І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет43/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   156
Әдебиеттер



  1. Серікқалиұлы З. Тектілік. «Қазақ әдебиеті», №10, 9.03.2001. – 4 б. 

  2. Сыздық Р. Асқардың сөз өрімі. Парасат падишасы. Асқар Сүлейменов туралы естелік кітап. - Алматы: Атамұра, 1998. – 336 б. 

  3. Сүлейменов А. Бесатар. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2009. – 352 б.



АДАЛДЫҚ КОНЦЕПТОСФЕРАСЫНДАҒЫ «ОПАСЫЗДЫҚ» КОНЦЕПТІСІ

Құрманбекова Б.Қ., магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: Балтабаева Ж.Қ., пед.ғ.д., проф.

Соңғы жылдары қазақ тіл білімінде «концепт» ұғымы тереңірек зерттеле бастағаны сыр емес. Мұны мынадан да байқауға болады, ғаламтордағы іздеу жүйесіне осы сөзді (қазақ тілінің грамматикалық бірліктерімен бірге) енгізе қалсақ, оның шығу тарихы мен зерттелу жайы, концепт және мағына, теориялық негіздері сияқты мәліметтер шыға келеді. Бірақ ол материалдардың қай-қайсысы болмасын, негізінен тәуелсіздік жылдарына тура келеді. Осы тақырыпқа жазылған мақалалардың ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зерттеушілері – Мамырбаева М.К., Есембекова Ш.Т., Абадилдаева Ш.К. жариялаған «Концепт және мағына» атты мақаласында біршама тұщымды пікірлер айтылған [1].


Мақала авторлары Отандық лингвокогнитологияда концепт пен сөздің лексикалық мағынасының арақатынасы әлі де өзекті екендігін айта келе, концепт терминіне берілген анықтамаларды сараптайды. Онда З.Д. Попова мен И.А.Стерниннің еңбектеріне сүйене отырып, концепт – адамның ойлау кодының басты бірлігі болып табылатын салыстырмалы түрде реттелген ішкі структурасы бар жеке тұлға мен қоғамның танымдық әрекетінің нәтижесін көрсететін әрі бейнеленіп отырған зат немесе құбылыс жөнінде кешенді, энциклопедиялық ақпаратты бойына жинаған, берілген ақпараттың қоғамдық санада интепретациялануы мен қоғамдық сананың құбылысқа не нысанға арақатысын бейнелейтін дискретті ментальдық бірлік деген анықтама беріледі [2].
Ал келесі бір материалда концепт термині екі түрлі бағытта зерттелетіні айтылады.
Семантикалық бағыт өз бастауын С.А.Аскольдов-Алексеевтің «Концепт и слово» деген еңбегіндегі тұжырымдардан алады. Ол бойынша, «концепт біздің ойлау әрекетіміз кезінде бір текті заттардың көпшілігін алмастыратын ойша жасалым (түзілім)». Д.С.Лихачев осы теорияның тұжырымдарын дамыта отырып, әрбір сөздің ғана емес, сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасының да концепті болатынын айтады. Ғалымның пікірінше, концепт мағынаның біз ауызша және жазбаша сөзжұмсам барысында пайдаланатын жиынтық көрінісін білдіреді. Сөздің көптеген сөздік мағыналарының қайсысын концепт алмастырып отырғаны әдетте контекстен, кейде жалпы ситуациядан түсініледі. Концепт тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды, сөздің сөздік мағынасы мен дамуының жеке және халық жинақтаған тәжірибесінің ұштасуы нәтижесінде жасалады.
Логикалық бағытты жақтаушылар (Ю.С.Степанов, Р.И.Павиленис тағы басқа) «ұғым» және «концепт» терминдерін ұқсастырады. Концепт ретінде әдетте жинақтаудың аса жоғары дәрежесінде болатын грамматикалық немесе семантикалық категория көрінеді. Ю.Степановтың анықтамасы бойынша, концепті ұғым сияқты, сонымен бір қатарда тұрған құбылыс, оны белгілі бір сөзге қатысты түсініктердің, ұғымдардың, білімдер мен ассоциациялардың, әр түрлі күйлердің «бумасы» деуге болады [3].
Қалай болғанда да, бұл терминнің өзін халықтың танымында ерекше мәнге ие болып келетін ұғымдардың қосарланған айқындауышы ретінде көп қолданады. Біздің айтатынымыз – қазақ тіліндегі «опасыздық» концептісі. Тілімізде бұл сөз тұрақсыздық, тұрлаусыздық, берік еместік, баянсыздық, қиянат, қаныпезерлік, оңбағандық, алдау, сатқындық, екіжүзділік, жауыздық, дұшпандық ұғымдарымен шектеседі де, семантикада адалдық, беріктік, тұрақтылық, ерлік; баяндылық, тазалық, шыншылдық; мейірімділік, шапағат ұғымдарына қарсы қойылады.
Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігінде аталған реестр былай сипатталған:
ОПАСЫЗДЫҚ 1. Сатқындық, екіжүзділік, оңбағандық. 2. Жауыздық, дұшпандық. | Опасыздық етті [жасады, қылды, істеді] — тұрлаусыздық істеді, алдады [4, 635-б.].
Ал Мемлекеттік тілді дамыту институтының ресми сайтындағы Қазақ тілінің электронды түсіндірме сөздігі опасыздық ұғымының қолданылу аясын мейлінше кеңірек ашып көрсетеді:


ОПАСЫЗДЫҚ

1. Сатқындық, екi жүздiлiк, оңбағандық. Мен сенен мұндай опасыздықты күтпеген едiм! (Хасенов).
2. Жауыздық, дұшпандық. Немiс фашист басқыншылары елiмiзге опасыздықпен шабуыл жасады (Ертiлесов). Опасыздық еттi (жасады, қылды, iстедi) тұрлаусыздық iстедi, алдады.

АЗҒЫН

1. Жақсы сападан жаман сапаға ауысқан, азып-тозған (нәсiл). Ат азғыны тайға ередi (Мақал).
2. Елге, жолдас-жораға опасыздық жасаған, сатқын (адам). Азғындардың көрсетуi бойынша жер-жерде қара тiзiмдер жасалды (Қайсенов).

БАСҚЫНШЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет