18,19,20 дәріс АуылшаруашылыҒына Қатерлi метеорологиЯлыҚ ҚҰбылыстар Мақсаты: Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстардың ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Қатерлі метеорологиялық құбылыстардың пайда болу себептерін, зияндарын, түрлерін бiлу және онымен шаруашылықта күресу шараларын үйрету.
Түйінді сөздер: Үсіктер, құрғақшылық, аңызақ, дауыл, бұршақ, нөсер, көктайғақ.
Дәріс жоспары:
1. Үсiктер, түрлерi және күресу жолдары
2. Құрғақшылық түрлерi және күресу шаралары
3. Аңызық және оның түрлерi
4. Атмосфералық құбылыстар Кейбiр жағдайларда ауа-райы ауылшаруашылығына (мәдени дақылдарға, малдарға) қолайсыз жағдайлар туғызады. Солардың әсерiнен ауылшаруашылығы үлкен зиян шегедi. Мұндай жағдайларды ауылшаруашылығына қауiптi (қатерлi) метеорологиялық құбылыстар деймiз. Оларға: үсiктер, құрғақшылық, қуаңшылық, бұршақ, нөсер жаңбыр, көктайғақ және т.б. құбылыстар жатады. Бұл құбылыстармен күрес жүргiзу үшiн олармен жақсы таныс болуымыз керек, пайда болу себептерiн, келтiретiн зияндарын және түрлерiн бiлгенiмiз жөн.
1. Үсiктер, түрлерi және күресу жолдары Үсiк дегенiмiз – өсiмдiктердiң вегетациялық кезеңдерiнде топырақтың беткi қабаты немесе өсiмдiк өсiп тұрған биiктiкте температураның 00С, одан да төмен төмендеуi.
Қалыптасу себебiне байланысты үсiктiң 3 түрi болады:
радиациялық;
адвективтiк;
аралас – адвективтiк-радиациялық.
Радиациялық – ерте көктемде және кеш күзде тыныш, айқын түнде жердiң беткi қабаттарының интенсивтi сәулеленуi арқасында пайда болады. Радиациялық үсiк қауiпсiз, себебi, олар интенсивтi емес, аз көлемдi алады, күн шығысымен оның күшi жойылады.
Адвективтiк – суық арктикалық ауа массасының келу нәтижесiнде қалыптасады. Ерте көктем мен кеш күз кезiнде бiрнеше тәулiктер бойы жел кезiнде байқалады. Бұл үсiктер өте қауiптi, себебi бiрнеше тәулiктер бойы ұзақ болу салдарынан ауқымды территорияны қамтиды. Көктем соңында, кей мезгiлде жаз айларында жемiс ағаштар гүлдеп тұрғанда, ал ерте күз айларында астық тұқымдас, көк өнiс дақылдарына өте көп зиян тигiзедi.