Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем



бет48/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Есімше арқылы жасалған мезгіл бағыныңқы
Құрмалас сойлемнің ең басты белгілерінің бірі - оның құрамының бірнеше предикативтік орталықтардан құралуы болды. Предикативтік ор-талықтардың бір-біріне қатынасы, байланысы кұрмалас сөйлем түрлерін анықтауда негізгі өлшем. Предикативтік сыңарларының байланыс, карым-қатынасына қарай тіл-тілде қүрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер деп боледі.
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда түркологияда екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бір көзқарас бойынша, оларды ажы-ратудың межедегі сыңарларының мағыналық к,арым-қатынасы: егер сыңарлары мағыналык жағынан бірі екіншісіне тәуелді болып, бағыныш-ты карым-катынаста жұмсалса, сабақтас құрмалас болады да, ал өзара тендік қатынаста жұмсалса, сыңар баяндауыштарының тиянақты-тиянақсыз тұлғаларда тұруына қарамастан, салалас кұрмаласқа жаткызылады. Онда біздің сабақтас құрмалас деп жүрген сөйлемдеріміздің кейбірі салаласқа жатады: Шай құйылып, ет асылып жатыр. Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Мүсірепов). Майбасар сәлемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді (Әусзов).
Екінші көзқарас бойынша, салалас пен са6актасты мағыналық белгілеріне қарай емес, түлғалық белгілерінс карай ажыратады. Егер предикатив сыңарларыиың бірінің (алдынғысының) баяндауышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып келіп, мағыналык жағынан ғана емес, тұлғалық жағынан да екінші сыңарына бағына байланысса, сабақтас кұрмалас болады да, ал баяндауыштары бір өнкей тиянақты тұлғада жұмсалса, сы-ңарларынын мағыналық қатынастарыньщ қандай екеніне қарамастан салалас құрмаласқа жатады. Қазақ тіл білімінде қазір соңғы көзқарасты басшылыққа алу біржола қалыптасты.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысының негізгі екі түрі бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Салаластық байланыс -грамматикалык түрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік түлғалардың арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі салаластық байланыс предикатив сыңарларынын баяндауыш түлғаларының тиянақтылығымен сипатталады. Жүріп келе жатқан жолдарында шаң жоқ, тұтас, тығыз аласа кок бетеге, жасыл шалғын бар (Әуезов).
Жоғарыдағы кұрмалас сөйлемнің предикативтік сыңарлары екеуінің де баяндауыштары тиянақты тұлғада тұр: "жоқ", "бар".
Салаластық байланыс жай сөйлем ішінде бірыңғай мүшелердің арасында орын алады. Сонымен қатар жеке сөйлемдердің арасында да бола алады. Мысалы: Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуратып күз өтті. Үсті-басы қырауытып, қылышын сүйретіп, шықыр-шықыр етіп қыс келді (Аймауытов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет