Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет59/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Иманжүсіп – ар. иман + к.еврей Жүсіп; Сұлтансүлеймен – ар. сұлтан + к.еврей 
Соломон; Нұрсүлеймен – ар. нұр + к.еврей Соломон.  
Т. Жанұзақов  төңкерістен  кейін  қазақ  тілінде  қоғамда  орын  алған 
әлеуметтік өзгерістерді сипаттайтын көптеген есімдерді  неологизм есімдер деп 
атайды [135, c. 26].  
Орыс  тіліндегі  неологизм  ер  есімдері:  Замир  (за  мир)  –  бейбітшілік, 
тыныштық үшін [136, 76 б.]; Марлен – Маркс, Ленин фамилияларының бірінші 
буындарынан  құралған  біріккен  тұлғалы  есім  [136,  90  б.];  Ренат  –  орыс 
тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып алынған [136, 111 б.].  
Әйел антропонимиясы  
Көне түркі тіліндегі әйел есімдері: қыз есімдері: Баян (көне түркі, монғол) 
–  мықты,  зор,  бай  [136,  145  б.];  Оразгүл  –  ырыс,  құт,  бақыт  [136,  165  б.]; 
Сандуғаш  (Сандувач)  –  бұлбұл  [136,  168  б.];  Руслана  –  Руслан  есімінен 
қойылған қыз есімі [136, 167 б.]. 
Қазақ тіліндегі әйел есімдеріАжар – әдемі, шырайлы, көрікті, өте әдемі, 
келбетті [136, 137 б.]; Әдемі – көркем, әсем [136, 142 б.]; Сәуле – таңғы жарық, 
шапақ [136, 169 б.]; Сымбат – көрік, кескін, келбет [136, 169 б.]; Тоғжан – әлді, 
күйлі, көңілге тоқ, толымды [136, 170 б.]. 
А. Шайхулов өз еңбегінде қазақ және башқұрт тілдеріне енген араб-парсы 
есімдері жайлы: «В общий именник казахского и башкирского народов вместе с 
арабским  вошли  и  многие  арабо-персидские  имена.  Сегодня  они 
воспринимаются как «свои»  – казахские и башкирские. В первую очередь это 
такие  имена,  которые  по  своим  фонетико-морфологическим  особенностям 
легко могли ассимилироваться с местными именами: Дилбэрэ (башк.) – Дилбара 


71
 
 
(каз.)  –  «возлюбленная,  любимая»;  Пара  (башк.)  –  Сара  (каз.)  –  «госпажа»; 
Йэлилэ (башк.) – Жәлила (каз.) – «величественная» и т.д.» деп атап өтеді [148, 
с.]. 
Араб  тілінен  енген  әйел  есімдері:  Асыл  –  1)  негіз,  түбір,  ақиқат,  нағыз, 
2) ардақты,  қымбатты,  бағалы  [136,  142  б.];  Әлима  –  оқымысты,  ғалым  әйел 
[136, 143 б.]; Әмина – сенімді, адал, таза [136, 144 б.]; Ғайни – аса маңызды, аса 
елеулі  [136,  150  б.];  Жамал  –  сұлулық;  Мәлике  –  патша  әйел,  ханша,  ханым 
[136,  153  б.];  Үміт  –  1)  сенім,  2)  тілек,  қалау  [136,  172  б.];  Фарида  –  1)  інжу, 
маржан; 2) маржан, теңдесі жоқ, сирек зат [136, 172 б.]. 
Ислам  дінінің  кеңінен  таралуына  қатысты  араб  мәдениеті  қоғамдық-
әлеуметтік  өмірдің  барлық  салаларына  ықпалын  тигізген.  Соның  нәтижесінде 
қазақ  тіліне  мыңдаған  жаңа  сөздер,  кісі  есімдерінің  енуі  арқылы  есімдер 
қорының толыға түскенін аңғарамыз.  
Парсы тілінен енген әйел есімдеріАнар – қызыл түсті дәні бар алма тектес 
жеміс [136, 141 б.]; Бибігүл – гүл жайнаған ханым [136, 146 б.]; Гүлзада – (гүл + 
заде, зойдан) бала, сәби, яғни гүлдей әдемі, көркем [136, 149 б.]; Гүлназ (гүл + 
ноз) – еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем [136, 149 б.]; Дариға 
– шіркін-ай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз [136, 151 б.]; 
Дария – теңіз, ұлы өзен [136, 151 б.]  
Көне еврей тілінен енген әйел есімдері: Жанна – кептер, көгершін [136, 153 
б.];  Мария  –  1)  өте  жақсы,  тамаша;  2)  биік  мәртебелі  ханша  [136,  161  б.]. 
Дыбыстық өзгерген түрі – МәрияМәриямТамара – көне еврей тіліндегі құрма 
ағашы [136, 169 б.]. 
Өзге шет тілдерден енген әйел есімдеріБелла (лат.) – сұлу, көркем, әдемі 
[136, 146 б.]; Венера (лат.) – махаббат пен сұлулық құдайы [136, 147 б.]; Клара 
(лат.) – жарқын, айқын, нұрлы [136, 157 б.]; Эльвира (исп.) – қорғалып қалған 
[136, 175 б.]; Эмма (к. герм.) – қымбат, бағалы, ерке, тату [136, 175 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет