Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет37/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
қарыны уілдеп қоя берді. Қашқын қурай бастаған қатқыл көктің 
үстіне шалқасынан түсіп көзін жұмды. Жүдеген жүйкесі босап, 
қол-аяғы жансыздай салбырап, дел-сал, қамсыз халге түсті. 
Көзі жұмулы жатып, көгілдір аспанды, ақбас Талғарды көрді. 
Көкірегінде бір ыстық қайнар бүлк-бүлк етті.
* * *
Көз байланды-ау деген кезде қашқын Бесағашқа жетіп, сайды 
тасалап, өз үйінің желкесінен шыққан. Табанда тұсаулы тұрған 
Шолақты көріп, анадайдан «тәк-тәктап» жанына келді. Ат иесін 
танып танауын желпілдетті. Иесі оны тұмсығынан, құлағынан 
сипалап, мойнынан құшақтап, біраз тұрды. Өзінің туған бауырын 
көргендей, үнсіз құшақтасып, мауқын басты. Аты оттағанын 
қойып, мүлгіп қалғандай.
Осы бір кездесу кезінде алма ағаштың ашасында отырған бала 
жерге секіріп түсіп, қабақтан төмен қарай жүгіре беріп, сескеніп 
тоқтады:
– Бұл қайсың-ай! Тиме атқа! – деп дауыстады.
– Тұрар, – деп сыбырлады әлгі адам.
– Көке, – деп бала айқайлап жіберіп сайдың табанына 
дөңгелеп түсті.
– Айқайлама, – деді әкесі Тұрарды бауырына қыса беріп. – 
Жалғызым менің, жарығым менің. Кәне, былай тасаға барайық.
Ол баласын қолынан жетектеп, қалың шырғанақтың ішіне 
кіріп отырды. Беті сопайып азып кеткен ұлының басынан 
сипалады. Бауырына тағы қысты.
– Көке, енді саған тимей ме олар? – деді ұлы әкесінің сақал 
басып кеткен бетінен сипап, қараңғыда көзіне көзін қадап.
Енді тимейтін шығар, – дерін десе де, осы кезде Алматыдан 
болысқа хабар жеткенін сезді. Бүгін түнде, тіпті осы қазір қуғын 
шығып, бұл ауылды түгел тінтеді. Аялдауға амал жоқ.
– Болыс ауылында ма? Бөтен хабар естіген жоқсын ба, Тұрар?
– Шыныбек атам айтады: болыс албандағы Қызыл бөріктен 
қыз айттырып кетіпті дейді. Ауылында емес қой деймін.
– Қашан кетіпті?
– Кеше ғой деймін. Анық білмеймін.


76
Қызыл жебе 
«Онда болыстың шабармандары шығады, шаһардан солдат 
шығады. Албанға кеткен болысқа да хабар жетеді. Қайын 
жұртында ол көп аялдай қоймас. Қазір жолға шығу керек. 
Кешікпеу керек. Астаң-кестең басталады. Астаң-кестең... Сорлы 
ауылдың тынышын тағы аламын. Ақырғы сойқан, шыдап бақ, 
ағайын. Содан кейін ел жаққа ауамыз. Ел жаққа...»
– Тұрар, – әкесі әлденеден сезіктеніп отырған баланы қорқытып 
алмайын деп абайлап, жұмсақ үнмен тіл қатты. – Тұрар! Қазір 
ауылға мені іздеп жүрген адамдар келеді. Сен қорықпа. Жеңешең 
де қорықпасын. Сендерге тимейді. Мені көрген жоқпыз, келген 
жоқ деңдер. Мені көргеніңді жеңешеңе де айтпа. Мен бірер 
күннен соң ораламын да, сендерді алып бұл жерден көшіп кетеміз. 
Білдің бе? Бізге ешкім тиіспейтін, қорламайтын, қоқаңдамайтын 
мекен табамыз. Саған тай сатып әперемін.
– Қызыл Жебедей ме, көке?
– Иә, Қызыл Жебедей, Тұрар.
– Қызыл Жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке?
– Оны кім айтты?
– Оны болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
– Жо, Тұрар, Қызыл Жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де 
соймайды.
– Қайдам...
Рысқұл баласын тағы қысып құшақтады.
– Тұрар, сен тез барып, ер-тоқымды, менің шекпенімді 
мылтықты алып кел. Ешкімге көрсетпе. Бірер таба нан, бірер уыс 
құрт ала шық. Жеңешең үйде ме еді?
– Жаңа Ахат атамдікіне кеткен Түйметай екеуі.
– Онда тез бар. Біреу-міреу байқап қоймасын. Тез орал, 
Тұрар...
* * *
Шолақ Шабдарға мініп тұрып, еңкейіп баласын жерден 
көтеріп алды. Қос қолтығынан көтерген бойы бірауық ұстап 
тұрды. Сүйген жоқ. Құшқан жоқ.
– Тұрар, бауырым, жігерім! – дауысы дірілдеңкіреп. – Сенен 
несін жасырайын. Кетіп барамын. Жолым ауыр. Бірақ қандай 
бір күн туар, нендей бір ауыртпалық болар, еш заман әкеңе 


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет