Тапсырма: 1.Ұсынылған оқу мақсатына сай, ұлттық киімге жарнама мәтінін құрастырып жазыңыз.
2. Жарнама мәтінін құрастырудың басқа үлгісін ұсыныңыз.
Тапсырманы орындау уақыты:10 минут
Топ көшбасшысының жұмысты қорғауы: 2 минут
Кері байланыс: 2 минут
Бөлім: Киіну. Сән.Талғам. Фонетика
Оқу мақсаты: 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;
5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
Жарнама РӨЛДІК ОЙЫН Нұсқаулық: 1) киімнің сапасы;
2) қазіргі атауы;
3) киімнің дизайны;
4) киімнің ерекшелігі;
5) қарастырылатын жеңілдіктер;
6) мекен-жайы.
4-сурет. AIDA жарнама моделі
3,4-сабақ
Тапсырма. 1-қадам.Ұсынылған мәтіндердің тілдік қолданысы мен стильдік ерекшеліктерін талдаңыз.
2-қадам. Әртүрлі стильдегі мәтіндерге талдау жасау тапсырмасын әзірлеңіз. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға қолдау көрсету жолын ұсыныңыз.
Орындау уақыты: 20 минут. Топтық талқылау: 3 минут. Кері байланыс: 3 минут
1-мәтін Кең шалғай, иір-қиыр құм дала, дүние талаурап кеткен, ауа көгілдір тартады, Сонау көкжиекке қарасаң, көк сілемік буалдыр ішінде таңғажайып бір таулар көшіп-қонып жатқандай болады. Бұйра-бұйра сырғыма төбелердің үстінде кәдімгі оттың салқыны шарпыған секілденеді. Көктем шағында аз күнге болса да құлпыра көктеген көк, жасыл, қызыл, жолақ, ақ таңдақ сан алуан гүлдер енді қара күрең күйік тартып қурап қалған. Аяқ бассаң, қаудырлап үгітіліп түседі. Осы бір ұланғайыр жапан даланың бетіне болмашы бір көк жолақ ирелең сызық тастап шағын өзен ағып жатыр (С.Шаймерденов).
2-мәтін Дәт ақсақал:
Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екенсің, Абайдың баласына базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүрелі! – деп, Мағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне әкелген.
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп:
Табанынан жарылған жануар-ай! – деп, екі қолын жұдырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. Әмісе жолың болғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш мырза!