тіркестіру түрі өте көп.
Оның ішінде көмекші етістік негізінде жасалған құранды етістіктердің көнерген
түрі ерекше мәнге ие. Терминологиялық лексика құрамындағы көп құрамды
терминдердің едәуір бөлігі атаулық тіркестер мен күрделі сөздер болып келеді.
Бір топ ғалымдар (Ә. Аблақов, С. Исаев, Е. Ағманов) номинативті
тіркестердің заттың атауы ретінде қалыптасқанын айтады. «Атаулық
(номинативтік) тіркестер – бір жағынан еркін тіркестер, яғни сөз тіркестерімен,
екінші жағынан, біріккен, кіріккен сондай-ақ күрделі сөздер аралығындағы
тіркестер, басқаша айтқанда, тұрақталған атаулар, сондықтан да бұлар сөз
тіркесінің қатарына жатпайды. Бұл тәрізді тіркестер ғасырлар бойы қолданудың
барысында синтаксистік қатынасы жағынан солғындап, бір заттың (ұғымның)
атауы ретінде тұрақталған» [116, 6 б.].
Көне түркі кезеңінен бері қолданылып келе жатқан күрделі етістіктің
дамуы жөнінде Кенен Коч былай дейді: «Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын
аналитикалық формалар мен күрделі етістіктің қалыптасу негізі бір негізден
басталған. Екі компонентті етістікті күрделі етістіктер мен етістіктердің
аналитикалық формасының пайдалана бастауына көсемше ұйытқы болса,
құранды күрделі етістіктің қалыптасуына етістіктің семантикалық шеңбері мен
қолданылуының жиілігі себепші болады. Құрама күрделі етістіктердің даму
жолы да, мағынасы да, екі компоненті етістіктен болған күрделі етістіктерден
басқа жолмен қалыптасқан. Себебі, олардың бір компоненті есім сөздер болады
да, екіншісі көмекші етістіктер» [117, 87 б.].
Күрделі етістік жайлы қазақ ғалымдарының пікірі әртүрлі. Ғалым С. Исаев:
«күрделі етістік деген ұғымға негізгі етістік пен көмекші (лексикалық
мағынасынан
айрылған)
етістіктің
тіркесі
және
етістіктің
белгілі
грамматикалық категориясының көрсеткіші бола алатын түрі ғана жатады деп
білеміз. Негізгі етістік көбінесе көсемше, есімше және рай (шартты, қалау)
тұлғаларында болып, көмекші етістік етістіктің таза грамматикалық
категориясының бірінде (рай, шақ) тұрып қолданылады да, негізгі етістікке
әртүрлі грамматикалық мағына үстейді» [118, 252 б.], − дейді.
Ғалым Н. Оралбаеваның пікірінше, құрамында көмекші етістігі бар
тіркестер
құранды етістік болады. Бұларда күрделі етістіктердің
сыңарларындағыдай толық мағына болмайды. Оған мысал ретінде
қызмет ет, құрмет ет, адам бол дегенді келтіреді. Құранды етістіктерді күрделі етістіктің
заңдылығына бағынбайтынын айтып түсіндіреді де, құранды етістікті күрделі
етістіктердің қатарына жатқызады [119, 23 б.].
Байқағанымыздай, ғалымдардың айтып жүрген негізгі және көмекші
етістіктен тұратын күрделі етістікті ғалым Н. Оралбаева күрделі етістіктің бір
түрі – құранды етістіктер деп санайды.
86
Біз де ғалым пікірін қуаттай отырып, өз зерттеуімізде көнерген
аталымдардың қатысуымен көмекші етістіктер арқылы жасалған етістікті
тіркестерді