БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
81
Мен нені
жақсы
істеймін?
Менің қолымнан не
келмейді?
Эмоциялар
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: карточкалар
Процесі:
Тренер белгілеген сезім мен эмоцияны шеңбер бойынша вербалды емес түрде, тек мимика мен
ым арқылы беру қажет. Бірінші оқушы тренерден белгілі бір эмоцияның көрінісін алады.
Басқа ойыншылар жасырынған эмоцияны көрмейді, өйткені олар көздерін жұмып отырады!
Тапсырманы алғаннан кейін бірінші ойыншы сол сезімді басқа
жолмен қалай жеткізуге
болатындығын шешеді, көршісін қолымен ұстайды және ол көзін ашқан кезде оған пантомима
арқылы сол сезімнің нұсқасын береді.
Осылайша, бастапқы ақпарат шеңбермен әртүрлі экспрессивті құралдар арқылы беріледі.
Ойнаған қатысушылар енді көздерін жұмбайды, олар бастапқы сезімнің қалай өзгергенін,
түсінбеушіліктің кесірінен «бүлінген телефон» жағдайының
қай жерде болғанын байқауға
мүмкіндік алады. Айналымнан өтіп, эстафета тренерге қайта келеді. Көбінесе осы уақыт
ішінде «махаббат» «жеккөрушілікке», ал «мейірімділік» «немқұрайлылыққа» айналады.
Ақырғы аккордтан кейін тренер соңғы қатысушыдан оның сезім нұсқасын қабылдап, содан
кейін
бастапқы бейнені өзі көрсетеді, сосын талқылау басталады. Эмоцияларды көрсеткен
кезде қиындық болса, топ ойыншылардың қайсысы және қандай себеппен «ақпараттық
тұйықталуға» әкеп соқтырғанын табуға тырысады.
Талқылау:
Дене қимылдары немесе мимика жағдайды түсінуге көмектескен
немесе кедергі келтірген
жағдайларды еске түсіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: