Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет81/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

6.4 Ағаш қҧрылымының ақауы 
 
Осы топтағы барлық ақауларды 7 топқа бӛлуге болады. 
1. Талшық пен жылдық қабаттың дұрыс орналасуы
Талшық кӛлбеуі. Талшықтың сортименттің бойлық ӛсінен (белағаш) 
ауытқуы барлық тұқымдарда кездеседі. Дӛңгелек ағаш материалында кӛлбеу 
табиғи спиральді талшықтың орналасуымен қамтамасыз етілген; бағыт 
бойынша немесе тамырланған сортименттегі бұрандалы жарық бойынша 
кӛлденең бетте жыртылған қабық пайда болады (6.12,а-сурет). Кесілген ӛнімде 
және шпонда бұл ақаудың екі түрі бар: тангенциалды және радиалды кӛлбеу. 
Тангенциалды кӛлбеу тангенциалды қимада шайырлы жүрістің, түтікшенің, ӛзек 
сәулелерінің, жарықтың сортименттің бойлық осінен ауытқу бағытынан пайда 
болады (6.12,б-сурет). 
6.12-сурет. Талшық кӛлбеуінің түрлері және оны ӛлшеу тәсілдері: 
а – дӛңгелек ағаш материалының тангенциальды кӛлбеуі;
б,в – кесілген ӛнімдегі талшықтың радиалды және тангенциальды кӛлбеуі. 
Егер кӛрсетілген белгілер жеткілікті анық болмаса, онда белгіні жіңішке 
сызықпен сызу керек, ӛткір инструментпен немесе талшықты жаруға 
болмайды: белгінің сортименттің бойлық осінен ауытқуы немесе тегіс емес 
бетте радиалды жарылу ақаудың болуын кӛрсетеді. 


135 
Кесілген материалдың тангетальды бетіндегі талшық кӛлбеуі ағаш діңінде 
орналасқан спиральді талшықпен байланыспауы мүмкін, бірақ тік-талшықты 
тақтайды (білеу) кішкентай детальдарға кесу бұрышын сортименттің бойлық 
осіне қарай аралағанда байда болады. Осындай ақаудың табиғи талшық 
тангенциалының кӛлбеуінен айырмашылығы талшық кӛлбеуінің бірдей 
бұрыштары сортименттің қарама-қарсы жағында болады. 
Кесілген материалдың бетіндегі жылдық қабаттарды радиалды түрде 
немесе оған ұқсастырып қайта кесу кезінде талшықтың радиальды кӛлбеуі 
байқалады. Қисық, сүйірленген және діңі ұлғайған бӛренені кесу кезінде 
талшықтың кӛлбеуінің (ескі терминология бойынша жасанды қиғаш қабат) 
айтылмыш түрлері алынады. Егер араның кескіші бӛрененің бойлық осіне 
параллель болса, демек кесілген материалдың радиалды бетіндегі жылдық 
қабаттар мен талшықтары сортименттің қырына бұрышпен кӛрсетіледі (6.12,в-
сурет). Бұл жағдайда кесілген материалдың тангенциалды бетіне және аршыл-
ған шпонға жылдық қабаттың шегі жақын орналасқаны кӛрінеді. 
Дӛңгелек ағаш материалының талшық кӛлбеуі бүйір беттегі ерекше типті 
жердегі ақауларды есептейді, талшықтың сортименттің параллель бойлық 
осінің сызығынан 1 м-ге ауытқуы пайызбен немесе сантиметрмен кӛрсетіледі. 
Түбіртек бӛрененің талшық кӛлбеуі тӛменгі кӛлденеңнен 1 м бос жер қалдыра 
отырып есептелінеді. Ақауды жоғарғы бетте h (6.12,а-сурет) хорда бойынша 
сантиметрмен немесе кӛлденең диаметрін бӛліктермен ӛлшеуге болады. 
Кесілген ӛнімде талшық кӛлбеуі сортименттің екі есе енінен аз емес h-тың 
ұзындыққа L ауытқуын (6.12,б, в-сурет) ӛлшейді (осы бӛліктің бойлық осі 
бойымен ұзындықтан пайызбен). 
Тангенциальды кӛлбеу кесілген ӛнімде қалай ӛлшенеді, шпонда да солай 
ӛлшенеді, ал радиальды кӛлбеу қабаттары тығыз жерде орналасқан 
тангенциальды беттің ұзындығы 100 мм жолда есептейтін жылдық қабаттардың 
оташа ені бойынша ӛлшенеді. 
Талшықтың кӛлбеуі неғұрлым кӛп болса, соғұрлым ағаштың беріктілігі 
қатты тӛмендейді. Талшықтың бойлай созылуы кезінде беріктіліктің кӛбірек 
тӛмендеуі байқалады, статистикалық иілу кезінде беріктіліктің айтарлықтай 
тӛмендеуі байқалады; талшықты бойлай қысу кезінде ақау беріктілікке аз әсер 
кӛрсетеді. Н.И. Леонтьев деректері бойынша талшықты 3% -ға бойлай қысу 
кезінде, 11%-ға статистикалық ию кезінде және 14%-ға созу кезінде талшықтың 
кӛлбеуі 12% тең болса, онда қарағайдың беріктілік шегі тӛмендейді. 
Талшықтың кӛлбеуін арттыру кезінде әсіресе талшықты бойлай қысу кезінде 
серпімділік модуліде айтарлықтай тӛмендейді. 
Талшықтың кӛлбеуі бойлық бағытта сортименттің кебуін арттырады және 
кесілген материалдың бұрандалы қисықтың пайда болу себебі мен бағананың 
айналуында жұмыс жасайды (қайқаю). Одан басқа, талшықтың кӛлбеуі ағашты 
механикалық ӛңдеуін қиындатады әрі оның қабілетін бүгіліске тӛмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет