққа  жалынды  түрде 
қарсы  шықты  және  сонымен  қоса  халық 
та мәсіхшілер әлемінің басына түскен бей-
нетке Рим иерархиясын кінәлады.  
 Тағы 
да 
Прага 
қаласы 
қантөгіс 
шайқастың  шетінде тұрды. Ежелгі кездегі 
«Ысрайылға  ылаң  салды»  дегендей,  осы 
жолы  да  Құдайдың  адал  қызметшісі 
кінәланды  (3 Пат.18:17)!  Қалаға папаның 
қарғысы төнгендіктен Гусқа тағы да туған 
ауылына  оралуға  тура  келді.    Вифлеем 
капелласының      мінбесінен  Ізгі  хабарды 
уағыздап  тұрған  Густың  дауысы  өшіп 
қалды. Бірақ ол одан да жоғары мінбеден 
сөйлеуге тиісті болды, алдымен шындыққа 
берілгендігін  өмірімен  дәлелдеуі  керек  еді. 
Еуропадағы 
азғындықты 
тоқтату 
мақсатымен Констанцта дүние жүзілік со-
бор жиыны өтті. Бұл жиынды  Сигизмунд 
императорының  талабы  бойынша  билікке 
таласып  отырған  үш  папаның  бірі  Иоанн 
XXIII  өткізді.  Десе  де  Иоанн  XXIII  бұл 
жиынды  өткізуге  зауқы болған  жоқ, бірақ 
Сигизмунд  императорының  еркіне  қарсы 
шығуға шамасы болмады.  
  Жиында шешілетін негізгі сұрақтар мы-
налар  еді:  шіркеуге  жік  түсуді  тоқтату, 

46 
 
өзге  ілімдерді  енгізетіндердің  көзін  жою. 
Айтулы  жиынға  екі  антипапалармен  қоса 
жаңа 
ілімнің 
көшбасшысы 
Ян 
Гус 
шақырылды.  Екі  антипапалар  сақтанып, 
өздері  келмей  орындарына  өздерінің 
өкілдерін 
жіберді. 
Ал 
сол 
жиынды  
шақыруға өзі бастамашы болғандай сыңай 
танытқан  папа  Иоанн    келуін  келгенмен, 
қатты  қобалжулы  болды.      Ол        тиараға   
тигізген  қырсығы      үшін      сонымен  қоса 
оны      сақтап  қалу  мақсатында  жасалған 
барлық қулық-сұмдықтарына жауап беріп, 
масқара болып  орнымнан айрылып қалам 
ба  деп  ойлады.  Соған  қарамастан  ол 
Констанцқа сән салтанатымен келіп кірді. 
Төрт  жағында  төрт  магистраттар  оның 
төбесінде жайылып тұрған алтын балдахи-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет