Наубайханалық ашытқылар Наубайханалық ашытқылар – нан өнімдері өндірісіндегі негізгі
шикізат болып табылады. Ашытқылардың технологиялық жəне
функционалды рөлі – спирттік ашу барысында бөлінетін көміртегі
диоксидімен қамырдың қопсуына, сондай-ақ қамырға белгілі бір
реологиялық қасиет беруге, жəне нан-тоқаш өнімдеріне тəн хош иіс
пен дəмнің түзілуіне қатысатын этанолдың жəне басқа да реакция
өнімдерінің түзілуіне негізделген.
Нан-тоқаш өнімдері өндірісінде қамыр көміртегі диоксиді жəне
этанолдың бөлінуімен спирттік ашуды тудыратын ашытқылармен
қопсытылады.
Наубайхана өндірісінде – престелген наубайханалық ашытқылар,
спирт өндірісінің ашытқылары, құрғақ ашытқылар, ашытқы сүті, тез
еритін жоғары белсенді ашытқылар, сұйық ашытқылар жəне т. б.
қолданылады.
Престелген наубайханалық ашытқы. Престелген наубайха-
налық ашытқылар – Saccharomyces cerevisiae ашытқы саңырау-
құлақтарының техникалық таза дақылы болып табылады. Ол
ылғалдылығы 65-75% қалыпталған брикеттерде, арнайы қоректік
орталарда қарқынды аэрация жағдайында, престеу немесе вакуум-
дау тəсілі арқылы бөлінетін тауарлық ашытқыларды алғанға дейін
аналық жəне себінді ашытқы биомассасын тұрақты көбейтіп,
өсіріледі.
Престелген наубайханалық ашытқылардың сақтау мерзімі –
жасалынған күннен бастап 12 тəулік мерзімді құрайды.
Спирт зауытында өндірілетін престелген ашытқылар –
ферменттердің жоғарғы мальтазды жəне зимазды белсенділігіне ие
жəне мальтозаның ашуына тез бейімделеді, осының нəтижесінде
қамыр дайындаудың бастапқы сатысында қарқынды спирттік ашу
үдерісі жүрумен ерекшеленеді. Осыған байланысты оларды қолдану
барысында белгілі бір іс-шаралардың жүргізілуі: ашытпаның жəне
қамырдың ашу ұзақтығын қысқарту, ашытпаның немесе қамырдың
236
температурасын төмендету, сүт сарысуын немесе ашыған жартылай
фабрикаттарды қосу талап етіледі.