238
4.4. Шикізаттарды қабылдау, сақтау жəне өндіріске дайындау
Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау жəне сақтау
Бұрынырақта нан зауыттарына ұн қаптарда келіп түсетін жəне
қолмен немесе механизациялаудың қарапайым құралдарының
(автотиегіштер, вагонеткалар, тасымалдағыштар)
көмегімен ұн
қоймасына беріліп отырды.
Соңғы жылдары диірмендерде де, нан зауыттарда да ұнды қапсыз
(ыдыссыз) тасымалдау жəне сақтау кеңінен қолданылуда.
Ұнды қаппен сақтау. Ұны бар қаптар қоймада міндетті түрде
поддондарда (стеллаждарда) жəне штабельдерге (əдетте үштікпен)
орналастырылады. Қолмен орналастыру
кезіндегі штабельдің
биіктігі – 8 қатар қап, ал автотиегішпен жатқызған кезде – 12 қатар
қап. Келіп жатқан ұнды есепке алу қаптардың саны бойынша жəне
платформалық таразыда анықталатын салмағы бойынша жүргізіледі.
Жобалау нормалары нан зауытындағы ұнның 7 тəуліктік
қорын
жəне ұнның жалпы қоймасынан ұнның екі ауысымдық қорына жеке,
қоршалған (шығын) қоймасын бөлуді қарастырады.
Наубайхана өнеркəсіптерінде қаптағы ұнды қабылдап алу, жыл-
жыту жəне қоймаға орналастыру бойынша
қолмен жасалатын опе-
рацияларда көптеген жұмысшылар шұғылданып еңбек етеді. Ұнның
ыдысына (қаптарға) да көп шығындар қажет етілетін болған. Ұнды
қапта сақтаған кезде ұнның ысырап болуы да (тозаңданудан жəне
қаптардан түскен ұн түрінде) салыстырмалы түрде көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: