Бөлім: Киім. Сән. Талғам
Оқу мақсаты: 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
1-оқушы
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де мол. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әртүрлі киім үлгілерін жасаған.
Тымақ - аңның малдың терісінен тігілетін қысқы бас киім.
Сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат, кәделі бас киім. Оны асыл тас, күміс, мерует, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді.
Тон- қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігілетін қыстық киім.(«Қазақтың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» кітабынан)
2-оқушы
Қазақтың ұлттық киімдері
Жақы - ертеректе ауқатты адамдар киген, қазір өте сирек кездесетін жағалы әрі асыл киімдердің бірі.
Күпі - матамен тысталып, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін сырткиім.
Жарғақ - шалбар мал терісінен тігілетін еркектер киімі.
Етік - былғарыдан, құрымнан тігілетін ерлер мен әйелдердің аяқкиімі.
(«Қазақтың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» кітабынан)
AIDA жарнама моделі Рөлдік ойын Қазақ тілі, 5-сынып, «Киім. Сән.Талғам» бөлімі
Тапсырма: 1.Ұсынылған оқу мақсатына сай, жарнама мәтінін құрастырып жазыңыз.
2. Жарнаманы рөлдік ойын түрінде ұйымдастырудың басқа әдісін ұсыныңыз.
Тапсырманы орындау уақыты: 20 минут
Топ көшбасшысының жұмысты қорғауы: 3 минут
Кері байланыс: 3 минут
2-сурет. AIDA жарнама моделі
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;
5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
Тапсырма сілтемесі: https://jamboard.google.com/d/1DP5DqU8o6PGgNTlwg0PfDm7IoLmvNgKBAkaqbcbX4nU/edit?usp=sharing