қойды. Құдай сөзін уағыздағандарды
есерсоқ деп есептеп, қуғынға ұшыратты.
Ұзаққа созылған шайқастан кейін шы-
найы мәсіхшілер пұтқа табынатындарын
қоймаған,
жаңылысып
тұрғандарына
қарамастан өздерін әділетті санап, солай-
ша шындықтан бас тартқан шіркеуден
бөлініп шығып, олармен байланысын үзбек
болып шешім қабылдады. Бұл шіркеудің
тазалығын сақтап қалудың және Құдайға ,
Оның Сөзіне адал болып қалудың жалғыз
жолы еді. Балалар олардың жаман
өнегесін
қабылдамас
үшін,
болашақ
ұрпақты қауіптен қорғау үшін, шындық
жойылмас үшін бөлінуге тура келді. Олар
Құдайға
деген
шынайы
қарым -
қатынастарына қарама-қайшы келмейтін
кез келген келісімге баруға дайын болды,
бірақ бірлікті сақтап қалу үшін ақиқаттың
ұстанымдарын садақа қылып шашуға бол-
майтын еді, өйткені бұл дүние өте қымбат
бағаға сатылып алынған болатын. Егерде
бірлікті сақтап қалудың басқа жолы бол-
маса, олар бөлінуге, тіпті шайқасқа да
дайын болды.
Осы ержүрек азаматтар ие болған
ұстанымдарға
Құдай
халқы
көңіл
аударғанда, шіркеудің де және күллі
әлемнің де жағдайлары қаншалықты
жақсарған болар еді. Мәсіхшіліктің негізі
және бағанасы болып саналатын бұл ілімге
әлемнің,
әсіресе
Құдай
халқының
немқұрайдылық танытуы Исаның шы-
найы ізбасарларын қатты алаңдатады. Бұл
ұстанымдар соншалықты маңызды емес
деген пікір қазіргі кезде беки түсуде.
Адамзаттың құбыжығына айналған бұл ой,
я ғ н и
ш і р і ге н
і лі м
ш а й т а н н ы ң
қызметкерлеріне
күш
беріп,
оларды
қолдап тұр. Бір кездері Құдайдың адал
құлдары қарсы шайқасқан, тіпті соны
жою жолында өмірлерін құрбан еткен
жалған ілім мен қателіктерді қазіргі
кездегі Исаның ізбасарлары атанатындар
инабаттылықпен қабылдауда.
Алғашқы мәсіхшілер шын мәнінде ерек-
ше халық болатын. Олардың мінез-құлқы,
шайқалмас
сенімі
құдайсыздардың
тыныштығын бұзды. Сан жағынан есепте-
генде
аз
халық
болғанымен
және
қ о л д а р ы н д а
е ш қ а н д а й
б и л і к
болмағанымен,
арсыздар
олардан
қорыққан үстіне қорқа түсті. Сол үшін
кезінде ар-ұждансыз Қабыл Әбілді жек
көргеніндей,
күллі
арсыз
әлем
бұл
тақуаларды
да жек
көрді.
Исаның
ізбасарлары қиындыққа мойымай күресе
отырып, Оның салған ізімен жүріп келеді.
Неліктен Ізгі хабарды әлемнің жаршысы
д ейд і?
И шая
пайғамб ар
уәде лі
Қ ұ тқ ар у шы ны ң
ту ат ы ны
т у р алы
хабарлағанда, Оны әлемнің Патшасы деп
21
атаған болатын. Періштелер келіп Иса
Мәсіхтың туғаны жайлы шопандарға
айтқанда, олар: «Құдіреті күшті Құдайым
жасасын, бар әлемде бейбітшілік орнап,
адамзат бақытқа кенелсін!» (Лұқа 2:14) —
деп ән салған еді. Бірақ бұл ізгі хабар мен
Исаның «Мен әлемге бейбітшілік әкелгем
жоқ, қылыш әкелдім» (Матай 10:34) деген
сөзінің арасында қарама-қайшылық бар
сияқты.
Дегенмен,
тереңірек
ойлана
келетін болсақ, бұл айтылған сөздер
қарама-қайшы емес, керісінше байланысы
бар. Ізгі хабар — әлемнің жаршысы.
Мәсіхшілік — бұл ақиқаттың біріккен
түйіні, ол әлемге бақыт, бірлік, өмір тара-
тады.
Исаның
діні,
Оның
сөзін
қабылдаушылардың
басын
біріктіреді.
Исаның дінінің басты міндеті, адамдарды
бір бірімен және Құдаймен татуластыру.
Алайда тұтас алғанда әлем Исаның жауы,
Ібілістің билігінде тұр. Адамдар, Ізгі
хабардың өздерінің қанына сіңіп қалған
әдетіне қарама-қайшы келетінін көріп,
қарсылық
білдіреді.
Құдай
сөзінің
тазалығы олардың күнәсін әшкерелейтін
б о л ғ а н
с о ң ,
қ ұ д а й с ы з д ар
о н ы
уағыздаушыларды өлтіріп, көздерін жой-
ды. Құдай сөзі адамдар арасында осылай-
ша күрес тудыратын болғандықтан, Ізгі
хабарды Иса қылышпен салыстырады.
Құдайдың
адал
құлдарының
қуғын-
сүргінге ұшырап, қасірет шеккенін көрген
кейбір
сенімі
әлсіздер
арасында
түсінбеушілік, жасқаншақтық пайда бол-
ды. Сұмырайлар мен алаяқтар жақсы өмір
сүріп,
Құдайға
бағынғандар
қасірет
шегетін болғандықтан, кейбіреулері тіпті
Аллаға артқан үмітінен айрылды. Неліктен
әділетті және мейірімді Құдай осыншама
зұлымдықты көре тұра, ара түспейді?- деп
сұрақ
қойылады.
Бұл
сұрақ
бізді
толғандыруға
тиісті
емес.
Жаратқан
Құдайдың зор махаббат Иесі екеніне шек
келтіруге
болмайды.
Құтқарушымыз
болашақта болатын қуғын-сүргінді болжай
отырып: «Қызметші Иесінен артық емес,
Мені
қуғындағандар,
сендерді
де
қуғындайды» — деп айтпап па еді? (Жохан
15:20). Исаның ізбасарларының көрген
азабы, Исаның көрген азабынан зор емес.
Егер әлем бізді жек көріп қинаса, өлім жа-
засына ұсынса, онда біздер Исаның салған
жолымен жүріп келе жатқанымыз.
«Тәңір Ие уәдесін орындауды ұзаққа со-
збайды» (Петірдің екінші хаты 3:9). Құдай
бізді
ешқашан
ұмытпайды
және
тағдырдың тәлкегіне қалдырмайды. Деген-
мен
Құдайдың
еркін
орындағысы
келетіндер алданып қалмаулары үшін
арсыздардың
өз
болмысын
толық
көрсетулеріне мүмкіндік береді. Қарны
ашпаған адам, аштықтың не екенін біле
ме? Жаны азапқа түспеген адам зорлық-
зомбылықтың не екенін қайдан түсінеді?
Ол бізді сынайды, сенімімізді шыңдайды.
Қасірет біздің жанымызды да, тәнімізді де
тазартады.
Арсыздардың
гүлденуі,
имансыздардың көрген рахаты, көздің
елесі тәрізді уақытша нәрсе. Барлық
айтқан сөздерің, істеген істерің, тіпті
ойлаған ойларың үшін де жауап беретін
у а қ ы т
т а қ а у .
Қ ұ д а й д ы ң
а д а л
перзенттерінің шеккен азабы үшін арсыз-
дар толық жауап береді. Пауыл пайғамбар
кезінде былай деген болатын: «Исаның
тазалығын
қабылдағандар,
қуғынға
ұшырайды» (2 Тім. 3:12) Ендеше қазір
неліктен қуғын-сүргін тоқталды? Оның
жалғыз ғана себебі бар. Иса Мәсіх пен
Оның оқушыларының кезіндегідей емес,
қазіргі уақыттың діні өзінің тазалығы мен
киелілігін
жоғалтқан.
Қазіргі
кезде
мәсіхшілер сенімі дүниеге кең түрде тарап
отыр, оның басты себебі Киелі Жазбадағы
ақиқаттар аяқ асты етілген. Құдай сөзі
толық зерттелмейді, Оның заңын кіршіксіз
орындап жатқан ешкім жоқ. Шіркеулер
сал ауруына ұшыраған, Құдайға ұнамды
өмір сүріп жатқан жан жоқ деуге болады,
барлығы күнәмен ымыраға келіп, онымен
бірігіп алған. Егер қазіргі мәсіхшілер,
ежелгі мәсіхшілердей жүректері таза,
ниеттері шынайы, сенімдері берік, Аллаға
шын берілген жандар болса, онда қуғын-
сүргіннің жалыны қайрадан жарқ еткен
болар еді.
22
3
Жолдан жаңылысу
Пауыл
пайғамбар
Салониқалықтарға
арналған екінші жолдама хатында Рим
империясы діни басшысының билеп-
төстеуіне байланысты шегінушілік болаты-
нын атап айтқан болатын. Ол: «өзін «мен
Құдайға
парапар,
киелімін »
деп
есептейтін, күнәкар адам келіп, Құдай
үйінің төріне шығып және соның келуіне
байланысты шегінушілік болмайынша,
ақыр заман келмейді» — деп жазған бола-
тын. (2 Сал.2:3,4,7) Бұдан әрі өз хатында
пайғамбар «заңсыздықтың құпиясы іске
кірісті» деп бауырларына алдын ала хабар-
лады. Діннің алғашқы дәуірінің өзінде-ақ
ол шынайы дінге енетін әр — түрлі
адасушылықтардың болатынын және сол
адасушылықтардың
Рим
папасының
келуіне жол әзірлейтінін білген болатын.
«Заңсыздықтың құпиясы» өзінің Құдайға
қарсы ісін әуелде білдіртпей бастап, кейін
күш ала келе, адамдардың ойын түгел бау-
рап алған. Осылайша құдайсыздардың
салт-дәстүрлері шынайы дінге білінбей
енді. Бұл келісушілік пен шегінушілік рухы
біраз уақыт Құдайға сенбейтіндердің
әрекетімен тоқтатылып тұрды да, қуғын
тоқталсымен, Иса Мәсіхтің және оның
ш ә к і р т т е р і н і ң
м о м ы н д ы ғ ы
м е н
қарапайымдылығының
орнын,
ырым–
жырым басшыларының менменшілдігі мен
тәкаппарлығы басты. Сөйтіп Құдайдың
бекіткен заңын адамдар өз жандарынан
шығарған заңмен алмастырды. Төртінші
ғ а с ы р д ы ң
б ас ы н д а
К о нс т а н т и н
императорының
«көз
бояушылықпен»
Құдайды
қабылдағанын
сенушілер
қуанышты
қарсы
алып,
осылайша
тазалықтың атын жамылып Құдай үйіне
зұлымдық енді. Сонан соң сенетіндердің
арасына жік түсті. Құдайсыздар жеңімпаз
атанып, оның рухы Құдай үйін билеп
төстеді.
Арсыздардың
ілімі,
салт-
дәстүрлері, ырым-жырымдары Исаның
ізбасарларының таза сенімдерімен арала-
сып кете барды. Құдайға сенушілер мен
құдайсыздардың
арасындағы
келісімі
пайғамбардың
алдын
ала
айтып
кеткеніндей, өзін «Құдаймын» деп есептеп,
Құдайға қарсы күрес жүргізетін «күнәкар
адамның» келуімен аяқталады. Бұл жалған
дін жүйесі — таққа отырып бүкіл жер ша-
рына емін-еркін әмірін жүргізу үшін
жасаған шайтанның, яғни Ібілістің ең
күшті өнерінің бірі. Ібіліс бұдан бұрын да
Иса Мәсіхпен келісім құрғысы келген. Ол
Құдай Ұлымен шөл далада кезігіп, Оны
таудың ұшар басына алып шығып, «егер
маған бас исең, осы әлемнің патшалығын
саған беремін» — деп, алдап өз көздегеніне
жетпек болған. Бірақ Иса оның жалған
әрекетін әшкерелеп, кетуге мәжбүр етті.
Дегенмен Ібіліс Исаға ұсынғанын адамға
ұсынып, зор табысқа жетті. Байлық пен
даңққа жетпекші болған шіркеу, осы
әлемнің ұлыларына бағынып, Исаны ысы-
рып тастап, Ібілістің жіберген адамы —
Рим епископымен одақ құрды. Рим
шіркеуінің ең негізгі догматтарының бірі
— Құдай үйінің басы Иса Мәсіх емес, Рим
папасы — деп жұртшылыққа мойындату.
Сонымен қоса Рим папасына «киелі» — де-
ген атақ пен «Әмірші Құдай — Папа» деген
титул берілген. Папа, барлық адамдардың
оны құрметтеуін талап етеді. Бірақ кейбір
ад ам д ар ,
И с аны ң
айт қ аны нд ай:
«Құдайыңа ғана бас иіп, Оған ғана
сыйынуың және қызмет етуің керек» (Лқұа
4:8) — деп, бұл дөрекі шешімге қарсы
шықты. Киелі Кітапта Құдай үйінің басы
адамдардың бірі болады деген сөз жоқ.
Басы Иса Мәсіх болып есептелетін Құдай
үйіне папа билік жүргізе алмайды, ал
«Құдай» деген атақты, ол өзіне заңсыз
түрде меншіктеп алған.
Рим шіркеуін қолдайтындар, оған қарсы
шыққандарды «шынайы діннен бұрылып
кеткен ессіздер» — деп кінәлады. Шын
мәнінде бұл күнә олардың өздеріне
қатысты. Исаның туын құлатып, бір
кездері «тақуаларға берілген иманнан»
шегінгендер солар (Яхуда 3). Егер адамдар
23
Киелі Кітапты зерттеп, оны жатқа білетін
болса, олар зұлымдыққа қарсы күрес
жүргізе алатынын Ібіліс жақсы біледі.
Тіпті Құтқарушымыздың Өзі, шайтанның
айлакерлік әрекеттеріне Киелі Кітап
арқылы тойтарыс берген. Сондықтанда
шайтан адамдарға билігін жүргізу үшін
және Рим папасының үстемдігін бекіту
үшін, халыққа Киелі Кітапты оқытпай, на-
дан қылып ұстауды ойлаған. Өйткені Киелі
Кітапта Құдай туралы барлық шындық
жазылған, сол себепті Ібіліс барлық
мүмкіндікті
пайдаланып,
шындықты
адамдарға білдірмеуге тырысып бағуда.
Бұл шарт Рим шіркеуінде бекітілген. Рим
шіркеуі бірнеше ғасыр бойы Киелі Кітапты
таратуға кедергі жасады. Оны оқуға, тіпті
үйлерінде ұстауға адамдарға тыйым са-
лынды. Рим шіркеуінің діни оқытушылары
Киелі
Кітаптағы
шындықты
кері
түсіндіріп, өз абыройларын бекіте түсті.
Сөйтіп Рим папасы шіркеуде де, мемлекет-
те де өз әмірін жүргізетін «жердегі құдай»
атанды.
Шайтан
зұлымдық
пен
өтірікті
әшкерелейтін Киелі Кітапты жапқызып
тастап, халықтар арасында өз жұмысын
барынша кең түрде жүргізді. Пайғамбар:
«Рим басшылары «мейрам мезгілдері мен
заңды» жойып жіберуді армандайды» —
деп жазған болатын (Дан.7:25). Рим
папалығы құдайсыздарды сенімге енгізу
үшін, сонымен қоса олардың салт-
дәстүрлерін сақтап қалу үшін, олардың
сыйынатын
пұттарын
«киелілердің»
бейнесімен
алмастырды.
Бір
сөзбен
айтқанда пұтқа табыну заңды түрде
қабылданды. Бұл — Құдайға қарсы істерін
жасырып қалу үшін, олар Киелі Кітаптан
«пұтқа табынуға болмайды, Құдайыңа ғана
сыйын» — деген заңның екінші бабын
алып тастап, оның орнына сан есебін
толықтыру үшін оныншы бабты екі
бөлікке
бөлген.
Сөйтіп
арсыздармен
келісім жасалып, Құдай заңы аяқ асты
етіліп, азғындыққа жол ашылды. Шайтан,
барлық заңның ішінде, Жаратушы Иемізді
еске түсіріп тұратын заңға өзгеріс енгізуге
тайсалмай бел байлады. Заңның төртінші
бабы Шексіз Алланың жер мен көктің Иесі
екенін ашық айтады. Сенбі күн —
шығармашылық
еңбектің
ескерткіші,
адамзат баласына берілген тыныштықтың
куәсі. Бұл, адам баласы Алланы үнемі есіне
алып тұру үшін, Оны ұмытып кетпес үшін
бекітілген заң. Ал Ібіліс болса, тірі Құдайды
еске түсіріп тұратын бұл заңды адам бала-
сына орындатпауға тырысуда және оны
күнге
табынушылар
құрметтейтін
ж е к с е н б і м е н
а л а м а с т ы р у л а р ы н а
басшылық етті. Ал Киелі Жазбада Алла
«Сенбі күніне Құдай оң батасын беріп, оны
қасиетті деп белгіледі» — деп анық айта-
ды. (Болмыс 2:2,3). Әуелде албасты өзінің
әрекетін мұқият түрде жасыра білді.
Бірінші ғасыр бойы күллі мәсіхшілер шы-
найы сенбіні құрметтеп, оны берік
сақтаған. Бұл жандар Құдайды құрметтеп
және Оның ақиқатының ұстанымдарын
жалынды
түрде
қорғаған.
Албасты
көздеген мақсатына жету үшін өте
байқаулы болған, істейтін ісіне мұқият
болған. Жұрттың көңілін жексенбі күніне
аудару үшін, Иса Мәсіхтің жексенбі күні
тірілуіне байланысты осы күн мерекелену-
ге тиісті деп халық арасына жарияланған.
Құдайға
қы змет
ету
осы
күні
жүргізілгенмен және де жексенбі демалыс
деп саналғанмен сенбі күнін барша қауым
бұрынғыша құрметтеп, сол күнді берік
сақтаған.
Өзінің
арам
пиғылын
әрі
қарай
жалғастыра келе шайтан яхудейлерді пай-
даланып сенбі күнін міндетті ережелермен
таңып, оны ешкім алып жүре алмайтын
ауыр жүкке айналдырды. Сонан соң шай-
тан
сенбі
туралы
ақиқатты
өзі
бұрмалағанына
қар амаст ан,
оны
жиренішті түрде яхудейлердің қаулысы
деп атады. Мәсіхшілер жексенбі күнін
қуанышты, бақытты мереке түрінде той-
лауын жалғастырған уақытта, Ібіліс яху-
дейлерге деген өшпенділігінің белгісі
ретінде сенбіні ораза, уайым және
қасірет күні деп атауға мәсіхшілерді
итермеледі. Төртінші ғасырдың басында
император Константин күллі Рим импе-
риясы бойынша жексенбі күнінің жалпы
сақталуын белгіледі. Күнге табынушылар
құрметтейтін жексенбі күнін мәсіхшілер де
тойлады.
Императордың
саясаты
мәсіхшілермен құдайсыздардың қарама
қарсы мүдделерін біріктіруге бағытталған
еді. Бұған оны мадақ пен билікке
ұмтылған рухани қызметшілер итермеле-
ген,
өйткені
олар
мәсіхшілер
мен
құдайсыздар бір күнді сақтаған жағдайда
құдайсыздар мен мәсіхшілердің бастары
24
бірігеді деп түсінген, ал бұл өз кезегінде
шіркеудің қуатының арта түсуіне ықпал
ететін
болған.
Көптеген
Құдайдан
қорқатын мәсіхшілер жексенбіні қасиетті
күн деп санағамен, заңның төртінші бабы
бойынша шынайы сенбі күнін сақтаған.
Алайда ұлы өтірікші мұнымен тоқталып
қалмады. Ол барлық мәсіхшілер әлемін
Ібілістің туының астына жинамақшы бол-
ды және сыбайласы, өзін Мәсіхтің орынба-
сарымын деп санайтын менменшіл папа
арқылы
әрекет
жасады.
Жартылай
мәсіхшәлер,
менменшіл
прилаттар,
пендешілікке берілген діни қызметкерлер
арқылы ол мақсатына жетті. Әлемнің
б ар лы қ
е лдері не н
жоғары
ді ни
қызметшілер оқтын-оқтын үлкен шіркеуге
жиналып отырды. Осы жиындарда құдай
бекітіп берген сенбі неше рет аяқ асты
етіліп, ал жексенбі күнінің мәртебесі арта
түсте. Келе-келе құдайсыздардың мерекесі
Ж ар ат у шы ны ң
нұ с қ ау ы
р е т і нд е
қабылданып,
ал
киелі
сенбі
күні
яхудейлердің ескірген ережесі саналып, ол
заңды сақтайтындар қуғындала бастады.
«Ол Құдайға және Оның ұлылығын
білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін
о л а р д а н
ж о ғ а р ы
қояды» (Салоникалықтарға жазылған 2:4).
Ол барлық адамдарға тірі Құдайға мезгеп
тұратын киелі заңға өзгеріс енгізуден
қорқпады. Тқртінші заңда Құдай Өзінің
Жер мен көктің Иесі екенін ашып
көрсетеді. Жалған құдайлардан Оның
айымашылығы
осында.
Сенбі
күні
шығармашылық еңбектің ескерткіші бо-
лып саналады, сондықтан бұл күн адам
үшін дараланып киелі етіп берілген. Ол
болмыстың
көзі
және
табыну
мен
құрметтеу мақсаты ретінде адамдарға Ал-
ланы үнемі естеріне салып тұру үшін
бекітілген. Шайтан адамдар Құдай заңын
орындамай, Оған деген адалдықтарын
бұзу үшін талпынады, өйткені дәл сенбілік
заң
Құдайдың
Жаратушы
екенін
дәлелдейді.
Қазіргі кезде мәсіхшілер Мәсіх жексенбі
күні қайта тірілген, сондықтан мәсіхшілер
сенбісі — жексенбі деп нандырады. Ал
Киелі Кітапта сенбі жексенбімен алмасты-
рылады деген сөз жоқ. Мәсіх те, Оның
елшілері де жексенбіні атаған емес.
Сенушілердің жексенбі күнін тойлауы елші
Пауылдың уақытында айқындала бастаған
«заңсыздықтың құпиясынан» шығып тұр (2
Сал.2:7). Қашан, қай жерде Құдай ондай
өзгеріс
енгізге н?
К иелі
Кітапта
жазылмаған
ол
не
қылған
өзгеріс?
Керісінше Иса Мәсіх «Мен заңды өзгерту
үшін емес, оны орындау үшін келдім» де-
меп пе еді?
VI- ғасырда папалық әлемде берік орын
алды. Патшадай болған қала оның
орталығына айналды, ал барлық шіркеудің
басы болып епископ тағайындалды. Пұтқа
табынушылардың орнына папалық келді.
«Айдаһар өзінің күшін, орнын және билігін
жыртқышқа берді» (Аян13:2). Даниял
пайғамбарының
алдын
ала
айтып
кеткеніндей
және
ашық
кітаптағы
жазылған жазу бойынша Рим католиктік
ш і р к е у і н і ң
д і н и
б а с ш ы с ы н ы ң
басқаруымен 1260 жылға созылған қуғын-
сүргін басталды. Мәсіхшілер екі шешімнің
алдында тұрды, бірі — діни басшының
дегенін орындау, оның ілімін қабылдау,
екіншісі — зынданға түсу, азап шегу, отқа
жану. Сонда Мәсіх Исаның айтқаны орын-
далды:
«Ата-аналарың,
ағайындарың,
туған-туысқандарың, жора-жолдастарың
сендерді сатып жібереді. Менің атым үшін
азап шегесіңдер, кей біреулеріңді өлтіреді»
делінген (Лұқа 21:16-17). Барлық әлем
соғыс алаңына айналып, мәсіхшілер аяу-
сыз қуғын-сүргінге ұшырады. Бірнеше
ғасырлар бойы шіркеу тау-тасты, шөл да-
ланы мекен етті. «Әйел шөл далаға қашып,
1260
күн
бойы,
Құдайдың
оған
дайындаған жерінде қоректенеді» (Аян
12:6) дейді пайғамбар.
Рим басшылығының билік жүргізген
кезінен бастап ортағасырлық түнек бас-
талды. Ал бұл билік орныққан сайын,
түнек қоюлана түсті. Ақиқаттың негізі бо-
лып саналатын Мәсіх Исаға деген сенім,
римнің діни басшысына деген сеніммен
алмастырылды.
Күнәмізді
кешіріп,
құтқарып қалатын Құдайға сыйынғанның
орнына, олар римнің дін әкесіне сыйын-
ды. Ол — Құдай мен адамның арасын
жалғастырушы, онсыз ешкім Құдайға
жақындай алмайды, сол себепті барлығы
оған бағынуға тиісті — деп үйретілді. Бұл
оқуды мойындамағандарды Рим шіркеуі
кінәлі деп есептеп, ауыр соққыға жықты.
25
Осылайша адамдар алданып, Құдайға
қарағанның орнына қатыгез, күнәкар пен-
деге қарады. Дәлдеп айтқанда, қатыгез
адамдар арқылы жұмыс жасаған қара
күштің иесіне бағынды. Шынайылықтың
атын жамылып, күнә өз ісін жалғастыра
берді. Адамдар Киелі Кітапты жауып тас-
тап, онымен санасуды қойғанда, олардан
не болса соны күтуге болады. Адамзат
Құдай заңын ұмытып, адамның шығарған
заңы мен өздерінің салт-дәстүрлерін дәс
көтерген
сайын,
қоғам
шіріген
жұмыртқадай бүліне бастады.
Бұл шіркеу үшін қауіпті күндер еді.
Шындықтың туын көтерушілер азайып
кетті.
Сенімді
куәгерлер
әлі
де
болғанымен, адасушылық билеп төстеп,
шынайы шындық жоғалып кетуге тақады.
Ізгі хабар адамдардан тартылып алынып,
неше түрлі діни ілімдер көбейген сайын
халық қатыгез талаптардан қалжырады.
Шіркеу жұртқа римнің дін әкесіне сыйы-
Достарыңызбен бөлісу: |