Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
36 
 

Джон Уиклиф  
Реформация  кезеңіне  дейін  Киелі  Кітап 
өте аз данада шығарылған, бірақ Жарату-
шы  Өзінің  Сөзінің  құрып  кетуіне  жол 
бермеді. 
Оның 
ақиқаттары 
жабулы 
қалпында  қала  алмады.  Тәңір  кезінде  Өз 
ізбасарларын  қамаудан  шығару  үшін 
зынданның 
темір 
қақпаларын 
еш 
қиындықсыз  ашқанындай  өмір  сөзінің 
бұғауларын 
да 
оңай 
ағытатын 
еді. 
Алланың  айтқан  сөзі  таралмай  қалуы 
мүмкін  емес  еді.  Әрбір  мемлекеттерде 
Киелі 
Рухпен 
шабыттанған 
халық 
ақиқатты  тығулы  жатқан  қазынадай 
іздеді.  Киелі  Кітапты  ден  қойып  оқып, 
әрбір  сөздің  мағынасына  көңіл  аудара 
отырып  зерттеді.  Олар  Киелі  Жазбаны 
түгел 
игеріп 
алмағанымен, 
бұрын 
түсініксіз болған жерлерін кейін ұға баста-
ды.    Енді  олар  адасушылықтың  кісенін 
ағытып, ырым — жырымға жол бермей, өз 
білімдерін  басқаларға  таратып,  оларды  өз 
бостандықтарын қорғауға шақырды.  
  Көптеген  ғасырлар  бойы  Киелі  Кітапты 
оқуға  тек  білімділердің  ғана  мүмкіншілігі 
болған,  қарапайым  халықтардың  ішінен 
мұндай  мүмкіншілікке  ие  болғаны  тек 
вальдендіктер  еді.  Киелі  Кітап  басқа 
халықтардың  тілдеріне  аударылып,  оны 
жұрт  өз  тілдерінде  оқи  бастаған  кезде 
түнек  сейіліп  күн  сәулесі  көрінетін  заман 
басталды.  
  XIV-  ші    ғасырда      Англияда   
«Реформация  таңы    өз  шұғыласын  шаш-
ты».  Джон  Уиклиф  тек  қана  ағылшын 
елінде  ғана  емес,  барлық  Құдайға  сенуші 
қауымдардың  арасындағы  реформаның  
хабаршысы  болды.    Оның  Римге  қарсы 
айтқан  сөзі  барлық  халықтарды  дүр 
сілкіндіріп,  бостандыққа  қарсы  күреске 
құлшындырды. 
  Уиклиф кезінде зайырлы білім алған. Ол 
үшін Құдайдан қорқу — даналықтың басы 
болып  табылатын.  Оның  білімге  деген 
қ ұ ш т а р л ы ғ ы н ы ң  
з о р  
б о л ғ а н ы 
соншалықты,  ол  ғылымның    барлық  сала-
ларымен  танысуға  тырысты.    Фәлсафаны 
жақсы  білгендігі  оны  адасушылықтан 
қорғаса,  азаматтық  және  діни  құқықты  
зерттеу,  оны  діни  бостандыққа  қарсы 
күреске  әзірледі.  Уиклиф  гуманитарлық 
ілімді    және  Киелі  Кітапты  жақсы  игерді. 
Ол  алғырлығы  мен  дарындылығының 
арқасында тек достарының арасында ғана 
емес,  жауларына  да    сыйлы  болды.  Оны 
жақтаушылар 
өздерінің 
көсемдеріне 
мақтанышпен  қарады,  ал  жаулары  болса 
оның ісін әшкерелеуге дәттері жетпеді. Ол 
кезде ежелгі тілдерді білетін оқымыстылар 
ғана  Киелі  Кітапты  оқып,  шындықты 
білуге  мүмкіншіліктері  бар  болатын,  ал 
оқымаған қарапайым қауымға Құдай Сөзі 
құпия болып қала берді. Уиклиф болса сту-
дент кезінен бастап Киелі Жазбаны жақсы 
зерттеді,  оны  түсіне  білді,  осылайша  бұл 
дарынды  студент  арқылы  реформация 
ісіне жол салынды. 
 Ілімнің  қай  саласы  болмасын  зерттеп, 
сусындай  алмаған  Уиклиф  керегін  Киелі 
Кітаптан  тапты.  Бұл  кітаптан  ол  дүниенің 
жалғыз  ғана  тірегі  Жаратушы  Құдай  Ие 
екенін  және  адам  баласын  дозақтан 
құтқаратын да Ол екенін білді, сондықтан 
Оның жолында талмай қызмет етуге белін 
бекем  буды.  Уиклиф  Риммен  айқасқысы 
келген 
жоқ 
дегенмен 
шындыққа 
берілгендігі  оны  адасушылыққа  қарсы 
күреске әкеліп тіреді. 
Рим  халықты  өз  дегеніне  бағындырып 
ұстау үшін, Құдай Сөзін тығып көрсетпей, 
оларды мәңгүрт қылып қойған. Ал Уиклиф 
болса  Римнен  жұртқа  Киелі  Кітапты 
қайтаруын 
талап 
етті. 
Ол 
өзінің 
шындыққа 
берілгендігін 
күнделікті 
өмірімен  дәлелдеді.  Осылайша  халықтың 
оған  деген  құрметі  мен  сенімі  арта  түсті. 
Рим  шіркеуінің  заңсыздықтарына  наразы 
болған 
көпшілік 
Уиклиф 
ұсынған 

37 
 
шындықты  қуанышпен  қарсы  алды.  Ал 
ашуға 
булыққан 
Рим 
папалығының 
көсемдері  реформатордың  соншалықты 
құрметке  ие  боғанын  сырттай  бақылауға  
кірісті.  
Уиклиф 
зұлымдықты 
шеберлікпен 
әшкерелей  білді.  Ол  Римнің  құптауымен 
жасалып  жатқан  барлық  заңсыздықтарға 
қарсы  шықты.  Патшаның  дін  қызметкері 
болған  кезінде  ол  шындыққа  және 
қисынды  ұғымға  қарсы  келетін  Рим 
папасының  ағылшын  монархына  салып 
отырған  салығын  батылдықпен  айптады. 
Онсыз  да  наразылық  туғызып  отырған 
папаның 
бұл 
талабы, 
Уиклифпен 
әшкереленгеннен кейін, мемлекет тарабы-
нан қысымға алынды. Патша мен дворян-
дар бірігіп папаның салық салу туралы та-
лабына тойтарыс берді. Осылайша Англия-
да  папаның  беделіне  айтарлықтай  соққы 
тиді.    Сонымен  қоса  Уиклиф  ұзақ  уақыт 
бойы  тағайындалған  қайыршы  монахтық 
ордендерге  қарсы  күрес  жүргізді.  Барлық 
Англияны көл-көсір монахтар басып кетті. 
Олар  ұлттың  өсіп  өркендеуіне  көп  кедергі 
келтірді.  Қайыр  садақамен  сауық  құрып 
жүрген  монахтардың  қарапайым  еңбекші 
халыққа  едәуір  зияны  тиді,  өйткені 
х а л ы қ қ а  
б е й н е т т е н і п ,  
т а п қ а н -
таянғандарын  олармен  бөлісуіне  тура 
келді.  Ал  ең  жаманы  еңбектің  мәнінің 
төмендеп  кеткені.    Көпшілік  жастар  ата-
аналарының  рұқсат  еткені  түгіл,  олардың 
қарсы 
болғандары на 
қарамаст ан 
монастырларға 
кетіп 
отырды. 
Тіпті 
католиктік  шіркеудің  дін  әкелерінің  бірі 
былай деп жазған болатын: «Әкең босағада 
жолыңды  бөгеп  жатып  алса  да,    тоғыз  ай 
тоғыз  күн  көтеріп,  ақ  сүтін  берген  анаң 
шашын жайып зарласа да, сен оларды ат-
тап  өтіп  Иса  Мәсіхқа  қарай  асығуың  ке-
рек».  Мұндай  адамгершілікке  сыймайтын, 
а т а - а н а л а р ы  
м е н  
б а л а л а р ы н ы ң 
арасындағы 
қатынасты 
шиеленістіре 
түсетін  азғындық      доктринаны    Лютер: 
«хайуандық  әрекет»  —  деп  әшкерелеген 
болатын. Осылайша дін әкелері ежелгі па-
рызшылар  секілді  өз  мүдделерін  қорғау 
үшін  Құдай  заңын  аяқ  асты  қылды. 
Нәтижесінде  жан  ұялардың  ырқы  —   
шырқылары 
шығып, 
қартайған 
ата-
аналар балаларының қамқорынсыз қалды. 
Тіпті  университеттердің  студенттерінің 
өздері  олардың  тәтті  лебіздеріне  алданып, 
монах 
ордендеріне 
кірді. 
Олардың 
көпшілігі  кейіннен  өкінгендерімен  одан 
қайтып  шығу  мүмкін  емес  еді.  Ата-
аналары  монахтардан  қорқып  балаларын 
оқуға  жібермей,  оқу  орындарындағы  сту-
денттер  саны  күрт  азайып,  нәтижесінде 
айтулы 
оқу 
орындары 
жабылып, 
надандыққа жол салынды.  
Папа  болса  монахтарға  адамның  көңіл 
күйінің      мән  жайын  біліп,  күнәларын 
кешіретін құқық беріп қойды, ал монахтар 
болса,  бұл  құқықты  пайдаланып,  байудың  
жолын  іздеп  кез  келген  бұзақылар  мен 
баскесерлердің  күнәсін  босатып  отырған. 
Бұл  зұлымдықтың  көзіне  айналды,  сол 
себепті  зұлымдық    еселене  түсті,    ал 
монахтардың    қалталары  қалыңдай  түсті. 
Ұ я т с ы з  
м о н ах т ар  
қ а йы р - с ад а қ а 
б е р м е йт і нд е р д і  
« Қ ұ д ай ғ а 
қ ар с ы 
шыққандар»  —  деп  жариялап,  кедей-
кепшіктер  мен  әлсіздерді  соққыға  жығып 
соңғысын тартып алып отырған.  Олар не-
ше  түрлі  ырым-жырымдарымен,  жалған 
ғажаптарымен  халықтың  миын  ашытып, 
«егерде 
папаның 
абыройын 
жоғары 
ұстасаңдар, 
әулиелерге 
құлшылық 
етсеңдер және монахтарға құдайы — нәзір 
беріп  отырсаңдар  жұмаққа  тура  барып 
түсе  қаласыңдар»  —  деп,  байғұстарды 
соған сендірген.  
Бұл  ордендердің  дәрежесін  төмендету 
з а й ы р л ы  
а з а м а т т а р д ы ң  
д а , 
оқымыстылардың да қолынан келмеді. Тек 
Уиклиф  қана  бұл  зұлымдыққа  тойтарыс 
бере алды. Ол монахтандыру деген алдам-
шы  әрекет  екенін  әшкерелеп,  оның  көзін 
жоюды 
талап 
етті. 
Бұл 
сұрақтың 
маңайында  әртүрлі  пікірталас  жандана 
түсті.  Адамға,  жасаған  күнәсына  кешірім 
алу үшін ақы төлегені дұрыс па? Әрине ол 
дұрыс 
емес. 
Адамдар: 
«Күнә 
үшін 
кешірімді      Рим  папасынан  емес, 
Құдайдан  сұрау  керек  емес  пе?»  —  деген 
сұрақтар қоя бастады. Ал монахтар болса, 
жұртты  күнәдан  босату  үшін  индульген-
циямен  сауда  жасайды.  Монахтардың 
шектен тыс ашқарақтығын көрген қауым, 
олардан  қауіптене    бастады.  «Монахтар 
мен Римнің дің қызметкерлері бізді қатерлі 
ісіктей  жалмап  жатыр.  Құдай  халықты 
құтқарып 
қалуы 
керек, 
болмаған 
жағдайда  олар  қырғынға  ұшырайды»  — 
деді  жұрт.  Өз  қылмыстарын жасыру  үшін 

38 
 
монахтар: 
«Иса 
Мәсіх 
пен 
Оның 
оқушылары    халықтың  садақасына  күн 
көрген»  —  деген  лақап  сөзді  таратты. 
Мұндай  тұжырым  халықтың  назарын 
ақиқаттың  көзіне  аударды.  Енді  олар 
монахтардың  сөздерінің  қаншалықты  әділ 
екенін  тексеру  үшін  Киелі  Кітапты  оқи 
бастады. 
Халықтың 
әрекеті 
Римнің 
пиғылына  сай  болмай  шықты.  Өйткені 
олар  Рим  шіркеуі    жасырып,  оны  оқып 
пайдалануға  тыйым  салған  Киелі  Кітапты 
қолдарына алды.  
Уиклиф  монахтарға  қарсы    мақалалар 
жазып  шығара  бастады,  бірақ  мұны 
пікірталас  үшін  емес,  адамдардың  наза-
рын Алланың іліміне, Жазбаның Авторына 
аудару  үшін  жасады.  Ол,  Рим  папасы 
басқа  да  қарапайым  дін  әкелері  сияқты 
адамның күнәсін кешіріп және шіркеуден 
шығаратын билікке ие болған, бірақ бір де 
бір  адамды  Құдайдың  сотынсыз  ешкім  де 
шіркеуден  шығара  алмайды  —  деп  арыз 
тастады.  Бұл  Уиклифтің  папаның  құрған 
дәу 
ескерткіші  іспетті 
миллиондаған 
адамдарға  жүргізген  билігіне  тигізген  ең 
ауыр  соққысының  бірі  болатын.  Әрине 
халықтың  қамын  ойлаған  мұндай  жалын-
ды жауынгерді Рим қалай жақсы көрсін? 
   Англия  тәжінің  хұқығын  Римнің  ша-
буылынан  қорғау  мақсатында  Уиклиф 
патшаның елшісі болып тағайындалып, екі 
жыл бойы Нидерланд жерінде болды және 
папаның 
өкілдерінің 
жиындарына 
қатысып отырды. Франция, Испания, Ита-
лия  елдерінің  дін  басшыларымен  емін-
еркін  қарым-қатынас  жасап,  көп  нәрсені 
түсінді, 
тәжірибе 
алады. 
Алған 
іс-
тәжірибесі, көрген — білгені оның болашақ 
қайраткерлік 
жұмысында 
көп 
себін 
тигізді. 
Папалық 
сарайдың 
өкілдері 
иерархияның  нағыз  пиғылын  көрсетті. 
Англияға  қайтып  оралғаннан  кейін  ол  өз 
ісін  қайра  жалғастырып,  ақиқатты  бар 
күшімен  қорғап,  Римнің  шын  мәніндегі 
құдайлары  —  тойымсыздық,  көкірек  соғу 
және өтірік айту екенін көрсетті.  
  Кейіннен 
өзінің 
трактаттарының 
бірінде  ол  былай  деген  болатын:  «Рим  ке-
дей-кепшіктердің  күн  көруіне  жарайтын 
аздаған  қаражатты  тартып  алады,  оған 
қоса  патша  қазынасынан  шіркеудің  неше 
түрлі құпия әрекеттеріне мыңдаған марка-
лар кетіп жатады. Егерде алтын тау болып 
үйіліп  тұрып,  шіркеудің  қазынашысынан 
басқа  ешкім  оған  қол  сұқпағаның  өзінде, 
бұл  қаражаттың  оларға  аз  ғана  уақытқа 
жететіні  ешкімге  күмән  келтірмейді.  Олар 
біздің  ақшаларымызды  тартып  алып  ор-
нына қарғыс қана атады». 
  Уиклиф  Англияға  оралсымен  патша 
оны  Люттерворттің  кішкене  шіркеуіне 
қызметке  шақырды,  бұдан  біз  патшаның 
оның  жалынды  лебіздеріне  қарсы  емес, 
керісінше  оны  қолдайтынын  байқаймыз. 
Уиклифтің  әсері  сарай  өмірінде  де,  сол 
сияқты  күллі  ұлттың  рухани    жаңаруына 
да ықпалын тигізді. 
   Көп  ұзамай  Рим  тағыда  Уиклифке 
қаһарын төкті. Реформатордың аузын жа-
бу  үшін  Англияға  үш  хат  жіберілді,  біреуі 
университетке, екіншісі патшаға, үшіншісі 
прелаттарға. Ол хаттар баратын жерлеріне 
жетіп  үлгермей,  бойларын  ыза  кернеген 
епископтар  Уиклифті  сотқа  шақыртты. 
Уиклифпен ере келген елдің ең қуатты екі 
ханзадасы  мен  бір  топ  халықты  көріп 
зәрелері 
кеткен 
сот 
мүшелері 
үкім 
шығаруды шегіндіріп, істі уақытша жауып 
қойды.  Осылайша  Уиклиф  бастаған  ілімін 
әрі  қарай  жалғастыруға  мүмкіндік  алды. 
Прелаттар, 
Эдуард 
III-нің 
қартайып, 
еңкейген 
шағын 
пайдаланып, 
оны 
реформаторға қарсы қойғысы келді, бірақ 
олардың  дегені  орындалмады,  Эдуард  III-
ші  қайтыс  болып,  оның  орнына  ел  басы 
болып  Уиклифтің  ежелгі  қамқоршысы 
келді.  
  Десе  де  Англияға  келіп  түскен  хаттар 
реформаторды  ұстап,  түрмеге  қамауға 
корольді  мәжбүр  етті.  Бұл  дегеніміз    «оны 
алау  күтіп  тұр»  —  деген  сөз  еді.  Алайда 
« Қ о р ы қ п а ,  
М е н  
с е н і ң 
Қорғаныңмын»  (Болмыс  15:1)  —  деп  уәде 
берген  Жаратушы  Ие  оған  көмекке  келді. 
Ажал  реформаторды  емес,  оның  көзін 
жоюға  бұйрық  шығарған  папаны  алып 
кетті. Сөйтіп Уиклифке үкім шығармақшы 
болып  дайындалған  шіркеудің  соты  бол-
май  қалды.  Құдай  реформация  ісін  әрі 
қарай 
басқарып, 
оның 
өркендеуіне 
мүмкіндік берді.   Григорий ХI-ші өлгеннен 
кейін,  оның  орнына  таласқан  екі  топтың 
өкілдері  бір  біріне  соғыс  жариялап, 
өздерімен өздері  қырылысып,  әр  қайсысы 

39 
 
сенетіндерді  өз  жақтарына  тартқылап, 
қарсыласушыларына 
қарғыс 
атып, 
жақтаушыларына  көкте  сый  құрметке  ие 
болатындарына  уәде  берді.  Шайқасушы 
топтардың  күресі  кезінде  Уиклиф  өз 
жайына қалды. Сөйтіп ол халықтың наза-
рын  бір  біріне  қарсы  шыққан  екі  топтың 
шайқасынан тіршіліктің нәрін беретін Жа-
ратушы  Құдай  Иеге  аудара  отыра  өз 
қызметін  жалғастырды.  Айтулы  шайқас 
халыққа  дін  әкелерінің  ниетін  әбден 
байқатты.  Енді  олардың  Құдайға  қарап 
тұрған  ешқайсысы  жоқ  екені  айтпай-ақ 
түсінікті  болды.  Уиклиф  Ізгі  хабарды  тек 
кедейлерге  ғана  емес,  барлық  Англияға 
тарату мақсатымен ақиқатты уағыздаушы 
топтарды  дайындады.  Бұл  топтардың 
мүшелері шындыққа бар ниетімен берілген 
азаматтар  болатын.  Олар  жер  жерді  ара-
лап  сауда  орындарында,  қалада,  далада, 
көшелерде  жүріп  және  жолдарға  шығып 
Жарылқаушы  Құдай  туралы  қуанышты 
хабарды халық арасына таратты. Оксфорд 
университетінде  қызмет  атқарып  жүрген 
к е з і н д е  
У и к л и ф  
Қ ұ д а й  
с ө з і н 
дәрісханаларда  студенттерге  уағыздады. 
Қуанышты 
хабарды 
бар 
ниетімен 
жеткізуге тырысқан Уиклифты студенттер 
«Ізгі хабар докторы» деп атап кеткен бола-
тын. Ол халық Киелі Кітапты өз тілдерінде 
оқи алатын мүмкіндікке ие болулары үшін 
Жазбаны  ағылшын тіліне аударуды қолға 
алды.  Бұл  оның  негізгі  жұмыстарының 
біріне  айналды.          Дегенмен  көп  ұзамай 
оған  бастаған  ісін  күрт  тоқтатуға  тура 
келді.  Ғылыми  еңбек,  үздіксіз    жұмыс, 
жауларының  шабуылы  оның  күшін  азай-
тып  жібергені  соншалық,  ол  алпысқа  тол-
май  қауіпті  дертке  шалықты.    Монахтар 
болса  бұл  хабарды  қуанышпен  қарсы  ал-
ды.  Осы  уақытқа  дейін  шіркеуге  қарсы 
жүргізген жұмыстарына өкінетін шығар — 
деген  оймен  олар  Уиклифке  келіп,  көңіл 
күйін  көруге  асықты.  Оған  елдің  беделді 
деген төрт азаматтық шенеуліктерін ерітіп  
төрт  орденнің  өкілдері  келді.  Уиклифтің 
жатқан төсегін «өлім төсегі» — деп есептеп 
келген  олар,  реформаторға  былай  деген 
болатын:  «Ажалың  жақын,  тәубеңе  түсіп, 
бізге қарсы айтқан сөздеріңді қайтып ал». 
Оларды 
үнсіз 
тыңдаған 
реформатор 
қызметшісінің  көмегімен  басын  көтеріп: 
«Мен 
өлмеймін, 
керісінше 
сендердің 
зұлымдық 
әрекеттеріңді 
әрі 
қарай 
әшкерелеймін»  —  деп  жауап  қайтарды. 
Оның  сөзіне  қатты  абыржыған  монахтар 
тайып тұрды.  
   Уиклифтің  айтқаны  тура  келді.  Рим 
империясына  қарсы  ең  қуатты  қару  — 
Киелі  Жазбаны  халықтың  қолына  ұстату 
үшін  Уиклиф  Алланың  арқасында  тірі 
қалды.  Киелі  Кітапты  ағылшын  тіліне  ау-
дару  ісінде  оның  жолында  көптеген 
қиыншылықтар  мен  кедергілер  кездесті. 
Науқас  тұла  бойына  тарап    меңдеген 
сайын,  ол  өзінің  уақытының  шамалы 
қалғанын жақсы білді, бірақ Киелі Рухтың 
күшімен 
шабыттанған 
Уиклиф 
еш 
қорқынышсыз  алға  басты.  Тәжірибесі  де, 
білімі де жеткілікті болған ол, бұл үлкен істі 
атқаруға  дайын еді.  
Ақыры Киелі Кітап ағылшын тіліне ауда-
рылып  шықты  және  кез  келген  адамның 
оны  өз  тілінде  оқуға  мүмкіншілігі  пайда 
болды.  Уиклиф  өз  елінің  гүлденуіне  үлесін 
қосып,  халқының  кесір,  көргенсіздік, 
м ә д е н и е т с і з д і к  
с и я қ т ы  
ж а м а н 
қылықтардың құрсауынан босап шығуына 
себін  тигізіп,  өзінің  соңынан  ешқашан 
ө шпе йт і н 
шы нд ы қ т ы ң 
шы р ағы н 
қалдырды.  Енді  реформатор  зынданнан 
да, алаудан да қорықпады.  
 О л  
к е з д е  
б а с п а с ө з  
д е г е н 
болмағандықтан  кітап  жазып  шығару  де-
ген  өте  қиын  еңбек  болатын.  Халықтың 
Киелі  Кітапты  иемденуге  деген  ықыласы 
зор болды, сондықтан көпшілік халық оны 
бірінен    бірі   көшіріп   алып   оқып   жат-
ты.        Шамасы      жеткендер      Киелі   
Кітапты    тұтастай    сатып    алса,    ша-
масы        жетпегендер        оның        кейбір 
бөлімдерін  алып,  Құдай  Сөзінен  сусында-
ды.  Кей  кездері  жанұялар  Киелі  Кітапты 
бірігіп 
сатып 
алған. 
Осы 
жолмен 
Уиклифтің 
Киелі 
Кітабы 
қарапайым 
жандардың үйіне де жетті.  
 Ақиқатты өз көздерімен көріп, оқып, ой 
сараптамасынан  өткізген  адамдар  енді 
Рим 
папасына 
мүлтіксіз 
бағынуды 
т о қ т а т т ы .  
У и к л и ф  
х а л ы қ қ а 
қарсыласушылықтың    (протестантизмнің) 
негізгі  қағидалары  —  Киелі  Кітаптың 
шындық  екенін  және  құтқарылудың 
жалғыз  ғана  жолы  Иса  Мәсіхке  сену  
екенін уағыздады.  

40 
 
 Уиклифтен  дәріс  алып  шыққан  азамат-
тар 
халыққа 
Киелі 
Кітаппен 
қоса 
Уиклифтің  жазған  жеке  еңбектерін  де  та-
ратты. Киелі Жазбаның халықтар арасына 
таралып  кеткені  шіркеу  басшыларын 
қатты  қобалжытты.  Енді  оларға  жалғыз 
Уиклифпен ғана емес, одан мың есе артық 
күшпен  шайқасуларына  тура  келді.  Ол 
кезде  Киелі  Кітап  ағылшын  тілінде 
болмағандықтан  Англияда  оны  оқуға 
тыйым  салатын  заңда  болған  жоқ.  Кейін 
Құдай сөзі ағылшын тілінде  пайда болсы-
мен  оны  оқуға  тыйым  салатын  заң  жедел 
түрде 
шығарылды, 
десе 
де 
соған 
қарамастан  Киелі Жазба жер жерге тарап 
жатты.  
 Т а ғ ы д а  
п а п а н ы ң  
к ө с е м д е р і 
реформатордың  үнін  өшірудің  жолын 
іздеді.  Үш  трибунал  Уиклифтің  бетін 
қайтара  алмады.  Епископтардың  бірінші 
жиналысында 
Уиклифтің 
еңбектері 
«сандырақ»  —  деп  жарияланып,  жас  ко-
роль Ричард II қолдауымен діндарлар: «Кім 
де кім бұл ілімді қабылдаса зынданға тас-
талады»  —  деген  патшаның  үкімін 
шығарды. 
Уиклиф  парламентке  үндеу  тастады.  Ол 
шіркеудің  барлық  зұлымдық  әрекеттері 
мен  халыққа  жасап  отырған  қиянатын 
батылдықпен  айыптады.  Дін  әкелерінің 
бұзылғандықтары  мен  сараңдықтарын 
көңілге  қонарлықтай  етіп  суреттеп  берді. 
Оның 
сөздері 
жауларын 
дүрліктірді. 
Уиклифтің  бұрынғы  жақтаушылары  мен 
ж о л д а с т а р ы н а  
а м а л с ы з  
п а п а ғ а 
берілулеріне  тура  келді,  ал  жаулары  болса 
қартайған шағында жалғыз қалған рефор-
маторды  біздің  тәжіміздің  алдында  бас 
иеді  —  деп  есептеді.  Уиклифтің  жалынды 
сөздеріне  алаңдаған  парламент оның  ізіне 
түсушілерге  тойтарыс  беріп,  реформатор 
қайра бостандыққа шықты. 
 Осылайша  папаның  көсемдері  өздері 
жеңіліске  ұшырады.  Көп  ұзамай    Уиклиф 
үшінші  рет  патшаның    жоғарғы  діни 
сотының 
алдына 
келді. 
Папаның 
көсемдері:  «осы  жолы  Уиклифтің  ісі 
аяқталады,  ол  өз  ілімінен  бас  тартады, 
болмаған жағдайда оны алау күтіп тұр» — 
деп есептеді. 
 Бірақ  Уиклиф  дегенінен  қайтпады,  екі 
жүзділік  оған  тән  «қасиет»  емес  еді.  Ол 
өзінің  қандай  жағдайда  тұрғанына  көңіл 
аударған 
жоқ , 
т ыңд ау шы лары на 
Құдайдың  соты  болатынын  және  әрбір 
пенденің    ісінің  мәңгілік  шындықтың  та-
разысына  салынатынын  ескертті.  Оны 
Киелі  Рух  қолдап  тұрғаны  байқалды. 
Отырған  адамдар    тұруға  шамалары  кел-
мей, орындарына жабысып қалғандай бол-
ды.  Оның  жалынды  сөздері  Құдайдың 
атқан 
жебесіндей 
тыңдаушылардың 
жүректеріне 
қадалып 
жатты. 
Өзіне 
жапқан жаланы ол жауларының мойында-
рына  аударды.  Неліктен  деді  ол:  «бұлар 
шындықты  мойындамай  өз  дегендерінде 
қасарысып  тұрады,  өйткені  олар  дүние 
жинау мақсатында Құдайдың рақымымен 
сауда жасайды».  
Айтыңдаршы, сіздер кіммен күресіп жа-
тырмыз   —   деп   ойлайсыздар?   Көрдің   
шетінде   тұрған   қариямен   бе?    Жоқ. 
Сіздер  ақиқатпен  айқасып  жатырсыздар.  
Бірақ біліп қойыңыздар, ақиқат сіздерден 
үлкен,  ол  сіздерді  жеңеді.  Сонан  соң  Уик-
лиф  сөзін  аяқтап,  ғимараттан  шығып 
кетті,  оны  тоқтатуға  ешбір жанның  баты-
лы бармады.  
Осымен 
Уиклифтің 
еңбек 
жолы 
аяқталып,  шындықтың  туын  жоғары 
көтеріп  ұстаған  қолы  төмен  түсуге жақын 
қалды.  Дегенмен  оған  тағы  да  бір  рет 
ақиқаттың  куәгері  ретінде  азғындықтың 
патшалығы  болған  Римнің    алдына 
шығуына  тура  келді.  Ол  папаның  сотына 
шақыртылды.  Бұл  қойылған  талаптың 
қаншалықты    қауіпті  екенін  Уиклиф 
жақсы білді,  өйткені  Рим  шындықты  шы-
бын  жанындай  қорғаған  азаматтардың  
қанын  талай  рет  судай  төккен  болатын. 
Бұл  сапарға  аттануға  реформаторға  сал 
ауруы кедергі жасады. Уиклиф Римге жете 
алмағанымен  қалам  ұстауға  шамасы  бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет