Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Құрғақ наубайханалық ашытқы



Pdf көрінісі
бет135/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Құрғақ наубайханалық ашытқы. Құрғақ наубайханалық 
ашытқылардың екі сұрыбын: жоғарғы жəне І-ші сұрып, сондай-ақ 
бір сұрыпты «Экспресс» ашытқысын өндіреді.
Құрғақ наубайханалық ашытқы өндірісі үшін өнімділігі 
жақсы жəне көмірсулардың қоры болып табылатын трегалазаны 
көптеп жинақтау қабілетіне ие ашытқы штамдары қолданылады. 
Жинақталған көмірсулар қоры биомассаның құрылуына жəне 
ішкіжасушалық осмотикалық қысымның: Saccharomyces cerevisiae 
616, ЛВ–7, 93, раса 14. штамдары реттелуіне жұмсалады.
Жоғарғы сұрыпты құрғақ ашытқылар тек оралған жəне 
герметикалық қапталған түрде дайындалады.
Қапталған құрғақ ашытқылар салмағы 1000-2000 г қаңылтыр 
банкілерде немесе Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат етілген 
тасымалдау барысындағы сақталуын қамтамасыз ететін қаптау ма-
териалдарында жəне техникалық шарт бойынша тағам өнімдерін 
қаптауға арналған комбинирленген материалдан дайындалған пакет-
терде шығарылады.
Герметикалық ыдысқа қапталған жоғарғы сұрыпты құрғақ 
ашытқылардың сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 12 ай, ал 
І сұрып – 5 ай.
Көтерілу күші 70 минутқа тең 1 кг престелген ашытқылардың ор-
нына құрғақ ашытқыларды 500 г мөлшерде қолданады.
Тез еритін (инстантты) ашытқылар. Тез еритін (инстант-
ты) ашытқылар – қамырға қосар алдында регидратациялауды та-
лап етпейтін сахаромицеттердің белгілі бір штамдарын заманауи 
шарттарға сай дақылдандырып кептіру əдісі арқылы, əрі қорғаушы 
қоспаларды немесе эмульгаторларды қосу арқылы дайындауға 
негізделген жоғарғы белсенді құрғақ ашытқылар.
Ашытқы сүті. Ашытқы сүті – дақылдық сұйықтықты сепа-
ратордан өткізу арқылы алынған, наубайханалық ашытқылардың 
техникалық таза дақылының сулы суспензиясы болып табылады.
Құрғақ заты 25% ашытқыға есептелеген 1 л ашытқы сүтіндегі 
концентрленген ашытқының массасы 450 г аз болмауы керек.
Сұйық ашытқы. Сұйық ашытқы нанның сапасын жақсартқыш 
зат ретінде немесе қамырды биологиялық қопсыту мақсатында 
қолданылатын, сахаромицет ашытқылары өсірілген термофильді 
сүтқышқылды бактериялармен ашыған, қантталған қайнатпа 


237
негізінде нан зауыттарының өзінде дайындалатын жартылай фабри-
кат.
Ашытқылардың əртүрлерін қолдану тиімділігі ашытқының 
технологиялық, биологиялық жəне физиологиялық қасиеттеріне 
байланысты қоршаған ортаның параметрлері əсер ететін қанттардың 
ашуының негізгі кинетикалық заңдылығын білумен негізделеді.
Ас тұзы
Ас тұзы өте аз мөлшерде басқа да тұз қоспасы бар табиғи натрий 
хлориді (NaCl).
Тұз суда жақсы ериді. Жоғары температурада оның ерігіштігі аз-
дап жоғарылайды.
Нан өндірісінде қолданылатын ас тұзының сапасы 13830-91 
МЕМСТ талабына сай болуы керек. Тұз өзінің сапасына қарай экс-
тра, жоғары, бірінші жəне екінші сұрыпқа бөлінеді. 
МЕМСТ-та тұздағы Ca, Mg, Fe
2
O
3
жəне Na
2
SO

максималды 
жіберілетін мөлшері қарастырылған. МЕМСТ-та тұз ұсақкристалды-
іріктелген, ұсақталған, ұсақталмаған: түйіршіктелген, дəн жармасы 
жəне дəн сияқты түрде шығарылады. Тұздың жеке сұрыптарына 
оның ірілігін негіздейтін ұнтақтың: №0,1,2 жəне 3 нөмірі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет