Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Хабашстандағы мұсылмандардың ата жұртына оралуы



Pdf көрінісі
бет90/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хабашстандағы мұсылмандардың ата жұртына оралуы 
Хабашстанға көшіп, қоныстанған мұсылмандардың жағдайы жақсы
тұрмысы түзу, түндері тыныш болғанмен, туған жерге аңсары ауып, 
сағыныш солықтарын баса алмай-ақ қойды. Елім, жерім деген ұлы сезім 
бойларында қанын тасытып, күн өткен сайын атамекен өзіне тарта берді. 
Екінші топ мұсылмандар көшіп келген соң, арадан үш ай өткенде 
Мекке мүшріктерінің топ басшыларынан бірнешеуінің иман келтіргені 
жайлы хабар Хабашстандағы жерлестеріне де келіп жетеді... Ақ дегені - 
алғыс, қара дегені - қарғыс деп қабылданатын азулылардың түзу жолға 
түсуін мұсылмандар қауіптің сейілгені деп ұғады. 
Сөйтіп шет жердегі мұсылмандардың отыз тоғызы атажұртын аңсап 
жолға шығады. Топтағы жолаушылардың алтауы - әйел. Алайда Меккеге 
жақындағанда естігендерінің жалған екеніне көздері жетеді, бірақ амал 
қайсы, болар іс болған-ды. 
Туған жерін аңсап келгендер Меккеге кіру үшін не мүшрік туыс, 
достарын паналауы, не болмаса ешкімнің көзіне түспеуі керек. Қалаға еркін 
кіруге ұмтылыстың нәтижесіз болары айдан анық. Келгендердің бірнешеуі 
амалсыздан мүшрік "достарын" саялады. Енді біреулері қалаға түн жамылып, 
жасырын кіруге әрекет жасады... 
Хабашстанға кері қайтқандар да болды, олар мұсылмандар Меккеден
Мәдинаға көшкенше сонда тұрақтады. Атақты Мәдинаға хижрет кезінде 
алыс елдегі мұсылмандардың көбісі солай қарай жол тартса, біразы 
Хабашстанды мекендеп қалған. 
ХАЗІРЕТІ ӘБУ БӘКІР ЖӘНЕ ҮБӘЙ ИБН ХАЛАФ 
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар ретінде жіберілген тұста Шығыс Рум мен 
Иран дүние жүзінің алып мемлекеттері саналатын. 
Пайғамбарлықтың бесінші жылында, яғни б.э. 613 жылдарында бұл екі 
көрші ел бір-бірімен бәсекелесіп, соңы қанды қырғынға ұласқан. Ол кезде 
Иран тағында екінші Хұсрау, ал Рум императоры Гераклий еді... 
Иран әскерлері румдықтарды теңізге дейін тықсыра қуып, Сириядағы 
құтты мекендерді қолға түсірген. Б.э. 614 жылында Палестина мен қасиетті 
Құдыс (Иерусалим) түгелдей ирандықтардың қол астына көшкен. Осы басып 
алу шайқасы тұсында шіркеулер қиратылып, барлық діни ғимараттар 
жермен-жексен болған. Ирандықтарға қолдау көрсетіп, қолтықтарына су 
бүріккен жиырма алты мыңға жуық яһуди алпыс мыңнан астам христианның 


147
қанын мойындарына жүктеген-ді. Иран шахының сарайы отыз мыңнан астам 
адамның бас сүйегімен безендірілген болатын. 
Шайқас мұнымен де тынбаған. Енді Мысырға қарай баса көктеген 
ирандықтар б.э 616 жылында бір жағынан Ніл маңын қол астына қаратып, 
Александрияға дейін енсе, екінші жағынан қазіргі Анадолы территориясына 
еніп, Шығыс Рум империясының бас қаласы Константинопольге (қазіргі 
Истанбул) көз тіккен-ді. Осылайша Ирак, Сирия, Палестина, Мысыр және 
Анадолыда салтанат құрған болатын. 
Түйіндей келгенде, б.э 616-жылында Шығыс Рум империясы 
ирандықтардан ойсырай жеңілген болатын. 
Румдар Аллаһтан түскен Інжілдің қағидаларын ұстанушы христиандар 
еді. 
Ирандықтар болса, Аллаһпен ісі жоқ, ақыретке сенбейтін, отқа 
табынатын. 
Румдықтардың жеңілісін Меккедегі мүшріктер естіп, малақайларын 
аспанға атып қуанған. Ал мұсылмандарды бұл хабар қайғыртқан болатын. 
Мүшріктер беталды мұсылмандардың мазасын алып: "Сендер
христиандар 
сияқты 
төбеден 
түскен 
кітапқа 
сенесіңдер. 
Ал 
біз 
ирандықтармен біргеміз. 
Біздің ирандық бауырларымыз румдықтарды жеңді. Көрдіңдер ме, 
шындап кіріссек, біз де сендерді жеңеміз!" - деп мәз болысты. 
Осы оқиғаға байланысты Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһтан 
муғжиза ретінде "Рум" сүресі түсті. "Румдар жақын жерде жеңіліске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет