сақтап, жатқа айтты. Күнделікті өмірдегі
Құдайдың оларға беріп тұрған мейірімі
және соны дәлелдеп тұрған табиғаттың
сұлу көріністері олардың Аллаға деген
сенімдерін шыңдай түсті. Бұл момын жан-
дар өздерінің балаларына кішкентай
кезінен
бастап
Құдайға
құрметпен
қарауды үйреткен. Ата-аналары оларды
бала кезінен өмірдің ыстық — суығына
төзетін қылып тәрбиеледі. Жанкештілік,
парасаттылық, кішіпейілділік, адалдық
секілді қасиеттерді бойларына сіңірді. Ер-
те кездің өзінде-ақ олар ата-аналарын
тыңдауды,
байқап
сөйлеуді
үйренді,
жауапкершілік дегеннің не екенін білді.
Байқаусызда айтылған бір сөз, тек сол
сөзді айтқан адамның өзінің ғана емес,
оның бауырларының да өмірлеріне қауіп
төндіретін,
өйткені
дін бостандығын
қорғаушылардың жаулары оларды жемтік
аңдыған қасқырдай аңдып отырды.
Вальдендіктер шындық жолында көп
қасірет шекті, бір үзім нан тауып жеу үшін
маңдай терін төгіп еңбектенді. Олар тау
мен
тастың
арасындағы
алақандай
жерлерді өңдеп, ақыры еңбектері жанып,
құнарсыз жерлер өнім бере бастады.
Олардың балаларының алған бар еншісі —
тәрбиенің бір бөлігі болып саналатын —
тапшылық пен үнемділік. Өмір мектебінен
алып шыққан білімдері — имандылық,
жақынына қамқорлық жасау, алды-артын
бақылау,
еңбектену.
Бұл
адамды
қажытатын еңбек, десе де адамды адам
ететін тәрбиенің басты бөлігі. Үлкендер
жастарды ауыр жұмыстан, жоқшылықтан
қорықпауға, сонымен қатар Құдайдың
адамға беретін сыйын бағалай білуге және
берілген
қас иет терді
әрі
қарай
толықтырып отыру керегін мойындатып
тәрбиелеген, Құдай жолында қызмет етуге
талпындырған.
В а л ь д е н д і к т е р д і ң
ш і р к е у л е р і
қарапайымдылығы мен тазалығы жағынан
ұ л ы
е л ш і л е р д і ң
к е з і н д е г і
31
ғибадатханаларға ұқсас болған. Киелі
Кітапты басшылыққа ала отырып, олар
халыққа
қызмет
еткен.
Менменшіл,
тәкәппар жандардан бөлініп кеткен бұлар
ә с е м
ғ и м а р а т т а р д а
е м е с ,
т а у
бөктерлерінде,
ал
қауіпті
кездерде
ү ң г і р л е р д е
Қ ұ д а й д ы ң
а д а л
қызметкерлерінен
ілім
алған.
Дін
ұстаздары тек Ізгі хабарды ғана уағыздап
қоймай, ауырып қалған адамдардың
көңілдерін біліп, балаларға тәрбие беріп,
Құдай жолынан тайғандарға көмек жасап,
қиқу — тартыс кезінде билік жүргізіп,
халықты бірлестіруге, ынтымақтастыруға
қызмет еткен. Тыныштау замандарда олар
садақа — нәзірге күн көрсе, қиыншылық
уақыттарда, кезінде қос жасап тамағын
тапқан елші Пауыл секілді, өз күндерін
көру үшін бір-бір мамандыққа ие болуға
тырысқан.
Жастарды діни мұғалімдер оқытқан.
Жалпы білім беруге көп көңіл бөлінгенімен,
негізгі
сабақ
ретінде
Киелі
Кітап
талқыланған. Матай және Жохан жазған
Ізгі хабарларды басқа да көптеген жазба-
лар секілді жұрт жаттап алып, айтып
жүрген. Сондай-ақ Киелі Кітапты бірінен
бірі
көшіріп
алып,
таратумен
де
айналысқан. Құдай Сөзі осылайша бірден
бірге тараған. Қараңғы үңгірлерде әлсіз
майшамның жарығымен бұл адамдар бір
сөз, екі сөз ғана емес, бүтін тарауларды
көшіріп
жазып,
түнекті
сейілтетін
шындықтың
шырағын
жарқыратқан.
Оларға Алла жар болып, Құдайдың
көрінбейтін
періштелері
желеп-жебеп
отырған.
Шайтан
Құдай
Сөзін
қаншалықты
қоқысқа
көмгісі
келгенімен,
күңгірт
ғасырлардың өзінде Киелі Кітап жойылып
кетуден сақталып қалды. Кейбіреулер
Киелі
Кітаптың
мағынасын
өзгеше
түсіндіріп, оған өзгерістер енгізгісі келген,
дегенмен олардың балтасы тасқа шабылып
дегендері
орындалмады,
себебі
бұл
кітаптың авторы — Жаратушы Құдай Ие.
Шынында оның мағынасын түсіну оңай
емес. Дегенмен, кім шын ниетімен
Жазудың мағынасын ұққысы келсе, соның
тілегін тілесе, ондай адам Киелі Рухтың
жетелеуімен
бұл
кітапта
ашылған
ақиқатты құмға сіңген судай сіміре алады.
Құдайдың қалауы бойынша Киелі Жазба-
ны біз өмір бойы оқып, одан тәлім тәрбие
алып отыруымыз керек, өйткені Құдай
мен
адамның
арасындағы
қарым-
қатынастың құралы болып Киелі Кітап та-
былады.
Құдайдан қорқу — даналықтың басы
екенін вальдендіктер жақсы білгенімен,
бұл дүниемен қарым-қатынас жасау ой-
өрістерінің кеңеюіне қажетті екенін де
жақсы
білді.
Мектепті
тау
ішінде
тамамдаған
жастар
Францияның,
Италияның оқу орындарына жіберілді, бұл
жерлерде олардың санасы мен жан
д ү н и е с і н і ң
ө р к е н д е у і н е
ү л к е н
мүмкіншіліктер ашылды. Олар зорлық-
зомбылық, қулық-сұмдық, өтірік тағы да
басқа әзәзілдің неше түрлі әрекеттерімен
танысты. Бала кездерінде алған тәрбиелері
оларға осы қиыншылықтарға шыдауға
көмектесті.
Жас
кездерінен
өздеріне
артылған
міндеттерге
жауапкершілікпен
қарап
үйренген
олар,
киімдерінің
әрбір
жерлеріне тығып ұстап жүрген, Құдай сөзі
жазылған парақтарды, Аллаға беті
бұрылып
келе
жатыр-ау
дегендердің
қалталарына салып жіберіп, осылайша
Құдай Сөзі бірден бірге тараған. Сол оқу
орындарында көптеген жастар осылайша
Алланы шын ниетімен қабылдап, Оның
сөзіне иланды. Папаның қолбасшылары
ж а ғ д а й д ы
б а р ы н ш а
б а қ ы л а п
отырғандарымен бұл «ілімнің» қалайша та-
рап кеткенін ұға алмай әуреге түсті.
Шындығында Мәсіхтің рухы — елшілік
рух. Ақиқатты танып білген жандар
өз ге ле рді
д е
Құт қарушылар ыме н
таныстыруға
ұмтылады.
Вальдендің
мәсіхшілердің бойында да дәл осындай
рух болды. Өздері естіп, біліп қана қоймай,
Ізгі
хабарды
баршылыққа
таратып,
күнәларынан арылтып, құтқарылудың жо-
лын көрсету вальдендіктердің негізгі
мақсаты еді. Шындықты таза күйінде
сақтап,
оның
шырағын
түнекте
отырғандарға жеткізу міндет екенін олар
жақсы білетін. Құдай сөзін тарату арқылы
олар халықты Рим шіркеуінің құлдығынан
б о с а т қ ы с ы
к е л д і .
В а л ь д е н д і ң
қызметкерлер елшілер секілді тәрбиеленді.
Құдай егістігінде қызмет еткісі келгендер-
ге Ізгі хабарды жеткізе алатындай
32
тәжірибе қажет болатын. Сол себепті өз
жерлеріндегі шіркеулерге жетекшілік ете
алулары үшін олар әуелі өзге жерлерде үш
жыл бойы сол бағытта тәлім алулары керек
болды. Осы қажырлы еңбекке бата беріліп
аттандырылған жастар, оларды күтіп
тұрғаны рахат пен атақ емес, керісінше
жолдарында жоқшылық пен тапшылық,
қауіп пен қатер, азап пен қаза бар екенін
жақсы түсінетін. Бұл жолға ақиқаттың ха-
баршылары
екі-екіден
аттандырылды
және олардың жандарына орта шамадағы
егде жасқа жетіп қалған бір адам қосылып
берілді. Жастар үлкендеріне бағынып,
оның тапсырмасын орындап отырса,
керісінше
үлкендері
жас
достарына
қамқоршы болды. Бұлар үнемі бірге
жүрген жоқ, кей кездері бөлек-бөлек кетіп
мінәжат етер кезде ғана бастары қосылып
бір бірінің еңсесін көтеріп, Құдайға деген
сенімдерін шыңдай түскен.
Егер олар өз мойындарына артылған
тапсырманы ашық жарияласа, міндетті
түрде
жеңіліске
ұшырайтын
еді,
сондықтан айтулы елшілер қандай тап-
сырмамен жүргендерін ешкімге білдіртпей
құпия түрде қызмет етті. Олардың әр
қ айс ыс ы
әр
т ү р лі
к әс іпк е
ие
болғандықтан,
бұл
хабаршылардың
қандай жұмыспен айналысып жүргенін
ешкім
бақылай
алмаған.
Ақиқатты
уағыздаушылардың көпшілігі саудамен
айналысып, адамдарға алтын мен алма-
стан да артық қазынаны сыйлаған. Киелі
Кітаптың қолжазбаларын жартылай неме-
се тұтас күйінде жасырын түрде ұстап
жүріп,
реті
келген
жерлерде
оны
адамдарға
оқып
беріп,
ал
шын
қызыққандарына қолжазбаларды сыйға
тартқан. Бастапқы кезде бұл хабаршылар
маңындағылармен жұмыс істесе, кейін
олардың еңбектенетін жерлерінің шекара-
сы кеңейді. Үсті бастарын шаң басқан,
жалаң аяқ жолаушылар жер жерге жүріп
отырып, шеткері жатқан мемлекеттерге
дейін жетіп, Құдай Сөзінің тұқымын
барлық жерлерге еккен. Олар жолдарында
азап пен қаза барына көңіл аудармай,
Құдайға адал қызмет етуге тырысқан.
Қиямет күні бұл ақиқаттың қарлығаштары
еңбектерінің жемісін көретін болады. Осы-
лайша Құдай Сөзі ел елге құпия түрде та-
рап, халықтың жүрегіне ұялаған. Киелі
Кітапты зерттей отыра вальдендіктер
ежелгі уақыттағы Құдайдың адамдармен
жасаған қарым-қатынасын айқын көрген
және нақтылы кездегі де өздерінің
мақсаттарын дұрыс ұққан, сондай-ақ
болашақта
да
адамзаттың
жолында
қандай қатер барын білген, оның соңы
даңқпен аяқталатынын да түсінген. Олар
қиямет күнінің жақын екеніне сенген,
Киелі Кітапты мінәжат ете және көз жас-
тарына тұншыға отыра зерттеп, ондағы
ақиқаттарды бойларына сіңірген сайын,
өзгелермен де сол қазынамен бөліскілері
келді. Вальдендіктер Киелі Кітапты
жақсы түсінгендіктен, Құдайдың адамзат-
ты құтқару жолындағы жоспарының
маңызды екенін жақсы білген және сол
білімдері оларға тыныштық пен үміт
сыйлаған.
Олардың басты мақсаты Рим папасы
және
оның
қарамағындағы
діни
оқытушылардың жалған ілімін әшкерелеу
еді. Себебі өздерінің күнәсін түсінген
халық діндарлардың насихаттауы бойын-
ша жандары мен тәндерін азапқа салып,
кейбіреулері достарын тастап монастырға
кетіп, енді біреулері өздерінің арын тазар-
ту үшін аштық жариялап, түнде суық жер-
лерге жатып астарынан сыз өткізіп, «киелі
жерлерге» саяхат жасап, өздеріне өздері
неше түрлі қорлықты ойлап тауып,
Құдайдың алдында тазарудың қамын
ойлаған. Осының барлығы босқа жасала-
тын әрекет екенін олар түсінбеген.
Күнәлары жандарын жегідей жеген кезде,
«Құдайдың
қарғысынан»
қорыққан
көпшілік жандар өздерін азапқа сала —
сала, ақ қараны айыруға шамалары кел-
мей, үміттері үзіліп, көрге түсіп тыным
тапқан.
Вальдендіктер мейірімді Құдайдың асыл
сөздерін осындай көкірегі соқыр болған
жандарға жеткізуді аңсаған және сол үшін
аянбай қызмет еткен. Біреуге жақсылық
жасай салып, «күнәмнен арылдым» дейтін
жандар өздерін өздері алдайды. Құдай
алдында өз қатеңді шын ниетіңмен
мойындасаң, Одан кешірім сұрасаң және
Оның сен үшін құрбан болғанына сеніп,
осы
құрбандықты
қабылдасаң
ғана
күнәдан арыласың. Өз жанын азапқа салу,
жақсылық жасау арқылы төлем беру не-
месе ақша төлеп (индульгенция) күнәдан
арылу мүмкін емес. Бұл түбегейлі қате ілім.
33
Өліп қайра тірілген Исаның адамзатқа
сіңірген еңбегі мәсіхшілердің сенімінің
негізі болып есептеледі. Адам өз ағзасымен
қандай тығыз байланыста болса, Исамен
де сондай тығыз байланыста болуы керек.
Папаның діни ұстаздары халықты
Құдай мен Мәсіхты қатігез және ашулы
қылып қабылдайтындай жағдайға
жеткізіп, адамдар мен Құдайдың ара-
сында байланыстырушы ретінде киелі әке
және әулиелер тұруы керек деп үйретті. Ал
көкіректері Құдай Сөзімен нұрланған жан-
дар сол адамдарға Исаның мейірімді,
жүрегі сүйіспеншілікке толы, күнәкарларға
қолын созып, мұң-мұқтаждарымен тек
Оған
ғана
келуін
өтініп
тұратын
Құтқарушы екенін түсіндіруге ұмтылды.
Ақиқатты уағыздаушылар сол кісілердің
Мәсіхке
келетін
жолына
шайтанның
қоятын кедергісін алып тастауға тырысты.
Ал вальдендік елші болса жұртпен Ізгі
хабардың ақиқаттармен тамаша түрде
бөлісе білді. Киелі Жазбадан жазылып
алынған тарауларды тыңдаушыларына
дайындар кезде ол өте байқаулы болды.
Құдайды тек өш алатын тергеуші деп қана
танитын жаны жаралы адамдарға үміт
сыйлауды
ол
өзіне
бақыт
санады.
Күнәкардың жалғыз ғана үміті туралы
бауырларымен бөлісер кезде, ғаламның
Иесінің алдында жиі тізе бүгіп, мінәжат
етер алдында оның көзі жасқа толып,
еріндері дірілдеп, қатты қобалжыды. Сон-
дай шақтарда жандары түнекке оранған
адамдардың жан дүниесін ақиқаттың
ш ы р а ғ ы
н ұ р л а н д ы р д ы .
Тыңдаушыларының
өтініші
бойынша
Киелі Жазбаның кейбір жерлерін ол
бірнеше қайталап оқып отырған, сөйтіп
ақиқатқа
олардың
көздерін
толық
жеткізуге тырысқан. Әсіресе: «Тек Исаның
т ө г і л г е н
қ а н ы
б і з д і
б а р л ы қ
күнәларымыздан
босатады».
«Мұса
пайғамбар
айдалада
мыс
жыланды
жоғарыға көтеріп қойғанындай, көктен
келген Билеуші де көтеріліп қойылуға
тиісті. Сонда ғана Оған сенуші әркім
мәңгілік өмірге ие болады» (Жоханның
бірініші хаты 1:7, Жохан жазған Ізгі хабар
3:14,15) — деген жерлерді жиі уағыздаған.
Енді олар Римнің жалған ілімдерінен
бас тартып, Құдай туралы шындықты бар
ниеттерімен қарсы алды. «Иса Мәсіх біз
үшін құрбан болды, Ол біздің Иеміз, енде-
ше біз Оның алдына кез келген
мүдделерімізбен бара аламыз» — деген ой
халықты қатты толғандырды, бұл жөнінде
олардың қуаныштарында шек болмады.
Олар көмектің жалғыз ғана көзі — Исаға
бой ұсынып: «Ал сенім артпай Құдайға
ұнау мүмкін емес. Исадан басқа ешкім де
бізді құтқара алмайды. Аспан астында
бізді құтқаратын ешкімнің есімі адамдарға
бұйырмаған» — деп жиі қайталады.
(Еврейлерге
жазылған
хат
11:6,
Елшілердің істері 4:12).
Әбден жаны азапқа түсіп, қажып
шаршаған
кейбір
жандар,
Алланың
махаббатының шексіз екеніне көздері жет-
кенде
өздерін
жеңіл
сезінгендері
соншалық, көкке көтерілгендей болды.
Енді олар өздерін Құдайдың қолына тап-
сырып, ажалдан да қорықпайтындай
өжеттілікке ие болып, Құдай жолында
құрбан болуға да дайын екендіктерін
көрсетті. Киелі Кітап көзге түспейтіндей
таса жерлердің бәрінде кейде бір адамға,
кейде бір топ адамға уағыздалып отырды.
«Менің Құдайға керегім бар ма екен?» —
деп
күдіктенген
жандар:
«Барлық
қамыққандар мен шаршағандар Маған
келіңдер, Мен сендерге тыныштық сый-
лаймын» (Матай11:28) деген Кітап Сөзінен
сұрақтарына жауап алды.
Алла, Оның алдына шын ниетімен келіп,
бар ішкі дүниесін ақтарған жандарды кері
қайтармайды. Бұл жанға жайлы хабарды
естіген адамдардың жүректері қуанышқа
бөленді, себебі күнәларына кешірім алу
үшін енді «киелі жер» іздеп сабылудың
қажеті жоқ еді.
О л а р
е с т і г е н
х а б а р д ы
маңайындағылардың бәріне таратып, осы-
лайша шындық жер жердің бәріне жет-
кен, ал оны уағыздаушылар бір минут
уақыттарын зая жібермей еңбектенген.
Ешкім оларға «қайдан келдің?, қайда
барасың?» — деген сұрақтар қойған емес.
Кейбіреулері
оларды
«көктен
түскен
періштелер ме екен?» деп те таң қалысқан.
Бұл
тыңдаушыларын
нандыратын
Алланың дауысы еді. Осы ақиқаттың
қарлығаштарының
кейбіреулерінің
ғұмыры жүрген жерлерінде аяқталса,
34
кейбіреулері қамауға алынып, түрменің
ішінде жарық дүниемен қоштасқан, бірақ
олардың өздері өлгендерімен айтып кеткен
сөздері
өлген
жоқ.
Айтылған
сөз
адамдардың жүректерінде өз ісін істеді,
тек қиямет күні ғана біз сол еңбектің
нәтижесін көретін боламыз. Бейнеттің
міндетті түрде зейнеті болады. Алланың
туын көтерушілердің қатары көбейді.
Вальдендіктер Ібілістің шекарасына ша-
буыл жасады. Егер халық Құдай туралы
шындықты білсе, онда жалған істерімен
ұсталынып тұрған Римнің абыройы айран-
дай төгілмек, сондықтан олар әрбір
елшінің басқан ізін сақтықпен аңдып,
жағдайды үнемі бақылап отырды. Егер
ақиқат жарығы жерді нұрландырса, онда
халықтарды орап тастаған адасушылық
бұлты сейіліп, адамдардың ойлары тек
Жаратқан Иеге ғана бағытталатыны анық,
ал мұның соңы Римнің жоғарғы билігінің
құлауына әкеліп соқпақ.
Алғашқы шіркеудің таза сенімін сақтап
қалған мұндай халықтың барлығы Римнің
шегінушілігін дәлдеп көрсетіп тұратын
куәлік еді. Римнің оларды жек көріп,
қуғындауының да басты себебі осы бола-
тын. Айтулы адамдардың Киелі Жазбадан
бас
тартпағандары
Римді
қорлап
тұрғанмен пара-пар бағаланды. Ал жүрек
тазалығы мен шынайы сенімді қорғаған
бұл қауым Римнің өкшесіне қадалған
шөңгірмен бірдей болды, сол себепті Рим
олардан
біржола
құтылудың
жолын
іздестірді.
Құдайдың
қалаулыларына
қарсы қанды жорық басталды. Күллі жер-
лерде
инквизиторлар
жүріп,
ежелгі
уақыттағы Қабылдың Әбілге жасаған
зұлымдығы сансыз рет қайталанып жатты.
Римдіктер олардың жүрген жерлеріне
топалаң орнатып, мекен жайларын бұзып,
шұрайлы егістіктерін өртеп, жемтігін
іздеген жыртқыштай шабуыл жасап,
олардың
қандарын
судай
ағызды.
Құрбандарының төгілген қандарын, жан
азабын
көргенде
папалықтардың
өшпенділіктері өрши түсті. Жаулары сенім
тазалығын сақтап қалған бұл куәгерлердің
соңына түсіп, оларды жапан түзден де,
орманнан да, таулы аймақтардан да іздеп,
үнемі аңдумен болды. Бірақ бұл шамалы
халықтың сенімдері мықты, мінездері
мінсіз, жандары таза болатын, олардың
әдепті
екенін
тіпті
жаулары
да
мойындаған. Бұл жандардың бар кінәсі —
Құдайға шынай құлшылық еткені, сол
себепті де олар шайтанның азғыруында
жүрген арсыздардың ойлап шығарған
қуғын-сүргіндерінің құрбаны болды.
Ақыры папа оларды есерсоқтар — деп
жазғырып,
олар
өлім
жазасына
ұсынылсын деген заң шығарды. Бұларды
ешкім жалқау, өнегесіз, бұзақы деп
жазғыра алмады, есесіне оларға «халықты
түзу жолдан тайдырушылар» — деген кінә
тағылды. Папа, ыңғайларына көнбеген
жағдайда «улы жылан сияқтанған» осы то-
быр қырылсын деп бұйырды. Сонда бұл
өркөкірек
меңгеруші:
«Жақындарыңа
жасаған істерің Маған жасағандарыңмен
бірдей» (Матай 25:40)- деген Құдірет
Иесінің сөзін ойына алды ма екен?
Айтулы булла бойынша «Кімде кім
есерсоқтарды жоюға арналған қанды
жорықтарға қатысса, оларға барлық
күнәлары кешіріледі, кімге болса да
берілген кез келген уәделерінен босатыла-
ды, заңсыз түрде пайдаланып жатқан
мүліктеріне заң бойынша ие болуға құқық
беріледі, ең болмағанда бір есерсоқты
өлтірген жанның барлық күнәсі жуылады»
— деген уәде беріліп және ол хабарланды-
рылды. Вальдендіктердің пайдасы үшін
бекітілген кез келген келісім шарт күшін
жоятын
болған.
Оларды
от
басы
мүшелерінен айырған, оларға қандай да
көмек көрсетілуге тыйым салынған және
олардың дүниесін тартып алуға кім болса
да құқылы болған. Бұл құжат оның
нақтылы шығармашысы жауыздығының
куәсі. Әрине бұл Алланың үні емес,
айдаһардың ақырған дауысы екені иман-
ды адамға белгілі.
Папаның жетекшілері халықты Құдай
заңына
емес,
өздерінің
шығарған
заңдарына бағындырып ұстағысы келді.
Римнің еркі осы болатын. Ал Құдайға
бағынушылардың өмірі трагедиямен
аяқталып жатты. Азған, бұзақы дін
қызметкерлері мен прелаттар шайтанның
жұмысын жасаған. Олар мейірімділік
дегенді білмеген. Мәсіхті айқышқа шегеле-
ген, елшілерді өлтірген, кезінде қанішер
Неронды мәсіхшілерге қарсы қойған рух
Құдайдың сүйіктілерін құрту үшін әрекет
жасады.
35
Көптеген ғасырлар бойы Алланың адал
құлдары
қатты
қуғындалған.
Қанды
жорықтарға,
аяусыз
қантөгістерге
қ а р ам ас т ан
Ж а р а т қ ан н ы ң
а д а л
перзенттері ақиқатты жер жерге тарата
білген. Құдайдың сүйікті құлдарының
қандары
судай
төгіліп
жатқанымен,
шындықтың туын көтерушілердің қатары
азайған жоқ. Осылайша Алланың адал
куәгерлері — вальдендіктер, Мартин
Лютердің заманына дейін ғасырлар бойы
еңбектенген.
Бұл
қажырлы
халық
Уиклифтің уақытында басталып Мартин
Лютердің заманында кең етегін жайған
Реформацияның тұқымын себушілер
және бұл еңбек ақыр заманға дейін
Құдайдың
қалдырған
өсиетін
келер
ұрпаққа жеткізу жолында қызмет етуге,
«Құдай Сөзі және Мәсіх үшін азап шегуге»
дайын халық арқылы жалғасын таппақшы
(Аян 1:9).
|