Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Асинхронды жиырылу фазасы (АС) – ЭКГ Q тісшесінің басынан ФКГ I тонының бірінші үлкен тербелісіне дейін (Q-I тон)



бет21/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
1. Асинхронды жиырылу фазасы (АС) – ЭКГ Q тісшесінің басынан ФКГ I тонының бірінші үлкен тербелісіне дейін (Q-I тон).
2. Изоволюмдік (изометриялық) жиырылу фазасы (1С) – бірінші тонның жоғары жиілікті компонентінің басынан ұйқы артериясының сфигмограммасының көтерілуінің басына дейін немесе жиырылу кезеңі мен асинхронды фаза арасындағы айырмашылық.
3. Ширығу кезеңі (Т) – ЭКГ Q тісшесінің басынан ұйқы артериясының сфигмограммасының қисық сызығының көтерілуінің басына дейін, импульстік толқынның жүректен ұйқы артериясына дейін кешігу уақытын алып тастағанда. (II тон – каротид пульс incisura: II тон – I).
4. Айдау кезеңі (Е) – ұйқы артериясының сфигмограмма қисығының көтерілуінің басынан оның инцизурасының ең терең нүктесіне дейін.
5. Механикалық систола – изометриялық жиырылу фазасы мен айдау кезеңінің қосындысы.
6. Толық систола – ширығу пен айдау кезеңдерінің қосындысы.
7. Протодиастолалық интервал – ФКГ II тонының ең үлкен тербелісінен ұйқы артериясының сфигмограммасында инцизураның ең терең нүктесіне дейін. Электрокардиография (ЭКГ)

19. Жүрек қызметін реттеу механизмдерінің жіктелуі. Жүрек қызметін реттеудің интракардиалды механизмдері.


Жауап:Жүрек қызметі бір-бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда жасуша ішінде (интрацелліолярлық) жүрек ішінде (интракардиялык) және жүректен тыс (экстракардиялық) реттелу тетіктері озара үйлесім тапқан. Интракардиялық реттелу. Жүрек еті арасында көптеген метасимпатикалық жүйке жүйесіне жататын интрамуральдык нейрондар бар. Олардың қызметі де әртүрлі. Осыған орай олар сезімтал, аралық, қозғалтқыш, тежеуші нейрондар болып бөлінеді. Сезімтал нейрондардың ұшында орналасқан рецепторлар жүрек етіндегі механикалық және жүрек қуысындағы гидродинамикалық өзгерістерді қабылдап
аралык нейрондарға, сонан соң қозғалтқыш нейрондарға жеткізіп отырады, сөйтіп рефлекс арқылы жүрек қызметінде өзгерістер тудырады. Аралық нейрондар арасында тежеуші нейрондар бар. Қозғатқыш нейрон талшықтары өз ұшынан ацетилхолин не норадреналин медиаторларын бөліп отырады. Ацетилхолин жүрек қызметін әлсіретіп, соғуын сиретсе, норадреналин медиаторлары керісінше, жүрек соғуын жеделдетеді.Жүректің осы дербес жүйке жүйесі оның бөлімдері қызметінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Мәселен, денеден оқшау шығарып бөліп алынған жүректің сол қарынша сынан қолқаға шығарылатын қанның мөлшері оң жүрекшедегі қан көлеміндей болады, жүрек етінің созылу деңгейін сол қарыншаға жүрек ішіндегі жүйке жүйесі хабарлайды. Қолқадағы қан қысымы жоғары болса, жүрек қанға толып, оң жүрекшеге қан әкелетін тамырлар кернеліп тұрса да сол қарыншаның қолқаға шығаратын қан көлемі азаюы мүмкін. Керісінше қолқада қан қысымы төмендесе қарынша қатты жиырылып, ішіндегі қанды үлкен күшпен айдайды, сөйтіп, қолқадағы қан қысымын жоғарылатады. Демек, жүрек бөлімдері қызметін өзара үйлестіретін ондағы нейрондар тобының рефлекстік қызметі.

20. Парасимпатикалық және симпатикалық нервтер мен олардың медиаторларының жүрек жұмысына әсерін сипаттау: негізгі әсерлер және олардың механизмдері. Кальций арналары мен жасушаішілік механизмдердің рөлі.


Жауап:Орталық жүйке жүйесі жүрекке өзінің бір бөлігі вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді . Ол – қос нейронды жүйе екені белгілі.Олардың біреуі орталық жүйке жүйесінде, ал екіншісі мидан тыс шеткі тораптарда (ганглийлерде) орналасқан. Алғашқы нейрон өсіндісі үзын преганглийлік, ал екінші нейрон өсіндісі постганглийлік жүйке деп аталады. Соңғысы белгілі бір ағзаға, жүрекке барып тарамдалады. Бұлар жүрек етімен және онын арасындағы ганглийлердің эфференттік нейрондарымен түйіспе құрады.
Сөйтіп, парасимпатикалық және симпатикалық жүйке жүйесі жүрекке өз ықпалын жүрек ішіндегі нейрондар арқылы да жүргізеді.
Жүрек қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейроны сопақша мида, ал екінші нейроны жүрек тініндегі, яғни интрамуральдық ганглийде орналасқан, демек соңғы аталған нейронның постганглийлік өсіндісі өте қысқа болады. Оң жақтағы кезеген жүйке жүректің синоатриальдық түйінінде, миокардта, коронарлық қан тамырларға тарамдалған, ал сол жақтағы кезеген жүйке жүрекше мен қарынша аралығындағы атриовентрикулярлық түйінге дейін жетеді.
Жүректің симпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейрондары жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасқан. Бұлардың преганглийлік жүйкесі жұлдыз тәрізді ганглийге жетеді, ал постганглийлік симпатикалық жүйке жүректегі метасимпатикалық нейрондар арқылы қарынша миоциттеріне әсер етеді. Кезеген жүйке ұшынан ацетилхолин медиаторы, ал симпатикалық постганглийлік жүйке ұшынан норадреналин медиаторы бөлінеді. Кезеген жүйкенің жүрекке әсерін 1845
жылы ағайынды Э. және Г. Веберлер ашты. Олар үй қоянының мой-
нында орналасқан кезеген жүйкені кесіп, оның ұшын электр тоғымен
тітіркендірген, осы кезде жүректің соғуы сиреп, жиырылу күші әлсіреген. Бұл жүйкені ұзақ уақыт қатты тітіркендірсе, жүрек диастола кезінде тоқтап қалатыны байқалған. Сөйтіп, кезеген жүйке жүрек қызметін тежейтін жүйке екені дәлелденді.
Кезеген жүйкенің әсерінен жүректің автоматия қасиеті төмендейді,
яғни жүрек соғуы сирейді. Осы сәтте әрекет потенциалының диасто-
лалық деполяризациясы ұзарады. Осыны хронотроптық теріс әсер
деп атайды. Сондай-ақ жүректің қозу қабілеті де төмендейді, яғни
батмотроптық теріс әсер туады. Осыған орай жүрек еті қозу табалды-
рығынан жоғары күшке ғана жауап береді.
Кезеген жүйкенің әсерінен жүректің жиырылу күші (сызықтық
амплитудасы) төмендейді, яғни жүрек әлсірейді. Бұны теріс инот-
ропты әсер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет