Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет40/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Ахатқа араша түскендердің тәуекелге бел буғанын көріп, 
Таубай ыға бастады.
– Келмесе, келмеген шығар, – деді ол не сұмдыққа дайын 
тұрған солдаттарға. – Ол жырынды тау-тасты, жыра-жықпалды 
паналап та жүре береді. Таудың текесіндей тағы болып кеткен 
сұм ғой. Мүйізін қағып алып, етін итке тастамасам. Сай-сайды 
сүзіп шығайық. Ал осы ауылда екенін сездім бар ғой, айтпады 
деме, от қойып жіберіп, күліңді суырамын.
* * *
Шапқыншылар, бастығырылып, ұйықтағанда көрген жаман 
түстей өте шықты. Бір сайдың қырқасында ғана шоқиып отырған 
қауқарсыз ауылдың ересек еркектері Ахаттың есігінің алдында 
әлі тұр. Тарқар емес. Үйді-үйіне тарап, төсектеріне қисайып 
жата-жата кететін бейбіт күн жоқ. Әлгі старшын атжалманның 
айғырындай шақылдап кетті. Сұмдығым әлі алда деп кетті.
Ақылы-айран, ойы-ойран болған шақта ес жиып, етек түріп, 
ел болып кеңесетін кез келді.
Шапқыншы кеткен соң, Омар да інінен шыққан борсықтай 
дүрдиіңкіреп келіп қосылды топқа. Тұрғандар оған қырын 
қарады. Әлгіндей жан алқымға келген шақта жанында болмаған 
ағайынның болымсыздығына бәрі де ренжулі.
– Әй, Омар, қара қатынның қойнын қалай қиып келдің? Жата 
тұрмадың ба? – деп Шыныбек шағып алды.
– Қой, шырағым, – деп Омардың батырлығы енді қозды.
– Айттым ғой анада. Аман-есенде елімізді табайық дедім. 
Көнбедіңдер. Мүйіздедіңдер мені келіп. Ал не болды енді? 
Әлі бұл-бұл ма! Мына жаман-жәутік кепелердің шаңырағын 
ортасына түсіріп, өзімізді не қойдай бауыздап қырады, не 
абақтыға тығады. Көр де тұр. Айтпады деме. Онан да, әлі кеш 
емес, көшейік. Жаңылдық, жаздық десек, Түлкібас бізді басқа 
теппес.
– Омар, шырағым, сенің айтып тұрғаныңның әбден жөні 
бар, – деді жүдеп тұрған Ахат қарт. – Рысқұл қамаудан қашып 
шығыпты. Ол бір соқпай кетпес. Соның бір ауыз сөзін тосайық. 
Хабарласпай, қаша жөнелмейік. Бұйыртса, құдай жолымызды 
оңдаса, көп кешікпей қайтармыз. Сәл шыдай тұралық.


82
Қызыл жебе 
Омар тыжырынып, мыңқ етті. Бірақ ештеңе айтқан жоқ.
Құлан иектеніп таң атып келе жатты. Талғардың шыңдары 
жарқырап, тағы бір таң атқанын әлемге айқайлап айтқысы келіп 
тұрғандай, алқымы кеуіп бара жатты. Алдағы күннің не боларын, 
Рысқұлдың қайда жасырынып жүргенін сол заңғар Талғар 
білетін сияқты. Ахат көзі жасаурап, таңғы салқыннан жаурап, 
Талғардың апайтөсіне тесіле, телміре қарады. Бірақ Талғар 
дәмелендіргенмен, тіл қатпады.
* * *
Албандағы қызылбөрік еліне Саймасай «күйеу бала» болып, 
Алатаудың інжу-маржаннан таққан алқасы сияқты әдемі 
Көлсайдың алқымында жатқан Саты ауылына келіп түскелі екі 
күн болған.
* * *
Мезгіл қысқа қарай бет бұрған кез. Қыс түсіп, қар басып қалса 
Талғар мен Албан арасындағы Тау-Шелек арқылы асатын жол 
қиындап қалады. Сол себепті де болыс қалыңдыққа қар түспей 
тұрып барып, нақсүйері Нүкетай сұлуды алып қайту сапарына 
шыққан.
Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін 
қонақжай ел. Ал мынадай атақты күйеу келгенде риза қылып 
жіберейік деп барынша шабылған. Қарағай мен шыршаның 
ну орманы сыңсыған Саты шатқалының іші той-думаннан 
масаттанған. Көлсайдан құлайтын күркіреуік өзені түйедей 
тастарға арс-арс соғып, содан сонау көк аспанға қарай уыс-уыс 
ақ маржаннан шашу шашылып жатқандай.
Нүкетай сұлу – дүниенің дүрия жамылған жәннаты Көлсайды 
жайлаған Мұқыш байдың қызы. Бай мен бай құда болса – 
арасында тайпалған жорға жүрер дегендей, Саймасай күйеу 
болғанда, Мұқыш қайыната қатынасы, сөз жүйесі жарасқан. 
Әйтпесе, «күйеу бала» мен қайыната жас жағынан шамалас. 
Екеуі де пайғамбар жасын игерген жандар.
Албан, Суан, Дулат бір анадан – домалақ анадан тараған ел. 
Ертедегі бір аңыз айтады: ағайынды үшеуі енші бөліскенде 
үлкен үйге ие болып қалған Дулатқа бір тай артық кетіпті. 


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет