139
целлюлозаларға бай және ол сүректенбейді. Созылып ӛскен
ағашта қалыпты
ағашпен салыстырғанда целлюлозамен күлдің жалпы құрамы жоғары, ал
лигнин мен гемицеллюлозаның құрамы тӛмен.
Қалыпты ағашпен салыстырғанда созылып ӛскен ағаштың тығыздығы
шамамен 10...30%-ға жоғары және талшықты бойлай кептіру 2 есе кӛп, бірақ
талшықтың бойлай кебуінің тӛмендеуі қисық ағашпен салыстырғанда аз.
Талшықты бойлай қысу кезінде қалыпты ағашпен
салыстырғанда созылып
ӛскен ағаштың беріктілігі тӛмен, созу кезінде беріктілігі мен соғу тұтқырлығы
жоғары болады.
Созылып ӛскен ағаш мүктілік пен түктілік беттің жасалуына алып келетін
кесілген материалдың механикалық ӛңдеуін күрделендіреді. Талшықты бӛліп
кесу кезінде араның қуысы бітеледі және аралау процесі баяулайды.
3. Тұрақсыз анатомиялық құрылым.
Жалған ядро. Жалпақ жапырақты тұқымдағы ағаштың күңгірт боялған
ішкі аумағы осылай аталады (қайың, емен, үйеңкі, қандыағаш және т.б.). Әдетте
жалған ядроның шегі жылдық сақинамен жараспайды. Шел қабықтан ол жиі
қараңғы, әрі сирек жарық (мысалы, қайыңда) әдіппен бӛлініп тұрады.
Жалған ядро қоңыр немесе қызғылт қоңыр түспен кейде қызғылт, күлгін
және қошқыл-жасыл түрде
боялатын дӛңгелекті (доғал), жұлдызшалы және
қалақты ядроға бӛлінеді. Ядро бӛліктерге бӛлетін күңгірт әдіп кездеседі.
Бойлық қимада бір немесе бірнеше түстердің кең сызықтары кӛрінеді.
Ақаудың пайда болу себебі саңырауқұлақтардың ықпалынан, ағаштың
жара реакциясынан, қатты
аяздың әсерінен, болуы мүмкін.
Дӛңгелек ағаш материалында жалған ядро шеңбердің ең аз диаметрі
бойынша ӛлшенеді; фанерлік шикізатта (кесіндеде) ақаудан перифериялық
аумаққа дейін ең аз еркін енімен ӛлшейді. Кесілген ӛнімде және шпонда
ақаулары бар аумақтың ӛлшемдері ӛлшенбейді.
6.16-сурет. Жалған ядроның түрлері:
а – дӛңгелекті;
б – қалақты;
в – жұлдызшалы
140
Жалған ядро
ағаштың сыртқы бейнесін
нашарлатады. Бұл аралықтың ӛткізгіші тӛмен,
талшық бойымен созылуы қатты, соққыға
тұтқыр. Жалған ядросы бар ағаштың иілуге
қабілеті нашарлайды. Қайыңның жалған ядросы
оңай жарылады. Әдетте жалған ядроның шіруге
тӛзімділігі шел қабықтан асып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: