101
сәбилерге қойылған шет тіліндегі есімдер ерекше назар аудартты. Аралас
некеде дүниеге келген 28 сәбидің (10 ұл бала, 8 қыз бала), яғни балалардың 0,47
%-ның есімдері анасының ұлттық тілінде немесе басқа шет тілінде қойылған.
Мысалы:
Сарсембаев Александр Бигайдарович (әкесі – қазақ, анасы – орыс),
Утебалиев Эдуард Едилович (әкесі – қазақ, анасы – орыс),
Кайратов Кирилл
Кайратович (әкесі – қазақ, анасы – орыс),
Баймуханов Амадей Алиаскарович
(әкесі – қазақ, анасы – орыс);
Ходжаева Лия Ануарбековна (әкесі – қазақ, анасы
– орыс),
Ботамбекова Анастасия Сакеновна (әкесі – қазақ, анасы – орыс),
Дукенбаева Анна Булатовна (әкесі – қазақ, анасы – орыс).
Олардың аты-жөні
орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, орыс тілінің орфографиясына
сәйкес рәсімделген.
Ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін өзгертуі. Президент Жарлығына
байланысты 2000 жылы дүниеге келген азаматтардың 0,47 %-ы (28 азамат – 11
ұл бала, 7 қыз бала) ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін өзгерткендігі
анықталды. Өзгертілген аты-жөнінде кісі тегін қолдануда бірізділік жоқ
екендігі айқындалды: бірі атасының атын, екіншісі әкесінің атын, енді біреулері
бабасының атын тегі ретінде қолданған. Кейбірі екі мүшелі антропонимдік
жүйеге сәйкес, енді біреулері үш мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-
жөні нұсқасын қолданған.
Аты-жөнін өзгерту кезінде қазақ азаматтары үшін аты-жөнінің нұсқасы
ретінде ұсынылған, яғни тегі аффикссіз, әке атына ұлы сөзінің жалғануы
арқылы жасалған нұсқасын таңдаған:
Тезеков Жәнібек Ерболұлы –
Ерболұлы
Жәнібек,
Айтбай Адиль Нуржанулы –
Айтбай Әділ Нұржанұлы,
Беккожаев
Маргелан Рашидович –
Бекқожа Марғұлан Рашидұлы,
Нурлан Шынгысхан
Айдосулы –
Нұрлан Шыңғысхан;
Қайратова Мерейлім Кайратовна –
Қайрат
Мерейлім,
Абдрахманова Дана Дархановна –
Дархан Дана,
Джумагалиева
Айғаным Еркенқызы –
Еркенқызы Айғаным.
Құжаттардың рәсімделуі кезінде ер аты-жөнінің – 9 нұсқасы, әйел аты-
жөнінің – 7 нұсқасы қолданылған. Антропонимдердің тілдік қатысымдылығын
айқындау нәтижесінде қазақ тіліндегі есімдер саны артқандығы анықталды.
Дегенмен, қазақ антропонимиялық қорында шел тілдерден енген есімдер саны
да ұлғая түскен.
2017 жыл білім гранты иегерлері материалы негізінде кісі есімдері мен
тектері құрамы. Қазақстан Республикасының барлық аймақтары бойынша
тілдік материал ретінде 2017 жылғы
«Егемен Қазақстан» газетінде
жарияланған білім гранты иегерлерінің тізімі алынды. Аталған жылдағы
мектеп түлектері шамамен 1999-2000 жылы дүниеге келгендігін ескерсек,
олардың аты-жөндері жаңа ғасырдағы қазақ антропонимдерінің ерекшеліктерін
айқындауға септігін тигізеді деген пікірдеміз. Деректер бойынша жалпы саны –
28250 аты-жөні жинақталып талдау жасалынды. Оның 10860-ы – ер
антропонимдері болса, 17390-ы – әйел антропонимдері болды.
Достарыңызбен бөлісу: