БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
80
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
Мақсаты: оқушыларды
өзін-өзі тану, эмоционалдық спектрді түсіну үдерісімен қызықтыру.
Қалаулы нәтиже: оқушылар эмоциялар мен сезімдер арасындағы айырмашылықты түсінеді;
оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдірудің маңыздылығы туралы біледі;
оқушылар
сезімдермен бөлісудің маңыздылығын түсінеді; оқушылар өздері үшін эмоцияларды дұрыс
көрсету және басқалардың эмоцияларымен өзара
әрекеттесу бойынша кеңестер
қалыптастырды.
29-сабақ
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым.
Ұғымдар: эмоция, сезім, аффект, көңіл-күй, уайымдау.
Мақсаты: келесі күйлерді және олардың қарқындылығын ажыратуды үйрену: эмоция, сезім,
аффект, көңіл-күй, уайымдау; эмоционалдық күйді өздігінен талдау дағдыларын бекіту.
Әдістері: жаттығулар, шағын дәріс, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істеу.
Ресурстар: оқушының жұмыс дәптері, «Сезімдер эстафетасы» жаттығуына арналған
карточкалар.
Достарыңызбен бөлісу: