ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢАРУЫНЫҢ БҮГІНГІСІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ Тәуслсіздіктің көк Туы көгімізде желбірегелі бері санамызда да бір жаңғыру белең алды.
Ол бүгінгі күні білім берудің бағыты мен мақсаты, міндеті мен талабының түбегейлі өзгеруінде. Тәуелсіз еліміз осындай әлемдік өзгерістер үрдісінен қалып қоймауы үшін білім берудің жаңа дүниежүзілік әдістәсілдерін меңгеруге, халықаралық стандартқа сай оқуға ерекше коңіл бөліп отырғаны белгілі.
Осымен бірге, қазіргі жагдайда жастарды тәрбиелеу мәселесі ең күрделі әлеуметтік мәселе қатарына еңгізіліп отыр.
Себебі, болашақ жас мамаыдар білім алған ордасынан жоғары білімді, сапалы кәсіп иесі болумен қатар, қазіргі уақыттың қажеттілігінен туындайтып барлық іскерлік, тапқырлық, жаңашылдық қасиеттерді де терең игерген өз елінің азаматы, белсенді өмірлік бағыт ұстаған лидер болып шығуы тиіс.
Бірақ, тәрбие жұмыстарының маңызын белгілі бір өлшеммен бағалау мүмкін емес, өйткені, ол көп қырлы, әр түрлі, өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан, бүгінгі күні тәрбие жұмысына жоғары оқу орнының барлык желісі қатысып, әрқайсысы өз үлесін қосып, жүйелі түрде бір мақсатта кұрылған тәрбие процесін ұйымдастырып, дамыту қажеттігі туып отыр.
Сонымен қорыта келгенде, бүгінгі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы «Тәрбие жұмысын жетілдіру, ұлтымыздың мәдени-тарихын, жалпы азаматтық, адамгершілік-рухани байлығын, элемдік мәдени мұрамен сабақтастығын сақтай отырып, оқу мен тәрбис процестерінің бірлігін қамтамасыз ету» (1)
Осындай негізде «жоғары оку орындарында ұйымдастырылған тәрбие процесін жүйелі түрде қүрылған деп атауға болатындығын және тәрбиелік жүйенің немесе жүйенің тәрбиеде бар екенін білдіреді» (2) т.б. Қазіргі экономикалық жағдайдағы жаңа тәрбиелік жүйе қызметі, жеке тұлғаның жоғарғы деңгейдегі даму факторы екенін уақыт дәлелдеп отырғандықтан институтта өткізілген "Әлеуметтік-экономикалық жағдайда жоғары оку орындарының тәрбие процесі: Тәрбиеің жаңа-рухының бүгінгісі және болашағы" атты тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинардың басты көздеген мақсаты:
1.Тәрбие процесінің дамуы мен жаңаруының жолдары
және оны ұйымдастырудың инновациялық бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.
2.Тәрбиенің жаңа жүйесін ендіру мақсатындағы іс-шараларды институттың және студенттер құрамының ерекшелігіне сай ұйымдастыру.
3.Ауыл мектептерінің ерекшелігіне сай әдістемелік-тәрбие жүйелерін ұйымдастыру.
4.Халық педагогикасына негізделген тәрбие жүйесінің
тиімді тәсілдерін қолдану.
5.Жүйелі тәрбиенің озык үлгілерінің тиімділігін арттыру мақсатында, тәрбие әдістемелік орталықтар құру.
6.Тәрбиенің жаңа жүйесінің жобасын жасау және оны мемлекеттік тілде жетілдіру болды.
Дегенмен, мұндай мәселені жүйелі шешуде арнайы бағытталған, бүгінгі күннің талабына сай өте нәтижелі құрылған бағдарламалар қажет екенін уакыт көрсетіп отыр.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты жүйе дәуіріндегі ерекше негізгі оқу орындарының бірі - бұл біздің мектебіміздің бір бөлшегі. Ол соғыс жылдарында Ыбырай Алтынсариннің қазак қыздарының білім алу мүмкіншілігі мақсатымен кұрылғаннан бері, институт қабырғасында тек қана болашақ педагогтар емес, болашақ жұбайлар мен аналар да білім алуда.
Сондықтан, олардың білімі және тәрбиесімен қалыптасқан принциптерінен және көзғарастарынан қазақ әйелдер интеллигенциясы меп болашақ біздің ұлтымыздың көзқарасы калыптасатындығына институт ұжымы ерекше көңіл бөліп отыр.
Қыздар педагогика институтында оқу тәрбие процесінің жаңару жолдарын жоғары деңгейге көтеру жөне жетілдіру мақсатында, 1999-2000 оқу жылдарынан бастап жаңа бағыт-бағдарламалар еңгізіле бастады.
Атап айтқанда, 2000 жыл мәдениетті қолдау жылы деп аталуына байланысты, қыздар педагогика институтында 2000 жылдың 15 сәуірінде түңғыш рет студенттердің "Ғылыми-практикалық симпозиумы" өткізілді.
Симпозиумда жинақталып көрсетілген материалдар көбінесе казақ қыздарының мамандықтары бойынша білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды келешекте өнегелі, әдепті әйел-ана, ортасында рухани-мәдениеті жоғары маман болуға тәрбиелейтін көрнекті әдістерді ұсынды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында «Қазақстандағы салауатты Университеттер» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бағдарлама мақсаты денсаулык пен мәдениеттілікті оқу-тәрбие жоспарына енгізіп, институттың даму жолында іске асыру.
«Қазақстандағы салауатты Университтер» бағдарламасын алға тарта отырып, студенттердің денсаулық саласындағы білімінің артқанын, аурудың алдын алуға бейімделгенін, жағымсыз заттарды пайдалануға деген көзқарастың өзгергенін байкадық. Сондай-ақ, денсаулық көрсеткіштерін сақтап, студенттер мен профессор-педагогикалық құрамы өткізілген түрлі спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір сүру жүйесін нығайта түсті.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты бұл бағдарламаға аса жоғары ынтамен ат салысып отыр (оған дәлел: түрлі марапат, мақтаулар). Институтта 2002 жылы 17-18 қыркүйекте тұңғыш рет «Қазақстандағы салауатты Универеиттер» деген атпен өткен Халықаралық және республикалық ғылыми-пракгикалық конференциялардың тәрбиелік мәні мен тамымдык ролі зор болды.
Қазақстан Республікасы Білім және ғылым министірлігінің ЖОО-ның білім беру үрдісіне «Өзін-өзі тану» атгы оқу бағдардамасын еңгізу туралы № 330 бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты тәжірибе өткізудің орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік орталығы болып белгіленді. Бұл жаңа білім жобасының авторы еліміздің бірінші ханымы - Сара Алпысқызы Назарбаева.
Бағдарлама бойынша «Өзін-өзі тану» курсын республика ЖОО-ның оқу үрдісіне ендіруге байланысты тәрбиелік әдістеме іс-тәжірибелері ұйымдастырылып өткізілуде:
- 2002 жылдың 7-8 карашасында Республикалық «Бөбек» орталығының базасында П-ші республикалық семинар;
- Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2002 жылдың 14-16 қарашасында жеке ұүлғаның
рухани-адамгершілігін дамытуға байланысты «Өзін-өзі тану -
ЖОО-да оқу пәні» атты үш күндік семинар;
- 2003 жылдың 6-9 каңтар аралығыида «Өзін-өзі тану»
пәнін оқытудыц ғылыми-өдістемелік негіздері" атты Республикалықгьглыми-практикалык, семилар откізілді.
Институг Ғылыми кеңесінің 1999 жыл 5 қыркүйектегі шешімі негіздерінде «Қазақ Ханымы» ЖОО компоненті деп аталатын оқу бағдарламасы бірнеше жылдан бері оқу-тәрбие процесінде қолданылып келеді.
Тәрбиелік жүйенің тікелей көрінісі бағдарламаның «Патриоттық, азаматтық және рухани-адамгершілік» деп аталатьн көлемі кең үшінші блогында орын алған. Үшінші блоктың кұрамында міндетті түрде адамгершілік пен тәннің, діннің тазалығы, өзіндік тәрбие, қарым-қатынас этикеті, сұлулық тану, отантану, отбасы тәрбиесінің теориясы мсн технологиясы және «Аэрофитнесс» атты пәндер негізінде студенттерді жүйелі тәрбиемен баулитын мамандықтар қамтылған. Институтта ұйымдастырылып өткізілген «Томирис Ханшайымы» атты «Фитнесс-аэробика фестиваліне 22 жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты».
Бұл бағдарлама сынақтан табысты өтіп, ЖОО-да өзінің жоғарғы тиімділігімен және жеке адамды жан-жақты калыптастыруға ықпал етуінің тәтижесімен дәлелденуде.
Студенттер фестиваль шеңберінде өтетін «Қыздар болашақтың арайлы таңы» атты Қазақ ханымы ЖОО компонептінің есеп беру байкауы 2002 жылдын 10-12 сәуірінде өтті.
Байкаудың негізгі мақсаты:
- «Қазақ ханымы ЖОО компоненті» пәндерінің тәрбиелік маңыздылығы, тиімділігін жақсартудағы рөлін арттыру;
қазақ аруларының бойына Қазақстандық патриотизмді ұялату, азаматтык болмысты калыптастыру, рухани иманды
тұлғаны тәрбиелеу;
жаңа идеялармен ең қымбат адами асыл мінездері бойынша жинаған Қазақстанның әйелдер интеллигенциясын жасақтау;
- жаңаша ойлайтын, жан-жақты дамыған, жаңа ғасыр сұранысына жауап беретін кәсіби жас мамандарды тәрбиелеу.
«Қазақ ханымы ЖОО компоненті» жаңашыл бағдарламаны оқып, үйрену барысында студенттердін іс-жузінде игерген әдіс-тәсідері өткізілген байқаудың қорытындысында жоғары дәрежеде көрінді. Осы бағдарламаны меңгеруде, кол жеткен жетістіктерде оқу-тәрбие жұмысында өркендету, алдағы койылған негізгі мақсаттың бірі екеңдігін уакыт пен тәжірибе көрсетіп отыр.
Жыл сайын институт оқьггушылары мен студенттердің шығармашылык бірлестігінде «Қыздар көктемі» атты көркем-өнерпаздар байқауы өткізіледі.
Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай Майра Уәлиқызы атындағы (2001ж.) I және (2003 ж.) II Халыкаралық әншілер конкурсы өткізілді. Бұл конкурстың әдеби-көркем, тарихи-танымдық және ғылыми-әдістемелік материалдары «Майра және өнер» атты жинакта жарыққа шықты.
Осыдан он жыл бұрын музыка факультетінде «Өнер жастан» деп аталатын музыка отауы шаңырақ көтеріп, алғашқы шымылдығын Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсымен ашқан болатын.
«Өнер жастан» опера театры 10 жыл ішнде «Қьгз Жібек»спектаклінен баска, «Біржан Сара», Абайдың 150 жылдығына арнап «Абай» операсын сахнаға шығарды.
«Өнер жастан» опера театрының болашақтағы мақсаты — жастарды классикалық музыка мұраларымел терең таныстыру: өнерпаз жастарға кеңінен жол ашып, олардың бойындағы өнерді көпшілікке таныту; халықтық жәнсе қазақ композиторларының әндерін кеңінен насихаттау, әлемдік классикага айналғак музыка мұраларымен студентердің жан дүниесін рухани байыту болмак.
Тәрбис процесінің бағытында өткізілген іс-шаралар тұрақты бұқаралық ақпарат құралдары радио, телеарналар, халықаралық журналдар, газеттерде («Қазакстан», «Ақшам», «Рахат», «Казахстанская правда», «Спорт», «Столичное образование» т.б.) хабарлар ұйымдастырылды.
«Ақжүніс», «Бабье царство», «Азамат»- теле ток-шоу және Хабар агеніттігінің «Бірінші байлық...», «Айгерім», «Алтыбақаң", «Мың бір мақал, жүз бір жұмбак» телеарналармен тікелей байланыста болып, студенттер мен педагогтар тұрақты катысып жүр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030». «Барлық қазақстандыктардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бағытында келесі ақпарат құралдары аркылы («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ғылым», «Жас алаш», «Дала», «Қазақстан әйелдері», «Алматы-деловая столица» т.б.көптеген басылымдар жарыкқа шыкты.
Студептгік ғылыми үйірме мүшелерінің мақалалары келесі баспасөз беттерінде жарияланды:
4 курс студенті Р.Ұзақованың «Мемлекет мәйегі - ана
тілі» мақаласы «Дала» журналы, № 3, 2002 ж.
1 курс студенті Л.Нұрпеисованың «Жетімдерді жылатпаған алтын орда» мақаласы «Жас алаш» газеті, № 24, 26/02 ж.
3. 4 курс студенті А.Қалиолданованың мақаласы «Тілімізді, ұрпақ аяла», «Ана тілі» газеті, 3 караша 2001 ж. т.б.
Сонымен қорыта келгенде, біліктілігі жоғары мамандар дайындау дегеніміз — жақсы жолға қойылған оқыту жүйесі ғана емес, тәрбие жұмыстарын да дұрыс ұйымдастыру мен студентердің өз күштерін іске асыруға мүмкіндік беру және бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру. 1.Әлмұхамбетов Б.А. Жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда шағын комплектілі мектептің түйінді мәселері жөне дамуы. («Бастауыш мектеп», № 77, 2002, 23 бет).
2.Шамова Т.И. Управление образовательными системами: Учеб.пособие для студентов высш. учеб. завсдения. М.: ВЛАДОС, 2001-320 ст.).
3. «Қыз өссе - елдің көркі» студенттер симпозиумында тыңдалған баяндамалар жинағы. 15 сәуір. Алматы, 2001 ж.).
Ш.Б.Кульманова