138
Қисық трахеидтердің кӛлденең қимада дӛңгелек пішіні болады; ірі тор
аралық кеңістік қалады. Қабырғаның қалыңдығы қалыпты трахеидтің
қабырғасынан 2 есе үлкен. S
3
(1.7-сурет) қабат қабырғада болмайды, ал S
2
қабатта микрофибрилді кӛлбеу 45
0
яғни қалыптыдан анағұрлым үлкен. Бұл
бойлық микрокесуде кӛлбеу жарықшақтармен байқалады. Қисаю аймағында
сонымен қатар, басқа да тес ӛскіш бӛліктерде трахеидтің ұзындығы қалыпты
ағаштардың қарағанда 10...40% - ға кіші.
Қисық ағаштарда целлюлозаның құрамы шамамен 10% -ға тӛмендейді, ал
лигнинің құрамы артады. Талшықты бойлай қысу және статистикалық ию
кезінде оның тығыздығы, кӛлденең қаттылығы мен беріктілігі артады, бірақ
созу кезінде беріктілік шегі мен соғу тұтқырлығы тӛмендейді. Талшықты
кӛлденең қысу кезінде қозғалыс модулі мен серпімділік модулі артады, ал
бойлай қысу кезінде серпімділік модулі азаяды.
Қисық ағаштағы талшықтың бойлай кебуі қалыпты ағаштан қарағанда 2
есе аз, бірақ талшықтың бойлай (микрофибрил кӛлбеуінің үлкен бұрыш
салдарынан) кебуі анағұрлым артады (10 есе не одан да кӛп). Бұл кесілген
ӛнімнің бойлық қисаю мен жарылуына алып келеді.
Қисық ағаштың гигроскопиялық (ылғал тартқыштық) шегі тӛмен; ӛлшемі
кішкентай трахеид қуысы мен жиекті кеуекпен байланысты, газ бен
сұйықтыққа арналған ағаштың ӛткізгіштігі тӛмендейді; су сіңіруі азаяды.
Баланста қисаюдың болуы таза химиялық целлюлозаның шығуы азайтады,
сонымен қатар оны ағартуға кеткен шығын артады. Қисаю салдарынан қағаз
ӛндірісінде қолданылатын ағаш массасының сапасы тӛмендейді және тақтайды
кӛлденең кесу кезінде ара қысылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: