Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ



бет15/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ


2.1 Қазақ тілі сабағында шығармашылыққа негізделген топтық жұмыс түрлері

Бүкіл әлем педагогтарының қолданысында шығармашылыққа негізделген топтық жұмыс түрлері өте көп.


"Уақыт шеңбері" әдісі
Мақсаты: Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз - өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру: Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).
Жаттығудың сипаттамасы: Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, үйлестіруші екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:

  • Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

  • Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, "сөзіңізді" басқаға бере аласыз.

  • Ешқандай қатты ескерту болмауы керек [2, 104].

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты сөйлеудің маңызы зор. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздңғ орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасын, сөзді орнымен қолдана білуін, сөздің морфологиялық құрылымын, сөзден сөйлем құрау жолдары сияқты күрделі мәселелерді меңгеруі қажет. Әртүрлі жұмыс түрлері оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау үшін қажет. Сонымен бірге, білімді қайталаудың, тереңдетудің, баяндаудың және жүйелеудің құралы болып табылады.
Оқушылардың сабақтағы іс – әрекеттері:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет